Методические рекомендации по изучению учебного предмета «физика» (7-9 классы) в рамках обновления содержания образования



жүктеу 4,04 Mb.
Pdf просмотр
бет9/92
Дата21.11.2018
өлшемі4,04 Mb.
#23179
түріМетодические рекомендации
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92

19 
 
құрылысын  және  қолданылуын  сипаттау  тәрізді  физиканың  бағдарламалық 
мақсаттарына  жауап  беретін  теориялық  тақырыптар  мен  практикалық 
мәселелер талданып қарастырылады. 
«Тұрақты  электр  тогы»  бөлімшесінде  бастауыш  сыныптан  білетін 
ұғымдарды  еске  сала  отырып  білім  алушылардың  білімін  тереңдету 
қарастырады. Аталған бөлімде білім алушылар тұрақты тоқтың заңдарын оқып-
үйренеді.  Ток  күші,  кернеу,  кедергі  ұғымдары  және  олардың  өлшем 
бірліктерімен  танысады.  Өткізгіштерді  жалғаудың  түрлерін  және 
заңдылықтарын  зерттеуді  үйренеді,  электр  тізбегіне  есептеулер  жүргізу 
дағдыларын  дамытады.  Электр  энергиясын  өндіру,  тұтыну  және  үнемдеу 
жолдарына  ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  қарастыра  білетіндей  деңгейде 
шығармашылық қабілеттері қалыптасады. 
Осы  бөлімді  білім  алушылар  қарапайым  қалта  шамын  құрастыруды 
зерттеуден  бастайды.  Білім  алушылар  өз  беттерімен  қажетті  құрал-
жабдықтарды  таңдайды  және  зерттеудің  жолдарын  құрастырып,  қарапайым 
тізбектерді құрастырады және тексереді. Тізбек арқылы токтың өтуі және заряд 
арқылы  энергияның  тасымалдануы  үшін  қажетті  электр  тогы  туралы 
түсініктерін  дамытады.  Тізбек  бөлігіне  арналған  Ом  заңы,  электр  қуаты  және 
басқа шамалар арасындағы байланыстарды оқып үйренеді. 
Аталған  бөлімде  білім  алушылар  терең  игеруге  міндетті:  электр  тогы 
ұғымын  және  электр  тогының  пайда  болу  шарттарын  түсіндіру;  электр 
схемасын  графикалық  бейнелеуде  электр  тізбегі  элементтерінің  шартты 
белгілерін қолдану; кернеудің физикалық мағынасын, өлшем бірлігін түсіндіру; 
электр  тізбегіндегі  ток  күші  мен  кернеуді  анықтау;  тұрақты  температурада 
өткізгіштің  вольт-амперлік  сипаттамасын  графикалық  түрде  бейнелеу  және 
түсіндіру;  эксперименттен  деректерін  жинақтау,  талдау  және  өлшеу  және 
қателіктерін  ескеріп  жазу;  тізбек  бөлігі  үшін  Ом  заңын  есептер  шығаруда 
қолдану;  кедергінің  физикалық  мағынасын,  өлшем  бірлігін  түсіндіру;  есеп 
шығаруда  өткiзгiштiң  меншiктi  кедергiсi  формуласын  қолдану;  өткізгіштерді 
тізбектей  жалғаудың  заңдылықтарын  экспериментте  анықтау;  өткізгіштерді 
параллель  жалғаудың  заңдылықтарын  экспериментте  анықтау;  өткізгіштерді 
тізбектей  және  параллель  жалғауда  тізбек  бөлігі  үшін  Ом  заңын  қолданып, 
электр  тізбектеріне  есептеулер  жүргізу;  жұмыс  және  қуат  формулаларын 
есептер  шығаруда  қолдану;  Джоуль-Ленц  заңын  есептер  шығаруда  қолдану; 
эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау; кВт-сағ 
өлшем  бірлігін  қолданып,  электр  энергиясының  құнын  практика  жүзінде 
анықтау;  металл  өткізгіштердегі  электр  тогын  және  оның  кедергісінің 
температураға  тәуелділігін  сипаттау;  қысқа  тұйықталудың  пайда  болу 
себептерін  және  алдын  алу  амалдарын  түсіндіру;  сұйықтардағы  электр  тогын 
сипаттау  тәрізді  физиканың  бағдарламалық  мақсаттарына  жауап  беретін 
теориялық тақырыптар мен практикалық жұмыстар қарастырылады[9]. 
«Электромагниттік  құбылыстар»  бөлімшесінде  білім  алушылар  терең 
игеруге міндетті: магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит 
өрісін  күш  сызықтары  арқылы  бейнелеу;  магнит  өрісінің  сипаттамаларын 


20 
 
түсіндіру;  тогы  бар  түзу  өткізгіштің  және  соленоидтің  айналасындағы  өріс 
сызықтарының  бағытын  анықтау;  жолақ  магнит  пен  соленоидтың  магнит 
өрістерін  салыстыру;  магнит  өрісінің  тогы  бар  өткізгішке  әсерін  сипаттау; 
электрқозғалтқыштың  және  электр  өлшеуіш  құралдардың  жұмыс  істеу 
принципін  түсіндіру;  электромагниттік  индукция  құбылысын  түсіндіру; 
Қазақстанда  және  дүниежүзінде  электр  энергиясын  өндірудің  мысалдарын 
келтіру  тәрізді  физиканың  бағдарламалық  мақсаттарына  жауап  беретін 
теориялық  тақырыптар  мен  практикалық  мәселелердің  талдануына  назар 
аударылады. 
«Жарық құбылыстары» бөлімінің ұғымы мен «Жаратылыстану» пәніндегі 
«Мен  зерттеу  жүргізушімін»  және  «Табиғат  физикасы»  тарауларында 
қарастырған.  Білім  алушылар  эксперимент  нәтижесіне  сүйене  отырып,  жарық 
сәулелері  бір  жазықтықта  орналасатындығы  туралы,  түсу  бұрышына  шағылу 
бұрышына тең болатындығы туралы, сонымен қатар жарық бір ортадан екінші 
ортаға  өткенде  жылдамдықтың  өзгеруіне  байланысты  бағытын  өзгертетіні 
туралы қорытынды жасайды.  
Аталған  тарауда  білім  алушылар  терең  игеруге  міндетті:  Күннің  және 
Айдың  тұтылуын  графикалық  бейнелеу;  эксперимент  арқылы  түсу  және 
шағылу  бұрыштарының    тәуелділігін  анықтау;  айналық  және  шашыранды 
шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру; жазық айнада дененің кескінін 
алу  және  оны  сипаттау;  дененің  кескінін  алу  үшін  сфералық  айнада  сәуленің 
жолын  салу  және  алынған  кескінді  сипаттау;  жазық  параллель  пластинада 
сәуленің  жолын  салу;  жарықтың  сыну  заңын  пайдаланып  есептер  шығару; 
тәжірибеге  сүйеніп,  толық  ішкі  шағылу  құбылысын  түсіндіру;  экспериментте 
шынының  сыну  көрсеткiшiн  анықтау;  сыну  көрсеткішінің  анықталған  мәнін 
кестелік  мәндермен  салыстыру  және  эксперимент  нәтижесін  бағалау;  жұқа 
линза  формуласын  есептер  шығару  үшін  қолдану;  линзаның  сызықтық  ұлғаю 
формуласын  сандық  және  графиктік  есептер  шығару  үшін  қолдану;  жұқа 
линзада  сәуленің  жолын  салу  және  кескінге  сипаттама  беру;  жұқа  линзаның 
фокустық  қашықтығын  және  оптикалық  күшін  анықтау;  көздің  алыстан 
көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау; қарапайым оптикалық 
құралдарды (перископ және обскура камерасын) құрастыру тәрізді физиканың 
бағдарламалық  мақсаттарына  жауап  беретін  теориялық  тақырыптар  мен 
практикалық зертеулер берілген. 
8-
сыныптың  жаңартылған  мазмұндағы  бағдарламасында  қолданыстағы 
бағдарламамен  салыстырғанда  лабораториялық  жұмыстың  саны  бірдей,  ол 
салыстырмалы кестеде берілген (5-кесте). 
 
5-
кесте. 8-сыныптың лабораториялық жұмыстың салыстырмасы 
Қолданыстағы  оқу  бағдарламасындағы 
лабораториялық жұмыс  
Жаңартылған 
мазмұндағы 
оқу 
бағдарламасындағы лабораториялық жұмыс  
Температуралары 
әртүрлi 
суды 
араластырып жылу мөлшерін салыстыру 
«Температуралары 
әр 
түрлi 
суды 
араластырғандағы 
жылу 
мөлшерлерін  
салыстыру» 
Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау 
«Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау» 


жүктеу 4,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау