Мен патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен Отанымды, отбасымды сүйемін! Мен тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін



жүктеу 231,92 Kb.
бет4/17
Дата16.07.2022
өлшемі231,92 Kb.
#39015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
ЭССЕ 1 БӨЛІМ

Жай педагог хабарлайды,
Жақсы педагог түсіндіреді,
Керемет педагог көрсетеді,
Ұлы педагог шабыттандырады,- дейді.
Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын — еліміздің келер күнгі келбеті.
Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады.
Ол үшін бүгінгі тәрбие үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Тәрбиешілер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, тәрбиеші мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты педагогке тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:

  • Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі

  • Қызметке бейімділігі

  • Кәсіптік білімі мен біліктілігі

  • Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім

  • Ұйымдастырушылық қабілет

  • Заманға сай жаңашылдық

Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.
14

Менің өмірлік ұстанымым – шындық. Шындық тілі әрдайым қарапайым. Ақиқаттың кемесі сынбас дегендей, шындық ащы болса да, адалдыққа бастайды. Шындық – кейде жақсы, кейде жаман…


Балалық шағымнан-ақ нағашы әжемнің аңыз-әңгімелерін, ақыл-кеңестерін, ертегілерін сүйсініп тыңдайтынмын. Есімде жақсы қалған бір әңгімесі бар еді. Ертеде бір шаһарға піл әкеліпті. Халықтың бәрі соны көруге ынтазар болып, қаптап алаңға жиналады. Сөйтсе, пілді көрем деушілерден ақы талап етіп, пілді қап-қараңғы қораға жасырып қойса керек. Бірен-саранында болмаса, көпшілігінде қаражат жоқ. Тым болмаса қораға кіріп, пілді өз көзімен көріп шыққандардан сұрап білмекші болады. Ең бірінші кіріп шыққан адам жан-жағына қоқилана қарап, пілдің дәл қасына барып, қолыммен ұстап көрдім, құдды бөренеден аумайды дейді. Екінші шыққан адам, пілді жалпақ тақтаға теңеп жібереді. Үшіншісі, алғашқы екеудікі де жалған, аумаған құбыр сияқты екен дейді. Қызығы, үшеуі де қараңғыда түртінектеп, қолдарымен бірі аяғын, бірі жотасын, ал үшіншісі тұмсығын сипалап көрген ғой. Мен мұнымен не айтқым келеді, әр адамның шындық туралы түсінігі әр түрлі болуы мүмкін. Алайда, ақиқат біреу.


Сіздерге өтірік, маған шын, кеше ғана, өліп кетсең де, шындықты айт деген оймен жүріп-тұратынмын. Ешқашан, ешбір жағдайда өзімнің өмірлік ұстанымымды алыстатқан емеспін. Ал бүгін ше?! Бүгін, көп нәрсені ұққандай болдым. Шындық – кейде адамдарды жақындатады, кейде адамдарды алыстатады. Кеше ғана, досым, жақыным, құрбым деп отқан адамдарды, таныс емес адамдарға айналдырады. Жасым бар-жоғы он алтыда болса да, ондайдың талайын көріп те, естіп те көргенім бар. Менің ұстанымымның жүгі ауыр. Дегенмен, жүгі ауыр екен деп, лақтырып кететін адамдардың қатарынан емеспін!


Айтып-айтпай немене, жақсы қарым-қатынасты сақтап қалу үшін кейде шындықты жасырып қалатын кездерім жетерлік. Жора-жолдастарыммен, құрбыларыммен осы үшін керісіп қалатын сәттерімде аз емес. Не болса да, соңында әділдікпен қоса татулық жеңетін. Шынына келгенде, соңғы уақытта өз өзімшілдігімді жиі байқайтын болдым. Жоқ, басқаша түсініп қалмаңыз, мен тек қара басын ойлайтын адамды меңзеп тұрғаным жоқ. Қалай айтсам екен, өз шындығымның шындық емес екендігіне көзім жетіп тұрса да, сенгім келмейді. Мұны түсіндіріп отырудың қажеті шамалы, бұл өмірдегі ең үлкен ақымақтық. Сірә, сенім артқан дүниемнің күлге ұшуы, үмітімнің ақталмауы, мен үшін үлкен күйзеліс болар. Сол себепті, еш негізсіз күйіп-пісем. Әрине, ойлана келе, ақиқатты айтқан адамға барып, жымип күлемін. Ондай кезде, менен жақсы адам табылмас. Айта кететін бір жәйт, менің жымиып күлуім – кешірім сұрауым. Мүлдем кешірім сұрамаймын дегенім емес, өз ортамдағы “әдетім” дегенім дұрысырақ болар. Әйтпесе, кім көрінгенге кешірім сұрағандай жымиғаным біртүрлі болады емес па?!


Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа,


Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа,-

деп, атам қазақ айтып еді. Рас, жақсы достан айналып кетерсің. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Менің Аида деген жақын құрбым бар, екеуіміз екі жыл бойы бір партада отырып келе жатырмыз. Мен оған, ол маған көмек. Бірақ, оның маған үйреткен қасиеттері, әлемдегі барлық қазынадан қымбат. Нағыз асыл қазына дерсің. Ол маған шындықтың үнемі жаксы бола бермейтінін үйретті. Мінсіздіктің кемшіліктерден тұратынын түсіндірді. Кейде, мың сөз айтқанша, бір сөз айтқанның өзі жақұт екендігін көрсетті. Мен әлемдегі ең бақытты жанмын. Себебі, өмірлік ұстанымымды мәңгі бақи өзіммен бірге алып жүрмеймін, ол керек кезде мені өзі тауып алады…


Соңғы сөзімді мына бір керемет сөздермен аяқтағым келеді: жаңбырдан кейін кемпірқосақ келеді, ал көз жасынан кейін – бақыт.


15
Ұстаз! Ұстаздық етуден асқан ұлылық бар ма? Уақытыңмен санаспай, бағытыңнан адаспай ұстаздық ете білу – бір ерлік. Ұстаз десе… Жүзінен күн нұрындай жылылық ескен, барлық ой мен қимыл – әрекетке ақылдың дәнін сеуіп, адамзат санасына нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесін сезінемін. Алдыңғы буыннан тәлім ала отырып, кейінгі жастарға өнеге қалдыруды мақсат етіп, менің де ұшқыннан алау маздатып, жалындап жанғым келді.


Осындай қасиетті өмір деп аталатын таңғажайып әлемге жол сілтеген қарапайым жандардың аялы алақаны мен ыстық жүрегі мен үшін – ұмтылмас күндер, айлар, жылдар…
«Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» деп қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай, яғни мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.
Менің ойымша, қазіргі заман мұғалімі – рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман болу керек. Өйткені, ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар легі заманы. Жер – жердегі болып жатқан хабарлар туралы интернет арқылы минутында мағұлмат алып отырған жасөспірімді бірнәрсемен таңғалдыру, оған сабақ айтып, дәріс тыңдата білу кез келгеннің қолынан келетін оңай дүние емес. Ақылды ұстаз ешнәрсені назардан тыс қалдырмай, тәлімгерді білдірмей жетелейді, байқатпай бағыт – бағдар береді. Өзім де әр кез ізденуден жалықпаймын, жаңалыққа жаным құмар. Еңбегім де жеміссіз емес. Жас ұстаздардың жігерлеріне жалын беріп, көкірек көкжиектерін кемелдендіруге тамшыдай қосар үлесім болса, бұл да менің ұстаздық мақсатымның орындалғаны.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" дегендей, ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда ұстаздың орны бөлек. Жан дүниесіне үңіле қарасаңыз өте байсалды, білімді, терең ойлы, тұла бойы тұнып тұрған талант иесі. Бір жымиғанының өзі адамды шабыттандырып, керемет бір күйге бөлейді. Маған әрдайым айтатын ақылы: жоғары білімі бар туралы диплом алу сені ұстаз етпейді, адамды нағыз ұстаз ететін балалар. Нағыз шебер ұстаз болу үшін уақыт пен ыждағатты еңбек, балаға деген сүйіспеншілік керек. Осы ұлағатты жолда ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың мына сөздерін өзіне басшылыққа алатын : «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады». Айтқан ақылдарының бәрін әрдайым жадымда ұстап, саналы ұрпаққа, сапалы білім мен тәрбие беру жолында еңбегімді аямай тер төгемін. Тәжірибелі мұғалімнен тәлім – тәрбие алған, ең бақытты ұстазбын деп есептеймін. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңашылдығы ерекше. Ақпаратпен жұмыс істей алу білімін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін туғызады. Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды. Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады. Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады. Оқытудың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі. Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап дәлелдейді. Алған білімін талдап, жинақтап, жүйелілікке қалыптасады.
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам ба ласы құрметпен бас иеді. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасы на білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата - анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. «Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім - тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім.
Жаңа педогогикалық технологиялар арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңашылдығы ерекше. Ақпаратпен жұмыс істей алу білімін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін туғызады. Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды. Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады. Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады. Оқытудың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі. Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап дәлелдейді. Алған білімін талдап, жинақтап, жүйелілікке қалыптасады. Мен өзімнің таңдаған мамандығыма үлкен жауапкершілікпен қараймын Ш.А.Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойында да сүйіспеншілікті дарыта алмайды...» деген сөзі босқа айтылмағаны белгілі. Себебі, мен әр сабағымда оқушымен қарым - қатынасты, олармен сөйлеу мәнерін, сабақты ашып түсіндіру, оқушы бойына қызығушылық туғызып, оқушының жан - жақты болуына үлкен көзқараспен, сенімділікпен қараймын. Сонымен қатар оқушылардың ойын жинақтай отырып, еркін, қысылмай сөйлеуіне жете көңіл бөлемін. Кәсіби міндетім - бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан балалардың ақыл - ой ынтасын көтеріп, білімді игеруге ынтасы мен дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін шыңдау, сөйтіп жан - жақты дамыған, жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын, білімді жас жеткіншектер тәрбиелеп шығару. Жаңашыл ұстаз шәкіртке жан - жақты білім беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жайында өмір сүруге тәрбиелеу - өзімнің басты парызым деп санаймын.
Қорыта келгенде мен өзімнің таңдаған мамандығыма үлкен жауапкершілікпен қараймын Ш.А.Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойында да сүйіспеншілікті дарыта алмайды...» деген сөзі босқа айтылмағаны белгілі. Себебі, мен әр сабағымда оқушымен қарым - қатынасты, олармен сөйлеу мәнерін, сабақты ашып түсіндіру, оқушы бойына қызығушылық туғызып, оқушының жан - жақты болуына үлкен көзқараспен, сенімділікпен қараймын. Сонымен қатар оқушылардың ойын жинақтай отырып, еркін, қысылмай сөйлеуіне жете көңіл бөлемін. «Мамандығым – мақтанышым» демекші , бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан алдыма қойған мақсатым балалардың ақыл - ой ынтасын көтеріп, білімді игеруге ынтасы мен дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін шыңдау, бәсекеге қабілетті, жан - жақты дамыған, жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын, білімді жас жеткіншектер тәрбиелеп шығару. Жаңашыл ұстаз шәкіртке жан - жақты білім беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жайында өмір сүруге тәрбиелеу - өзімнің басты парызым деп санаймын. Олай болса, ертеңгі өмірдің баянды да бақытты болуын қалаған әрбір адам ұстазға құрмет көрсетуді өзінің борышы деп санаған дұрыс.
16
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен еліміз Тәуелсіздік жылдарында ешбір қиындыққа мойымай әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылды.Бұл еліміздегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің, халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, жалпы қазақстандықтардың қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асты.
Бүгінде күллі әлем жаһандық әлем дағдарыспен бетпе-бет келіп отырған сәтте, Ұлт басшысы Н.Назарбаев көрегендік танытып, мемлекетімізді тығырықтан алып шығатын «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.Онда еліміздің биік мақсаттары мен міндеттері айқындалып, яғни «Мәңгілік ел» идеясы негізінде алға қарышты қадамдарды жасайтынымыз белгілі болды. Міне, осы жолда, еліміздің дамып, көркеюіне бағытталған қандай да бір істің жүзеге асырылуына басты кедергі болатын қоғамдық дерт – сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоюымыз қажет. Елбасы атап өткендей: «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық-жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің сенімділігіне сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей төнген қатер болып саналады». Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетеді, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты-оның алдын алу. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқЕлбасымыз өз сөзінде: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде – оларға жастайынан имандылық пен салауатты өмір сүруді саналарына сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деді.
Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.
«Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деп еді Елбасымыз. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет.

17


Мектепті білім айдынындағы үлкен кемеге теңегім келеді. Осы кемеде бала он бір жыл уақытын өткізеді. Бұл кемеде небір дарынды тұлғалар да, әлемді бас идірген ағаларымыз да, сіз де, біз де отырдық.
Мектеп, мектеп – менің жарқын көңілім,
Мектеп, мектеп – шаттыққа толы өмірім.
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп, анам болып көріндің.
Екінші анамыздай бар жылуын бізден аямай беріп жүрген жандар – аяулы ұстаздар, «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» дегендей, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс ана мен бала не әке мен бала арасындағы сүйіспеншілікпен бірдей. Өйткені бала көзін ашқанда ата-анасын көрсе, білім көзін ашқанда ұстазын көреді.
Ғылымның қыр-сырын меңгеріп, бойындағы бар білімін оқушыларына сіңірген ұстаздарымыз қаншама! Ұстаздың жолында шаршамай, талмай қызмет етіп жүрген асыл жандарымыз барша құрметке лайық.
Бұл мамандықтық қызығы мен шыжығы көп. Ел ертеңі – ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, шыншылдық пен қайырымдылықты, рухани байлық пен ұлттық байлықты сіңдіретін, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда зор үлес қосып, мол еңбек ететін де осы – ұстаздар.
«Ұстаз» деген атқа ие болған адам бақытты адам деп ойлаймын. Себебі олар әрбіріміздің тағдырымызға әсер етіп, әрқашан тірек болып қасымыздан табылады. Ұстаз болу қиын, бірақ осы дүниедегі ең жауапты да, ең ардақты да мамандық – осы.
Ұстаз ағып жатқан өзен тәрізді: шөлдеп жүргенді қаңдырып, терлеп жүргенді сусатады. Айналасына қуат беріп, таудай қиындықтарды тастай домалатын, жер деген әлемді көркейтетін қымбатты жандар. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны – аяулы ұстаздар емес пе?!
«Бала жүрегі кішкентай күй сандық, сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұруы керек» деп Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай, бала бойындағы дарынды ашу кез келген адамның қолынан келмейтін іс, ол тек мұғалімнің ғана қолынан келеді деп ойлаймын.
Ұстаздың бейнесі шәкірттерінің жүрегінде тасқа қашалған Орхан жазбаларындай мәңгі сақталып қалса, ол ұстаздың берген білімі мен тәрбиесінің арқасында.

18
Білім беру мазмұнын жаңару оқу технологияларды үнемі меңгеруді оқушылардың білім сапасын жоғарлатуды талап ету, сабақ беру үрдісін күрделендіру – осының бәрі мұғалімнен білім қорын жаңартып, кәсіби біліктілігін арттырып, әдістемелік шеберлігін шыңдап отыруын талап етеді. , мұғалім өз пәнінен оқушылардың ойлау әдісін, өз бетімен білім алып, оны қолдану білуін қалыптастырып,талдау және білімді бағалау сияқты ғылыми-зерттеу әдістерімен қаруландыруы қажет. Осыдан келіп, мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптар өрбиді. Ол тек жан-жақты дамыған маман ғана болып қоймай, өздігімен іздену жұмыстарының тәсілдерін меңгерген, зерттеу дағдысы қалыптасқан маман болуы шарт. Қазіргі кезеңде мектептің алдына қойылып тұрған ең басты талап – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру ісі болып отыр. Соңғы кездері оқушылардың дарындылығын дамыту өзекті мәселеге айналып отыр.



жүктеу 231,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау