17
Физикалық құбылыстар және физикалық шамаларды өлшеулер туралы
алғашқы мағлұматтарды білім алушылар «Жаратылыстану» пәнінен алады.
«Мен зерттеу жүргізушімін» және «Табиғат физикасы» бөлімдерінен зерттеу
жүргізушінің қандай қасиеттерге ие болу керектігімен таныс. Сондай-ақ,
7-
сыныпта «Физика – табиғат туралы ғылым» тарауында қарастырылған
табиғат құбылыстарымен «солардың ішінде физикалық құбылыстарын біледі.
Бұларға қоса физикалық шамалар, шкалалар құны және оларды өлшеу, аспап
шкалалары және аспаптық өлшеу қателерін анықтау сияқты ұғым түсініктерді
білуге тиіс. Білім алушылар энергиялардың түрлерін ажыратады, энергияны
тасымалдау, сонымен қатар, энергияны үнемдеу керек екенін біледі. «Жылу
құбылыстары» бөлімі білім алушылардың түсінігін кеңейтеді және олар
алдыңғы қарастырылған процестердегі бақылаулар нәтижесін бөлшектер және
материяның кинетикалық теориясы негізінде түсіндіре алады. Олар газ
күйлерінің теңдеулерін және берілген бөлім бойынша түсініктерді оқып
үйренеді, сонымен бірге, температураның абсолюттік шкаласын қарастырады
[9].
Сондықтан 8-сыныпқа арналған физика пәнінен үлгілік оқу
бағдарламасында төменгі сыныптарда оқылып кеткен осындай материалдарға
сүйеніп сабақты түсіндіру қажет. Сондықтан 7-сыныптың физика пәнінде өткен
оқу материалдарын еске түсіріп отыру жүктеледі. Білім алушылар барлық
материяның үздіксіз қозғалыста болатын бөлшектерден тұратыны туралы
пікірімен танысады және осы қозғалыс көптеген құбылыстарды түсіндіретінің
біледі, мысалы, газдың түсіретін қысымы. Олар материалдардың ішкі
құрылымын оқып үйренеді, материяны бақылай отырып, оның моделін
жасайды, материяның кинетикалық теориясымен танысады, сонымен бірге, оны
белгілі процестерге қолданатын болады.
Осы бөлімде білім алушылар: терең игеруге міндетті: молекула-
кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру
және тәжірибені сипаттау; температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде
сипаттау; температураны Цельсий, Кельвин шкалаларында өрнектеу; дененің
ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау; жылу берілудің түрлерін
салыстыру; техникада және тұрмыста жылу беру түрлерінің қолданылуына
мысалдар келтіру; әртүрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне
мысалдар келтіру; жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу
мөлшерін анықтау; заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын
түсіндіру; отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау; жылу
құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу; тәжірибені
жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау; жылулық тепе-теңдік теңдеуін
есептер шығаруда қолдану сияқты физиканың бағдарламалық мақсаттарына
жауап беретін теориялық тақырыптар мен практикалық мәселелер талданады.
Заттардың агрегаттық күйлері бөлімшесінің кейбір мазмұнымен білім
алушылар 7-сыныптан таныс. «Қысым» бөлімінде қарастырылған «қатты
денелердің, сұйықтар мен газдардың молекулалық құрылымдары», «қысым»,
«қысымның температураға байланысы» сияқты ұғым-түсініктерді біледі.
18
7-
сынып физикасындағы бұндай пропедевтикалық ұғым-түсініктермен қатар,
басқа да оқу материалдарын қайталап, еске түсіріп отыру жүктеледі. Бұл
тарауда білім алушылар терең игеруге міндетті: молекулалық-кинетикалық
теория негізінде қатты күйден сұйыққа және кері айналуды сипаттау; балқу
(кристалдану) кезіндегі жұтылатын (бөлінетін) жылу мөлшерінің формуласын
есептер шығаруға қолдану; заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі
температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау; эксперимент көмегімен
мұздың меншікті балқу жылуын анықтау; молекулалық-кинетикалық теория
негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау; заттың
булану және конденсация процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік
графигін талдау; су буының мысалы негізінде қанығу күйін сипаттау меншікті
булану жылуын анықтау; қайнау температурасының сыртқы қысымға
тәуелділігін түсіндіру тәрізді физиканың бағдарламалық мақсаттарына жауап
беретін теориялық тақырыптар мен практикалық жұмыстар өтіледі[9].
Білім алушылар 7-сыныпта «Жұмыс және қуат. Механикалық энергия»
бөлімінде қарастырылған «жұмыс», «қуат», «механикалық энергия»,
«кинетикалық энергия», «потенциалдық энергия», «механизмнің пайдалы
әрекет коэффициенті» сияқты ұғымдармен таныс. 7-сынып физикасындағы
осындай ұғымдар мен пропедевтикалық оқу материалдарын қайталап, еске
түсіріп отыру жүктеледі.
«
Термодинамика негiздерi» бөлімінде
білім алушылар терең игеруге
міндетті: термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру;
термодинамиканың
екінші
заңының
мағынасын
түсіндіру;
жылу
қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау; іштен жану
қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттау; жылу
қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау; жылу
қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсыну; жылу машиналарының қоршаған
ортаның экологиясына әсерін бағалау сияқты физиканың бағдарламалық
мақсаттарына жауап беретін теориялық тақырыптар мен практикалық зерттеу
жұмыстары оқытылады.
Білім алушылар 7-сыныпта күнделікті өмірде электр энергиясын
пайдаланудың бірнеше әдісімен танысады, оларды зерттейді. Бұл бөлімде білім
алушыларға электр өрісі, магнит өрісі, заряд, ток және потенциалдар айырымы
сияқты іргелі түсініктерді меңгеру қажет болады, себебі, олар ары қарай оқу
үшін (10-сынып) маңызды элементтер. Бұл түсініктер 10-сыныпта электр өрісін
және электр сыйымдылығын зерттегенде кеңейтіледі.
Бұл бөлімде білім алушылар терең игеруге міндетті: электр зарядын
сипаттау; үйкеліс және әсер (индукция) арқылы денені электрлендіру;
электрленудің оң және теріс түріне мысалдар келтіру; электр зарядының
сақталу заңын түсіндіру; Кулон заңын есептер шығаруда қолдану; электр өрісі
және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру;
біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу; электр
өрісін күш сызықтар арқылы кескіндеу; потенциалдар айырымының және
потенциалдың физикалық мағынасын түсіндіру; конденсаторлардың
Достарыңызбен бөлісу: |