Менеджменттің интеграцияланған жүйесі


Студенттермен кері байланыс



жүктеу 3,25 Mb.
бет3/3
Дата15.01.2020
өлшемі3,25 Mb.
#26826
1   2   3

Студенттермен кері байланыс
Талап арыздарымен, өтініштермен және ұсыныстармен жұмыс істеу – ұйымның үздіксіз жетілдіру процестерінің бірі. Тұтынушылардан жазбаша және ауызша түрде түскен барлық өтініштер Тұтынушылардың талап арыздарын және ұсыныстарын тіркеу журналында тіркеледі. Ол журнал әр бөлімшеде бар. Университетке жазбаша түрде түскен өтініштер түзету шараларын және анализді өткізу үшін бөлімшелерге және лауазымды тұлғаларға қарастыруға беріледі.

Бұдан басқа Университетте тұтынушыларды ұйым бөлмелерінде тікелей қабылдау рәсімі қызмет етеді. Сонымен қатар www.amu.kz. корпоративтік сайтта Университет ректорының және факультет декандарының блогы жұмыс істейді. Университетте сенім жәшіктері, сенім телефондары бар. Олар үнемі қызмет етеді және әлеуметтік маңызы бар қызметтерінің негізгі түрі болып табылады.

Университет кураторларының институты - Университет тәрбие жүйесінің негізгі бөлімшесі. Оған оқытушылардың студенттермен өзара ықпалдасу бойынша іс-шаралар кешені кіреді.

Кураторлар институты жұмысының басымдығы – студенттің тұлғасы, оның қажеттіліктері мен мүдделерін есепке алу.

Университетте ЖОО-да әлеуметтік –психологиялық жағдайды зерттеу бойынша Әлеуметтік –психологиялық қызмет жұмыс істейді. Осы қызмет студенттер арасында атмосфера мониторингісін өткізеді. Студенттердің өмір сүру процесінде пайда болатын мәселелерді анықт айды және алдын ала ескертеді.

МИЖ процестерінің қызмет ету шеңберінде студенттермен тікелей жұмыс істейтін бөлімшелер Университеттің «Кері байланыс мониторингі» МУА-12-12 стандартына сәйкес студенттердің оқу сапасымен, жағдайларымен қанағаттанушылығын анықтау, сауалнамалар негізінде тілектерді және ұсыныстарды жинау жұмысын жүргізеді.

Университетте «Нұр Отан» ХДП «Өркен» бастауыш партиялық ұйымы, сонымен қатар «Жас Отан» жастар қанаты жұмыс істейді. Партия лидерінің, Ел Президентінің саясатын белсенді түрді жүзеге асырады. Жастардың елдегі жағдайын жақсарту бойынша практикалық қадамдарды іске асыру және оларды мемлекеттің әлеуметтік –экономикалық міндеттерін шешуге жұмылдыратын орталығы. Жыл сайын партия мүшелерінің саны көбейіп келе жатыр. Қазіргі таңда бастауыш партия ұйымының саны – 1727 адам, соның ішінде 1475 адам- студенттер.
Академиялық адалдық саясаты
Университет әкімшілігі мен оқытушыларын студенттердің этикалық және адамгершілік тәрбиесі, Университеттің жоғары дамыған академиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесі ойландырады.

Тәртіптік жазаның екі түрі бар: академиялық және академиялық емес. Академиялық ережелерде тәртіптің екі түрі бар: академиялық адалдық және академиялық арсыздық. Академиялық арсыздық студенттер және оқытушылар жағынан болу мүмкін. Оған пара алу, көшіріп алу, ақпарат алу үшін өзіне немесе басқа біреуге көмектесу мақсатында шпаргалканы және басқа да заңсыз амалдарды қолдану; бөгде адамдардың еңбегін пайдалану, плагиат, яғни біреулердің ойлап тапқанын немесе зерттеулерін ұрлау немесе өзімдікі деп санау; тиісті жұмысты өз ойы мен идея нәтижесі ретінде ұсыну; сабаққа кешігіп келу, сабақтан қалу және оқытушылар мен студенттердің оқу процесіне немқұрайды қарауы, сонымен қатар лайықсыз академиялық тәртіптің басқа формалары. Сондықтан «Астана медицина университеті» АҚ қалыптасқан жағдайды өзгерту мақсатында өткізілетін шаралар аз емес.

«Астана медицина университеті» АҚ академиялық адалдық принциптерін сақтау және академиялық арсыздықты жою бойынша тиімді механизмдер енгізілген. Олар ЖОО жұмысын бақылайды: Директорлар кеңесі, ішкі аудит қызметі, сапа менеджменті және стратегиялық жоспарлау бөлімі. Сондай-ақ ЖОО-да білім алушыларға арналған арнайы қолдау қызметтері және студенттер білім процесін өздері бақылайтын студенттердің өзін-өзі басқару кеңесі ашылған (әлеуметтік- психологиялық қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес, жастар ісі жөніндегі деканат, «Студенттер қалашығы» бөлімі, «Нұр Отан» ХДП «Өркен» бастауыш партиялық ұйымының «Жас Отан» жастар қанатының партиялық тобы, «Ару» қыздар лигасы, «Қазақстанның медик-студенттері қауымдастығы»).

«Астана медицина университеті» АҚ Академиялық адалдықты сақтау принциптері бойынша жұмыс істеудің нақты қадамдарының бірі «Астана медицина университеті» АҚ корпоративтік мәдениет пен этика кодексін» әзірлеу ( 28.09.2012ж № 8 бекітілді). Университетке түскен әрбір студент шартқа қолын қояды. Бұл шарт тармағының біреуінде «Астана медицина университеті» АҚ корпоративтік мәдениет пен этика кодексі» және «Білім алушының ішкі тәртіп ережелері» тәртіптік талаптарын сақтау міндет болып табылады делінген. Кодекс кәсіптік қызмет принциптерін, құқықтар мен міндеттерін, келесі жүйедегі өзара қарым-қатынас этикасын қамтып көрсетеді: «оқытушы – студент», «оқытушы – оқытушы», «оқытушы –оқу орны».

«Астана медицина университеті» АҚ Студенттердің өзін-өзі басқару кеңесі ашылды. Оның білім алушылардың университеттік тіршілігін ұйымдастыруда ролі зор. Университет студенттерінің өзін-өзі басқарудың ресми атқару органы. Ол ЖОО әкімшілігі және басқа кез келген ұйымдары алдында студенттер мүдделерін білдіреді. Кеңес басшысын ЖОО әкімшілігі емес, студенттердің құқықтарын тиімді қорғау үшін студенттердің өздері сайлайды.

Кеңес қызметі жас студенттерінің маңызды мәселелерін шешуге және оның әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған. ЖОО әкімшілігі, көбінесе, Студенттер кеңесінің ұсынымдарын ескере отырып, Университет өмірін басқару бойынша шешімдерді қабылдайды. Студенттер кеңесінің қызметі Университеттің ПЛ-МУА-01-11 «Астана медицина университеті» АҚ студенттер кеңесі туралы ереже» (15.11.2011ж. №31 бектілген) ішкі құжатында жүйелеп баяндалған және реттелген. Студенттер кеңесінде бірнеше секциялар жұмыс істейді. Онда студенттер өз қабілеттерін, дарындары мен мүмкіншіліктерін дамыта және іске асыра алады.

Университет өмірі студенттер мейрамдарына және түрлі іс-шараларға толық. Оларды ұйымдастыру жұмысымен Жастар ісі жөніндегі деканат айналысады. Мұнда инновациялық идеялар мен креативтілікті танытуға және іске асыруға зор мүмкіншілік беріледі. Мұндай іс-әрекетті ЖОО әкімшілігі міндетті түрде марапаттайды (академиялық ұтқырлық, республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысу, бос мемлекеттік білім гранттарын ұсыну, оқуға ақшаны бөліп төлеу, оқу ақысын азайту және т.б.). Жастар ісі жөніндегі деканаттың миссиясы және мақсаты – лидерлікті, мәдени әр түрлілік, сыни тұрғыдан ойлау, шығармашылықты, әлеуметтік өзара ықпалдасуды және қоғамды дамыту үщін инновациялық қызметті енгізу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу барысында академиялық адалдық принципі қолданылады. Университетте ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге бағытталған іс-шаралар сериясы қабылданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құрылған. Оның төрағасы тәрбие және әлеуметтік қызмет жөніндегі проректор Г.З.Хайрли. ЖОО-да «Астана медицина университеті» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оны жою бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Білім алушыларға үнемі сауалнама жүргізіледі (оқу жылы ішінде 3-4 рет). Ақпараттық орталықтар құрылған (ректор, декандар блогы және форумдары, сенім телефоны, сенім жәшігі). Студенттер өздері ынтаны көрсету керек. Егер студенттер пара беруге қызығушылық білдірмесе, онда оларды осындай іс-әрекетке ешкім итермелей алмайды. Бұған қарсы тұру керек.

Университетте көпшілік алдында есеп беру жүйесі және рәсімі бар. Ол студенттерге Университеттің даму процестерін, ЖОО бюджетіне түскен шығындарды бақылауға көмектеседі. ЖОО-ның ішкі нормативтік реттеу құжаттарын, соның ішінде құрылтай құжаттарын ЖОО www.amu.kz. корпоративтік сайтынан көруге болады. Бюджет және қаржы құжаттары құрылтай құжаттары сияқты ЖОО ақпарат стендтеріне ілінген.

ЖОО барлық есеп түрлерімен (әлеуметтік есеп, Стратегиялық, операциялық даму жоспарларын, құрылымдық бөлімшелердің жоспарларын, жобалар мен бағдарламаларын орындау бойынша есептер, , басшылық тарапынан процестердің тиімділігі және нәтижелілігі туралы жасалған анализ, ЖОО қызметін сырттан бағалау рәсіміне жүргізілген дайындық кезіндегі өзін өзі бағалау есептері) мүдделі тараптар таныстырылады және ЖОО www.amu.kz. корпоративтік сайтына орналыстырылады.

Жыл сайын Университет басшылығының студенттермен кездесуі өткізіледі. Кездесуде ректор ЖОО бюджетімен таныстырады. Оқу құралдарына, құрал-жабдыққа, оқудың техникалық құралдарына, компьютерлерге, оқу бөлмелері мен корпустарын жөндеуге жұмсалған қаржыны айтып кетеді. Сонымен қатар студенттердің оқу процесі барысында жинақталған барлық сұрақтарына жауап береді. Жоғарыда аталған шаралар студенттердің ЖОО қаржылық және қаржылық емес қызметі туралы ақпарат алуға, оның басшылығына сенімнің артуына көмектеседі.

Жоғарыда баяндалған мәселеге орай «Астана медицина университеті» АҚ студенттеріне құқықтар мен міндеттер бекітілген. Сонымен қатар студент академиялық адалдықты сақтауға міндетті. Студентке Университетте оқу барысында:



  • көшіріп алуға, академиялық жұмысты орындаған кезде, аралық және қорытынды аттестация барысында өзіне немесе басқа біреуге көмектесу мақсатында ақпарат алу үшін шпаргалканы және басқа да заңсыз амалдарды қолдануға;

  • плагиат, яғни біреулердің ойлап тапқанын немесе зерттеулерін ұрлауға немесе өзімдікі деп санауға; тиісті жұмысты өз ойы мен идеяның нәтижесі ретінде ұсынуға;

  • тәртіпсіздіктің кез келген формалары; оған жалған құжаттарды немесе деректерді жасауға, өтірік айтуға, сақталып тұрған ақпаратты (соның ішінде компьютерлік) рұқсатсыз көшіруге, өзгертуге немесе басқа мақсатта қолдануға рұқсат етілмейді.

Сонымен қатар осындай тәртіп бұзушылықтарға белгілі себеппен жатқызылатын басқа әрекеттер.

Ұсынылған құқықтарды пайдаланып, міндеттерді орындаған студент:


  • марапатталу мүмкін, ол үшін ЖОО-да адамгершілік және материалдық марапаттаудың және сыйақы берудің түрлі формалары белгіленеді, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысы беріледі;

  • сөгіс, ескерту алу, ЖОО жарғысын және Университеттің ішкі ережелерін бұзған үшін студенттер құрамынан шығарылуы мүмкін.


3.18.3 Көшіріп-көбейту қызметтері

3.1 Ксерокөшірме аппараттары бас корпустың фойесінде және 53-корпуста орналасқан. Қызметтер ақылы.



3.18.4. Спорт базасы

4.1 Университеттегі студент жастар арасында саламатты өмір салтын және спортты насихаттау мақсатында «Спорт клубы» жұмыс істейді. Студенттер 14 секция ішінен қалаған спорт түрін таңдай алады: күрес, армрестлинг, волейбол, баскетбол, шахмат және тағы басқа түрлері.

4.2 Спортпен белсенді түрде шұғылданатын студенттер оқу жылы ішінде Университет есебінен басқа қалаларға жарысқа бара алады. Сонымен қатар спортклуб спортсмен студенттердің еліміздің атақты спортсмендерімен, тренерлерімен кездесуін ұйымдастыра алады. . Университетте оқыған уақытта білім алушының спорт саласындағы «кандидат» және «спорт шебері» атақтарын алу мүмкіндіктері бар және оған жағдай жасалған. Сондықтан спорт клубы Университет студенттерін секцияларға жазылуға шақырады және іріктеу жүргізеді.
3.18.5 «Астана медицина университеті» АҚ медициналық орталығы

5.1 «Астана медицина университеті» АҚ медициналық орталығы тексеруден өтуге, емделуге, оңалтудан өтуге тілек білдірген білім алушыларға медициналық қызметтердің толық спектрін ұсынады.

5.2 «Астана медицина университеті» АҚ медициналық орталығы 1999 жылы құрылған.

5.3 Орталық бір ауысымда 72 адамды қабылдай алады. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсету бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайды.

5.4 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Денсаулық сақтаудың ұлттық бірыңғай жүйесі шеңберінде жұмыс істейді. Медициналық және дәрігерлік қызмет көрсетуге сериясы ЛП №00033К, (31.10.2005 ж.) мемлекеттік лицензия берілген.

5.5 Орталықта жоғары білікті, жоғары санатты дәрігерлер, «Астана медицина университеті» АҚ-тың профессорлары мен доценттері, медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары қабылдау жүргізіп, консультация береді.

5.5 Орталықта келесі мамандар: кардиолог, гастроэнтеролог, ревматолог, терапевт, педиатр, гинеколог, уролог, дерматовенеролог, гематолог, маммолог, эндокринолог, невропатолог, рефлексотерапевт, стоматолог, ЛОР, косметолог қабылдау жүргізеді:

5.7 Келесі зерттеулер жүргізіледі:

- электрокардиография;

- барлық органдардың ультрадыбыстық диагностикасы;

- қанды, несепті зертханалық тексеру, РИФ, ИФА диагностика

- рентгенологиялық диагностика;

5.8 Орталықта емшара бөлмесі мен күндізгі стационар жұмыс істейді.

5.9 Медициналық орталықта гемосканерлеу (бір тамшы қанды зерттеп ауруға диагностика жасау) жүргізіледі, ал диетолог-дәрігер дұрыс тамақтану ережелерін үйретіп, саламатты өмір салтын ұстану жөнінде кеңес береді. Біздің орталықта классикалық және шығыс массажын жасау қызметі көрсетіледі.

5.10 «Астана медицина университеті» АҚ медициналық орталығында рентгенологиялық остеоденситометрия кабинеті жұмыс істейді, онда Сізге ҚР-дағы жалғыз «LUNAR Prodigy GE» рентген денситометрінде остеопорозға диагностика жасайды.

5.11 Білім алушының барлық медициналық анықтамалары (дәлелді себеппен – ауыруына байланысты қатыспаған сабаққа кіру үшін), санитарлық медициналық кітапшалары, ДКК қорытындысы «Астана медицина университеті» АҚ медициналық орталығы берген медициналық анықтамамен расталуы тиіс.



3.18.6 Әскери кафедра

6.1 «Астана медицина университеті» АҚ «Жалпы медицина» факультетінің студенттері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.05.2006 ж. №449 қаулысына сәйкес әскери дайындықтан өтеді (мемлекеттік тапсырыс – 100 адам). 3-курстың білім алушылары әскери дайындықтан өту үшін іріктеуден өтеді. Білім алушылардың өтініші бойынша әскери дайындықтан өтетін студенттерді іріктеу комиссиясы таңдайды. Студенттерді іріктеу үшін келесі ерекшеліктер ескеріледі:

- әскерге шақыру комиссиясының медициналық қорытындысы;

- емтихан сессиясының қорытындысы бойынша үлгерімінің орташа балы;

- дене шынықтыру бойынша нормативтерді орындау нәтижелері.

6.2 Студенттер әскери дайындық курстарына іріктеу комиссиясының хаттамасының негізінде, Ректордың бұйрығымен қабылданады. Әскери дайындықтан өткен білім алушы – «Лейтенант» атағын алады.


3.19 Оқуға ақы төлеу тәртібі
1 .Оқытудың бірінші жылының ақысы ағымдағы жылдың 30 тамызынан кешіктірілмей төленуге тиіс. Ақшалай қаражат «Астана медицина университеті» АҚ есеп айырысу шотына аударылады: Астана қ., Сарыарқа даңғ., 33, СТН 031400074326, Кбе 16, БИН 080 940 008 218, ИИК: 47998ВТВ0000002926, «Цесна Банк» АҚ, Астана қ., БИК: TSESKZKA

  1. Басқа білім беру ұйымдарынан ауысып келген студенттер оқу ақысын Университеттің сабаққа жіберілу туралы бұйрығымен бекітілген мерзімде төлейді.

  2. Университеттің есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аударған кезде алынатын банк қызметінің құны оқу ақысына кірмейді және Тапсырыс беруші оны өзі төлейді. Тапсырыс беруші Университетке көрсетілген қызмет үшін төленген ақыны растайтын тиісті құжатты беру арқылы дәлелдейді.



3.20. Шәкіртақы тағайындау тәртібі
3.20.1 Мемлекеттік шәкіртақыны тағайындау және төлеу тәртібі

1.1 Мемлекеттік шәкіртақы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған, емтихан сессиясының немесе білім алушылардың аралық аттестациясынан «жақсы», «үздік» деген бағаларға сәйкес келетін бағалар баламасын алған студенттерге төленеді және емтихан сессиясынан немесе аралық аттестациядан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап, семестр аяқталған айдың соңына дейін ай сайын төленеді.

1.2 мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бірінші курсқа (оқудың бірінші жылына) қабылданған білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы бірінші семестр бойы ай сайын төленеді. Келесі семестрлерде мемлекеттік шәкіртақы емтихан сессиясының немесе өткен семестрдегі өткізілген білім алушылардың аралық аттестацияның нәтижесі бойынша төленеді.

1.3 Көзі көрмейтін және құлағы естімейтін мүгедектерге, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қамқоршысы бар балаларға, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы емтихан сессиясы қорытындысы бойынша академиялық қарызы немесе аралық аттестация қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз бағасы болмаған жағдайда төленеді.

1.4 Жазғы емтихан сессиясының немесе аралық аттестация қорытындысы бойынша мемлекеттік шәкіртақы тағайындалған студенттерге жазғы демалыс кезінде мемлекеттік шәкіртақы екі айға (шілде, тамыз) қосылып төленеді.

1.5 Дәлелді себептермен сынақ пен емтиханды белгіленген уақытта тапсырмаған студенттерге растайтын құжаттарды тапсырған соң, білім беру ұйымының басшылығы сына-емтиханды тапсыру үшін мерзім белгілйді, содан кейін оларға мемлекеттік шәкіртақы тағайындалады.

1.6 Кәсіптік практика кезінде, жазғы демалыс кезінде, еңбекақы төленетін жұмыс орнында және лауазымда болған кезеңінде студенттерге шәкіртақы белгіленген тәртіп бойынша төленеді.

1.7 Бір оқу орнынан екіншісіне ауысқан білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы оқу жоспарындағы айырмашылықты жойғаннан кейін төленеді.

1.9 Студент, медициналық қорытынды негізінде (Дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы) берілген академиялық демалыстардан басқа, академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік шәкіртақы төленбейді.

1.10 Академиялық демалыстан келген білім алушыға мемлекеттік шәкіртақы алдағы (кезекті) емтихан сессиясының немесе аралық аттестацияның қорытындысы бойынша, егер оқу жоспарында айырмашылық болмаса ғана, төленеді.

1.11 Сырқатына байланысты кустан курсқа көшірілмеген білім алушыға мемлекеттік шәкіртақы оқу жоспары орындалған бұрынғы семестрдің қорытындысы бойынша кезекті емтихан сессиясының немесе білім алушылардың аралық аттестациясының нәтижесі шыққанға дейін төленеді.

1.12 Туберкулез ауруымен ауыратын студенттерге, тиісті медициналық қорытынды болған жағдайда, мемлекеттік шәкіртақы еңбекке жарамсыз болған кезеңге тағайындалып, төленеді, бірақ еңбекке жарамсыз болған күннен бастап он айдан аспайтын мерзімге.

1.13 Жүктілігіне және босануына байланысты демалыс алған студенттерге мемлекеттік шәкіртақы жүктілігі мен босануына байланысты демалысқа дейін төленген мөлшерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген демалыс мерзімі аяқталғанша төленеді.

1.14 Академиялық демалыс уақытында жүктілігіне және босануына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағын тапсырған жағдайда академиялық демалысы үзіледі және жүктілігіне және босануына байланысты демалыс ресімделеді.

1.15 Баласы үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңде студентке мемлекеттік шәкіртақы тағайындалмайды.

1.16 Мемлекеттік шәкіртақы төлеу мына жағдайларда тоқтатылады:

1) білім алушы білім беру ұйымынан шыққан (шығарылған) жағдайда, оқудан шығу (шығарылу) себебіне қарамастан;

2) білім алушы қайтыс болған жағдайда;

3) оқуды бітіруіне байланысты оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап.

2.8 Мемлекеттік шәкіртақыны төлеу білім беру ұйымы басшысының тиісті бұйрығы шығарылған кезден бастап тоқтатылады.


3.21 ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
3.21.1 Жалпы ережелер

1.1 Университеттегі тәрбие жұмысы білім беру процесі секілді ЖОО қызметіндегі негізгі бөлім болып есептеледі.

1.2 Жастар ісі жөніндегі деканаттың негізгі қызметі − студенттердің кәсіптік және әлеуметтік біліктілігін, белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру үшін жағдай жасау, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда Отанымыздың дамуы мен нығаюына өз үлесін қосуға дайын болашақ дәрігерлердің тұлғалық қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеу.

3.21.2 Тәрбие жұмысының принциптері

2.1. Ізгілендіру принципі студенттің жеке басын мойындауға; оның бірегейлігі мен өзгешелігін сыйлауға негізделген.



2.2. Кәсіпке бағыттау принципі – болашақ мамандардың кәсіптік қоғамдастықтың этикалық нормаларын меңгеруін, өзінің кәсіптік қызметінің нәтижелеріне деген жауапкершілікті қалыптастыруды, кәсіптік бейімділігін, дарынын, арнайы қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу мәселелерін ескереді.

2.3 Тәрбиелеу арқылы оқыту принципі – студенттерді тұлға ретінде дамыту, өзін-өзі қалыптастыруға, өзін-өзі дамытуға деген оң мотивацияны қалыптастыру, сондай-ақ оқудан тыс шығармашылық-практикалық қызметке бағдарлау мақсатында негізгі, қосымша білім беру бағдарламаларында көрсетілген оқу пәндерінің тәрбиелік әлеуетін пайдалануды көздейді.

2.4 Демократияландыру принципі – тәрбие жұмысында субъектілердің теңдігін және әлеуметтік серіктестікті, студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің болуын, жұмыс істеуін және оның Университеттің әкімшілік-басқарушы құрылымдарымен тиімді қарым-қатынас жасау механизмін қарастырады.

2.5 Ынталандыру принципі – студенттерді оқуда, ғылыми, шығармашылық, спорт, қоғамдық және басқа да қызмет түрлерінде көрсеткен жетістіктері үшін моральдық , материалдық тұрғыдан көтермелеуге негізделген.



3.21.3 Студенттер жатақханасының кеңесі

3.1 Университетте білім алушылардың тұрмыстық жағдайын, білім алу үшін қажетті жағдайды, демалысына және спортпен айналысуын ұйымдастыру үшін жатақхананың Студенттер кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) жұмыс істейді. Кеңес «Астана медицина университеті» АҚ жатақхана тұрғындары үшін үйлестіруші орган болып саналады.

3.2 Кеңес ҚР «Білім туралы» Заңына, «Астана медицина университеті» АҚ-тың Жарлығына, Университеттің студенттік жатақханаларында тұру ережесіне, Университетте білім алушылардың ішкі тәртібіне және Университеттің басқа да нормативтік актілеріне сәйкес өз жұмысын жүргізеді.

3.3 Кеңес Университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің алдында жатақхана студенттерінің мүдделері мен құқықтарын қорғайды.



3.21.4 Мәдени-ойын-сауық базасы

4.1 Университетте студенттер үйірмелері бар:

- «Меd club» КТК командасы – 2009 жылы құрылып, 2010 жылы КТК-ның аймақтық лигасына өтті;

- «Джиу-джитсу» спортклубы;

- «English club» ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын клубы;

- дебат клубы.

4.2 Университетте студенттердің ғылыми қоғамы жұмыс істейді.

4.3 Кафедраларда белгілі бір ғылыми бағытта жұмыс істейтін студенттердің ғылыми үйірмелері бар.

4.4 «Ару» қыздар лигасы тоқсан сайын журналды шығарады. Журналыдң бірінші данасы «Астана медицина университеті» АҚ-тың баспасынан шықты. Екінші данасының презентациясы Назарбаев Университетінде көрсетілді. «Ару» журналының үшінші презентациясы «Подари сердце городу» қайырымдылық акция кезінде көрсетілді. Журналымызды қаланың барлық ЖОО студенттері қызығып оқиды.

4.5 UТV – студенттердің алғашқы қазақстандық интернет-телевидениесі. 2013 жылғы 27 ақпанда жұмыс істей бастады.



UТV мақсаты Қазақстанда шығарылған оқыту материалы көлемді видео-контенті бар студенттердің интернет-телевидениесін жасау. Сайты: www.utv.kz Utv_2013@bk.ru, Контактте: university-Tv Stude.
Utv тобы



Продюсер - Сулейменова Аягоз Нурашевна

Атқарушы директор- Раембаева Р. И.

Жүргізуші – Есенова Н. Е.

Корреспондент – Каиржанов Е. Д.

Оператор – Курмангазинов Е.К.

Бейнеинженер – Каххарова Д.Ф.
3.22 Әлеуметтік қолдау көрсету
Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар санынан білім алушыларды әлеуметтік қолдау көрсету

  • Киіммен қамтамасыз ету;

  • Ай сайын жол жүру билетін беру;

  • Университет асханаларында тамақты тегін беру;

  • Тамақ алуға қаражатты бөлу;

  • Жатақханада тұруға орын беру

Көп балалы отбасынан шыққан студенттерге ай сайын жол жүру билеті беріледі.


3.23 «Астана медицина университеті» АҚ оқу корпустары мына мекенжайларда орналасқан:


  1. Бейбітшілік көшесі 49, «Медициналық академия» аялдамасына дейін теміржол вокзалынан және автовокзалдан № 9, 10, 13, 19, 23 автобустармен, әуежайдан № 10 автобуспен жетуге болады;

  2. Бейбітшілік көшесі 51, «Медициналық академия» аялдамасына дейін теміржол вокзалынан және автовокзалдан № 9, 10, 13, 19, 23 автобустармен, әуежайдан № 10 автобуспен жетуге болады;

  3. Бейбітшілік көшесі 53, «Медициналық академия» аялдамасына дейін теміржол вокзалынан және автовокзалдан № 9, 10, 13, 19, 23 автобустармен, әуежайдан № 10 автобуспен жетуге болады;

  4. Сарыарқа даңғ.33 оқу корпусына және Жеңіс даңғылы 35 мекенжайында орналасқан Университет жатақханаларына (№1, №2 блоктар). «Музыкалық академия» аялдамасына дейін теміржол вокзалынан және автовокзалдан № 21, 25, 29, 31, 39, 40, 47 автобустармен, әуежайдан № 12 автобуспен жетуге болады.


«Астана медицина университеті» АҚ жұмыс кестесі:

Дүйсенбі-жұма 8.30-18.00, түскі үзіліс 13.00-14.30 (әкімшілік-басқару персоналы үшін)

Дүйсенбі-жұма 8.00-17.00 кафедралар

Сабақтар: Дүйсенбі-жұма сағат 8.00-ден

Сенбі, жексенбі – демалыс күндер

ТІЛЕК
Құрметті студент! «Астана медицина университеті» АҚ-та алған білімің, машықтарың және іскерлігің болашақта сенің жұмысыңда және мансабына көмектеседі. Сен де өз Alma-mater-іңнің беделін асыра бер!

Уақытты бос жібермей, қажымай білім ал, үйрен, машықтан. Сен жоғары дәрежелі маман болу үшін тек жақсы оқып қана қоймай, университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне белсене араласуың керек.



Бұл күрделі, бірақ өте қызықты жол!

жүктеу 3,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау