«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 1-курс студенттеріне арналған
2013-2014 оқу жылының АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ
Іс-шаралар, Мейрамдар
|
Даталар
|
Білім күні, Сабақтың басталуы / День знаний, Начало занятий
|
1 қыркүйек
|
Күзгі семестр / Осенний семестр
|
02.09-05.01.14
|
Сессия
|
06.01-19.01.14
|
Тәуелсіздік күні / День независимости
|
16, 17 желтоқсан
|
Жаңа жыл / Новый год
|
1, 2 қаңтар
|
Рождество
|
7 қаңтар
|
Демалыс / Каникулы
|
20.01-02.02. 14
|
Күзгі семестр бойынша: семестр - 18 апта, сессия – 2 апта
|
Көктемгі семестр / Весенний семестр
|
03.02-08.06.14
|
Сессия
|
09.06-29.06.14
|
Халықаралық әйелдер күні / Международный женский день
|
8 наурыз
|
Наурыз
|
21, 22, 23 наурыз
|
Қазақстан халқының бірлігі күні / День единства народов Казахстана
|
1 мамыр
|
Отан қорғаушылар күні / День защитника Отечества
|
7 мамыр
|
Жеңіс күні / День Победы
|
9 мамыр
|
Өндірістік практика / Производственная практика
|
30.06-06.07.14
|
Демалыс / Каникулы
|
07.07-31.08.14
|
Көктемгі семестр бойынша: семестр - 18 апта, сессия – 3 апта,ӨП – 1 апта
|
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 1-курс студенттеріне арналған
2013-2014 оқу жылының АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ
Іс-шаралар, Мейрамдар
|
Даталар
|
Білім күні, Сабақтың басталуы / День знаний, Начало занятий
|
1 қыркүйек
|
Күзгі семестр / Осенний семестр
|
02.09-15.12.13
|
Сессия
|
16.12.13-05.01.14
|
Тәуелсіздік күні / День независимости
|
16, 17 желтоқсан
|
Жаңа жыл / Новый год
|
1, 2 қаңтар
|
Рождество
|
7 қаңтар
|
Демалыс / Каникулы
|
06.01-19.01. 14
|
Күзгі семестр бойынша: семестр - 15 апта, сессия – 3 апта
|
Көктемгі семестр / Весенний семестр
|
20.01-04.05.14
|
Сессия
|
05.05-25.05.14
|
Халықаралық әйелдер күні / Международный женский день
|
8 наурыз
|
Наурыз
|
21, 22, 23 наурыз
|
Қазақстан халқының бірлігі күні / День единства народов Казахстана
|
1 мамыр
|
Отан қорғаушылар күні / День защитника Отечества
|
7 мамыр
|
Жеңіс күні / День Победы
|
9 мамыр
|
Демалыс / Каникулы
|
26.05-31.08.14
|
Көктемгі семестр бойынша: семестр - 15 апта, сессия – 3 апта, ӨП – 2 апта
| «Стоматология» мамандығы бойынша 1-курс студенттеріне арналған
2013-2014 оқу жылының АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ
Іс-шаралар, Мейрамдар
|
Даталар
|
Білім күні, Сабақтың басталуы / День знаний, Начало занятий
|
1 қыркүйек
|
Күзгі семестр / Осенний семестр
|
02.09.13-05.01.14
|
Сессия
|
06.01-26.01.14
|
Тәуелсіздік күні / День независимости
|
16, 17 желтоқсан
|
Жаңа жыл / Новый год
|
1, 2 қаңтар
|
Рождество
|
7 қаңтар
|
Демалыс / Каникулы
|
27.01-09.02. 14
|
Күзгі семестр бойынша: семестр - 18 апта, сессия – 3 апта
|
Көктемгі семестр / Весенний семестр
|
10.02-15.06.14
|
Сессия
|
16.06-06.07.14
|
Халықаралық әйелдер күні / Международный женский день
|
8 наурыз
|
Наурыз
|
21, 22, 23 наурыз
|
Қазақстан халқының бірлігі күні / День единства народов Казахстана
|
1 мамыр
|
Отан қорғаушылар күні / День защитника Отечества
|
7 мамыр
|
Жеңіс күні / День Победы
|
9 мамыр
|
Өндірістік практика / Производственная практика
|
07.07-13.07.14
|
Демалыс / Каникулы
|
14.07-31.08.14
|
Көктемгі семестр бойынша: семестр - 18 апта, сессия – 3 апта, ӨП – 1 апта
| «ФАРМАЦИЯ» мамандығы бойынша 1-курс студенттеріне арналған 2013-2014 оқу жылының АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ
Іс-шаралар, Мейрамдар
|
Даталар
|
Білім күні, Сабақтың басталуы / День знаний, Начало занятий
|
1 қыркүйек
|
Күзгі семестр / Осенний семестр
|
02.09-15.12.13
|
Сессия
|
16.12.13-29.12.13
|
Тәуелсіздік күні / День независимости
|
16, 17 желтоқсан
|
Жаңа жыл / Новый год
|
1, 2 қаңтар
|
Рождество
|
7 қаңтар
|
Демалыс / Каникулы
|
30.12.13-12.01.14
|
Күзгі семестр бойынша: семестр - 15 апта, сессия – 2 апта
|
Көктемгі семестр / Весенний семестр
|
13.01-27.04.14
|
Сессия
|
28.04-25.05.14
|
Халықаралық әйелдер күні / Международный женский день
|
8 наурыз
|
Наурыз
|
21, 22, 23 наурыз
|
Қазақстан халқының бірлігі күні / День единства народов Казахстана
|
1 мамыр
|
Отан қорғаушылар күні / День защитника Отечества
|
7 мамыр
|
Жеңіс күні / День Победы
|
9 мамыр
|
Өндірістік практика / Производственная практика
|
26.05-01.06.14
|
Демалыс / Каникулы
|
02.06-31.08.14
|
Көктемгі семестр бойынша: семестр - 15 апта, сессия – 4 апта, ӨП – 1 апта
|
«МЕЙІРБИКЕ ІСІ» мамандығы бойынша 1-курс студенттеріне арналған 2013-2014 оқу жылының АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ
Іс-шаралар, Мейрамдар
|
Даталар
|
Білім күні, Сабақ басталуы / День знаний, Начало занятий
|
1 қыркүйек
|
Күзгі семестр / Осенний семестр
|
02.09-15.12.13
|
Сессия
|
16.12-05.01.14
|
Тәуелсіздік күні / День независимости
|
16, 17 желтоқсан
|
Жаңа жыл / Новый год
|
1, 2 қаңтар
|
Рождество
|
7 қаңтар
|
Демалыс / Каникулы
|
06.01-19.01. 14
|
Күзгі семестр бойынша: семестр - 15 апта, сессия – 3 апта
|
Көктемгі семестр / Весенний семестр
|
20.01-04.05.14
|
Сессия
|
05.05-25.05.14
|
Халықаралық әйелдер күні / Международный женский день
|
8 наурыз
|
Наурыз
|
21, 22, 23 наурыз
|
Қазақстан халқының бірлігі күні / День единства народов Казахстана
|
1 мамыр
|
Отан қорғаушылар күні / День защитника Отечества
|
7 мамыр
|
Жеңіс күні / День Победы
|
9 мамыр
|
Демалыс / Каникулы
|
26.05-31.08.14
|
Көктемгі семестр бойынша: семестр - 15 апта, сессия – 3 апта, ӨП – 1 апта
|
1-курс студенттеріне арналған 2013-2014 оқу жылының АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ
Іс-шаралар, Мейрамдар
|
Даталар
|
Білім күні, Сабақ басталуы / День знаний, Начало занятий
|
1 қыркүйек
|
Күзгі семестр / Осенний семестр
|
02.09-15.12.13
|
Сессия
|
16.12.13-05.01.14
|
Тәуелсіздік күні / День независимости
|
16, 17 желтоқсан
|
Жаңа жыл / Новый год
|
1, 2 қаңтар
|
Рождество
|
7 қаңтар
|
Демалыс / Каникулы
|
06.01-19.01. 14
|
Күзгі семестр бойынша: семестр - 15 апта, сессия – 3 апта
|
Көктемгі семестр / Весенний семестр
|
20.01-04.05.14
|
Сессия
|
05.05-01.06.14
|
Халықаралық әйелдер күні / Международный женский день
|
8 наурыз
|
Наурыз
|
21, 22, 23 наурыз
|
Қазақстан халқының бірлігі күні / День единства народов Казахстана
|
1 мамыр
|
Отан қорғаушылар күні / День защитника Отечества
|
7 мамыр
|
Жеңіс күні / День Победы
|
9 мамыр
|
Өндірістік практика / Производственная практика
|
02.06-08.06.14
|
Демалыс / Каникулы
|
09.06-31.08.14
|
Көктемгі семестр бойынша: семестр - 15 апта, сессия – 4 апта, ӨП – 1 апта
|
УНИВЕРСИТЕТТЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.3.1 Білім беру бағдарламаларының мазмұны
«Астана медицина университеті» АҚ келесі мамандықтар бойынша мамандар даярлау қызметін жүзеге асырады:
«Жалпы медицина». Жоғары медициналық білімі бар мамандарды даярлайды және «Дәрігер» біліктілігі беріледі. Оқу ұзақтығы – 7 (5+2) жыл, соңғы екі жылы – интернатура. 5 жылдық базалық оқудан кейін түлектерге «медицина бакалавры» дәрежесі беріледі. Түлек-бакалавр конкурстық негізде магистратураға түсе алады. Интернатураны бітіргеннен кейін, интернатураны аяқтағаны туралы куәлікті және дипломды алғаннан кейін түлектер «Жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша дербес практикалық қызметке кірісе алады. «Ішкі аурулар», «Хирургия», «Педиатрия», «Акушерия және гинекология» мамандықтары бойынша интернатурада білім алып жатқан студент таңдаған мамандығына қарай резидентурада оқуын жалғастыра алады (2-4 жыл). Резидентураны бітіргеннен кейін өз бетінше дәрігерлік қызметпен айналысуға құқық беретін диплом беріледі.
«Мейірбике ісі». Оқу кредиттік технология бойынша бакалавриат шеңберінде жүргізіледі, «мейірбике ісі бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Оқу ұзақтығы – 4 жыл. Түлектер магистратурада білімін жалғастыра алады. Магистратураны бітірушілерге мамандық бейіні бойынша «мейірбике ісі магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.
«Фармация». Оқу кредиттік технология бойынша бакалавриат шеңберінде жүргізіледі, «фармация бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Оқу ұзақтығы – 5 жыл.
«Қоғамдық денсаулық сақтау». Оқу кредиттік технология бойынша бакалавриат шеңберінде жүргізіледі, «қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Оқу ұзақтығы – 5 жыл. Түлектер магистратурада білімін жалғастыра алады. Магистратураны бітірушілерге мамандық бейіні бойынша «қоғамдық денсаулық сақтау магистрі» академиялық дәрежесі беріледі. Магистрлердің докторантурада оқуын жалғастыруға құқығы бар.
«Стоматология». Жоғары медициналық білімі бар мамандарды даярлайды, «Стоматолог-дәрігер» біліктілігі беріледі. Оқу ұзақтығы – 6 (5+1) жыл, соңғы жылы – интернатура. 5 жылдық базалық оқудан кейін түлекке «стоматология бакалавры» дәрежесі беріледі. Түлек-бакалавр конкурстық негізде магистратураға түсе алады. Интернатураны бітіргеннен кейін, интернатураны аяқтағаны туралы куәлікті және дипломды алғаннан кейін түлектер дәрігер-стоматолог мамандығы бойынша дербес практикалық қызметке кірісе алады немесе мамандандырудан өту үшін оқуын резидентурада жалғастыра алады (2-4 жыл). Резидентураны бітіргені туралы диплом тиісті мамандығы бойынша дербес дәрігерлік қызметпен айналысуға құқық береді.
«Медициналық-профилактикалық іс». Жоғары медициналық білімі бар мамандарды даярлайды, «Гигиена және эпидемиология маманы» біліктілігі және «медициналық-профилактикалық іс» бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Оқу ұзақтығы – 5 жыл. Бакалавриатта оқуды аяқтағаннан кейін түлек эпидемиология, коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы, тағамтану гигиенасы, радиациялық гигиена, вирусология, бактериология, паразитология жөніндегі маман ретінде дербес практикалық қызметке кірісе алады. Түлектер магистратурада білімін жалғастыра алады.
«Астана медицина университеті» АҚ-тың негізгі мақсаттарының бірі – студенттерді озық білім беру әдістемелері мен технологияларын қолдана отырып оқыту, білім алушыларды білімге және шеберлікке баулу, олардың жоғары кәсіптік дәрежеге ие болып, еңбектің халықаралық нарығында бәсекеге қабілетті деңгейге жетуін қамтамасыз ету.
Жоғары білім берудің қазіргі заманғы жүйесі адамдарды болашаққа заманауи әрі барабар бейімдеуге бағытталған, яғни тек қана білім беру деңгейін жоғарылатып қоймай, сонымен қатар қоршаған ортаның тез өзгеретін экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және ақпараттық болмысына бейімделген жаңа типтегі зердені және қазіргі заманға сай ойлау тәсілін қалыптастырады. Кредиттік технологияны енгізу осы мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізеді. Оқытудың кредиттік жүйесі – кредиттер түрінде білім беру траекториясын таңдауды және білім алу көлемін есепке алуды жеке-жеке қарастыратын өзін-өзі оқыту деңгейі мен білімді шығармашылық түрде меңгеруді жоғарылатуға бағытталған жүйе.
3.3.2 Офис-тіркеуші қызметі туралы
1. Офис-тіркеуші бөлімі (ОТБ) – білім алушының оқудағы жетістіктерін толық тіркеп отыратын бөлім. Студенттің таңдаған пәндеріне жазылуды тіркейді, емтихандық-рейтингілік тізімдемені өңдеп, сақтайды. GPA (білім алушының оқудағы жетістіктері деңгейінің орташа есеппен алғандағы бағасы) көшіру балын есептейді.
Офис-тіркеуші бөлімі студенттердің білімін бақылау нәтижелерін есепке алады және академиялық рейтингіні есептейді.
2. Офис-тіркеушінің негізгі міндеттері мыналар:
- білім алушылардың оқу пәндеріне жазылу процесін ұйымдастыру және жеке оқу жоспарының орындалуын бақылау;
- білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тіркеу процесін ұйымдастыру;
- білім алушыларды ағымдық және аралық аттестациядан өткізуді ұйымдастыру;
- қорытынды мемлекеттік аттестацияны ұйымдастыру мен өткізуді бақылау;
- ағымдағы транскриптілерді жүргізу және беру;
- GPA-ні жүргізу және есептеу;
- білім алушылардың оқу пәндері бойынша жинақталған кредиттерін/сағаттарын есепке алып, оны бірінші курстан бастап оқуды бітіргенге дейінгі кезеңде белгіленген форма бойынша жүргізу.
3.4 Пәндер бойынша тіркелу тәртібі
3.4..1 Элективті пәндерге жазылу процедурасы
1. Элективті пәндерге жазылу офис-тіркеуші бөлімінде жүзеге асырылады. Ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық жұмыстарды жүргізу үшін эдвайзерлер, тьютерлер, деканат қызметкерлері қатыстырылады.
2. Эдвайзерден кеңес алғаннан кейін білім алушы таңдаған мамандықтарға жазылады.
3. Білім алушы пәндерді таңдап болған соң өзі таңдаған элективті пәндерді көрсетіп тіркеу формасын толтырады, осы форма негізінде білім алушының жеке оқу жоспары (ЖОЖ) әзірленеді.
4. Элективті пәндерге жазылу электрондық түрде жүзеге асырылады.
5. Элективті пәндерге жазылу ағымдағы оқу жылының көктемгі семестрі кезінде 2 апта мерзімде жүргізіледі.
6. Егер бір пәнге тіркелген студенттер саны белгіленген саннан аз болса, онда ол пән жүргізілмейді және оқу-жұмыс жоспарына енгізілмейді.
7. Білім алушы бекітілген мерзімде элективті пәндерге жазылу және ЖОЖ-ға өзгерістер енгізу тәртібін сақтауға міндетті.
8. Білім алушы білім беру бағдарламасын меңгеру үшін оқу жылына белгіленген кредиттер (сағаттар) санына жазылуы тиіс.
9. Егер білім алушы белгіленген уақытта тіркелмесе, онда оны оқыту үшін сол курсқа арналып жасалған оқу жұмыс жоспары негізге алынады.
10. Офис-тіркеуші бөлімінің қызметкері білім алушының таңдаған элективті пәндері негізінде, топтардың тізімі бекітілгеннен кейін элективті пәндерді көрсете отырып, топтар бойынша ЖОЖ шаблондарын әзірлейді.
11. Білім алушы сайттан «жеке кабинеттен» өз ЖОЖ-ының электрондық нұсқасының шаблонын көшіріп немесе офис-тіркеуші бөлімінен алып, ЖОЖ шаблонын зер салып оқып алуы тиіс. Нұсқа Excel форматында берілген. Парақта міндетті компоненттің пәндері және таңдаған компоненті (элективті пәндер) көрсетілген.
12. Міндетті компоненттің пәндері – осы курста міндетті түрде оқытылатын пәндер. Олар осы мамандықтың МЖМБС үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген.
13. Элективті пәндер – белгіленген кредиттер (сағаттар) шеңберінде таңдау компонентіне кіретін оқу пәндері. Бұл пәндер білім алушының жеке траекториясын бейнелейтін оқу пәндері. Білім алушының тіркеу парағы негізінде толтырылады.
14. ЖОЖ-да студент тегін, атын, әкесінің атын және оқитын топтың нөмірін көрсетуі қажет.
15. Толтырылған ЖОЖ-ға білім алушы, эдвайзер қол қояды және оны факультет деканы бекітеді.
16. Егер студент белгіленген мерзімде офис-тіркеушіге өзінің ЖОЖ-ын тапсырмаса немесе тіркелуден бас тартқан болса, онда оны оқыту үшін сол курсқа арналып жасалған оқу жұмыс жоспары негізге алынады.
17. Факультет деканы ЖОЖ-ды екі данада бекітеді: бірінші данасы деканатта сақталады және білім алушылардың осы жоспарды меңгеруін және орындауын бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болады; екінші данасы студентте сақталады. ЖОЖ-дың электрондық нұсқасы офи-тіркеуші бөлімінде сақталады.
18. Қол қойылған және бекітілген ЖОЖ-ды міндетті түрде орындау қажет. Міндетті пәндер сияқты, таңдаған пәндерге қатыспаса, академиялық қарыз болып есептеледі.
19. Офис-тіркеуші бөліміне ЖОЖ-ды тапсырудың соңғы мерзімі – оқу жылының бірінші аптасы.
Студенттердің бекітілген ЖОЖ оқу жұмыс жоспарын құрастыру үшін негіз болады.
3.4.2 Оқытушының міндеттері
1. Оқытушы (педагог) функциялық міндеттеріне қарай дәріскер, тьютор, эдвайзер, куратор бола алады:
- дәріскер;
- тьютор – арнайы дайындықтан өткен, сабақтарды жүргізетін және нақты пәнді меңгеру бойынша студенттің академиялық консультанты ретінде қызмет атқаратын оқытушы;
- эдвайзер – білім алушыны мамандық бойынша оқытатын, таңдаған пәндерден жеке оқу жоспарын әзірлеуге және оқу барысында білім беру бағдарламасын меңгеруге көмектесетін академиялық консультант. Деканаттарда – мамандық эдвайзері, кафедраларда – пән эдвайзері.
- куратор – оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруға көмектесу үшін студенттер тобына бекітілген оқытушы. Куратордың негізгі міндеттерінің бірі – тату, ұйымшыл ұжымды қалыптастыру және оны тиімді басқару.
2. Оқытушының студенттермен жұмысына келесі үш негізгі функция кіреді:
Оқытушының бірінші функциясы – нұсқау беру (тақырыпқа кіріспе; мақсат пен міндеттер қою; практикалық тиімділікті сипаттау, мазмұндық материалдың негізгі бөлімдерінің мәні мен өзара байланысын түсіндіру, оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс бойынша ұсыныстар). Бұл студенттердің одан кейінгі өз бетінше орындайтын жұмысы үшін жеткілікті болуы тиіс.
Оқытушының екінші функциясы – кеңес беру-түзету. Бұл студенттердің өзіндік жұмысы барысында оқу қызметін жүзеге асыруға нұсқау беру, жеке консультациялар өткізу және тиісті түзету жұмыстарын орындау үшін консультациялық көмек көрсетеді.
Оқытушының үшінші функциясы – бақылау-бағалау. Бұл тестілеуді өткізу, студенттердің білімі мен шеберлігін бағалау, олардың негізгі қиыншылықтарын анықтау үшін сұхбат ұйымдастыру, оқытушының «дұрыс» әрекеттерді көрсетуі, өзара іс-әрекеттерді, сарапшы мен бақылаушының ұстанымы бойынша жұмыстың эталон тәсілдерін көрсету.
3.5 Студенттің ішкі тәртіп ережелері, құқықтары мен міндеттері
3.5.1 Жалпы ережелер
1.1 «Астана медицина университеті» АҚ-та (бұдан әрі – Университет) білім алушылардың ішкі тәртіп ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Конституциясы,ҚР БҒМ 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 «Білім беру ұйымдарының типі бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары туралы» бұйрығы, «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 23.01.2008ж. №58 Қаулысы, «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген категорияларына мемлекеттік шәкіртақы төлеу ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 7.02.2008ж. №116 Қаулысы, ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 «Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестациядан өткізудің типтік ережесін бекіту туралы» бұйрығы, Ішкі еңбек тәртібі ережелері, Университет Жарғысы, Студенттік жатақханалар туралы ереже және өзге де нормативтік-құқықтық актілер негізінде оқу тәртібін күшейту мақсатында әзірленді.
3.5.2 Білім алушылардың құқықтары
Білім алушының:
2.1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес дайындықтың (мамандықтың) таңдап алынған бағыты бойынша білім алуға;
2.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір оқу орнынан басқа бір оқу орнына, бір мамандықтан басқа бір мамандыққа, оқудың бір формасынан басқа бір формасына қайта қабылдануға және ауысуға;
2.3. Университет қызметіне қатысты маңызды мәселелерді талқылауға және шешуге қатысуға, оның ішінде қоғамдық ұйымдар және Университеттің басқару органдары арқылы қатысуға;
2.4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген тәртіпте студенттік өзін-өзі басқару органдарын, студенттік қоғамдық ұйымдар және бірлестіктер, оның ішінде кәсіптік одақтар құруға;
2.5. Университеттің басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
2.6. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 «Азаматтарға олар білім алған кезеңде көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері, көздері, түрлері және ережелері туралы» қаулысы және 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 «Білім беру ұйымдарында білім алатын азаматтардың жекелеген категорияларына мемлекеттік шәкіртақы төлеу ережесі туралы» 7.02.2008ж. Қаулыларына сәйкес шәкіртақымен қамтамасыз етілуге және әлеуметтік көмек алуға;
2.7. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түріне, конференцияларға, симпозимдарға қатысуға, өз жұмыстарын жариялауға, оның ішінде Университет баспаларында жариялауға беруге;
2.8. Университеттің ақпараттық ресурстарын, оқу, ғылыми және басқа да құрылымдардың қызметтерін олардың ережелеріне сәйкес пайдалануға құқығы бар.
3.5.3 Білім алушылардың міндеттері
Білім алушы:
3.1. Білім беру саласындағы оқу-ғылыми процестерді, оларды ұйымдастыру мен жүргізуді реттейтін нормативтік актілердің талаптарын орындауға;
3.2. Таңдап алынған мамандығы бойынша теориялық білімді және практикалық машықтарды жүйелі және терең түрде игеруге;
3.3. Сабақтарға қатысуға және оқу жоспары мен бағдарламаларда көрсетілген тапсырмалардың барлық түрін белгіленген мерзімде орындауға;
3.4. Оқытушылардың және Университеттің басқа қызметкерлерінің ар-намысын мен абыройын сыйлауға;
3.5. Қоғамдық орындарда тәртіп нормаларын сақтауға, жатақханада тұру ережесін сақтауға, жалпыға ортақ адамгершілік және этика нормаларын сақтауға, құқық бұзушылық әрекеттерге, болашақ дәрігердің моральдық бейнесіне сәйкес келмейтін әрекеттерге жол бермеуге, Университеттің іскерлік абыроайын, аты мен беделін қорғауға;
3.6. Жалпы мәдениетті жақсартуға ұмтылуға, адамгершілік жағынан және дене тәрбиесі жағынан үнемі жетілуге; оқу тәртібін сақтауға, Университет әкімшілігінің өкімдерін дер кезінде және нақты орындауға;
3.7. Университеттің мүлкін ұқыптап ұстауға, оны дұрыс пайдалануға, зиян келтірмеу үшін шараларды алдын ала орындауға; Университетке материалдық зиян келтірген жағдайда оны Тәртіптік кеңестің шешіміне сәйкес өтеуге;
3.8. Университеттің қоғамдық өміріне, қоғамдық пайдалы еңбекке белсенді түрде араласуға;
3.9. Жоспарлы медициналық тексеруден дер кезінде және үнемі өтіп тұруға;
3.10. Өздерімен бірге жеке куәлігін, студенттік билетін, болмаса Университеттің оқу корпустарына кіруге (шығуға) және онда жүруге рұқсат беретін рұқсатнаманы алып жүруге және оларды Университетке кірген кезде көрсетуге;
3.11. Студенттік жеке құжаттарды (студенттік билет, сынақ кітапшасы) ұқыптап ұстауға, оларды жоғалтқан жағдайда тез арада факультет әкімшілігіне хабарлауға;
3.12. «Ақылы білім беру қызметі туралы» шартта белгіленген қаржылық міндеттемелерді орындауға;
3.13. Өзінің оқу орнын, оқу құралдарын тәртіпте және тазалықта ұстауға, оқу аудиторияларында, корпустарында, клиникалық бөлімшелерде және басқа да құрылымдық бөлімшелерде тазалық сақтауға, Университет аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға;
3.14. Барлық сабақтарда студент халат пен колпакты киіп жүруі тиіс;
3.15. Кітапхананы олдану тәртібін сақтауға;
3.16. Оқу-әдістемелік, ғылыми және көркем әдебиеттерді жоғалтқан білім алушылар оларды балама немесе оларға тең кітаптармен ауыстыруға;
3.17. Арнайы ережелерде және нұсқаулықтарда көрсетілген қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі техникасын, өндірістік санитарияны, еңбек және өртке қарсы күзет гигиенасын сақтауға;
3.18. Білім алушылардың Ішкі тәртіп ережесін және Жатақханада тұру ережесін сақтауға, Университет жарғысының талаптарын, Ғылыми кеңестің шешімін, Тәртіптік кеңестің шешімін, ректордың, проректорлардың, декандардың бұйрықтары мен өкімдерін орындауға;
3.19. «Ақылы білім беру қызметі туралы» шарттың талаптарын сақтауға міндетті.
3.5.4 Білім алушыларға тыйым салынған жағдайлар
Білім алушыларға:
4.1. Жалпыға ортақ этика нормаларын бұзуға;
4.2. Дөрекі сөйлеуге, балағаттауға, күш көрсетуге немесе білім алушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да әрекеттерге жол беруге;
4.3. Қызметкерлерге және білім алушыларға құрметпен қарамауға, олардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіруге;
4.4. Заңмен қудаланатын ақпаратты таратуға;
4.5. Университет территориясында орын алған қандай да бір тәртіпсіздіктің бастамашысы болуға, тиісті рұқсат берілмесе хабарландыру және көрнекі үгіт-насихат қағаздарын ілуге;
4.6. Оқу және дәріс аудиторияларында, зертханаларда, жатақханаларда тыныштықты және тәртіпті бұзуға;
4.7. Мас күйінде жүруге, спиртті ішімдіктер ішуге, есірткі және уытты заттарды пайдалануға және таратуға, құмар ойындар ойнауға;
4.8. Университеттің оқу корпустарында және жатақханаларында темекі тартуға;
4.9. Үй-жайларда (оқу аудиторияларында, дәріс залдарында, акт залында) бас киіммен және сыртқы киіммен жүруге;
4.10. Университеттің мүлкіне зиян келтіруге;
4.11. Университет қабырғасында ақылы қызметтер немесе тауарлар ұсынуға;
4.12. Жемқорлыққа жағдай жасайтын (сыйлық беруге, кез-келген түрдегі сыйақы беруге, сондай-ақ пара беру үшін делдал қызметін атқаруға) әрекеттер жасауға.
4.13 Университет ғимаратында шолақ шалбармен, ішкөйлекпен, спорт киіммен жүруге (дене шынықтыру, спорт сабақтарынан басқа), сонымен қатар дененің ашық жеріне пирсинг тағуға тыйым салынған.
3.5.5. Оқу процесінің ережелері
5.1. Оқу жоспарындағы пәндер бойынша жүргізілетін сабақтарға қатысу міндетті.
5.2. Білім алушы курстан курсқа көшу үшін Университет белгілеген курстан курсқа көшу балын (GPA - (Grade Point Average – оқу үлгерімінің орташа балы) жинауға міндетті.
5.3. Сынақ-емтихан сессиясының нәтижесі бойынша академиялық қарыздары бар білім алушылар тиісті пәндерді ақылы негізде қайта оқу арқылы академиялық қарыздарды жоюға міндетті.
5.4 Сабаққа қайта қатысу арқылы пәндер бойынша академиялық қарызды жою қысқы және/немесе жазғы семестр кезінде жүзеге асырылады.
5.5. Білім алушылардың сабаққа кешігіп келу құқығы жоқ. Сабақ басталғаннан кейін аудиторияға оқытушының рұқсатымен ғана кіреді.
5.6. Сабақ барысында ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынған.
5.7. Оқу тобында жақсы оқитын және тәртіпті, топ ішінде беделді студенттер арасынан староста тағайындалады. Оқу тобы старостасының функциясына:
– білім алушылардың барлық сабақтарға қатысуының жеке есебін жүргізу;
– білім алушыларды сабақ кестелеріндегі өзгерістер, хабарландырулар, деканат өкімі туралы хабардар ету;
–топтағы күн сайынғы кезекшілікті тағайындау кіреді.
5.8. Аталған функциялар аясында старостаның өкімі топтағы барлық білім алушыларға міндетті.
5.9 Нақты себептерге байланысты сабаққа қатыспаған білім алушы деканатқа немесе старостаға хабар беруге міндетті. Науқастанған жағдайда «Астана медицина университетінің медициналық орталығы» ЖШС берген белгіленген үлгідегі медициналық анықтаманы әкелуі тиіс. Басқа жағдайларда сабаққа қатыспау себебін растайтын құжаттарды әкелуге міндетті.
5.10. Сабақта себепсіз болмаған білім алушы факультет деканы атына түсініктеме жазады.
5.11. Білім алушылар қатыспаған сабақтарды өтеу үшін тиісті деканаттан өтеуге рұқсат алуы тиіс.
5.12. Барлық қатыспаған сабақтар (уәжді және уәжсіз себептер бойынша) ақысыз негізде өтеледі:
УӘЖДІ себеп бойынша қатыспаған сабақты өтеген кезде алынған баға РРБ-ны есептегенде ескеріледі;
УӘЖСІЗ себеп бойынша қатыспаған сабақты өтеген кезде алынған баға РРБ-ны есептегенде ескерілмейді (0 балға теңеледі);
5.13. Уәжсіз себеп бойынша қатыспаған сабақты 2 күнтізбелік апта ішінде өтеуге болады.
5.14. 108 сағат немесе 4 кредит көлемінде және одан көп уәжсіз себеп бойынша қатыспаған сабақтары бар білім алушы Ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес Университеттен шығарылады.
3.6 Аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу ережелері
1.1 Білім алушылар сынақтар мен емтихандарды жұмыс оқу жоспарына, пәннің бекітілген оқу бағдарламаларына, сондай-ақ университеттің бекітілген бағдарламаларына сәйкес тапсыруға міндетті.
1.2 . Білім алушы пән бойынша рұқсат беру рейтингісі кемінде 50% болса ғана емтиханға жіберіледі.
1.3 Құжатпен расталған нақты себебі болған жағдайда факультет деканы емтихандар мен сынақтар тапсыратын жеке уақытты белгілейді. Емтихан сессиясын ұзарту деканның қызметтік өкімімен ресімделеді.
1.4 Оқу жылының қорытындысы бойынша курстан курсқа көшу балының белгілі мөлшерін жинамаған білім алушы GPA-ны арттыру мақсатында жеке пәндерді ақылы негізде қайталап оқуға құқылы, кейін қорытынды бақылауды тапсырады.
1.5 Емтихан нәтижесімен келіспеген студент емтихан өткен күннен кейінгі күннен кешіктірмей апелляцияға беруге құқылы.
1.6. Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын, курстан курсқа көшу балын жинап келесі курсқа көшкен академиялық қарызы бар білім алушының мемлекеттік гранты сақталады, бірақ оқытудың тақырыптық жеке жоспарына сәйкес тиісті пән бойынша ақылы негізде пәнді қайталап оқуға және қысқы немесе жазғы семестрде академиялық қарызын жоюға міндетті.
1.7. Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын, қайталап оқу курсына қалдырылған білім алушы мемлекеттік гранттан айырылады және бұдан әрі оқуын ақылы негізде жалғастырады.
1.8 Қайталап оқу курсында оқитын білім алушы оқу жоспарына сәйкес барлық пәндер бойынша өткізілетін сабақтарға қатысуға міндетті.
1.9. Қайталап оқу курсынан кейін «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушы Университеттен шығарылады.
1.10. Университеттен оқудан шығарылған білім алушыға оқуды аяқтамаған азаматтарға берілетін белгіленген үлгідегі академиялық анықтама және транскрипт беріледі.
1.11. Емтихан сессиясы кезінде жеке ведомостар берілмейді.
Емтихандар мен дифференциялық сынақтарды өткізу тәртібі
2.1. Сынақ-емтихан сессиясының кезеңділігі және ұзақтығы оқу жұмыс жоспарымен және оқу процесінің графигімен белгіленеді. Жазғы сынақ-емтихан сессиясы білім алушыны курстан курсқа көшіретін сессия болып есептеледі.
2.2. Емтихандарды ректордың бұйрығымен бекітілген оқытушылар қабылдайды.
2.3 Емтиханды қабылдау үшін емтихан қабылдаушы осы оқу пәнінің бейініне сәйкес біліктілігі бар және осы академиялық топқа (лекте) сабақ бермеген жетекші профессорлар, доценттер қатарынан тағайындалады.
2.4 Дифференциялық сынақты тиісті пәндерден практикалық сабақтарды жүргізген оқытушылар қабылдайды.
2.5 Емтихан қабылдау рәсіміне қатысы жоқ тұлғалар емтиханға кіруге рұқсат етілмейді.
2.6 Емтиханға келген білім алушы өзімен бірге сынақ кітапшасын әкелуге міндетті.
2.7 Емтихандар жазбаша, ауызша немесе тест түрінде өтеді. Әр пән бойынша емтихан өткізу формасын және тәртібін Университеттің Ғылыми кеңесі бекітеді.
2.8 Емтиханда қойылған оң бағалар емтихан ведомосына және сынақ кітапшасына жазылады, «қанағаттанарлықсыз» бағалар тек емтихан ведомосына ғана жазылады.
2.9 Егер білім алушы емтиханға келмеген болса, онда емтихан ведомосындағы оның аты-жөні жазылған тұсқа «келген жоқ» деген белгі қойылады. Орынды себебі болған жағдайда деканаттың қызметтік өкіміне сәйкес деканат осы емтиханды жеке график бойынша тапсыру туралы шешім шығарады.
2.10 Оқытушы бекітілген бағдарламаларға сәйкес студенттер құрастырған есептер негізінде оқу өндірістік практиканы сыналған деп есептейді.
2.11. Кәсіптік практика ( оқу, оқу-өндірістік, өндірістік) бойынша баға кәсіптік практика жөніндегі ұсынылған есепті қорғау қорытындысы бойынша қойылады. Студент есепті ресімдеп, қорғайтын тақырыбы бойынша білімін көрсетуі керек (практикаға бір жетекші тағайындалған жағдайда).
3.6.2 Білім алушыларға ағымдық, аралық және қорытынды бақылау өткізуді ұйымдастыру тәртібі
3.1 ЖОО-ларда білім алушылардың (студенттердің, интернлердің, докторанттар, магистранттар) оқудағы жетістіктерін бағалау Ғылыми кеңеспен бекітілген, кафедралардың өздері белгілеген бақылаудың түрлі формаларымен (ағымдық, межелік және қорытынды)және аттестаттаумен жүзеге асады.
3.2 Бақылаудың барлық формалары бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктері әр орындалған тапсырма үшін 100 балдық шкала бойынша бағаланады.
3.3 100 балдық шкала халықаралық практикада қабылданған білімді бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес келеді.
3.4. Ағымдық бақылау. Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау – академиялық кезең барысында аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда оқытушы өткізетін оқу бағдарламасына сәйкес білім алушылардың әрбір оқу пәні бойынша жетістіктерін жүйелі түрде тексеру.
3.4.1 Ағымдық үлгерімді бағалауды Ағымдық және межелік бақылау нәтижелері бойынша әрбір оқу пәнінің өз оқытушысы жүргізеді.
3.4.2 Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі және оған аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білімді бақылау жатады.
3.4.3 Ағымдық бақылау түрлерін пән ерекшелігін ескеріп кафедра әзірлейді және олар силлабуста жазылады.
3.4.4 Ағымдық бақылауды бағалау критерийлерін кафедра пән ерекшелігін ескеріп БРБС бағалау критерийлеріне сәйкес әзірлейді және олар силлабуста жазылады.
3.4.5 Үлгерімнің ағымдық бақылауының ақырғы нәтижесі академиялық кезең барысында алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық қосындысынан есептеледі.
3.4.6 Оқытушылар ағымдық және межелік бақылаулардың бағаларын бақылау өткізілгеннен кейін педагогикалық журналға жазады және білім алушыларға хабарлайды. Кафедра меңгерушісі 2 аптада 1 рет педагогикалық журналдың толтырылуын тексереді және тексерген күннің тұсына қолын қояды.
3.4.7 Рұқсат рейтингісінің бағасы аудиториялық сабақтарда алынған ағымдық бақылаудың бағалары, СРО ағымдық бақылаудың бағалары және межелік бақылаудың бағалары қосылып, мына формулаға сәйкес есептеледі:
РРБ = Рпр*Х + Рсро*Y + Ррк*Z,
X+Y+Z=1,0
мұнда: Рпр – аудиториялық сабақтарда алынған ағымдық бақылау бағаларының орташа арифметикалық қосындысы
СРСП
Рсро –СРО ағымдық бақылау бағаларының орташа арифметикалық қосындысы;
Ррк – межелік бақылау бағаларының орташа арифметикалық қосындысы;
Х, У, Z– тиісті бағаның үлесін бейнелейтін коэффициенттер.
3.4.8 Х, У, Z мәндері білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылаудың әр түрінің маңыздылығын анықтайды. Бұны кафедра пән саясатына сәйкес өзі анықтайды және бұл мәндер силлабуста жазылады.
3.4.9 Егер кафедра шешімімен (Х, У, Z) тиісті бағаның үлесін бейнелейтін коэффициенттер қарастырылмаған болса, онда аудиториялық сабақтарда алынған ағымдық бақылаудың бағаларының орташа арифметикалық қосындысы есептеліп, рұқсат рейтингісі бағалары, СРО ағымдық бақылау бағалары және межелік бақылау бағалары мына формулаға сәйкес саналады:
мұнда: Рn– ағымдық жәнемежелік бақылау бағаларының орташа арифметикалық қосындысы;
n – үлгерімнің бақылау формаларының саны.
3.4.10 «Жалпы медицина» (4,5 курс) мамандығының блок пәндерін беретін кафедралар РРБ есептеудің бірыңғай формуласын құрастырады.
3.4.11«Жалпы медицина» (3 курс) мамандығының модульдік пәндерін жүргізетін кафедраларда РРБ есептегенде коэффициенттерді анықтауда дербес саясатты қолдануға рұқсат етіледі.
3.4.12 РРБ мәні сандарды жинақтау ережесі бойынша ондық бөлшектерге дейін жинақталады: егер цифр 5 және одан көп цифрге тең болса, онда алдыңғы цифры бірлікке көбейеді;егер цифр 5-тен аз болса, онда алдыңғы цифры өзгермейді.
3.4.13 РРБ үлгерімді есепке алу ведомосында қойылады (3-қосымша) және сабақ біткеннен кейін 3 тәулік ішінде, бірақ емтихан басталғанға дейін 1 тәулік қалған уақыттан кешіктірмей офис-тіркеуші бөліміне тапсырылады. Кафедра меңгерушісі үлгерімді есепке алу ведомосының уақытында толтырылуын және офис-тіркеуші бөліміне тапсырылуын қамтамасыз етеді.
3.5 Межелік бақылау – бір оқу пәнінің тарауын (модуль) аяқтаған соң білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау.
3.5.1 Үлгерімді межелік бақылау пәннің үлгілік оқу бағдарламасына (ҮОБ) сәйкес жүргізіледі, бірақ бір академиялық кезең ағымында екі реттен артық емес.
3.5.2 Көлемі 54 сағат және сағаты одан аз пәндер үшін межелік бақылау қарастырылмаған (үлгілік оқу бағдарламаларында ескерілген жағдайлардан басқа).
3.6 Оқытушы ағымдық және межелік бақылау бағаларын бақылау жүргізілгеннен соң педагогикалық журналға қояды және студенттерге мәлімдейді.
3.7 Циклдің/пәннің соңғы сабағында білім алушының осы пән бойынша рұқсат рейтинг бағасы (РРБ) болып есептелетін ағымдық үлгерім бағалары есептеледі. РРБ үлгерімді есепке алу ведомосына қойылады.
3.8 Білім алушылардың аралық аттестациясы – білім алушылардың бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан соң оның бір бөлігін немесе толық мазмұнын меңгеру сапасын бағалау рәсімі.
3.9 ЖОО-да аралық аттестаттау кезеңі емтихан сессиясы деп аталады. Емтихандар білім беру ұйымының басшысы бекіткен кестеге сәйкес аралық аттестаттау кезеңінде тапсырылады.
3.10 Емтихандар білім алушылардың пәннің барлық кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша жетістіктерін тексеру формасы болып табылады және оның мақсаты - білім алушылардың академиялық кезеңдегі оқу жетістіктерін, алған теориялық білімдерін, оларды толық игеру, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, жұмысты өз бетінше істеу дағдыларын, алған білімдеріне синтез жасауды және оларды практикада қолдана білуін бағалау.
3.11 Студенттерді аралық аттестаттауды ұйымдастыру кафедраларға, оқу процесін жоспарлау бөліміне, офис-тіркеуші бөліміне жүктеледі.
3.12 Пән бойынша қорытынды бақылау (аралық аттестация) емтихан, дифференциалды сынақ, сынақ түрінде өткізіледі және мамандықтың жұмыс оқу жоспары мен академиялық күнтізбеге сәйкес өткізіледі.
3.13 Дифференциалдық сынақтар білім алушылардың кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес зертханалық, курстык жұмыстардың (жобалардың), сонымен қатар кәсіптік практиканы сәтті орындауын тексеру формасы болып табылады.
3.14 Білім алушылардың қорытынды аттестациясы мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында белгіленген формалар бойынша өткізіледі. Оның мерзімдері мен ұзақтығы академиялық күнтізбеде және мамандықтың жұмыс оқу жоспарында қарастырылған.
3.15. Қорытынды аттестацияға жұмыс және жеке оқу жоспары мен оқу жұмыс бағдарламалары талаптарына сәйкес теориялық және практикалық курсты толығымен аяқтаған
білім алушылар жіберіледі.
3.16 Білім беру процесі аяқталуының негізгі критерийі – жоғары білім беру мамандықтарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына сәйкес студенттердің оқытудың теориялық курсының қажетті көлемін және кәсіптік практиканы меңгеруі.
3.17 Емтихандар білім алушылардың пәннің барлық оқу бағдарламалары бойынша оқудағы жетістіктерін тексеру формасы болып табылады және кестеге сәйкес тапсырылады.
3.18 Пәннің қорытынды бағасына рұқсат рейтингісі мен қорытынды бақылау бағалары енеді. Қорытынды бағаны есептеген кезде әр компоненттің үлес салмағы есептеледі: рұқсат рейтинг бағасы 60%-ды құрайды, қорытынды бақылау бағасы – 40.
3.19 Оң қорытынды баға (білім алушының академиялық рейтингісі) оқу пәні бойынша емтихан ведомосына және студенттің сынақ кітапшасына жинаған кредиттері (бакалавриат мамандықтары үшін) көрсетіле отырып жазылады. Білім алушылардың үлгерімін есепке алу бойынша толтырылған ведомосты емтихан қабылдаушы емтихан тапсырылған күні Офис тіркеушіге тапсырады. ҚББ мен ҚБ кафедра журналына жазылады.
3.20 Қорытынды бақылау бойынша қойылған оң бағаны жоғарылату мақсатымен сол аралық аттестация кезеңінде емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
3.21 Академиялық рейтингіні жоғарылату үшін білім алушы ақылы негізде келесі академиялық кезеңде немесе қысқы/жазғы семестрде осы пән бойынша жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған барлық оқу сабақтарына қайтадан қатысады, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.
3.22 Өтемсабақтарда алған балл педагогикалық журналға және өтемсабақтар журналына жазылады. Сабақтан қалу себебі дәлелді болған жағдайда, өтемсабақтарда алған балл есепке алынып рұқсат рейтингі бағасы қайта есептеледі. Сабақтан қалу себебі дәлелсіз болған жағдайда, өтемсабақтарда алған балл ағымдағы рейтингіге есептелмейді, тиісінше РРБ қайта есептелмейді.
3.23 Білім алушы РРБ≥50 балл мәнінде болған жағдайда және қатыспаған (өтелмеген) сабақтары болмаған жағдайда пән бойынша қорытынды бақылауға жіберіледі.
3.24 ҚББ мәні сандарды жинақтау ережесі бойынша ондық бөлшектерге дейін жинақталады: егер цифр 5 және одан көп цифрге тең болса, онда алдыңғы цифрысы бірлікке көбееді;егер цифр 5-тен аз болса, онда алдыңғы цифрысы өзгермейді.
3.25 Қорытынды бақылау бағасын (ҚББ) емтихан қабылдаушы ҚББ-ны тіркеу ведомосына ҚББ≥50 балл мәнінде болған жағдайда қояды.
3.6.3 Білім алушылардың академиялық рейтингісін есептеу тәртібі
4.1 Білім алушының пән бойынша академиялық рейтингісі (ҚБ) білім алушының рұқсат рейтингісі бойынша, сол сияқты қорытынды бақылау бойынша бағасы оң болған жағдайда санап шығарылады. ҚБ-ны емтихан қабылдаушы мына формула бойынша есептейді
ҚБ = РРБ*0,6 + ҚББ*0,4
4.2 Қорытынды бақылау 2 кезеңде жүргізілген жағдайда 1 және 2- кезеңнің емтихан бағалары ведомостың тиісті бағанасына жеке қойылады және ҚБ-ны есептеуді келесі формулаға сәйкес жүргізеді:
ҚБ= РРБ* 0,6 +( ҚББ1 + ҚББ2)/2* 0,4
4.3 Интернатура пәндері бойынша ҚБ-ны есептеу қорытынды бақылаудың әр кезеңі бойынша оң баға (ҚББ≥50 балл) алған жағдайда есептеледі. Қорытынды бақылаудан қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда аттестаттаудың бір кезеңінде қорытынды бағаны есептеу жүргізілмейді.
4.4 Интернатура бойынша қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлға бір жылдан кейін келесі оқу жылында қорытынды аттестаттау басталардан екі апта бұрын ЖОО басшысының атына қорытынды аттестаттаудан қайтадан өтуге рұқсат беру туралы өтініш жазады.
4.5 Қорытынды аттестаттауға қайта қатысуға рұқсат беру білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді. Қорытынды бақылау кешенді емтихан түрінде өткізілетін болса, әр пән бойынша қойылған бағалар бөлек ведомостарға қойылады. ҚБ-ны есептеуді келесі формулаға сәйкес жүргізеді:
ҚБд = РРБд*0,6 + ҚББд*0,4
мұнда: РРБд – пән бойынша РРБ
ҚББд – үлес салмағы есептелген, пән бойынша қойылған емтихан бағасы
4.6 Қорытынды бақылау дифференциялық сынақ түрінде өткізілген болса, ҚБ есептеуді осы Ереженің 7.1-тармағына сәйкес жүргізеді.
4.7 Практиканың барлық түрлері бойынша ҚБ-ны есептеуді келесі формулаға сәйкес жүргізеді:
ҚБ = Ркаф*0,6 + Рбаз*0,4
Мұнда : Ркаф (ОИКкаф) – кафедрадан практика жетекшісінің бағасы;
Рбаз(ОИКбаз) – клиникалық базадан практика жетекшісінің бағасы.
4.8 Практика бойынша бір жетекші (кафедрадан) тағайындалатын болса, қорытынды бағаны есептеу келесі формулаға сәйкес жүргізіледі:
ҚБ = ҚББкаф
4.9 ҚБ мәні сандарды жинақтау ережесі бойынша ондық бөлшектерге дейін жинақталады: егер цифр 5 және одан көп цифрге тең болса, онда алдыңғы цифры бірлікке көбейеді;егер цифр 5-тен аз болса, онда алдыңғы цифры өзгермейді.
4.10. Пән бойынша қорытынды баға әріптік, сандық және дәстүрлі эквивалентке аударылады. Балдарды аудару 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
4.11. Оң қорытынды баға (білім алушының академиялық рейтингісі) оқу пәні бойынша емтихан ведомосына және студенттің сынақ кітапшасына жинаған кредиттері және/немесе сағат саны (бакалавриат мамандықтары үшін) көрсетіле отырып жазылады.
4.12. Білім алушылардың үлгерімін есепке алу бойынша толтырылған ведомосты емтихан қабылдаушы емтихан тапсырылған күні офис-тіркеуші бөліміне тапсырады. ҚББ мен ҚБ кафедра журналына жазылады.
4.13. Қорытынды бақылау бойынша оң бағаны оны жоғарылату мақсатымен сол аралық аттестация кезеңінде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді
4.14. Академиялық рейтингіні жоғарылату үшін білім алушы ақылы негізде келесі академиялық кезеңде немесе қысқы/жазғы семестрде осы пән бойынша жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған барлық оқу сабақтарына қайтадан қатысады, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.
4.15 Өтемсабақтарда алған балл педагогикалық журналға және өтемсабақтар журналына жазылады. Сабақтан қалу себебі дәлелді болған жағдайда ғана (өтемсабақтарда алған балл санына қарамастан 0 - 100 балға дейін), өтемсабақтарда алған балл есепке алынып рұқсат рейтингі бағасы қайта есептеледі (5-қосымша).
4.16 Өтемсабақтарды тапсырғанда, сабақтан қалу себебі дәлелсіз болған жағдайда, педагогикалық журналға және өтемсабақтар журналында өтеу нәтижесіне қарамастан оқу тәртібін бұзғаны үшін 0 балл қойылады.
4.17 Студент сабаққа уәжсіз себеппен қатыспаған болса, онда оны 2 күнтізбелік апта ішінде өтейді. Егер білім алушы уәжсіз себеппен қатыспаған сабақты белгілеген уақытта өтемеген болса, педагогикалық журналға 0 балл қойылады.Сонымен қатар кафедра ОПҚ деканатқа әкімшілік шараларды қолдану мақсатында қатыспаған сағаттары туралы ақпаратты береді.
4.18. Уәжсіз себеппен қатыспаған сабақты өтеу барысында «қанағаттанарлықсыз» баға (0-49 балл) алған кезде білім алушыға педагогикалық журналға 0 балл қойылады
4.19. Бағдарламадағы диф.сынақ/емтихан формасымен пән айырмашылықтары бойынша үлгерімді есепке алу айырмашылықты жоюды есепке алу бойынша жеке ведомосқа жазылады (6-қосымша).
3.6.4 Білім алушылардың рейтингісін есепке алу
5.1 Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша кредиттер санымен белгіленген меңгерген кредиттерді қосуға негіз болады және білім алушының транскриптісіне жазылады.
5.2 Офис-тіркеуші бөлімі жазғы семестрдің нәтижелерін ескеріп, оқу жылының қорытындысы бойынша білім алушының оқу жетістіктері деңгейін орташа баға ретінде үлгерімнің орташа балын (GPA) есептейді.
5.3 Дифференциялық сынақ бағалары курстан курсқа көшу балын (GPA) есептегенде осы жұмыс түрлеріне тиісті кредиттер санын бөлген кезде есепке алынады. Дене шынықтыру және әскери дайындық бойынша қорытынды баға GPA-ны есептегенде есепке алынбайды.
3.6.5 Апелляция
6.1.1 Егер білім алушы емтихан сессиясының (аралық аттестаттау, Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан), қорытынды аттестаттау (мемлекеттік аттестаттау) қорытындысымен келіспесе, нәтижелерді хабарлаған күні комиссияның қарауын талап ететін пәнді көрсетіп және сауалды сипаттап, Университеттің апелляциялық комиссиясының төрағасы – білім беру қызметі жөніндегі проректордың атына апелляция беруге құқылы
6.1.2 Өтінішке:
- пән комиссиясы төрағасы (факультет деканы);
- кафедра меңгерушісі қолдарын қоюы қажет .
6.1.3 Сұрақ оң шешілген жағдайда, пәннің апелляциялық комиссиясының құрамы және апелляцияға жіберілген білім алушылар туралы өкім шығарылады. Өкімде апелляцияны өткізу мерзімі көрсетіледі.
6.1.4 Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамамен (2-қосымша) ресімделеді. Апелляция нәтижелері бойынша алынған баға білім алушының жеке емтихан ведомосына толтырылады..
6.1.5 Пәндік апелляциялық комиссияның хаттамасы деканатта, оның көшірмелері кафедрада сақталады. Жеке емтихан ведомосы офис-тіркеуші бөліміне тапсырылады.
6.1.6 Қорытынды аттестаттау болған және Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан тапсырған жағдайда апелляция нәтижелері МЕК және МАК мәжілісі хаттамаларымен ресімделеді. Бұндай жағдайда бірінші хаттаманың нәтижелері «Баға 2012 жылғы _ № _хаттамамен «____» бетте қайта қаралды» деген жазумен түзетіледі және МЕК пен МАК-тың барлық қатысып отырған мүшелері қолдарын қояды.
6.2 Апелляцияға қойылатын критерийлер:
6.2.1 Егер емтихан тест түрінде өткізілсе:
- тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары болмаған жағдайда;
- тест тапсырмаларына берілген жауаптардың бірнешеуі дұрыс;
- тест тапсырмалары оқу бағдарламаларында қарастырылған тақырыптардан тыс;
- тест тапсырмалары дұрыс аударылмаған (бір тілден басқа тілге).
6.2.2 Егер емтихан ауызша түрде өткізілсе:
- сауалдар оқу бағдарламаларында қарастырылған тақырыптардан тыс.
3.6.6 Мемлекеттік қорытынды аттестаттау
7.1. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау – білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартын білім беру деңгейіне сай қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында жүргізілетін процедура.
7.2. Мемлекеттік қорытынды аттестацияға оқу жұмыс жоспары мен жеке оқу жоспарын және оқу жұмыс бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесін толық аяқтаған студенттер жіберіледі
7.3. Білім беру процесін толық аяқтаудың негізгі критерийі – жоғары білім беру мамандықтарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына сәйкес студенттердің оқытудың теориялық курсының қажетті көлемін және кәсіптік практиканы меңгеруі.
7.4. Оқу жұмыс жоспары мен жеке оқу жоспарын және оқу жұмыс бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрден өткізілмей қайта оқу курсына қалдырылады.
7.5. ЖОО басшылары білім беру саласындағы өкілетті органга ағымдағы жылы оқуды бітіретін білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға тапсырысты ағымдағы оқу жылының 1 қазанына дейін ұсынады.
7.6. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауын өткізу үшін оқытудың барлық түріне арналған барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясы құрылады.
7.7 ЖОО-дағы білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестациясы академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларында қарастырылған мерзімде өткізіледі.
7.8 Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан осы кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламалары негізінде ЖОО құрастырған бағдарлама бойынша өткізіледі. Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы ЖОО ғылыми кеңесінің (факультеттің) шешімімен бекітіледі.
7.9. Мемлекеттік емтихандар (іргелі бейіндеуші пәндер немесе мамандықтар бойынша) төмендегі формаларда жүргізіледі: кәсіптік оқу бағдарламалары көлемінде ауызша, жазбаша, тестілеу (кешенді тестілеу) түрінде.
7.10 Дәлелді себеппен бекітілген кестеге сәйкес қорытынды аттестаттауға келмеген білім алушы емтиханға қатыспауының себебін дәлелдейтін құжатты көрсетіп, Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (МАК) төрағасының атына өтініш жазады және МАК төрағасының рұқсатымен осы комиссияның келесі мәжілісі болатын күні емтиханды тапсырады немесе дипломдық жұмысын қорғайды.
7.11 Бағаны көтеру мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыру немесе қорғалынған дипломдық жобаны (жұмыс) қайта қорғау рұқсат етілмейді.
7.12 Мемлекеттік емтиханда және⁄немесе дипломдық жұмысты қорғауда «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған білім алушыға осы болып жатқан қорытынды аттестаттау кезінде мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және⁄немесе дипломдық жұмысты қайта қорғауға рұқсат етілмейді.
7.13 Білім алушыны қайтадан қорытынды аттестаттаудан өткізу тек өткен қорытынды аттестаттау кезінде «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған формалары (пәндері) бойынша келесі қорытынды аттестаттау кезінде қайтадан өткізіледі. Сонымен қатар мемлекеттік емтиханды тапсырмаған білім алушылар үшін мемлекеттік емтихан тізбесіне енгізілетін пәндер білім алушының теориялық курсты бітірген жылы қолданыста болған оқу жоспарына сай анықталады.
7.14 Қорытынды аттестаттаудан өтпеген студент (докторант, магистрант) қайтадан аттестациядан өту үшін бір жылдан кейін қорытынды аттестаттауға екі апта уақыт қалған мерзімнен кешіктірмей ректордың атына «қанағаттанарлықсыз» баға алған формаға (пәнге) қатысуға рұқсат беруі жөнінде өтініш жазады.
7.15 Егер білім алушы қорытынды аттестаттаудан «қанағаттанарлықсыз» баға алса, онда оған белгіленген үлгідегі анықтама беріліп, ЖОО жетекшісінің бұйрығымен оқудан шығарылады
7.16 Егер білім алушы қорытынды аттестаттаудан «қанағаттанарлықсыз» баға алғаннан кейін МАК-қа денсаулық жағдайы жөнінде анықтама өткізсе, онда ол анықтама қаралмайды.
7.17 Қорытынды аттестаттаудан өткен және жоғары білімнің тиісті кәсіптік оқу бағдарламасын меңгергендігін дәлелдеген студенттерге МАК шешімімен «бакалавр» академиялық дәрежесі немесе тиісті мамандық бойынша біліктілік және мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі, транскрипт/қосымша қоса беріледі.
7.18 Дипломның транскрипт/қосымшасында әрбір оқу пәні бойынша балдық рейтингілік әріптік жүйемен берілген соңғы бағалары жазылады, кредит көлемі мен академиялық сағаттар көрсетіледі.
7.19 Оқыту кезінде емтихандарды қайта тапсырған студент үздік дипломды алмайды.
3.7 Сабаққа қайта қатысуды ұйымдастыру
1.1 Оқытудың тиісті жылындағы пәндер бойынша академиялық қарызы бар білім алушылар ол қарыздарды тиісті пәндерді қайта оқу арқылы жоюға міндетті:
Егер қорытынды бақылауға (емтихан, дифференциялық сынақ) жіберілмеген болса;
аралық аттестация кезінде ««қанағаттанарлықсыз»» баға алғандар;
уәжсіз себеп бойынша қорытынды бақылауға келмегендер (емтихан, дифференциялық сынақ);
курстан курсқа көшу балының ең төменгі деңгейін жинай алмаған білім алушылар.
1.2 Үлгерімнің орташа балын (GPA) жоғарылатуды қалайтын білім алушылар тиісті пәндер бойынша сабақтарға қайта қатысуға құқылы. Бірақ мемлекеттік емтихан болып есептелетін «Қазақстан тарихы» пәні қайта тапсырылмайды.
1.3 Білім алушы 5 (бес) пәннен немесе көлемі 450 сағаттан асатын пән бойынша қорытынды бақылауға жіберілмеген болса, ақылы негізде қайта оқыту курсына қалдырылады.
1.4 Академиялық қарыздары бар түлек Мемлекеттік қорытынды аттестацияға жіберілмейді және Университеттен шығарылмай ақылы негізде қайта оқыту курсына қалдырылады.
1.5 Қайта оқыту курсына қалдырылған түлек жазғы семестр мерзімінде академиялық қарыздарды жоюға тиіс.
1.6 Тиісті пәндер бойынша сабақтарға қайта қатысу қысқы немесе жазғы семестрде ақылы негізде жүзеге асырылады. Сабақтарға қайта қатысу құны пән бойынша аудиториялық сағаттар санына байланысты анықталады.
1.7 Білім алушы тиісті пәндер бойынша сабаққа қайта қатысу ақысын төлеуі тиіс. Осыдан кейін сабақтарды қайта оқи алады.
1.8 Пән бойынша сабақтарға қайта қатысуға қалдырылған білім алушы факультет деканы атына өтініш жазуы тиіс. Өтінішке мыналар қол қояды:
факультет деканы (деканның орынбасары);
оқу процесін жоспарлау бөлімінің бастығы қайта қатысатын сабақтардың пәндері бойынша аудиторлық сағаттар санын көрсетеді;
сабаққа қайта қатысу ақысын анықтайтын бухгалтер.
1.9 Пән бойынша сабақтарға қайта қатысу үшін төлемақы төленеді. Түбіртек көшірмелерін түпнұсқасын көрсете отырып деканатқа, тиісті кафедраға өткізу керек.
Білім алушы пән бойынша оқу жұмыс жоспарымен қарастырылған барлық сабақтарға, соның ішінде СӨЖ-ге қатысуы тиіс
1.11 Академиялық қарызды жойған білім алушы офис-тіркеуші бөлімінің бастығы атына жеке емтихан ведомосын беру туралы өтініш береді және өтініште оқытушының «сабақтарға қайта қатысты, қорытынды бақылауға жіберілді» деген және деканның «Қолдаймын» деген бұрыштамалары болуы тиіс. Офис-тіркеуші бөлімі жеке емтихан ведомосын бергеннен кейін өтінішті студенттерді есепке алу және өндірістік практика бөліміне тапсырып, білім алушының жеке ісіне тіркейді.
1.12 Қысқы/жазғы семестрдегі осы пәннің қайту оқыту курсының оқу сағаттарынан кемінде 75% көлемін меңгерген білім алушы келесі семестрдің бірінші айында пәнді меңгеріп болуы тиіс.
1.13 Бір пәнге бір реттен артық қатысуға рұқсат етілмейді.
1.14 Қайта қатысуға қалдырылған білім алушы жеке күнтізбелік-тақырыптық жоспарын орындамайтын болса (¼ және одан да көп сабаққа қатыспаған, білімнің ағымдағы деңгейі 50% кем), онда пән бойынша қорытынды бақылауды тапсыруға жіберілмейді.
1.15 Пән бойынша сабақтарға қайта қатысқаннан кейін қорытынды бақылауды тапсыра алмаған білім алушы ақылы негізде қайта оқыту курсына қалдырылады.
1.16 Пән бойынша сабақтарға қайта қатысқаннан кейін қорытынды бақылауды тапсыра алмаған білім грантының иегері қайта оқыту курсына қалдырылады. Бірақ білім грантынан айырылады.
1.17 Қайта қатысу сабақтарына қалдырылған және жеке күнтізбелік-тақырыптық жоспарының сабақтарына уәжді себеппен (деканаттан тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін) қатыспаған білім алушы қатыспаған сабақтарды өтеп болғаннан кейін сабақтарға қайта қатысуды жалғастырады.
1.18 Егер білім алушы алдыңғы жылдары қайта қатысатын сабақтарға төлемақы төлеп, бірақ уәжді себеппен (құжатпен дәлелденген) қатыспаған немесе сабақтарға қайта қатысуды бастамаған болса, онда ол ағымдағы оқу жылының тарифі бойынша қосымша төлемақы төлеуі тиіс.
1.19 Егер білім алушы қайта қатысатын сабақтарға төлемақы төлеп, бірақ уәжсіз себеппен қатыспаған не қорытынды бақылауға жіберілмеген болса, төленген ақшасы қайтарылмайды.
3.8 Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауыстыру, оқуға қайта қабылдау ережелері
3.8.1. Жалпы ережелер
1.1 Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауыстыру, оқуға қайта қабылдау ережелері (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 4-бабы 26-тармағына сәйкес әзірленген.
1.2 Ережелер меншіктік формасына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру, оқуға қайта қабылдау тәртібін белгілейді.
1.3 Білім алушылардың бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауысуына, бір курстан келесі курсқа, бір білім беру ұйымынан екінші білім беру ұйымына, білім алу формасының бір түрінен екінші түріне, бір тіл бөлімінен басқа тіл бөліміне, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуы жүзеге асырылады.
1.4 Студенттердің құқық сақтау және арнайы органдарға бағынысты жоғары оқу орындарына ауысуы аталған өкілетті органдармен бекітілген ережелерімен реттеледі.
1.5 Білім алушылардың ауысу және оқуды қайтадан жалғастыру туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы жазғы және қысқы демалыс мерзімінде кезекті академиялық кезеңнің басталуына дейін бес жұмыс күні ішінде қарастырады.
1.6. Білім алушының оқуын қайтадан жалғастырған немесе бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауысқан кезде оның өткен академиялық кезеңдегі пәндеріне байланысты оқу-жұмыс жоспарындағы айырмашылықтар анықталынады.
1.7. Оқу жұмыс жоспарындағы пәндердің айырмашылықтары білім беру ұйымының басшысы оқытылған пәндер тізбесі, оқу карточкасында немесе транскрипте немесе білімін аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтамада (бұдан әрі –анықтама ) белгіленген академиялық сағаттар немесе кредиттер арқылы берілген олардың бағдарламалары мен көлемі негізінде анықтайды.
1.8 Білім алушының оқуын қайтадан жалғастырған немесе шетелдік ЖОО-дан ауысқан кезде ол өзінің меңгерген оқу бағдарламалары жөнінде құжат (академиялық анықтама, транскрипт) өткізеді, сонымен қатар бұдан бұрын алған білімінің деңгейін аяқтағаны жөніндегі құжатты өткізеді және бұл құжат белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасында мойындалу процедурасынан немесе нострификациялаудан өтуі қажет.
1.9. Оқу-жұмыс жоспарындағы пәндердің айырмашылықтарын тапсыру үшін білім алушы академиялық кезең кезінде оқу жоспарында көрсетілген сабақтың барлық түріне қатысып, ағымдық бақылаудың барлық түрін тапсырады және қорытынды бақылауға қатысуға рұқсат алады.
1.10 Оқу жұмыс жоспарындағы пәндердің айырмашылықтары белгіленген мерзімде тапсырылмаса бұдан әрі академиялық қарыз болып саналады.
3.8.2 Университетте білім алушыларды ауыстыру және оқуға қайта қабылдау
1.1 Тиісті курсқа ауыстыру және оқуға қайта қабылдау бакалавриатқа арналған оқу жоспарларында айырмашылық міндетті компонент үшін 5 пәннен артық болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
1.2 Білім алушыны курстан курсқа ауыстырудың міндетті шарты - білім алушы жинаған үлгерімнің орташа балы (GPA) жоғары оқу орнында белгіленген курстан курсқа көшіру балынан төмен болмауға тиіс.
1.3 Білім алушыны ЖОО-ларға ауыстыру және оқуды қайта жалғастырудың міндетті шарты – жеке оқу жоспарына сәйкес 15 кредиттен кем емес көлемдегі бірінші академиялық кезеңді толық аяқтауы.
1.4 Білім алушы оқуын қайта жалғастырған кезде оқудан шығару мерзімдеріне қарамастан білім алушылардың бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауысуына, білім алу формасының бір түрінен екінші түріне, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуы немесе оқуды қайта жалғастыруы жүзеге асырылады.
Студенттерді курстан курсқа көшіру критерийлері
«Жалпы медицина», «Стоматология», «Мейірбике ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», «Медициналық-профилактикалық іс» мамандықтары бойынша 1-5 курс студенттері үшін көшіру балы:
Курс
|
Басқа ЖОО-лардан білім алушыларды ауыстыру критерийлері
|
% мазмұны
|
Дәстүрлі баға
|
1-курстан 2-курсқа
|
2,0
|
65-69
|
3
|
2-курстан 3-курсқа
|
2,33
|
70-74
|
3
|
3-курстан 4-курсқа
|
2,67
|
75-79
|
4
|
4-курстан 5-курсқа
|
3,0
|
80-84
|
4
|
Студенттерді интернатураға көшіру критерийлері
Мамандықтар бойынша 5-7 курс студенттері үшін көшіру балы:
(МЖМБС - 2006):
Интернатураның бағыты
|
Ауысу балы
|
% мазмұны
|
Дәстүрлі баға
|
Жалпы дәрігерлік практика
|
3,2
|
80-84
|
4
|
Гигиена және эпидемиология
|
3,2
|
80-84
|
4
|
Ішкі аурулар
|
3,33
|
85-89
|
4
|
Педиатрия
|
3,33
|
85-89
|
4
|
Хирургия
|
3,67
|
90-94
|
5
|
Акушерия және гинекология
|
3,67
|
90-94
|
5
|
Стоматология
|
3,0
|
80-84
|
4
|
1.5 Білім алушыларды ауыстыру және оқуға қайта қабылдау кезінде пререквизиттерді есептегеннен кейін оқыту курсы анықталады. Меңгерілген кредиттерді қайта тапсыру тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті білім траекториясына сәйкес жасалады.
1.6 Пәндер бойынша айырмашылықты анықтаған кезде қорытынды бақылау формаларындағы айырмашылық ескерілмейді.
1.7 Сынақ білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесінде минималдық D (1,0; 50-54%) диапазонынан максималдық А (4,0; 95-100%) диапазонына дейін теңеледі.
1.8 Білім алушыларды курстан курсқа көшіру үшін жазғы семестр нәтижелері және жинаған көшіру балы есепке алынып, жазғы емтихан сессиясының қорытындысы (аралық аттестация) бойынша жүзеге асырылады.
1.9 Білім алушыны курстан курсқа көшіру ЖОО басшысының бұйрығымен ресімделеді.
1.10 Курстан курсқа көшірудің белгіленген балын жинаған және оқытудың келесі курсына көшкен, бірақ академиялық қарыздары бар білім грантының иегері академиялық қарызды ақылы негізде жояды, оның білім беру гранты сақталады.
1.11 Курсты қайта оқуға қалдырылған білім грантының иегері осы білім грантынан айырылады және бұдан әрі оқуын ақылы негізде жалғастырады.
1.12 Білім грантында оқып жатқан білім алушының бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауысқан кезде білім гранты сақталады.
1.13 Жекелеген ЖОО-лар үшін бөлінген, сонымен қатар педагогикалық мамандықтарға бекітілген квота шеңберінде мемлекеттік білім тапсырысы бойынша мақсатты орындарға оқуға түскен білім алушыларды басқа ЖОО-ға білім грантын сақтап ауыстыруға рұқсат етілмейді.
1.14 Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша білім алып жатқан докторанттар мен магистранттарды бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауыстыру білім беру саласындағы өкілетті орган мемлекеттік білім тапсырысын қайта алмастырған кезде жүзеге асады.
1.15 Білім алушыны бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауыстыру процедурасы төмендегі тәртіп бойынша жүзеге асады:
1) Басқа ЖОО-ға ауысқысы келетін білім алушы өзі білім алып жатқан ЖОО ректорының атына ауыстыру туралы өтініш жазып, жазбаша түрде жазылған және мөр басылған басқа ЖОО-ға ауыстыру келісімін алып, өзіне керекті ЖОО ректорына барады;
2) Қабылдаушы ЖОО ректорының атына ауыстыру туралы жазған өтінішіне қосымша мыналар беріледі:
–білім беру қызметі жөніндегі проректордың және офис-тіркеушінің қолы қойылған және мөр басылған транскрипт көшірмесі;
– ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) немесе кешенді тестілеуді тапсырғаны жөніндегі сертификат;
– білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер білім беру грантының иегері болса);
– білім алушының білім алған ЖОО ректорының атына жазған өтініші (басшының қолы қойылған және мөр басылған);
3) факультет деканы (институт директоры) өткізілген құжаттар негізінде салыстыру ведомосын жасау арқылы оқу жоспарындағы айырмашылықтарды анықтайды және меңгерген пререквизиттерге сәйкес оқыту курсын белгілейді. Білім бағдарламасына сәйкес меңгерген кредиттерді қайта сынақтан өткізеді және офис-тіркеуші бөлімімен келісіп білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді.
4) факультет деканының (институт директорының), оқу бөлімі (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығының, ЖОО жетекшісінің білім беру қызметі жөніндегі орынбасарының визаларына сәйкес ЖОО басшысы бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауыстыру туралы бұйрық шығарады.
1.16 Білім алушы ауысып жатқан ЖОО жетекшісі бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жеке ісін жіберу туралы жазбаша сұранымды білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ға жібереді.
1.17 Білім алушы бұрын оқыған ЖОО жетекшісі жазбаша сұранымды алғаннан кейін оқудан шығару туралы бұйрықты шығарады. Бұйрықта «басқа ЖОО-ға (ЖОО-ның атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деп жазылады және бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушының жеке ісін қабылдайтын ЖОО-ға жібереді.
1.18 Білім алушы оқыған ЖОО-да транскрипт көшірмесі, сынақ кітапшасы, студенттік билет және жіберген құжаттардың тізімдемесі қалады.
1.19 Білім грантында оқып жатқан білім алушыны бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауыстырған кезде қабылдайтын ЖОО жетекшісі білім беру саласындағы өкілетті органға және тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ЖОО-ларды қаржыландыру көлемін түзету үшін оның атына берілген білім беру грантының иегері куәлігімен бірге білім алушыны оқуға қабылдау туралы бұйрығын ұсынады.
1.20 Білім грантында оқып жатқан білім алушыны бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға бір курсқа төмен ауыстыру ақылы түрде ғана жүзеге асады.
1.21 Білім алушыларды ақылы негізде оқыту үшін бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауыстыру білім алушылар және қабылдайтын ЖОО арасында бұйрық жасасуымен жүзеге асады.
1.22 Білім алушыны бір мамандықтан екінші мамандыққа немесе білім алу формасының бір түрінен екінші түріне ауыстыру тек ақылы түрде ғана жүзеге асады.
1.23 Білім алушыны бір ЖОО ішінде бір мамандықтан екінші мамандыққа немесе білім алу формасының бір түрінен екінші түріне ақылы негізде ауыстыру шартқа тиісті өзгерістерді енгізуімен жүзеге асады және ЖОО жетекшісі бұйрығымен ресімделеді.
1.24 Оқу-жұмыс жоспарындағы пәндердің айырмашылықтары академиялық қарыздарын жою тәртібі мен мерзімдері факультет деканы (институт директоры) бұйрығымен ресімделеді және ағымдағы оқу жылы білім алушының жеке оқу жоспарында белгіленеді.
1.25 Егер ақылы негізде білім алушылар семестр кезінде алып жатқан біліміне ақы төлемегені үшін оқудан шығарылса, онда ол оқу ақысын төлеп, оқудан шығарылғаннан кейін төрт апта ішінде оқуын қайтадан жалғастыра алады.
1.26 Білім алушылар қатарына қайта қабылдау және оқу-жұмыс жоспарында міндетті компонент ретінде берілген пәндер бойынша айырмашылықтарды тапсыру тек ақылы түрде ғана жүзеге асады.
1.27 Оқуға қайта қабылдау процедурасы төмендегі тәртіп бойынша жүргізіледі:
1) білім алушы оқуға қайта қабылдау туралы өтінішті ректордың атына жазып, өзінің оқуды жалғастырғысы келетінін білдіреді. Білім алушының оқуға қайта қабылдау туралы туралы өтінішіне анықтама (түпнұсқа) қоса беріледі;
2) факультет деканы (институт директоры) өткізілген құжаттар негізінде салыстыру ведомосын жасау арқылы оқу жоспарында айырмашылықтарды анықтайды және меңгерген пререквизиттерге сәйкес оқыту курсын белгілейді. Білім бағдарламасына сәйкес меңгерген кредиттерді қайта сынақтан өткізеді және офис-тіркеуші бөлімімен келісіп, білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді.
3) факультет деканы (институт директоры) берілген анықтама негізінде оқу-жұмыс жоспарында міндетті компонент ретінде берілген пәндер мен курс бойынша айырмашылықтарды анықтайды;
4) факультет деканының (институт директорының), оқу бөлімі (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығының, ЖОО жетекшісінің білім беру қызметі жөніндегі орынбасарының визаларына сәйкес ЖОО жетекшісі білім алушыны оқуға қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.
1.28 Білім алушы оқуға қайта қабылданғанда өзі білім алған ЖОО-дан басқа ЖОО-ға оқуға қабылдау процедурасы төмендегі тәртіп бойынша жүзеге асырылады: білім алушы бұрын оқыған ЖОО жетекшісі анықтаманың, оқу карточкасының, сынақ кітапшысының, студенттік билеттің көшірмесін және жіберген құжаттарының тізімдемесін өзінде қалдырып, қабылдаушы ЖОО-ның жіберген жазбаша сұранысы негізінде білім алушының жеке іс парағын жібереді.
1.29 Дәрігерлік-консультациялық комиссияның оқыған кезде жүре пайда болған ауру кесірінен осы мамандықта білім алуға тыйым салынғаны туралы қорытындысы бар білім грантында оқып жатқан білім алушы бір мамандықтан келесі мамандыққа білім гранты бойынша бар бос орынға ауыстырылады.
3.9 Студенттерді ынталандыру (шәкіртақылар, гранттар)
Білім беру грантын беру тәртібі
Білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты білім саласындағы уәкілетті орган құратын Комиссия өткізеді.
Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) басшылары санынан қалыптасады.
Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. Комиссия отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі
1.3 Білім беру гранттары талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі
Білім беру грантын алу конкурсында қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша балдар ескеріледі.
Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған мамандық пен жоғары оқу орнын көрсетеді.
Таңдау бойынша пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады.
Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде кезеңінде қабылданады.
1.4 Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен нострификатталуы тиіс.
Бірінші және екінші топтағы мүгедек азаматтар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезден мүгедектер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысын ұсынады.
1.5 Бірінші және екінші топтағы мүгедек азаматтар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезден мүгедектер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысын ұсынады.
1.6 Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 70, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55 балл, оның ішінде бейінді пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша – кемінде 4 балл жинау қажет.
1.7 Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде:
1)«Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың;
2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар адамдардың;
3) тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе сәйкес келген жағдайда, жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.
1.8 Ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота белгіленген мамандықтар бойынша конкурс мынадай түрде өтеді: осы мамандықтар мен оқыту тілі бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал қалған 30 пайыз грантқа конкурс тек ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға өткізіледі.
1.9 Комиссия шешімінің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады және білім беру грантын тағайындау туралы куәлік ресімделеді.
Білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Білім беру грантын иеленуші өзі жоғары оқу орнына қабылданғанға дейін одан бас тартқан жағдайда, білім беру грантын беру туралы куәліктің күші жойылады, ал білім беру гранты осы Ережеде белгіленген тәртіппен беріледі.
1.10 Білім беру грантын беру туралы куәлікті қабылдау комиссиялары азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 15 тамыздан кешіктірмей береді.
2. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі
1.11 Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттары оқыту мамандықтарының бөлінісінде конкурстық негізде осы мамандық бойынша ақылы негізде оқитын білім алушыларға беріледі. Конкурс аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша өткізіледі, білім беру грантын беру туралы куәлікті беріледі.
Бос білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда барлық оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- («үздік»), содан соң А, А- («үздік») бағаларынан В+, В, В- («жақсы») бағаларына дейін бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.
1.12 Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын беру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1)ақылы негізде оқитын білім алушы ЖОО басшысының атына білім беру грантын тағайындау туралы өтініш жазады;
2) ЖОО өтінішті конкурстық негізде қарап, Ғылыми кеңестің шешімімен бірге ағымдағы жылдың 5 тамызына дейін және 15 қаңтарына дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға шешім шығару үшін жібереді. Білім алушының өтінішіне қоса, ғылыми кеңес шешімемен қатар сынақ кітапшасынан көшірме немесе транскрипт көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, оқудан шығарылған білім алушылардың білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) қоса беріледі;
3) білім беру саласындағы уәкілетті орган конкурсқа ұсынылған құжаттарды мамандықтар, оқу формалары және мерзімдері бойынша, оқуға түскен жылын ескеріп қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады;
4) білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығының негізінде білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді;
5) ЖОО басшысы білім беру грантын беру туралы куәлік негізінде білім алушының білім беру гранты бойынша оқитыны туралы бұйрық шығарады.
3.9.3 Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды
тағайындау ережесі
1.16 Осы «Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесі» (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы» 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 Қаулысының 6-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды (бұдан әрі - стипендия) меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарының білім алушыларына тағайындау тәртібін айқындайды.
1.17. Стипендия:
1) студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыруға;
2) анағұрлым талантты және дарынды студенттер мен магистранттарды қолдауға;
3) интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған.
1.18. Стипендия санын жоғары оқу орындары арасында бөлу Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың контингентіне сәйкес жүзеге асырылады.
1.19. Күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алушылардың саны 700-ден кем студенті бар жоғары оқу орындарына стипендия бөлу жүзеге асырылмайды.
1.20. Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3 - курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.
1.21. Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:
1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;
2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;
3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;
4) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.
1.22. Стипендия ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
1.23. Стипендия бір академиялық кезеңге тағайындалады.
1.24. Стипендия жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше рет берілуі мүмкін.
1.25. Кезекті академиялық кезеңге стипендияларды тағайындау жөніндегі жоғары оқу орны ғылыми кеңесінің шешімі академиялық кезең басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей қабылданып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне магистранттар мен студенттердің тізімімен жіберілуі тиіс.
1.26. Стипендияларды тағайындау кезінде үміткерлерді іріктеу осы Ереженің 1.20, 1.21 тармақтарында жазылған өлшемдер тәртібінде жүзеге асырылады. Тең жағдайда басымдық:
жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға беріледі.
1.27. Стипендияларды төлеу тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шегінде ай сайын жүргізіледі.
3.9.4 Университеттің В.Г.Корпачев атындағы шәкіртақы туралы ережесі
1. Жалпы ережелер
Осы ереже «Астана медицина университеті» АҚ 3-курс студенттеріне Валентин Гаврилович Корпачев атындағы атаулы шәкіртақыны (бұдан әрі – Атаулы шәкіртақы) тағайындау тәртібін және мақсатын анықтайды.
Атаулы шәкіртақы «Астана медицина университеті» АҚ студенттерінің іргелі медициналық-биологиялық ғылымдар саласындағы оқу және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру мақсатында құрылды.
Атаулы шәкіртақы конкурстық негізде тағайындалады және бір оқу жылына беріледі.
Атаулы шәкіртақының саны, мөлшері және төлену көздері
Жылда ай сайын берілетін 3 (үш) атаулы шәкіртақы тағайындалады.
Атаулы шәкіртақы мөлшері Қоғамның Ғылыми кеңесінде жыл сайын келісіліп, Қоғам Басқармасы шешімімен қабылданады.
Атаулы шәкіртақы мөлшері 20 000 (жиырма мың) теңге.
Атаулы шәкіртақының мөлшері жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысының мөлшері өзгеруіне байланысты жыл сайын Ғылыми кеңесте және Қоғам Басқармасында қайта қаралуы мүмкін. Жоғары оқу орындарының студенттерінің шәкіртақысы мөлшері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму жоспарына сәйкес білім алатын контингент түрлері бойынша республикалық бюджеттен төленетін шәкіртақы мөлшері жыл сайын белгіленеді.
Атаулы шәкіртақы көрсетілген мөлшерде төленеді, салық төлемдері ұсталмайды. Атаулы шәкіртақы Қоғамның өз қаражаты есебінен төленеді, білім алушылар контингентіне республикалық бюджеттен төленетін негізгі шәкіртақыға қосымша төленеді.
2.6 Атаулы шәкіртақыны тағайындау стипендиатты жоғары оқу орындарының студенттеріне Қазақстан Републикасының қолданыстағы заңнамаларымен қарастырылған ақшалай төлемдер мен жәрдемақыларды алу құқығынан айырмайды.
3. Атаулы шәкіртақыны тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу
тәртібі және критерийлер
3.1 Атаулы шәкіртақы 3-курс (5-6 оқу семестрлері) студенттеріне тағайындалады, үміткерлердің үлгерімінің орташа балы 1 және 2 курста оқу қорытындысы бойынша 4,75 кем болмауы керек. Сондай-ақ Қоғамның және факультеттің қоғамдық өміріне белсене қатысуы және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы міндетті.
3.2 Атаулы шәкіртақыны тағайындау конкурсында ғылыми-практикалық конференциялардың (университеттің, республикалық, халықаралық) немесе пән Олимпиадаларының жеңімпаздары басымдықтарға ие.
3.3 Атаулы шәкіртақыны тағайындау кезінде отбасының материалдық жағдайы және отбасы құрамы ескеріледі. Тең түскен жағдайда жетім студенттерге, әлеуметтік жағдайы нашар және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге басымдық беріледі.
3.4 Атаулы шәкіртақы жазғы сессияның 4 оқу семестрі аяқталғаннан кейін тағайындалады.
3.5 Студенттерді шәкіртақаға үміткер ретінде ұсыну құқығы кафедраларға, деканаттарға, студенттік қоғамдық ұйымдарға, факультет деканатына және қоғамның ғылыми кеңесіне беріледі.
Атаулы шәкіртақыны тағайындау тәртібі және шәкіртақыны төлеу тәртібі
4.1 Атаулы шәкіртақыға үміткерлерді белгілеуүшін конкурстық комиссия құрылады, оның құрамына медициналық-биологиялық пәндер кафедраларының оқутушы профессорлары, деканат қызметкерлері, студенттер кіреді. Комиссия құрамы ректордың бұйрығымен бекітіледі. Комиссия құрамында төрағаны қоса алғанда 7 мүше болады.
4.2 Шәкіртақы бір жылға тағайындалады (5 және 6 оқу семестрі) және ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап 31 тамызына дейін төленеді.
4.3 Атаулы шәкіртақыны төлеу мына жағдайларда тоқтатылады және одан кейін қайта берілмейді:
- қысқы емтихан сессиясының (5 семестр) қорытындысы бойынша студент шәкіртақыдан айрылса;
- стипендиат Қоғамды оқуды аяқтап, одан шыққан жағдайда;
- стипендиат академиялық демалысқа шыққан жағдайда;
- стипендиат «Астана медицина университеті» АҚ білім алушылардың Ішкі тәртіп ережесін бұзған жағдайда.
3.10 Студенттерді академиялық қолдау
Университетте тәрбие процесінің жүйелі жұмысын қамтамасыз ету үшін Кураторлар кеңесі құрылған, олар факультет деканаттары арасында тәрбие жұмысын үйлестіреді.
«Астана медицина университеті» АҚ Кураторлар кеңесі - алқалық орган, кеңес оқытушылар мен студенттерді өзара байланыстырып, іс- шаралар кешенін өткізіп тұрады. Кураторлар кеңесі жұмысының басымдығы – студентті тұлға ретінде тани білуі, оның сұранысы мен мүддесін есепке алуы.
Кураторлық 1 – 4 курс топтарының студенттерінен құралған академиялық топтарға бекітіледі.
Кураторлар кеңесімен келісім бойынша куратор терең білімді, эрудициялы, мәдениетті және кәсіптік дайындықты жоғары деңгейде меңгерген маманды қалыптастыру мақсатында тату, ұйымшыл, белсенді топты құру үшін топтың оқу қызметін, қоғамдық және мәдени өмірін ұйымдастырады.
3.11 Академиялық ұтқырлық
Академиялық ұтқырлық – білім алушының белгілі бір академиялық кезеңге, әдетте бір семестрге немесе оқу жылына (оқу практикасы немесе өндірістік практиканы қоса) басқа жоғары оқу орнына (еліміздегі немесе шетелдегі ЖОО) барып оқуы немесе зерттеу жүргізуі, өз оқу орнында меңгерген білім беру бағдарламалары бойынша кредит түрінде сынақты белгіленген тәртіппен қайта тапсыруы міндетті.
Білім алушыларды іріктеуде GPA және ағылшын тілін білуі (TOEFL немесе IELTS сертификатының болуы міндетті) ескеріледі. Университеттің қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша (шетелге және/немесе Республикаға) оқуға кететін білім алушылар үшін GPA 3,67-ден кем болмауы керек. Өз қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға кететін білім алушылар үшін GPA 3, 0-ден кем болмауы керек.
3.12 Халықаралық ынтымақтастық туралы
«Астана медицина университеті» АҚ-тың (бұдан әрі – Университет) дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі Университет алдында халықаралық қызметті дамыту бойынша жаңа міндеттерді қояды. Олар елдің халықаралық белсенділігімен, сонымен қатар денсаулық сақтауды дамытумен тығыз байланысты.
Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім )бас стратегиялық мақсаттары:
Университет беделін Қазақстан Республикасында және халықаралық деңгейде арттыру. Білім беру және ғылыми қызметті халықаралық талаптарға сәйкес дамыту.
Халықаралық байланыстар мен іскери серіктестікті дамыту және нығайту, сонымен қатар Университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында халықаралық рейтингілерге қатысу.
Қойылған мақсаттарға жету үшін Қазақстан Республикасында шетел елшіліктермен серіктестіктерді дамыту бойынша белсенді жұмыс атқаралып жатыр. Осылайша Жапония, АҚШ, Италия, Австрия, Чехия, Литва, Польша, Болгария, Ресей, Түркия, Египт, Иран және т.б. университеттерімен байланыстар орнатылды және ынтымақтасу туралы меморандумдар жасасты.
Жасасқан меморандумдар шеңберінде келесі іс-шаралар жүзеге асырылады.
Оқудан, жазғы практикалардан және тағылымдамалардан өту үшін студенттер мен оқытушылармен алмасу;
Университетте дәрістер оқу үшін шетелден оқытушыларды шақыру;
бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту;
бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобаларды өткізу, жүзеге асырылып жатқан жобалар шеңберінде ғылыми әдебиетпен алмасу;
шетелден оқытушыларды шақырып, семинар мен мастер-класстарды ұйымдастыру;
конференцияларға қатысу, тезис пен баяндамаларды және т.б. жариялау.
Бөлім халықаралық ұйымдармен байланыстарды орнату бойынша белсенді жұмысты жүргізіп жатыр.
American Councils for Foreign Education – Университет студенттері және ОПҚ үшін АҚШ үкіметі қаржыландыратын халықаралық гранттар мен шәкіртақыларды тарту, жыл сайын «Образование без границ» көрмесіне қатысу;
TEMPUS – таяу және қиыр шетел елдері университеттерімен бірлескен жобаларды іске асыру;
Erasmus Mundus – халықаралық гранттарды тарту, Еуропаның жоғары оқу орындарының студенттерімен және оқытушыларымен алмасу;
Fulbright – АҚШ мемлекеттік департаменті қаржыландыратын білім гранттарын тарту;
«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы;
ЮНЕСКО – гранттарды алу үшін конкурстар мен бағдарламаларға қатысу.
Thompson Reuters –«Global Institutional Profiles Project» жеке профайлдың болуы;
Басқа тіл мектептері мен мәдени орталықтар.
3.13 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
3.13.1 Жалпы ережелер
1.1 Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) – өз бетінше оқып-үйренуге бөлінген белгілі бір тақырыптар бойынша жұмыс. СӨЖ тестілеу, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма, есеп түрінде тапсырылады.
1.2 Оқыту әдістері – оқулықпен, электрондық базамен, компьтерлік оқыту бағдарламаларымен жұмыс, жағдаяттық тапсырмаларды шешу, тестілік тапсырмаларды орындау, рефераттарды дайындап, қорғау, анатомиялық залда жұмыс, муляждармен жұмыс, өз бетінше оқуға берілген тақырып бойынша оқытушыдан консультация алу және т.б. әдістер.
1.3 СӨЖ-дің тақырыптары және өткізу формалары пәннің жұмыс бағдарламасының СӨЖ тақырыптық жоспарына сәйкес құрылады. Пән бойынша бірінші сабақта студенттерді СӨЖ тақырыптарының тізбесімен, өткізу формасымен, бағалау критерийлерімен таныстырады.
1.4 СӨЖ, СОӨЖ бағалары журналға тақырыптық жоспарға сай қойылады.
1.5 Орындалуға тиісті СӨЖ көлемі:
- «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандығы бойынша пәннің сағаттық көлемі 90 сағатқа дейін болса, студент СӨЖ-ден 1 тапсырма орындайды; 90 сағаттан көп болса, СӨЖ-ден 2 тапсырма орындайды.
- «Фармация», «Мейірбике ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша: 1-2 кредит болса – студент СӨЖ-ден 1 тапсырма орындайды; 3 кредит болса – СӨЖ-ден 2 тапсырма орындайды.
1.6 Студентке СӨЖ-ді орындау үшін нақты тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулық беріледі.
1.7 СӨЖ тапсырмалары келесі мәліметтерден тұрады: студенттің тегі, аты, әкесінің аты, СӨЖ тақырыбы, студенттің жұмысты тапсыру мерзімі, бастапқы деректер, әзірлеуге тиісті сұрақтар тізбесі.
1.8 СӨЖ тақырыптарынан сұрақтар білімді кезеңдік бақылау сұрақтарына, сондай-ақ қорытынды бақылау бойынша емтихан билеттеріне енгізіледі.
1.9 СӨЖ тақырыптары кафедра белгілеген мерзімде тапсырылуы керек. СӨЖ кафедра оқытушысына нақты түрде тапсырылған жағдайда және бақылау журналында тіркелген жағдайда ғана кафедраға тапсырылған деп есептеледі. СӨЖ-ді тапсыру мерзімі дәлелді себептер болған кезде ғана кафедра меңгерушісінің шешімімен өзгертіледі.
1.10 СӨЖ-ді кейінге шегеру уақыты күнтізбелік күндермен есептеледі.
1.11 Пәнді оқу аяқталғанда СӨЖ бойынша орташа балл есептеледі.
3.13.2 СӨЖ-дің орындалу формалары
2.1 СӨЖ-ді орындау формалары – реферат, рефератқа рецензия беру, презентация, тестіні/жағдаяттық тапсырманы құру, тестіге/жағдаяттық тапсырмаға рецензия беру, оқу-клиникалық орталықта жұмыс (манипуляцияны үйрену),анатомиялық залда жұмыс (мәйітті препараттау), клиникадағы кезекшілік, сырқатнаманы жазу және т.б.
2.2 Рефератқа қойылатын талаптар: реферат А4 форматты қағаздың бір бетіне дара жоларалық қалдырылып компьютерге басылу керек, шрифт Times New Roman, шрифт өлшемі 14, ақшеттер жоғарыдан, оң жақтан, төменнен 2 см, сол жақтан 3 см.
2.2.1 Реферат мазмұнына қойылатын талаптар:
- сауаттылық, нақтылық, материалды баяндағанда логикалық жүйелілік сақталуы керек;
- аргументке сендіру;
- екіұшты түсінік болмауы үшін тұжырымды нақты және қысқа етіп беру қажет.
2.2.2 Реферат мазмұнының үлгісі: жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеттері, мәселенің қазіргі жай-күйі, осы сұрақты зерделеу қажеттігі, осы тақырып бойынша зерделенген нақты сұрақтарды атап өту. Қорытындылар мен ұсыныстар.
2.2.3 Мазмұнында – кіріспе, жұмыстың барлық бөлімдерінің аты, нөмірлері, қорытындылар, ұсыныстар, қолданылған әдебиет тізімі көрсетіледі, әр бөлім және тақырыпшаның қай беттен басталатыны белгіленеді.
2.2.4 Кіріспе 1-2 беттік көлемде жазылады, онда тақырыптың қысқаша негіздемесі, рефераттың мақсаты мен міндеттері, оның өзектілігі баяндалады.
2.2.5 Әдебиетке шолу жасағанда (3-5 бет) реферат тақырыбы бойынша жарияланған әдебиетке жүйелі талдау жасалады, студент авторлар баяндаған мәселелерге сыни тұрғыдан баға беруі тиіс, реферат тақырыбы бойынша мәселелерді зерттеу қажеттігі туралы қорытынды жасауы тиіс. Мәтінде қандай да бір әдебиетке сілтеме берілсе, ол жақша ішіндегі цифрмен белгіленеді, цифр қолданылған әдебиеттер тізіміндегі реттік нөміріне сай келуі керек.
2.2.6 Қорытындылар 2-5 тармақтан тұрады, олар реферат мазмұнынан шығып, барынша нақты берілуі тиіс.
2.2.7 Әдебиет тізімі алфавиттік ретпен (авторлардың тегі бойынша) құрылады, 5-15 әдебиет болуы қажет.
2.2.8 Рефератты бағалау критерийлері:
- жүргізілген зерттеу мақсаты мен міндеттерінің негізделуі;
- жүйелі түрде, сауатты, анық баяндай білуі;
- қолданылған әдебиет көлемі;
- жұмысты ресімдеу сапасы;
- рефератты қорғау (қысқа, нақты, анық, логикалы баяндауы, проблеманы және кәсіптік тілді меңгеру деңгейі).
- қорғау кезінде қойылған сұрақтарға берілген жауаптың толықтығы;
- жұмыстың ерекшелігіне қарай өзге де параметрлер.
2.2.9 Тапсырылған рефератты оқытушы рецензияға береді. Студенттер рецензент болады. Рецензент рефератқа жазбаша түрде рецензия береді.
2.3. Рефератқа рецензия жазуға қойылатын талаптар
2.3.1 Рефератқа берілген рецензияда мыналар көрсетілуі тиіс:
- тақырыптың өзектілігі, жаңалығы, ұсынылған тақырыптың практикалық маңызы,
- қорытынды мен ұсыныстың болуы;
- проблеманы шешу дәрежесі, жұмыстың аяқталғандығы, оны дұрыс тұжырымдауы;
- автордың ғылыми әдебиетті білуі;
- тақырыпты терең зерттеуі, аргументті дәлелдей алуы;
- қорытындылардың сәйкестігі, олардың маңыздылығы;
- жұмыс ретін логикалы түрде құруы;
- сауатты баяндауы және талапқа сай ресімдеуі;
- ескертулер мен ұсыныстар;
- қорытындыда рецензент жұмысқа баға береді, рефератқа қойылатын тталаптарға сәйкестігі туралы өз пікірін білдіреді.
2.4 СӨЖ-ді орындау формасы – презентация.
2.4.1 Мазмұнында студенттің оқу тақырыбы немесе жобаның бөлімі бойынша өздік жұмысының мақсаттары берілуі тиіс.
2.4.2 Студенттің презентациясын талдап, бағалау критерийлері:
- белгілерді, құбылыстарды және т.б. нақты сипаттау;
- ұсынылған проблеманы талдау;
- және тағы басқалары.
2.4.3 студенттің презентациясы мәтінінің дұрыстығын талдап, бағалау критерийлері:
- орфографиялық және пунктуациялық қателердің болмауы;
- ғылыми терминдерді қолдануы;
- ақпарат дәл, толық, пайдалы, өзекті болуы тиіс.
2.4.4. Студент презентациясының дизайнын талдап, бағалау критерийлері:
- жалпы дизайн – презентация логикалық тұрғыдан дұрыс ресімделген, эстетикалық талаптарға сай, дизайн презентация мазмұнына қайшы келмейді;
- диаграммалар мен суреттер – презентациядағы суреттер тартымды, қызықты, мазмұнға сәйкес, мәтін үстіне шығарылмаған (егер арнайы эффект болмаса);
- мәтін, реңк, фон – мәтін оқуға жеңіл, фон графикалық элементтермен үйлесіп тұр;
- тізімдер мен кестелер – презентацияда тізімдер мен кестелер дұрыс құрылған және орналастырылған;
- барлық сілтемелер дұрыс қолданылған.
2.5 Презентацияны орындауға қойылатын талаптар
2.5.1 Слайдты ресімдеу:
Стиль:
- ресімдеудің біркелкі стилін сақтаңыздар;
- презентациядан көңілді басқа жаққа аударатын стильді қолданбаңыз
- қосымша ақпарат (басқару кнопкасы) негізгі ақпаратты (мәтін, суреттер) басып кетпеуі керек.
Фон:
- фон ретінде салқын реңкті (көк немесе жасыл) түсті таңдаңыз.
Реңкті қолдану:
- бір слайдта реңк саны үштен аспағаны жөн: біреуі фонның реңкі, екіншісі тақырыптардың, үшінші мәтіннің реңі;
- фон мен мәтінге контраст түстерді таңдаңыз;
- гиперсілтеменің түсіне ерекше көңіл бөліңіз (қолданар алдында және қолданған соң).
Анимациялық эффектілер:
- компьютерлік анимация мүмкіндігін қолданыңыз
Слайдтағы ақпараттар:
- слайдта түрлі анимациялық эффектілерді көп қолданбаған дұрыс, олар слайдтағы ақпарат мазмұнын қабылдауға кедергі келтірмеуі керек.
2.5.2 Ақпаратты ұсыну:
Ақпарат мазмұны:
- қысқа сөйлемдер мен сөздерді қолдан;
- шылау сөздер, үстеу, сын есімдерді мүмкіндігінше аз қолданыңыз;
- тақырыптар аудитория назарын аудара алу керек.
Ақпараттың бетте орналасуы:
- ақпарат көлденең орналасқаны дұрыс;
- ең маңызды ақпарат экранның ортасында орналасуы керек;
- слайдта сурет болса, жазуы оның астында болуы тиіс.
Шрифт:
- тақырыптар үшін шрифт өлшемі - 24;
- ақпарат үшін - 18;
- әріптердің биіктігі мен ені бірдей, көрнекі болуы шарт, сонда алыстан оқу оңай болады;
- бір презентацияда шрифтілердің түрлі типтерін араластырып қолдануға болмайды;
- ақпаратты ерекше бөліп көрсету үшін қою шрифтімен, курсивпен немесе астын сызып жазу керек;
- бас әріптерді де көп қолданбаған дұрыс (оларды көзбен қабылдау қиындау).
Ақпаратты бөліп көрсету тәсілдері:
- ерекше маңызды фактілерді көрсету үшін рамкалар, шекаралар, бояу; түрлі түсті шрифтілер, штрих, стрелкалар; суреттер, диаграммаларды қолданған жөн.
Ақпарат көлемі:
- бір слайдты тым көп ақпаратпен толтырудың қажеті жоқ, адам бір қарағанда кем дегенде үш фактіні, қорытындыны, анықтаманы есте сақтай алады;
- негізгі бөліктер бір-бірден жеке слайдта берілсе, қабылдау тиімді болады.
Слайд түрлері:
- түрлендіріп отыру үшін слайдтың түр-түрін қолданған жөн:
- мәтінмен;
- кестемен;
- диаграммамен.
2.6 Мәтінге қойылатын талаптар:
- мәтіннің ұсынылған тақырыпқа сәйкестігі.
- мәтіннің жалпыға түсінікті болуы керек – сұрақты, жауапты дәл тұжырымдау, жалпы қабылданған терминдер мен атауларды қолдану;
- оңайлық – бір тестілік тапсырмада күрделілігі бір деңгейдегі бір тапсырма болуы керек;
2.6.1 Бір ғана дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы:
- тапсырма бір сұрақтан тұрады, одан кейін таңдауға 5 жауап берілген, ол жауаптар дұрыс жауапқа ұқсас, теңгерімді және шындыққа жақын болуы керек;
- егер сұрақтың салыстырмалы мәні болса, жауап «негізінде», «бастысы» деген сөздермен беріледі.
2.6.2 Тестіде дұрыс жауапты тұспалдап айтуға мүлдем жол берілмейді.
2.6.3 Жиі кездесетін қателер:
- дұрыс жауап сұрақтан басқалардан көлемді;
- сұрақ пен жауапта ортақ элемент бар;
- жауап нұсқаларын жазғанда «жоғарыда аталғанның барлығы» немесе «дұрыс емес», «жоғарыда аталғанның барлығы да дұрыс емес» деген тіркестерді қолдануға болмайды;
2.6.4 тестінің құру 2 кезеңнен тұрады:
- сұрақты құру;
- дұрыс жауапты тұжырымдау.
2.7 СӨЖ бағасын шығаруға қойылатын талаптар
2.7.1 СӨЖ бойынша білім алушының білімі балдық-рейтингілік, әріптік жүйе бағасымен белгіленеді, олардың пропорционалдық арақатынасы бар.
1) «Үздік» деген бағаға жалпы балл санының 90-100%-ы, «жақсы» деген бағаға 75-89%, «қанағаттанарлық» - 50-74% және «қанағаттанарлық емес» - 0-49%.
2) «Үздік» баға – білім алушы бағдарлама материалын толық меңгергендігін дәлелдеген жағдайда және СӨЖ-де ешқандай қателік жібермей, СӨЖ-ді дұрыс, белгіленген уақытта орындап, есеп тапсырған болса, ерекше ойлау қабілетін көрсетіп, материалды өз бетінше жүйелей алған жағдайда қойылады.
3) «Жақсы» баға – студент материалдың 75%-ын меңгеріп, жауапта өрескел қате жібермесе, СӨЖ-ді уақытында орындап, есепті ескертулерсіз тапсырған, аздап ауытқушылық жіберіп, немесе өзінің басты қатесін өзі түзеткен жағдайда, материалды оқытушы көмегімен жүйелей алған жағдайда қойылады.
4) «Қанағаттанарлық» баға - материалдың 50%-ын меңгеріп, СӨЖ-ді оқытушы көмегімен орындаған, СӨЖ тапсырмасын уақытында орындамаған, СӨЖ-ді тапсырғанда жауапты дәл айта алмай, қате жіберген, материалды жүйелеуге қиналған студентке қойылады.
5) «Қанағаттанарлық емес» баға – СӨЖ тапсырмасын орындамаған, тақырып бойынша қарастырылған негізгі әдебиетті оқымаған студентке қойылады.
3.16 Жұмысқа орналастыру туралы ақпарат
«Астана медицина университеті» АҚ барлық түлектері (бакалаврлар, интерндер, резиденттер, магистранттар мен докторанттар) оқуды бітіргеннен кейін жергілікті аймақтардың медициналық ұйымдарына орналастырылады. Бүгінгі таңда жергілікті аймақтар «Бос орындар
жәрмеңкесінде» түлектерді жұмысқа дербес орналастырады. Жәрмеңкеге Астана, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан жұмыс берушілер келеді.ЖОО мемлекеттік білім гранты негізінде және ауыл квота шеңберінде білім алған студенттерді жұмысқа дербес орналастырады. Осыған сәйкес олар Денсаулық сақтаудың аудандық және ауылдық мекемелерінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру және т.б.» № 390 қаулысы)
3.18 Материалдық және ақпараттық құралдарды пайдалану ережелері
3.18. 1. Кітапхана
1.1 Кітапхананың миссиясы – Университеттің білім алушыларына, оқытушыларына, ғылыми қызметкерлеріне және өзге де оқырмандарына олардың сұраныстарына сай, кез келген кітап қорына қол жеткізе отырып, кітапхана қызметін көрсету, ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету.
1.2 Кітапханада оқулықтар, газеттер, журналдар, ғылыми-медициналық әдебиеттер, шетел әдебиеттері, шектес мамандықтар бойынша әдебиеттер, жарыққа шықпаған материалдар (диссертациялар, авторефераттар) қоры, көркем әдебиеттер бар. Кітапхананың барлық қоры әліпбилік, пәндік және электрондық каталогте көрсетілген. Электрондық каталог қажетті ақпаратты әртүрлі параметрлер бойынша: құжаттың авторына, тақырыбына, аталуына, шифрына, инвентарлық нөміріне қарай іздеу мүмкіндігін арттырады.
1.3 Пайдаланушыға төмендегі қосымша қызметтер ұсынылады: патенттік-ақпараттық іздеу және диссертациялар қоры бойынша іздеу, мақалаларды индекстеу, библиографиялық тізімді құрастыру және әртүрлі құжаттарды тақырыбына байланысты іріктеу және тағы басқа қызметтер.
1.4 Кітапхананың негізгі қоры университет корпусында (Бейбітшілік көшесі, 53) орналасқан, онда: оқу әдебиеті абонементі, ғылыми әдебиет, мерзімдік жарияланымдар залы, оқу залдары және электрондық зал бар.
1.5 Студенттер университеттің білім алушылары қатарына кіргені туралы бұйрық негізінде кітапханаға жазылады.
1.5.1 Оқырман әдебиетті алу үшін электрондық оқырман билетін көрсетуі тиіс.
1.5.2 Электрондық оқырман билеті кітапхананың кітаптар қорын пайдалану құқығын беретін жалғыз құжат болып саналады.
1.5.3 Кітапхана қызметін пайдалану құқығы ЖОО-ның студенттеріне, интерндеріне, докторанттарына, оқытушы-профессорларына, ғылыми қызметкерлеріне және қызметкерлерге берілген.
1.5.4 Оқулықтар оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес бір семестрге, бір оқу жылына немесе бір оқу цикліне беріледі. Студенттер пәндерді өту мерзіміне қарай оқудың әр циклінен кейін және оқу жылының соңында оқулықтарды кітапханаға өткізуі тиіс.
1.5.5 Жоғалған немесе бүлінген басылымдар кітапхана қызметкерлерінің келісімімен тура сондай басылымдармен ауыстырылады немесе кітапхана тең деп есептеген басқа басылымдармен ауыстырылады. Жоғалған немесе бүлінген басылымдардың бағасы нарықтық бағаны есепке ала отырып айқындалады («ҚР мәдениет туралы» Заңы 1997 ж., 23-бап)
1.5.6 Студенттер университетті бітіргенде немесе оқудан шығарылғанда, кету парағына кітапхана қызметкері қол қояды.
3.18.2 Ақпараттық-техникалық база
2.1 Университеттегі білім беру процесі жақсы деңгейдегі ақпараттық-техникалық база есебінен жүзеге асырылады:
- 720 мың данадан аса әдебиеттен тұратын кітап қоры;
-кітапхананың Web-порталы, онда кітапхананың негізгі қызметтеріне қол жеткізуге болады;
- оқытушылар мен студенттерге арналған электрондық кітапхана залы, зал ғаламторға қосылған, электрондық басылымдарға және дерекқорға қол жеткізе алады;
- ИРБИС – 64 автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, жүйеге кітапхананың электрондық каталогі және кітапханашылардың автоматтандырылған жұмыс орындары кіреді;
- электрондық кітаптар, интерактивті оқыту бағдарламалары мен оқу құралдарының базасы, мультимедиялық контент, муляждар мен симуляторлар;
- Springer, OVID, Elsevier, Thomson Reutors басылымдарының электрондық базасына жыл сайын жазылады.
3.18.2 Сайт
Университеттің www.amu.kz ресми сайты – Университеттің визит кәртішкесі. Сонымен қатар көпшілікті Университет қызметі туралы жедел және объективті түрде ақпараттандыру құралы.
Студент сайтта Университеттің ғылыми-клиникалық қызметімен (Ғылыми-клиникалық қызмет тарауы), білім беру қызметімен (Білім беру қызметі тарауы), тәрбие және әлеуметтік қызметімен (Тәрбие және әлеуметтік қызмет тарауы), әкімшілік және экономикалық қызметімен (Әкімшілік және экономикалық қызмет тарауы), студенттердің қоғамдық қызметімен таныса алады. Студенттің Университет туралы («Университет туралы» тарауы), Университеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ақпаратты алуға, соңғы жаңалықтарды («Жаңалықтар» тарауы) білуге мүмкіндігі бар. Сайттан «Оқу- білім беру порталы» тарауына немесе «Университет кітапханасы» сайтына ауысуға болады. Сайттағы ақпарат түскен сайын жедел жаңартылып тұрады.
Сайтта студенттер үшін арнайы жасалған «Студентке» тарауы қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |