Методические рекомендации по изучению учебного предмета «физика» (7-9 классы) в рамках обновления содержания образования



жүктеу 4,04 Mb.
Pdf просмотр
бет11/92
Дата21.11.2018
өлшемі4,04 Mb.
#23179
түріМетодические рекомендации
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92

23 
 
шеңбер бойымен 
бiрқалыпты 
қозғалысы. 

Сызықтық және 
бұрыштық 
жылдамдықтар. 

Центрге тартқыш 
үдеу. 
Астрономия 
негіздері 

Жұлдызды аспан. 

Аспан сферасы, 
аспан 
координаталарының 
жүйесі. 

Әртүрлі 
географиялық 
ендіктегі аспан 
шырақтарының 
көрінерлік 
қозғалысы, 
жергілікті, белдеулік 
және бүкіләлемдік 
уақыт. 

Күн жүйесіндегі 
ғаламшарлардың 
қозғалыс заңдары. 
Күн жүйесі денесіне 
дейінгі ара 
қашықтықты 
параллакс әдісімен 
анықтау. 
 
Тербелістер және 
толқындар  

Тербелмелі 
қозғалыс. 

Тербелістер 
кезіндегі энергияның 
түрленуі. 

Тербелмелі 
қозғалыстың теңдеуі. 

Математикалық 
және серіппелі 
маятниктердің 
тербелістері. 
*№ 3-
лабораториялық 
жұмыс. 
«Математикалық 
маятниктің 
көмегімен еркін түсу 
үдеуін анықтау». 

Еркін және еріксіз 
тербелістер, 
резонанс. 

Еркін 
электромагнитік 
тербелістер. 

Толқындық 
қозғалыс 
*№4-
лабораториялық 
жұмыс. «Беттік 
толқындардың 
таралу 
жылдамдығын 
анықтау». 

Дыбыс, дыбыстың 
сипаттамалары, 
акустикалық 
резонанс, жаңғырық. 

Электромагниттік 
толқындар. 

Электромагниттік 
толқындар шкаласы. 
Атом ядросы 

Ядролық өзара 
әрекеттесу, ядролық 
күштер. 

Массалар ақауы, 
атом ядросының 
байланыс энергиясы. 

Ядролық 
реакциялар. 

Радиоактивті 
ыдырау заңы. 

Ауыр ядролардың 
бөлінуі, тізбекті 
ядролық реакция. 

Ядролық 
реакторлар. 

Термоядролық 
реакциялар. 

Радиоизотоптар, 
радиациядан 
қорғану. 

Элементар 
бөлшектер. 
 
 
 
Әлемнің қазіргі 


24 
 
физикалық бейнесі 

Физика және 
астрономияның 
дүниетанымдық 
маңызы. 

Экологиялық 
мәдениет. 
 
9-
сыныптың  жаңартылған  мазмұндағы  бағдарламасы    «Кинематика 
негіздері»  бөлімімен  басталады.  Бөлімді  оқытудың  негізгі  мақсаты  – 
классикалық  механика  заңдары  негізінде  материя  қозғалысының  қарапайым 
түрі – механикалық қозғалысты оқытып-үйрету.  
Дененің  немесе  материялық  нүктенің  қозғалысын  зерделеу  –  уақыт 
өтуімен  оның  орны  қалай  өзгеретінін  білу  деген  сөз.  Демек,  мұндағы  негізгі 
міндет – дененің кез келген уакыт мезетіндегі орнын табу. 
Бөлімдегі барлық мәселелерді біріктіретін басты идея – санақ жүйесінің 
рөлін айқындайтын, қозғалыстың салыстырмалылық идеясы. Осы идеяға сәйкес 
қозғалыс  сипаты  туралы  кез  келген  тұжырым,  дене  қозғалысы  қарастырылып 
отырған санақ жүйесін көрсеткен кезде ғана мағыналы болады. 
Дене  әртүрлі  траекторияның  бойымен  жылдам  немесе  баяу  қозғала 
отырып,  түрлі  механикалық  қозғалыстар  жасай  алады.  Мұндай  механикалық 
қозғалысты  сипаттайтын  физикалық  шамалар  арасындағы  байланысты 
тағайындау  механиканың  кинематика  негіздері  деп  аталатын  бөлімінде 
қарастырылады.  Мұнда  білім  алушылар  орын  ауыстыру,  жылдамдық  және 
үдеу,  теңүдемелі  қозғалыс  кезіндегі  орын  ауыстыру,  координата  және 
жылдамдық  теңдеулері,  дене  шеңбер  бойымен  бірқалыпты  қозғалған  кездегі 
центрге тартқыш үдеу мен сызықтық жылдамдықтың формулалары және тағы 
сол сияқты мәселелермен танысады. 
Бөлімді  оқытудағы  негізгі  міндет  түзу  сызықты  бірқалыпты,  түзу 
сызықты  теңүдемелі  және  қисық  сызықты  қозғалыстар  кезіндегі  дененің  кез 
келген  санақ  жүйесіне  қатысты  координаталары  мен  орын  ауыстыруын  табу 
тәсілдерін білім алушылардың игеруі болып табылады. 
Қисық  сызықты  қозғалысты  қарастырғанда  білім  алушылар  қисық 
сызықты қозғалыс туралы жалпы түсінік алады және дененің шеңбер бойымен 
бірқалыпты  қозғалысын  неғұрлым  тереңірек  оқып  үйренеді.  Мұнда  білім 
алушылар қисық сызықты қозғалысты сипаттайтын негізгі ұғымдар: бұрыштық 
және сызықтық жылдамдықтармен, центрге тартқыш үдеумен танысады. 
«
Динамика  негіздері»  бөлімін  зерделеудегі  негізгі  мақсаты  –  білім 
алушылардың Ньютон заңдарының жүйесі туралы түсініктерін қалыптастыру. 
Теорияның  негізін  денелердің  қозғалысын  бақылау  және  Галилей,  Ньютон 
эксперименттері құрайды. Теорияның салдары ретінде қолданбалы мәселелер 
және заңдарды типтік есептерді шығаруға қолдану қарастырылады.  
«Динамика  заңдары»  тарауында  оқылатын  Ньютонның  қозғалыс  заңдары 
классикалық  механиканың  негізгі  заңдары болып  табылады.  И.  Ньютон  бұрын 
соңды  болмаған  механикалық  қозғалыстың  қатаң  теориясын  және  Жерде  де, 


25 
 
Күн  жүйесінде  де  болып  жататын  барлық  механикалық  құбылыстарды 
түсіндіруге мүмкіндік беретін динамика заңдарын (Ньютонның үш заңын және 
бүкіләлемдік тартылыс заңын) тұжырымдады. 
Ньютон  заңдары  барлық  дерлік  аспан  денелерінің,  ғарыш 
зымырандарының, жасанды cepiктердің, алуан түрлі көліктің және тағы басқада 
қозғалысын  түсіндіруге  мүмкіндік  береді.  Бұл  зандардың  үлкен 
дүниетанымдық,  практикалық  және  тәрбиелік  мәні  бар.  Сондықтан  бұл 
тақырыпты қарастыруға мектепте елеулі көңіл бөлінеді.  
Тақырып  білім  алушылардың  игеруіне  қиындау,  сондықтан  динамика 
мәселелерін  баяндауға  мұғалімнің  шығармашылық  тұрғыдан  қарауын  талап 
етеді. 
Динамика  заңдарын  оқытуға  қатысты  мәселелермен  білім  алушылар 
кинематика  бөлімінде  танысқан  болатын.  Мұнда  санақ  жүйесі,  қозғалыстың 
салыстырмалылығы жөніндегі идеялар әpi қарай дамытылады. Білім алушылар 
Ньютон зандарының анықтамаларын дұрыс айтқандарымен, көп ретте олардың 
мағынасын дұрыс түсіне бермейді. Білім алушылардың заңдарды құрғақ жаттап 
алуы,  әcipece,  зерделенген  теориялық  материалды  дұрыс  қолдануды  талап 
ететін сұрактарға жауап беру кезінде байқалады. 
«Сақталу  заңдары»  бөлімін  оқығанда  жаратылыстану  ғылымында 
сақталу  заңдарының  маңыздылығын  анықтайтын
 
импульстің  сақталу  заңы 
мен энергияның сақталу заңына тоқталады. Бұл заңдар кеңiстiк пен уақыттың 
қасиеттерiне байланысты (энергияның сақталу заңы уақыттың бiртектiлiгiне, 
импульстың  сақталу  заңы  –  кеңiстiктiң  бiртектiлiгiне  байланысты). 
Импульстің  сақталу  заңы  мен  энергияның  сақталу  заңы  салыстырмалық 
теориясында,  кванттық  механикада  және  макро  және  микроәлемде  жүзеге 
асады. 
Импульстің  сақталу  заңын оқытқан  кезде  жаңа физикалық ұғымдардың 
қатары артып отырады. Барлық бөлiмдi оқу үшін кейбiр ұғымдарды меңгерту 
өте маңызды. 
Сондықтан  есеп  шығарудың  нақты  жолдарын  қарастырған  кезде 
физикалық  жүйеде  денелердің  қалай  қозғалатынын  және  оларға  сыртқы 
күштердің  қалай  әсер  ететінін  білу  өте  маңызды.  Егер  денеге  күштер  әсер 
етпесе (оны елемеуге болады), онда импульстің сақталу  заңы қолданылады, 
егер  сыртқы  күштер  әсер  етсе,  онда  жүйеге  әсер  ететін  күштердің 
импульсiнің қосындысы жүйедегі импульстің өзгерiсiнің қосындысына тең.  
Егер  импульстің  сақталу  заңы  санақ  жүйесiнің  бiрімен  салыстырған 
қозғалыста  орындалса,  ол  бiрiншi  бiр  қалыпты  және  түзу  сызықты 
салыстырмалы қозғалыста, салыстырмалы кез келген басқа санақ жүйесiнде 
де  орындалады.  Импульстің  сақталу  заңы  кез  келген  инерциалды  санақ 
жүйесiнде жүзеге асады. 
Кванттық  физика  элементтері  бойынша  оқытылатын  оқу  материалының 
көлемі  жыл  сайын көбейіп,  артып  келеді.  Бұл  жағдай оқу  материалын  қандай 
дидактикалық принциптер: оңайдан қиын материалға көшіп отыру, теориялық 
талдау  негізінде,  өмірмен  байланыстылығы  тұрғыда,  эксперименттік  дәлелдеу 
және тағы сол негізінде баяндауды таңдап алу ісін қиындатуда.  


жүктеу 4,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау