Методические рекомендации по изучению учебного предмета «география» (7-9классы) в рамках обновления содержания образования



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет25/82
Дата31.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18590
түріМетодические рекомендации
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82

67 
 
• бүкіл тренинг бойында достық көзқарастағы сенімді атмосфераны жасау 
және қолдау; 
•  тренингке  қатысушыларды  марапаттап  отыру  және  барлығының  оған  
қатысуын қадағалау; 
•  оқытушы-жаттықтырушы  өз  пікірін  ұсынбай-ақ  қатысушыларды 
сабақтың мақсатын орындауға жетелеуі тиіс; 
•  оқытушы-жаттықтырушы  әрбір  жаттығудың  уақыт  шеңберін  сақтауы 
керек; 
•  тренингтің  бірінші  сабағында  «танысу»  жаттығуы  өткізіледі  және 
«келісім» (топтық жұмыс ережесі) қабылданады; 
• теориялық жадығат пен интерактивті жаттығулардың, серігудің арасында 
сабақтастық болуы керек; 
•  кез-келген  тренинг  сабақ  басталарда  сол  сабақтың  мақсаты  мен 
міндеттері айтылады, ал соңында қортындыланады; 
•  кез-келген  тренинг  қандай  мақсат  қойылса  да,  әрдайым  танысу  мен 
жұмыс ережесін жасаудан басталады. 
«Даналық ағашы» әдісі:  
Ойынның  шарты:  әр  оқушы  тақырып  бойынша  бір  сұрақтан  жазып 
сандықшаға салады,  әр оқушы бір бірден алып жауап беру тиіс 
«INSERT» әдісі тақырыпты оқып, белгілер қою: «v» - бұрын білгені, «+» 
бүгінгі  білгені,  «?»  -  қызық  болғаны  (ұнағаны),  «!»  -  мәтіңдегі  түсінбегені 
бойынша белгілер қояды [11]. 
Белгі қойып оқу (INSERT-Interactive Noting System for Effective Reading and 
Thinkeng– 
тиімді ойлау мен оқуға арналған белілеудің интербелсенді жүйесі) – 
жаңа  мәліметті  игерудің  интербелсенді  тәсілі.  Оқушы  сабақты  тыңдағанда 
жекелей кестені толтырып отыруы тиіс: 
бірінші  («қанатша»)  бағанға  оқушы  сабақта  кездестірген  өздерінің 
бұрыннан білетін таныс мәліметтерді келтіреді. 
Екінші  («плюс»)  бағанға  оқушы  осы  сабақта  өздері  үшін  жаңа  болып 
табылатын ақпаратты жазады. 
Үшінші  («минус»)  бағанға  осы  сабақта  келтірілген  қандай  ақпараттың 
олардың бұрыннан білетініне қайшы келгенін жазады. 
Төртінші  («мен»)  бағанға  тақырыптың  оқушыға  қалай  септік  тигізіп, 
қандай пайда келтіретіндігін жазады. 
Сабақтын  әр  бөлігінен  кейін  оқушылар  өз  кестелерін  салыстырып,  өзара 
талқылау  жұргізіп  отырғандығы  орынды.  Ал  оқытушы  бұл  тәсілді 
шығармашылық түрғыдан қарастырып, оған өзгертулер енгізуге болады [11]. 
Мысалы, тақырыбы бойынша оқушылар келесі түрдегі кестені толтырады: 
 



мен 
«Бұрынан білемін» 
«Жаңа 
ақпарат» 
«Менің ойлағаныма 
қайшы, кереғар» 
«Қайда қолдана 
аламын» 
 
 
 
 
 


68 
 
Инфографика.  Мәтін  мен  графиканың  кез-келген  тіркесімін,  ақпарат, 
деректер  мен  білімді  жеткізудің  графикалық  тәсілін  инфографика  деп  атауға 
болады.  Күрделі  ақпаратты  жылдам  және  анық  ұсыну  қажет  болған  кезде 
қолданылады. Алайда инфографиканы пайдаланып қана қоймай, құру да керек 
– 
бұл кез-келген істе табыс үшін пайдалы. 
Инфографика  ерекшеліктері:  ұсынылатын  ақпаратпен  ассоциативті 
жағынан  байланысқан  не  ұсынылатын  деректердегі  өзгеріс  бағыттарының 
графикалық  бейнесі  болып  табылатын  графикалық  нысандар,  көрнекі 
көрсетілім, тақырыпты анық және ойластырып ұсыну. 
Инфографика  табысының  құрамдас  бөліктері:  тартымды,  түсінікті 
тақырып,  байсалды,  әдемі,  тиімді  дизайн,  сандар  толық  мағлұмат  бере  алады, 
ішкі  тұтастық,  эмоционалды  түстер,  сапалы  диаграммалар,  масштаб  таңдау, 
қызықты  фактілерді  таңдау,  визуализация,  қарапайымдылық,  дерек  көздерінің 
беделділігі және дәйектілігі.  
Инфографиканың кейбір категориялары: 

Суреттегі  сандар:  сандық  деректерді  анағұрлым  түсінікті  етуге 
мүмкіндік беретін ең кең тараған категория, 

Кеңейтілген  тізім:  статистикалық  деректер,  уақыт  желісі,  қарапайым 
фактілер жиынтығы бейнеленуі мүмкін, 

Үдеріс  және  перспектива:  күрделі  үдерісті  бейнелеу  не  кейбір 
перспективаны  ұсыну  үшін  қолданылады.  Сандық  деректерден  құрылмауы  да 
мүмкін [12]. 
Бейнелеу тəсіліне қарай инфографика келесі түрлерге бөлінеді: 
•  
Статикалық инфографика – анимация элементтері жоқ жеке суреттер; 
•  
Динамикалық  инфографика  –  анимацияланған  элементтері  бар 
инфографика.  Бейнеинфографика,  анимацияланған  суреттер,  презентациялар 
динамикалық инфографиканың негізгі ішкі түрлері болып табылады. 
Мысалы:  Елдердің  типологиясы.  Геосаясат.  Әлемдік  өркениеттер.  Саяси 
қатынастар және халықаралық ұйымдар 
Топпен жұмыс. Осы параграфтың тақырыпшалары бойынша инфографика 
құрыңдар.  Әр  топ  бір  тақырыпшаны  таңдайды:  «Қазіргі  әлем  елдерінің 
типологиясы»;  «Әлемдік  өркениеттер»;  «Геосаясат  және  геосаяси  жағдай»; 
«Саяси география және саяси қатынастар»; «Халықаралық ұйымдар».
 
Инфографика  түсіндіру  арқылы  бүкіл  сыныпқа    ұсынылуы  тиіс.  Өз 
инфографикаларыңның презентациясы барысында негізгі назарды тақырыптың 
ашылуына аударыңдар. 
Инфографиканы қалай құрастыруға болады? 
Әдетте  жазатын  тақырыппен  байланысты  жақсы  бір  идея  туралы 
ойланыңдар.  Қызықты  фактілер  мен  статистика  іздестіріңдер.  Нақты  және 
маңызды дәйектер дайындаңдар. Қорытынды жасаңдар. 
Өз  деректеріңді  ұсынудың  ең  сәйкес  келетін  форматын  ойластырыңдар. 
Инфографика көп түрлі форматтарда болады, сондықтан өз статистикаларыңды 
қалай көрсеткілерің келетінін ойластырыңдар: бұл уақыт шкаласы, қозғалмалы 


69 
 
сызба,  түсініктемелері  бар  карта,  график,  диаграмма,  қандай  да  бір 
құбылыстарды көлемі және құндылығына қарай салғастыру болуы мүмкін. 
Негізгі тұстарды жылдам жеткізуді мақсат етіп қойыңдар. Жеңілдетіңдер! 
Бір суретте тым көп ақпарат ұсынбаңдар. 
Сай келетін және назар аудартатын түс тәсімін анықтап алыңдар. 
Инфографикаларыңдағы фактілер арасындағы байланысты анықтаңдар. 
Инфографиканы табысты құрудың үш басты сатысы бар: 
1) 
қандай  ақпарат  түрінің  ұсынылатынын  анық  түсіну:  кеңістік, 
хронологиялық, сандық не аралас комбинациялар; 
2) 
ақпараттың  тиісті  бейнесін  біртұтас,  яғни  карталар,  сызбалар  бен 
диаграммалар жиынтығынан үлкен түрінде түсіну; 
3) 
қажетті  презентация  типін  таңдап  алу  –  статикалық,  динамикалық  не 
интерактивті. 
Ойлан,  жұптас,  пікірлес  –  оқушыларға  қандай  да  болмасын  сұрақ, 
тапсырма  берілгеннен  кейін  оларды  тыңғылықты  орындауға  бағытталған 
интербелсенді тәсіл.  
Тақтада сұрақ/тапсырма/есеп жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз 
ойлары  мен пікірін  берілген  уақыт ішінде  (2-3  минут)  қағазға  түсіреді. Содан 
кейін  оқушы  жұбымен  орындағанын  3-4  минут  талқылайды,  пікірлеседі. 
Оқытушы  екі-үш  жұпқа  өз  пікірлерін  бүкіл  аудиторияға  жариялауын  сұрауға 
болады. Бұл тәсілді қорытынды сабақта қолданған тиімді. 
«Футбол» ойыны  
Қақпашы  (сұрақтарға  жауап  береді).Қорғаушы  2- 
3адам (жауаптарды дайындайды). Шабуылдаушы (сұрақтар қояды) 
«Кезбе тілші» әдісі  
Нұсқау:   
1-
топ:  телефон  соғылып  жатқан  ұқсатып,  тәулік  бойы  орын  алған 
оқиғалар туралы хабарлайды. 
2-
топ: телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді 
3-
топ: тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады 
4-
топ: тілші сұхбат алатын куәгер 
«Диірмен» әдісі әр топ тақырып бойынша негізгісін қағазға түсіреді, бір- 
бірмен ауысады, екінші топтың жұмысын толықтырады.  
Қайтадан өз жұмысын алып, қайталанғанын сызады. 
8.6.1.2 
Елдерді 
басқару  формасы 
және  мемлекеттік 
құрылымы 
бойынша 
топтастыру; 
(М)Мемлекеттердің  әр  түрлі  басқару  формасы  бойынша  суреттер 
ұсынады. 
(Ж)  Оқушылар  мемлекеттің  басқару  жүйелері  (президеттік, 
парламеттік,  монархия,  контституциялық  монархия,  абсолюттік 
монархия,  теократиялық  монархия)  және  мемлекеттік  құрылымының 
(унитарлы,  федерация,  конфедерация)  түрлерінің  анықтамалары 
беріледі, оқушылар оларды сәйкестендіреді 
Оқушылар  әр  басқару  формасына  талдау  жасай  отырып,  ерекшелігін 
анықтайды. 
(Ж)  Қазақстан  және  Ресей  Федерациясы  мысалында  елдердің 
мемлекеттік құрылымына салыстырмалы талдау жасайды. 
(Д) Әр оқушы таңдауы бойынша  бір мемлекеттің басқару формасы мен 
мемлекеттік құрылымына инфографика жасайды 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау