«Мен қазақпын, белдімін, байтақ елмін, Қайта тудым өмірге, қайта келдім, Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім »



жүктеу 262,21 Kb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата30.05.2018
өлшемі262,21 Kb.
#18522
1   2   3   4   5   6

 

 

 

Мектебіміздің  «Балауса»  радио-ақпарат  орталығында  «20  жұлдызды  күн»  немесе  «Тәуелсіздіктің  20  шыңы»  аясында 

ұйымдастырылған  республикалық  деңгейдегі  іс-шара  өткізілді.  Шараның  мақсаты  –  оқушыларымыздың  қазақ  елінің  дамуы  мен 

өркендеуіне қосқан үлесін, ұлттың ұлттық болмысын танып, салт-дәстүріміз бен рухани құндылықтарымызды насихаттауды көздеді. 

Республикалық деңгейдегі шара барысында «Тәуелсіз елдің ұландары» атты танымдық сайыс-бағдарламасы өткізіліп,  бұған 5-9-

сынып оқушылары белсене қатысты. 



======================================================================================== 

28 қараша күнімектебіміздің бір топ ұстаздары Павлодар қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 10 лицейдің 

шығармашылық  есеп  беру  кешіне  қатысып  қайтты.      Шығармашылық  есеп  беру  кеші  облысымыздағы 

мәдениеттің  белді  ошағы  саналатын  қара  шаңырағымыз    «Жүсіпбек  Аймауытов  атындағы  қазақ 

музыкалық  драма  театрында»  өткізілді.  Кеш  барысы  оқушылардың  шығармашылық  қарым-қабілетін 

ерекше танытуымен ұтымды шықты. Оқушылар ән-күй, би өнерінің сазы мен тылсым сырын балалық өр 

мінезімен шебер ұштастырды. 

 

=======================================================================

================= 

 

1 желтоқсанда мектеп әкімшілігінің ұйымдастырумен  ұстаздар әдістемелік бірлестіктері арасында 



«Менің  көкейімдегі  дарынды  балаларға  арналған  мамандандырылған  мектеп»  тақырыбында  семинар-

трейнинг өтті.  Семинар-трейнингтің мақсаты ‒ мектеп ұстаздарының және әдістемелік бірлестіктердің 

арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, алда орындалатын жұмыс барысын, жалпы дарынды ұрпақтың 

ұлттық санасын кемел біліммен ұштастыруды көздейді. 



 

=======================================================================

================= 

  7  желтоқсан  күні  «Алаш  аманаты    ‒    Тәуелсіздік»  атты  тарих  пәнінің  мұғалімдері  ұйымдастырған  ғылыми-теориялық 

конференция  өтті.  Конференцияның  ұйымдастырылу  мақсаты  –  қазақтың  зиялы  қауымдарының,  ел  тәуелсіздігі  үшін  күрескен 

Алаштың  айтулы  азаматтары    ‒  Әлихан  Бөкейханов,  Мұстафа  Шоқай,  Хәлел  және  Жаһанша 

Досмұхамбетовтер,    Тұрар  Рысқұлов,  Ахмет  Байтұрсынов  және  Міржақып  Дулатов  сияқты  арқалы 

азаматтардың тілеген тілегі  ‒ тәуелсіздік үшін күрескен ерліктерін насихаттауды  алға қойып отыр. Алты 

Алаштың аңсаған тілегі бұл күнде орындалды. Біз тәуелсізбіз, еркінбіз, еріктіміз!  

Еркін 


елдің 

ақ 


ордасы, 

білімнің 

қайнаған 

ортасы 


гимназиямызға 

Павлодар 

мемлекеттікпедагогикалық  институтының  ұстазы,  филология  ғылымдарының  кандидаты  –Елікбай  Серік 

Төлеубайұлы  арнайы  шақыртылып,  ғалым  бүгінгі  болашақ  ұрпаққа  тәуелсіздік  жолында  қасық  қаны 

қалғанша қасқайып тұрып күрескен  ерлердің ерен еңбектерін, олардың басынан кешкен «қилы кезеңнің» мән-мағынасын ашып берді.  

Сонымен  қатар  ел  тарихын  насихаттап,  оның  дамуына  елеулі  үлес  қосып  жүрген  тарихшыларымыздың  бірі    –тарих  ғылымдарының 

кандидаты Сыздықова Аймекен Мерекеқызы қатысты.  

=========================================================================

=============== 

1-нші  және  15-ші  желтоқсан  аралығында  мектебімізде  «Тәуелсіздіктің  20  жылдығына»  орай 

«Еліміздің  еркіндігі  -  Тәуелсіздік»  тақырыбында  ашық  сабақтар  өткізілді.  Ұстаздарымыздың  ашық  сабақ 

берудегі  мақсаты  –  оқушылардың  болмысына  ұлттық  рух  пен  Отансүйгіштік,  патриоттық  сезімдерді 

сіңірту.  Сонымен  қатар  еліміздің  келелі  болашағын  қалыптастыратын  ұрпақты  тәрбиелеуді  көздейді. 

«Тәрбие  –  тал  бесіктен  басталады»  деген  ұстанымды  алғы  шарт  ретінде  ұстанған  ұстаздарымыз  мектеп 

қабырғасында жас өркендеріміздің  бойына «Тәуелсіздіктің тәтті дәмін» сіңірте білді. 

========================================================================= 

26 қараша күні «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына» орай мектебіміздің кітапханашысы Гүлназ Арыстанбекқызының ұйымдастыруымен 

«Ғалымдар  еліне  саяхат»  атты  6 

«А»


  және  6 

«Ә»


  сынып  оқушылары  арасында  зияткерлік-танымдық  сайыс  өткізілді.  Интеллектуалды 

ойынның  мақсаты  ‒  бүгінгі  кемел  ұрпақтың  зияткерлік  әлеуметін  арттырып,  Отанға,  туған  елінің  құндылықтарына,  салт-дәстүріне, 

ғылымға  деген  ілтипатты  арттыру.  Жалпы  оқушылар  тәуелсіздіктің  қадыр-қасиетін  жете  түсінуін  насихаттауды  алғы  шарт  ретінде 

қойды. Ойын барысында жеңіс туы ‒ 6 

«Ә»

 сыныбының қанжығасына байланды.



 

========================================================================

================ 

 

12  желтоқсан  күні  бейнелеу  өнері  пәнінің  мұғалімі  Асхат    Оразымбетұлының  ұйымдастыруымен 



«Тәуелсіздіктің 20 жылдығына» орай бастауыш сынып оқушылары арасында сурет  көрмесі өтті. Сурет 

сайысында  мектебіміздегі  жас  қылқалам  шеберлерінің  қаламын  ұштап,  балалық  қиял  әлемін,  дүниеге 

деген көзқарасын дамытуды мақсат етті. Сонымен қатар жас жеткіншектердің туған елін сүюде олардың 

патриоттық сезімін оятып, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін танытуды алға қойды.  




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          «Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған» 

 

13,14  желтоқсан  күндері  «Тәуелсіздік-  ата  бабам  аңсаған»  атты 

салтанатты  жиын  өткізілді.  Салтанатты  жиын  әнұранмен  басталып,  

тәуелсіздікке  қол  жеткізу  жолындағы    қазақ  халқының    тарихы 

баяндалды.  Мектеп  директоры    толағай  жетістіктерге  жеткен  ұстаздар 

мен оқушылардың табыстарын қортындылап, марапаттады. Салтанатты 

жиынға    жергілікті  газет  тілшілері,  ардагер  ұстаздар,  ата-аналар 

қатысып, оқушылардың өнерін тамашалады



 

 

 

 

1.  1990  жылы  25  қазанда  Жоғарғы  Кеңес  «Қазақ  КСР-нің 

мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылданды. 

2.  1991  жыл  1  желтоқсанда  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  жаппай 

бүкілхалықтық  дауыс  беру  негізінде  айқын  басымдықпен  Қазақ 

елінің тұңғыш Президенті болып сайланды. 

3.  1991  жылы  16  желтоқсанда  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы»  Заң 

қабылданды. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасынан бірінші болып бауырлас 

Түркия Республикасы таныды. 

4.  1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров «Халық қаһарманы» және «Ғасыр адамы» атанды.  

5.  1992 

жылы  қыркүйек,  қазан  айларында  Алматыда  дүниежүзі 

қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. 

6.  1992  жылы  4  маусымда  ҚР  мемлекеттік  Туы  мен  Елтаңбасы 

қабылданды. Дәл осы 11 желтоқсанда ҚР мемлекеттік  әнұраны  қабылданды.  2006 жылы  7 қаңтарда  «ҚР 

мемлекеттік рәміздері туралы» Жарлыққа толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.  

7.  1993  жылы  5  қарашада  Президенттің  «Болашақ»  атты    халықаралық  стипендиясы  белгіленіп,  250 

студент  осы  стипендияның  алғашқы  иегерлері  атанды.  Бұл  жоба  2009  жылы  5000  студенттің  шетелде 

білім алуына жол ашты. 

8.  1993 жылы 15 қарашада Республика Президентінің жарлығымен ұлттық теңгеміз айналымға енді. 

9.  1994  жылы  шілдеде  екінші  қазақстандық  «Союз  ТМ-19»  ғарыш  кемесінің  борт  инженері  Талғат 

Мұсабаев ғарышқа ұшты. 

10.  Еліміз  ұлттық  келісім  мен  ұлтаралық  татулықты  берік  сақтап  келеді.  Осыған  орай  Қазақстан 

халықтары  Ассамблеясы  өз  жұмысын  жақсы  атқаруда.  Яғни,  1995  жылы  1 

наурызда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.  

11.  1993  жылы  28  қаңтарда  ҚР  тұңғыш  Конституциясы  қабылданды.  1995  жылы  30  тамызда  жаңа 

Конституция қабылданды. 

12.  ҚР  «Бейбітшілік  кіндігінің»  негізгі  өзегіне  айналып,  Семей  ядролық  полигонының  жабылуы  

мен Қазақстан ядросыз аймақ болып жарияланды. 

13.  Ел  басының  тапсыруымен  «Мемлекеттік  тілді  қолдану  аясы  мен  дамуының»  бағдарламасы 

жасалды. 

Ей, такәппар дүние, 

Маған да бір қарашы. 

Танимысың, сен мені, 

Мен қазақтың баласы ... 

                      Қасым Аманжолов 

 



жүктеу 262,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау