14. 1997 жылы қазанда Президент Н.Ә.Назрбаевтың «Қазақстан 2030» халыққа жолдауы жарияланды. Жолдауда
болашаққа болжам жасалып, қазіргі республикамыздың даму ерекшеліктері айтылды.
15. 1997 жылы «Жалпы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланды. Бұл
қазақтың елдігі үшін күрескен ақтаңдақтарды еске алу күні ретінде қабылданып
отыр.
16. 1997 жылы астана Ақмолаға көшірілді. Осы жылы 10 желтоқсанда Ақмола
қаласы ресми Астана болып белгіленді.
17. 1998 жылы 6 мамырда Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ақмола
қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. Дәл осы жылы 10 маусымда жаңа
астананың ресми тұсаукесері болып өтті.
18. 2010 жылы Евразия Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының «Астана
саммиті» өтті.
19. Қазақстан шекарасы ұлан-ғайыр даланы алып жатыр.
20. Қазақстан қарулы күштері мықты ел қорғаны болып отыр.
21. Қазақстан әлемді бағындырған спортшыларымен танымал. Биыл 2011 жылы «Азиада» спорттық олимпиада ойындары
өтті. Бұл Қазақстанның әлем алдындағы беделін көтерді.
Қаз дауысты Қазбек би айтқан аталы сөздің маңызы жоғалмайды ...
«Біз қазақ, мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізді басынбасын деп,
Ордамыздан құт қашпасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Жау аяғына басылмаған елміз,
Дұшпан аяғына жаншылмаған елміз.
Басымыздан намысты асырмаған елміз,
Адалдықтыәрқашан жасырмаған елміз,
Адал ниетті ақтай білген елміз.
Атаның өсиетін балаға,
Баланың өнерін атаға,
Айтып, тарата білген елміз ... »
Ақын жанды Дария
Жуырда Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мектебінде «VI Мұқағали
Мақатаев оқулары» атты республикалық сайыс өткізілді. Бұл аталған мәнерлеп оқу сайысының мақсаты
республикалық жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың
шығармаларын насихаттауды көздейді. Сонымен қатар
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық
талғамдарын, тума талант, табиғи дарындылық қасиеттерін
ашуды нысанаға алады.
Қазақтың
Хантәңірісі
атанған
Мұқағали
шығармашылығын насихаттап, өзіндік іздемпаздығымен
ерекшелеген оқушылар обылысымыздың әр өңірінен топ
жарып, өздерінің таланттарын көрсету үшін аталған оқу
орнына жиналды.
Сайыс алты кезең бойынша жоспарланды. Бірінші
кезеңде оқушылар «Менің пірім - Мұқағали» айдырында ақын
Мұқағалиға арналған арнау өлеңдерін оқыды. Екінші кезеңде
«Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» айдарында өз төл
туындыларын жатқа оқыды. Бұнда ой кестесіне сай көркемдік, терең
философиялық ойлылық, мәнерлеп оқу сияқты өлең оқу мәнеріне
қойылатын негізгі талаптарды орындау көзделді. Келесі кезеңде
ақынның айтулы туындылары «Жыр эстафетасы» айдарында
«Аққулар ұйықтағанда» және «Райымбек, Райымбек» атты ауқымды
екі поэмасын жатқа айту көзделді. Төртінші кезеңде - берілген
ұйқасқа сай өлең құрастырып, оны ақын өлеңдерімен салыстыра ой
көркемдігін анықтау талап етілді. «Өлеңнен өрілген ой» кезеңінде
ақынның қазылар алқасы ұсынған өлеңдерінің бірін тақырыптық-
идеялық жағынан ашу талап етілді. Ал соңғы «Жорға» атты ойында
бір минут ішінде берілетін 10 сұраққа шапшаң жауап беруді нысанаға
алған ақын шығармашылығы мен өмірінен түрлі қызықты, әрі қиын
да қисынды сұрақтар қойылды.
Өткен оқу жылында «V Мұқағали Мақатаев оқулары»
республикалық сайысы біздің қаламызда бірінші рет өткізіліп,
жүлделі I орынды Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған
мамандандырылған гимназиясының 9-сынып оқушысы Сейілханова Дария жеңіп алып, ал облыстық турда II
орынды иеленген еді.
Ақын Мұқағали өзі жырлап өткендейін:
«Іздемпаздық менің де бар өмірім,
Будан жасап бидай мен тары егемін.
Қазан миым бәрін де қайнатады,
Дара қойып қазақтың қара өлеңін ...»,-
деген асыл сөзді Дария да ту етіп, қазақтың қара өлеңінің қадірін өзгеден дара қойып, пір тұтып, облыстық
сайыста 20 үміткер жас ақындар арасынан оқ бойы алға озып жас тіл маманы Ғазиз Еңлік Ғазизқызының
жетекшілік етуімен жүлделі I орынды иеленді.
Ендеше, біз де, ақын апаларымыз Фаризадай қаламыңның қарамы, аяқ алысы кеңейе берсін деген
тілекпен білімді де зерек, жас ақын қызымыз Дарияға болашақтағы ақындық жолында сәттілік тілейміз!
Рахимжанова Рахила
9-сынып
Облыстық олимпиада
25 қарашада Павлодар қаласында «Информатика және
бағдарлама жасау» тақырыбында облыстық олимпиада
өткізілді. Осы сайыста жүлделі орын алған оқушылар:
I орын: Темергалинов Қ . - 6
«Ә»
сынып
II орын: Хайргельдинов А.- 8-сынып
Қайыржан С. – 7
«А»
III орын: Баяманова Г. -8-сынып
«Зерде» ғылыми жоба сайысы
26
қарашада 1-7-сыныптар арасында өткізілетін
облыстық «Зерде» ғылыми жобалар сайысы өтті. Барлығы
мектебімізден 13 жоба жіберіліп, іріктеу турына 4 оқушы
қатысты.
6
«Ә»
сынып оқушысы Қонақбаев С. III орынды иеленді.
Ал 6
«А»
сынып оқушысы Алиханова Томирис «Алаш үміті»
номинациясын
иеленіп,
«Балдәурен»
республикалық
орталығына жолдама алды.
«Білімді – мыңды, білекті – бірді жығар»
Халық даналығы
Ғылыми жоба
11 қарашада мектепшілік ғылыми жоба сайысы
өткізілді, барлығы 8 жоба қатысты. Осы сайыста жүлделі
орын алған оқушылар:
I орын: Өміржан А, Рүстем І. - 9-сынып
Михайлнеко Ю. - 10-сынып
II орын: Ибраева С. - 9-сынып
Аманжолова Д. - 11-сынып
III орын: Маденов А. -8-сынып
Хайргельдинов А. - 8-сынып
Облыстық іріктеу кезеңіне жолдама алған оқушылар:
Өміржан А, Рүстем І
Сейілханова Д
Ибраева С
Хайргельдинов А
КИО (интернет-олимпиадасының) қазақ тілі пәні
бойынша қорытындысы
I орын:Есімханова Ә.
Хасанова А. – 40 ұпай
Искакова М. – 40 ұпай
Кенжегалиева Д. – 40 ұпай
Ибрайкина А. – 39 ұпай
Ғылыми жоба
13 қарашада С.Торайғыров атындағы ПМУ-де
облыстық оқушылардың ғылыми жобалар сайысы
өткізілді. Біздің мектебімізден барлығы 8 жоба
қатысты. Осы сайыста жүлделі орын алған оқушылар:
9-сынып оқушылары Өміржан Ақберен мен Рүстем
Ілияс командалық-топтық жұмыста жүлделі III орынды
иеленді.
8-сынып оқушысы Хайргельдинов Асқар «Өрлеу»
номинациясының иегері атанды.
Мектепішілік пән олимпиадасы өз мәресіне жетті ...
30 желтоқсанда мектепішілік пән олимпиадасы өтті. Биылғы олимпиаданың ерекшелігі
мектебімізде әр пән бойынша оқушылармен жұмыс істейтін жоғарғы оқу орындары ғалымдарының
қатысуымен есте қалды. Жалпы мектепішілік пән олимпиадасына барлығы 117 оқушы қатысып,
оның 79 жүлделі I, II, III орындарға ие болды. Мектепішілік сыннан сүрінбей өткен оқушыларға
облыстық пән олимпиадасында биіктен көрініп,
қоржындары жүлделі орындарға ие болсын деген тілек білдіреміз!
Жеңіс тұғырынан түспеңіздер, құрметті оқушылар!