Дарынды адам деп, басқалардан ерекше, қиын жағдайлардан күтпеген жолдар табатын, жоғарғы жетістіктерге талпынатын адамды айтады. Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгеше. Олар сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп қоя біледі.Физиологиялық тұрғыдан ерекшелігі: дамытудағы шапшандылық, ауызекі сөйлеу, жиі-жиі ойға берілу, қиял-күшінің басымдығы. Дарынды оқушылар көп көлемде білім меңгереді және ұмытпайды. Түсінік танымы өте жоғары.
Шығармашылық – баланың бойындағы дамыған сана белсендігі мен таным белсендігі, тума қабілет. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және тәжірибелі ұстаздардың көмегі арқылы ашылады.
Дегенмен де, сөз әрбір қайталанбас талантты, өзінше жеке тұлға әрбір мектеп оқушысы жайында болмақ.
Шығармашылық қабілеті өздігінен жетілмейді, оған да белгілі бір факторлар ықпал жасайды:
мектеп өмірі, мектептегі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің ұйымдастырылу деңгейі;
оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынас;
отбасы жағдайы;
физиологиялық даму үлгісі;
балаға қажет білімнің берілу сапасы.
Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту гимназия педагогтары көңіл аударып келе жатқан мәселе. Педагогикалық ұжым әрекетінің өзектілігі – дарынды оқушылардың өзін-өзі жетілдіруде жайлы жағдай туғызу. Дұрыс тәрбие беруде танымға сүйіспеншілікті арттыру және оның жоғарғы шыңы – танымдылық тұтынушылығын оятуы мүмкін. Сезімді, ерікті, ойды не нәрсені терең меңгеруге бағыттау, үнемі көп білуге талпынуды ояту, белгілі жайда жаңа бір қырын ашу, әлемді танып білуде ізденіске ұмтылуды қалыптастыру – бұл мұғалімнің алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі. Оқыту баланың табиғи қасиеті мен жаратылысына бағыттауы қажет. Сондықтан да білім беру мазмұнын құруда ең басында жеке тұлғалық талаптары, тілектерімен бірге бала тұруы қажет. Бала – оқыту үрдісінің негізгі бейнесі. Оның анықталған, қызығушылығы қанағатталған, қабілеті дамыған болуы қажет.
19
Мұғалімніңбүкілмақтанышышәкірттерінде,
өзі шашқан ұрпақтарының өсіп — өнуінде.
Ұстаздан жақсылыққа тәрбиелену, өзі бақытты болып,өзгелерді де бақытты ету жолына үйрену дегенге саяды. Жалғыз екенсің, ізіңнен ерген ізбасарың болмаса, онда құның да шамалы,шәкіртсіз ұстаз да бұтақсыз қу ағаш сияқты.
Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлесе, шәкірттердің рухын биіктету үшін біз оқытушылар өз үлестерімізді қосуға тырысамыз . Алдымызда бізге сеніп тапсырылған бала, ертеңгі қоғамның бір белді тұлғасы болмасына кім кепіл?
Әрбір шәкіртімнің жасаған қылықтары мен үшін қайталанбас бейнелер.Жұмыста да, үйде де тек шәкірттерімнің қылықтарын ойлап жүретінмін.
16 шәкіртімді әлі күнге дейін ұмытқан емеспін, ұмытпаймын да.
Себебі: олардың өмірге деген қызығушылығын ояттым, өз баламдай аянбай тәрбиеледім, жақсылыққа сүйсініп, жамандықтан жиренуге шақырдым. Олардың қуанышына ортақтастым, кемшін тұстарына күйіндім де.
Шәкірт бойында ынта- ықылас оянбаса, онда еңбегіңнің зая кеткені.
Өзіңді шәкірттердің іздеп жүруі, мақтан тұтуы – ұстаз үшін баға жетпес бақыт.
Табиғаттың ең бір үлкен сыйы- ұстаздың шәкірт жүрегінде мәңгі ойып орын алып қалуы. Егер шәкірт жүрегінде мәңгі қалсаң, онда сол бала жүрегінің кілтін дұрыс тапқаның. Ондай құпия кілтті табу үшін асқан қабілеттілік, байқағыштық, елестету, әдептілік өте қажет.
Адам өзінің айрықша сыйлайтын, сенетін, тәнті болып, мақтан тұтатын кісінің айтқанын екі етпейді, тапсырмасын ауырсынбайды, оны шын пейілі, ықыласымен, бар ынтасымен және шабытпен орындайды.
Менің шәкіртім де дәл осындай.. Ол –Канафин Арыстан . Алғаш бірінші курсқа түсіп ,топ жетекшісі ретінде қабылдап алғанымда тұйық болып көрінгенмен, оның ұшқыр ойы, үкілі үмітінен көп нәрсені күтуге болатын байқадым.Ынта қойып, тапсырылған іске ерекше ықыласпен кірісетін шәкіртіме жауапты жұмыс тапсырып сенім арттым. Ол ғылыми жоба байқауына , түрлі конкурстарға қатысу мүмкіндігі еді. Алғаш Арыстанды ағылшын пәнінің оқытушысы Жұлдыз Нұрлановна олимпиадаларға қатыстырып , білім алушының ашылуына септігін тигізді десем де болады. Тақырыпты бірлесе отырып таңдап, аймақ, аудан, облыс көлеміне де шығуына өзінің ,ұстазының адал еңбегі арқылы жетті. Таңдаған тақырыптың өзектілігі, мақсаты, проблемалары, ұсыныстар туралы ой тұжырымдап, ерекше мән беруі оның қанаттанып биік белестерден көрінуіне бірден — бір себепші болды. «Тамшыдан теңіз құралады» демекші, осы шәкіртімнің де мектеп қабырғасын бітіріп келгеніне үш жылдың жүзі болды. Тамшының тас тесетіні сияқты талай еңбектің арқасында осы дәрежеге жеттім, «сіздің мен үшін еңбегіңіз зор», — деген сөзі әліде құлағымда. Сүйікті ұстаз болу үшін, шәкірт жүрегінен орын алуымыз қажет-ақ. Салмағы ауыр осы бір сөзден көп ой түюге болады.Елдің ертеңі, келешегі – біздің қолымызда.
20
Есік ашылып,тұлымдары желбіреген ер балалар мен шаштарына ақ бантик таққан қыз балалар бірінен соң бірі кіріп жатты. Бұл менің оқушыларым.
Осы балалардың шат күлкісі, күлімдеген жүздері менің жүрегіме «мен кіммін?», ұстазбын ба?, әлде анамын ба?- деген ой мазалап қоя берді.
Ой тұнығынан ойланбастан мен ұстазбын деп айқайлағым келді. Себебі олар еліміздің болашақ үміт артар азаматтары, ертеңі. Осы күлімдеген жүздер менің өміріме, ұстаздық жолына тереңірек үңілуге жол ашты.Сол мезетте менің түсінгенім, ұстаз мамандығын жан-жүрегімен сезінген, бала жүрегіне жол таба
білетін, ата-ана алдындағы жауапкершілікті сезіне білген адам ғана өз мамандық иесі бола алатынын түсіндім.
Мен өзімді әлі, еркін маманмын деп айтуға жүрексінемін, өйткені мен, еңбек жолына енді ғана қадам басып отырмын. Алар асулар мен белдер әлі алда деп білемін. Мен сүйкімді оқушылар мен оның жанұсына енген ұстазбын.
Ата-ана маған ең қымбат баласын сеніп тапсырды. Сондықтан балалрдың мектеп қабырғасындағы өмірі қалай болатындыңы маған байланысты, сондай-ақ ата-ананың мектепке, ұстазға деген көзқарасының қалыптасуы да маған байланысты.Мен әр баланың жанұя мүшесі тәріздімін, мүмкін мен әр жанұяның өмірлік досы болармын…
Мен, бала мен ата- ананың маған артқан сенімін қалай ақтауым керек?-деген ойға қалдым. Осы ойлардың жетегінде жүріп, ізденімпаздықпен аянбай еңбек еттім.Сол еңбегімнің нәтижесінде бірталай жетістіктерге де қол жеткіздім.
«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»-деп Абай атамыз айтқандай,ұстаз бала тәрбиелеу мен білім беру жолында үлкен сындардан өтеді. Әрине бұл жетістіктеріме мақтанбаймын,осы еңбегімнің жемісіне, еңбек іс әрекетіме,мамандығыма деген көзқарасымның қалыптасуына әріптес ұстаздарымның көмегі зор. Апайларымнан алған ең басты сабағым, балаға деген мейірімділік,қамқорлық,шыдамдылық,әрине шығармашылық ізденісте болу. Оқушыларды заман талабына сай ,тұлға ретінде білім мен тәрбие беру үшін, қазіргі іс-тәжірибеде жүрген дамыған елдердің озық инновациялық технологияларының әдіс-тәсілдерін қолданып келемін. Шынымды айтсам кейде балаша ойнап,балаша күліп ұстаз екенімді ұмытып кетемін, ал кейде бірге өткізген қызықты да,тәтті қылықтырына тамсана тоймай бір сәт еске аламын. Міне,мен осылайша әнші, биші, суретші, әртіс, әсем сөз маманы,баланың жан-дүниесін түсіне алатын психолог-ұстазға айналдым.
Балаларға білім мен тәрбие беруде,ұлттық құндылықтырды бойына сіңіріп,ойына ұялатуға тырысамын. Күн сайын маған үміт толы күлімдеген көздер мен балбұл жанған әдемі жүздер қарап отырады.Мөлдір бұлақтың бастауын,көзін ашып.тұнығына қану үшін таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып,бала жүрегіне мейірім дәні мен білім нәрін себу менің басты мақсатыма айналды. Ұстаз-киелі мамандық.Ұстаз оқушыларын білім әлеміне, еңбек жолына,танымдық қабілеттерін дамытуда аянбай еңбек етеді. Француз педагогы Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады,оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты,өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген сөзді әр ұстаз үнемі жадында сақтап қана қоймай, үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Ұстаз жұмысы күрделі де қызықты. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,оны тек қана шын жүрегімен, жан-тәніңмен ғана сезіне аласың. Ұстаз болу, мен үшін-үлкен бақыт. Мектеп қабырғасында жүрген әр оқушы еліміздің ертеңгі болашағы.Еліміздің болашағы, ертеңі білімді ұрпақ өсіру баршаға ортақ, әрі міндет. «Бала жүрегі кішкентай күйсандық.Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады»-деп Мұхтар Шаханов айтқандай біздің ұстаздарымыздың қолында әркез сол кілт жүруі керек.«Бір жылдығыңды ойласаң арпа ек, он жылдығыңды ойласаң, тал ек, бүкіл ғұмырыңды ойласаң, бала тәрбиеле» деген дана сөздің асылдығын, үкілеген үмітіміз-бала келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарайық…
Балалардың шат күлкісі мен күлімдеген жүздерінен, зерделі білім нәрімен сусындаған,еліміздің болашақ үміт артар азаматтары мен шәкірттердің биігін көруді арамн етемін.
… Ертең мектепте менің қызықты,қуанышты күнім басталады. Ертең маған тағы да күлімдеген көздер мен балбұл жанған әдемі жүздер қарайды.Ол менің оқушыларымның үміт толы көздері…
Достарыңызбен бөлісу: |