Методические рекомендации по изучению учебного предмета «география» (7-9классы) в рамках обновления содержания образования



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет20/82
Дата31.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18590
түріМетодические рекомендации
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82

54 
 
1. 
Пассивті 
(енжар) 
әдіс  –  бұл  оқытушы  негізгі  әрекет  етуші  және  сабақ 
барысын басқарушы тұлға болып табылатын білім алушылар мен оқытушының 
өзара  әрекеттесу  формасы. 
Оқушы  оқытудың  «объектісі»  рөлін  атқарады 
(тыңдау және көру) яғни
 
білім алушылар тек пассивті тыңдаушы болады. Білім 
алушылар мен оқытушы арасындағы байланыс тек сұрау, бақылау және өзіндік 
жұмыстар, тестілер арқылы жүзеге асырылады. Педагогикалық технологиялар 
тұрғысынан  бұл  ең  тиімсіз  әдіс  болып  табылғанымен,  оның  өзіндік  жақсы 
жақтары да бар [7].  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2. 
Активті 
(белсенді) 
әдіс–  бұл  білім  алушылар  мен  оқытушы  сабақ 
барысында  өзара  әрекетте  болатын  және  білім  алушылар  тек  пассивті 
тыңдаушылар емес, сабақтың белсенді қатысушылары болып табылатын өзара 
әрекеттесу формасы. Яғни 
оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік 
жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс). 
Мұнда 
оқытушы мен білім алушылардың құқықтары бірдей [7]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқытудың  активті  (белсенді)  түрі  –  оқыту  мен  шығармашылық  үшін 
дидактикалық  процесті  ұйымдастырудың  реттелген,  алгоритмделген, 
жоспарланып  қойылған  формасы  мен  әдісімен  танымдық  мотивтер  мен 
қызығушылықтарды туғызатын ізденушілік, зерттеушілік, нақты проблемалық 
талаптар қоятын дамытушы әдістерге аяқ басу болып табылады.  
Белсенді оқыту әдістерінің артықшылықтары: 
біріншіден,  олар  өздері  белсенді,  өйткені,  негізінен  зияткерлік  және 
физикалық тұрғыдан ойындарға жатады; 
Оқытушы 
Оқушы 
Оқушы 
Оқушы 
Оқытушы 
Оқушы 
Оқушы 
Оқушы 


55 
 
екіншіден, олар пассивті монологты білім беру үдерісіне қатысушылардың 
барлығының белсенді ой алмасумен ауыстырады, оқушылар мен үйренушілерді 
пассивті  тыңдаушылар  мен  «сөйлейтін»  «ұйымшыл  команданың  жігерлі, 
ынталы,  шығармашыл,  талапты  ойыншылары  мен  бапкерлеріне  (ойнаушы-
бапкерлер)» айналдырады;  
үшіншіден,  бұл  әдістерді  барлық  қол  жетімді  ауызша  және  ауызша  емес 
байланыс  түрлері  қолданады  да,  дәстүрлі  тәсіл  кезінде  қатысушылардың 
жасырын әлеуетін жандандырады; 
төртіншіден,  бойымызда  бар  барлық  ақыл-ойды  қолдану  нәтижесінде 
білім, іскерліктер, дағдылар, қасиеттер мен құндылықты бағдарларды меңгеру 
үдерісі айтарлықтай жанданады. 
Әдістердің  белсенділігі  сонша,  олар  сабақ,  семинар,  тренинг 
тапсырмаларына  ғана  емес,  сонымен  қатар  релаксация,  үзіліс  және  тіпті 
мектептен  тыс  уақытқа  да  қатысты  болады.  Ең  қызығы,  үзіліс  кезіндегі 
қатысушылардың  белсенділігі  практикалық  тапсырмалар  мен  жаттығуларды 
орындау барысына қарағанда жоғары болып жатады. 
Белсенді  оқыту  әдістері  –  оқушылардың  оқу  үдерісіне  жоғары  дәрежеде 
қатысуын  сипаттайтын,  қойылған  міндеттерді  атқаруда  олардың  танымдық 
және  шығармашылық  іс-әрекетін  жандандыратын  әдістер.  Белсенді  оқыту 
әдістерінің айрықша ерекшеліктері: 
•  
ойлаудың мақсатты жандануы, оқушы өз қалауына қарамастан белсенді 
болуға мәжбүр болады; 
•  
оқушылардың  оқу  үдерісіне  жеткілікті  шамада  ұзақ  уақыт  қатысуы, 
өйткені, олардың белсенділігі қысқа мерзімді не эпизодтық емес, айтарлықтай 
дәрежеде тұрақты және ұзақ болуы тиіс (яғни бүкіл сабақ бойы); 
•  
үйренушілердің  дербес  шығармашылық  шешімдерді  әзірлеуі,  жоғары 
ынта мен эмоция деңгейі; 
•  
интерактивті сипат (ағылшын тілінде interaction –өзара әрекеттесу), яғни 
оқу іс-әрекеті субъектілерінің (үйренушілер мен мұғалімдер) тікелей және кері 
байланыс арқылы тұрақты өзара әрекеттесуі, қандай да бір проблеманы шешу 
жолдары туралы еркін ой алмасу. 
Белсенді  оқыту  әдістерін  таңдау  барысында  бірқатар  критерийлерді 
басшылыққа алуға кеңес беріледі, атап айтсақ: 
•  
оқыту мақсаттары мен міндеттері, қағидаттарына сәйкестігі; 
• 
оқытылатын тақырып мазмұнына сәйкестігі; 
•  
үйренушілердің  мүмкіндіктеріне  сәйкестігі:  жас,  психологиялық  даму, 
білім мен тәрбие деңгейі, т.б. 
•  
шарттар мен оқытуға бөлінген уақытқа сәйкестігі; 
•  
мұғалімнің мүмкіндіктеріне сәйкестігі: оның тәжірибесі, ниеттері, кәсіби 
шеберлік деңгейі, жеке қасиеттері. 
Белсенді  оқыту  әдістерін  мұғалім  өзі  қойған  міндеттерге  сай  таңдайды. 
Осы міндеттерді топтар бойынша қарастырайық. 
Міндеттердің бірінші тобы – тыңдаушыларға оқу қажеттілігін жеткізу. Бұл 
міндетті  атқару  үшін,  атап  айтсақ,  бағдарламалық  оқыту  құралдары  мен 


56 
 
әдістерін  пайдалану  арқылы  бастапқы  білім  деңгейін  тексеру  (тестілеу) 
қолданылады. Мұнда тыңдаушы өз білімінің жетіспейтіндігіне көз жеткізуге, ал 
мұғалім  курсты  ұсыну  бағдарламасын  осы  контингенттің  білім  деңгейіне  сай 
нақтылауға мүмкіндік алады. 
Міндеттердің еінші тобы оқу материалын ұсыну барысында пайда болады 
және  бұл  жерде  пәнге  деген  қызығушылықты  тудыру,  оқушыларды 
оқытылатын  материалдың  тәжірибелік  құндылығына  сендіру,  олардың  оқу-
танымдық (осы жағдайда ойлау) іс-әрекетін жандандыру маңызды, бұл білімді 
шығармашылықпен  қабылдауға  және  меңгеруге  септігін  тигізеді.  Бұл  үшін 
проблемалық  оқытудың  түрлі  тәсілдері  мен  әдістері,  case-study,  ойын  әдістері 
қолданылады. 
Үшінші топтың міндеттеріне зерделенген материалға қатысты сұрақтарды 
шешу,  теріс  түсініктер,  қате  пайымдауларды  анықтау  және  тиісінше  оны 
тәжірибеде бұрыс пайдаланудың алдын алу жатады. Бұл үшін топтық кеңестер, 
бағдарламалық  кеңестер  (бағдарламалық  оқыту  техникасы  мен  әдістерін 
қолдану арқылы) ұйымдастырылады. 
Міндеттердің төртінші тобының мақсаты - алынған білімді бекіту, оларды 
тәжірибе  жүзінде  пайдалану  іскерліктері  мен  дағдыларын  қалыптастыру 
(жетілдіру).  Мұнда  нақты  материалдарды  (есептер,  жоспарлар,  нұсқаулықтар, 
т.б.)  талдау  және  талқылау,  нақты  жағдаяттарды  талдау,  типтік  міндеттерді 
шешу арқылы ең жоғары нәтижеге қол жеткізіледі. 
Оқу үдерісінің міндеттерінің бесінші тобы алынған білім мен іскерліктерді 
тәжірибеде қолдануға қадам жасау, білім беру бағдарламасында қарастырылған 
құзіреттіліктердің  қалыптасу  дәрежесін  тексеруді  білдіреді.  Мұндай  тиімді 
әдістерге кейстерді шешу, қорытынды іскерлік ойындар өткізу жатады. 
Аталған  оқыту  әдістерін  іріктеу  жүйелілігі  олардың  әрқайсысының,  бір 
жағынан,  оқу  үдерісіндегі  белгілі  бір  міндетті  атқаруға  мүмкіндік  беретіндігі 
және, екінші жағынан, басқа әдістерді толықтыратындығына негізделеді. 
Белсенді  оқыту  әдісінің  нақты  түрін  таңдай  отырып,  оның 
мүмкіндіктерімен  қатар  оны  әзірлеу  және  қолдану  барысында  туындайтын 
ұйымдастырушылық  және  мазмұндық  қиындықтарды,  сонымен  қатар  оқу 
үдерісінің жүзеге асырылу шарттарын да ескеру қажет. 
Белсенді оқыту әдістерінің түрін таңдауды дәйектеу мақсатында олардың 
кейбіреулерін,  атап  айтсақ,  географияны  оқыту  кезінде  ең  көп  қолданылатын 
әдістерді әзірлеу және қолдану ерекшеліктерін қарастырайық. 
Презентация – мүдделі аудиторияға жаңа не аз танымал ақпарат, өнім не 
қызметті ұсыну. Белсенді оқыту әдістерін қолдану түпмәтініндегі презентация 
технологиясы жобалық шешімді ұсыну және қорғау формасы болып табылады. 
Бұл  технология  ақпарат  жеткізу  дағдылары,  жұртшылық  алдында  сөйлеу, 
сендіру  техникасы,  аудитория  сұрақтарына  жауап  беру  іскерлігін  меңгеруге 
және қиын жағдайлардан шығуға көмектеседі. Қажетті талаптар: уақыт тәртібін 
қадағалау,  материалдың  мазмұндылығы,  көрнекі  ұсынылуы  (таратылатын 
материал, Power Point презентациясы), сөйлеу стилі.  
Оқу  мақсаты:  8-сынып.  9.3.3.3  -  Қазақстанның  су  ресурстарына 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау