138
жүргізіледі (2006, 2009, 2012, 2015).
Әрбір циклде басты назар (сынақ
уақытының үштен екісі) зерттеу, оқу, математика немесе жаратылыстану
ғылымдарының біріне беріледі. PISA зерттеуінің негізгі мақсаты 15 жастағы
оқушылардың қазіргі өмір жағдайында қажетті функционалды білімдер мен
дағдыларды иеленуін анықтау болып табылады.
PISA деген не? Тарихи карта.
1948 ж. Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ОЭЭК)
Жоспарды іске асыру мақсатында: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
Еуропаға көмек көрсету бағдарламасы.
1961ж. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 20
мүше: 18 Батыс Еуропа елдері + Канада мен Америка Құрама Штаттары
экономикасы мен жұмыспен қамтудың жоғары тұрақты өсуіне қол жеткізу және
аз дамыған елдерге көмектесетін стратегияларды әзірлеу үшін қатысушы
елдердің өмір сүру деңгейін арттыру.
70-
ші жылы Білім және инновацияны зерттеу орталығының құрылуы (CERI)
1997 жылы оқушылардың жетістіктерін халықаралық бағалау бағдарламасы
(PISA)
2000 жылы PISA алғашқы сынағы.
Консорциумның жұмысына педагогикалық зерттеулердің Австралиялық Кеңесі
(
The Australian Council for Educational Research – ACER
) жетекшілік етеді.
Консорциумға сондай-ақ Нидерландтардың педагогикалық өлшеуінің ұлттық
институты (
Netherlands National Institute for Educational Measurement – CITO),
АҚШ педагогикалық тестілеу қызметі (
Educational Testing Service, ETS),
Жапония білім беру саласындағы зерттеулердің ұлттық орталығы (
National
Institute
for Educational Research
, NIER
), АҚШ Вестат (
WESTAT) кіреді.
Оқушылардың бағасы бойынша жетістіктерін бағалау бағдарламасы 1997 жылы
құрылды. Алғашқы зерттеуі 2009 жылы өткізілді.
PISA
үш бағыт бойынша жүргізіледі:
-
оқу сауаттылығы
-
математикалық сауаттылық
-
жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық.
PISA
зерттеуі үшжылдық циклмен жүргізіледі. Әр циклда жоғарыда аталған үш
бағыттың біреуіне ерекше назар (тестілеу уақытының үштен екі бөлігі)
аударылады. Қазақстан
PISA халықаралық зерттеуіне алғаш рет 2009 қатысты.
2009 жылы негізгі бағыт –оқу сауаттылығы болды.
Оқу сауаттылығы - адамның өз мақсаттарына қол жеткізу, олардың
білімдері мен қабілеттерін кеңейтіп, қоғамдык өмірге қатысуы үшін жазбаша
мәтіндерді түсіну және пайдалану, олар туралы ойлау және оқумен
айналысуы.
PISA-
2012
халықаралық
салыстырмалы
зерттеуінде
басым
бағыт
математикалық сауаттылық болды.
Математикалық сауаттылық- адамдарға
өздері мекен еткен жер бетінде математиканың қажеттілігін анықтауға және
түсінуге, қазіргі және келешекті ойлайтын азаматқа тән қажеттілікті
математикалық түрде ойлауға және тапсырмаларды шешуде еркін әдістерді
қолдануға бағдарланғандығын көрсетеді.