“Азат күннің жаршысы”
26 қараша күні Ақсу қалалық балалар шығармашылық үйінде ”Сарыарқа самалы” газеті ұжымының ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Осы
кеште «Сарыарқа самалы» газетінің ішінен ашылған екі бірдей жинақтың тұсауы кесілді. Біріншісі - “Айналайын” кітапшасы болса, екіншісі - “Жас times”
жинағы баспа беттеріне шықты. Бұл кітапшалар тұғырлы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай жарық көріп отыр.
Салтанатты жиынға біздің «Балауса» радио-ақпарат орталығының мүшелері де барып қайтқан еді. Енді “Сарыарқа самалы” газетінің жас тілшісі -
Жарқынбек Амантайұлымен жүргізілген сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
- Қайырлы күн, Жарқынбек аға! Алдымен сөз бастамас бұрын “Айналайын” және “Жас times” жинақтарының жарық
көруімен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Оқырмандарыңызды талай мәрте қуантасыздар деген үміттеміз.Сонымен,
алғашқы сауалымыз мынадай: “Осы күнге дейін Сарыарқа самалы газетінің жеткен жетістіктері қандай?”
- Рахмет, 80 жылдық тарих оңай тарих емес, бір ғасырды қамтыған дүние, бір ғасыр дегеніміз - бірнеше адамның ғұмыры,
сондықтан “Сарыарқа самалы ”газетінің жеткен жетістігі өте зор. Ең бірінші, Тәуелсіздік жылдарында оқырмандарымыз ондаған есеге
артты. Бұрын газетіміз 1000-2000 дана болса, қазір 40000-ға дейін жетті. Бұл “Оқиды-ау” деген халақтың көбейгендігін көрсетеді.
Тақырыптық та жетістіктер аз емес, ендеше “Жас times” айдарының шығуы да жетістік. Байқасаңыздар, басқа газетте жазылмайтын
дүние “Жас times” беттерінен табылуда. Бұнда ешқандай бөгеу, тыйым салу деген атаулар жоқ, ойда жүрген тақырыптар ашық түрде
жазылады. Ең бастысы - жастарда қайрат жігер болса болғаны. Бұл газетіміздің үлкен жетістігі болып табылады. Сондай-ақ соңғы бір-
екі айда "Оқшау ой", "Апта аптығы" айдарларының шыға бастауы оқырмандарымыз үшін еркін ой түюге жол ашып жатыр. "Оқшау ой"
айдарында кез-келген ойда жүрген дүниені жазуға болады, яғни ештеңеге шек қойылмайды. Осыны біздің бір үлкен жетістігіміз деп
санар едім.
- Керекудегі жастардың белсенділігі қандай?
- Керекудегі жастардың белсенділігі арта түсті деп айтар едім. Бұрын ағаларымыздың кезінде тіпті қазақ тілді орта болмаған екен,
қазір тамаша орта бар. Ол қандай орта? Ол - өлең, әңгіме, мақала жазатын жастардың көбейгендігі. Елімізде болып жатқан жайттарды
талқыға салатын орта пайда болды. Яғни, мәселелерді көтере алатын жастар пайда болды. Бұл да үлкен бір жетістік, сонымен қоса
көптеген ұйымдар бар. Оған дәлел ретінде "Sms" жастар газетін айтуға болады. Дәл осындай қазақ тілді газет республикамызда болған
жоқ. «Жүрген соң күнде баурайында таулардың биіктігі байқалмайда” деп бекер айтылмаған. Егер қазақ тілділердің ортасында болсақ
қазіргідей күрескер, күшті болмас едік. Негізінде, Кереку жері орыстанған жерлердің бірі ғой, сондықтан да, қой көзді жастарымыз
қашанда күреске қайратты, жігерлі болып келуі - табиғи заңдылық.
- “Балауса” газетінің оқырмандарына тілегіңіз
- Ең алдымен сендер алға дұрыс мақсат қоюларың керек. Сол мақсатқа жету үшін ағаларыңнан ақыл-кеңес сұрап, мақалалар жазып,
тексертіп дегендей, енді, бәрінде де кемшіліктер болады. Онда тұрған ештеңе жоқ, онсыз шынығып ширамайсыңдар, осыған ден
қойыңдар деп айтқым келеді. "Балауса" газеті тек мектептің ішінде ғана қалып қоймауы керек?! Бұның жолын тауып, сендер мектеп
бітіргеннен кейін қамқорлық жасай жүріп, аудандық, осы Ақсуда тарайтын газет етсеңдер нұр үстіне нұр болар еді. Сендерден кәсіпқой,
мықты, талантты журналисттер шығады деп сенеміз, үміттенеміз. "Көздеріңде от ойнаса, сөздеріңде жалын бар" дейді ғой қатарларың
көбейеді деген үміттемін. Биік шыңдар тілеймін!
- Сұхаттасқаныңызға көп рахмет! "Сарыарқа самалы" газетінің бағындырар белестері мен асар асулары көп болсын!
Сұхбаттасқан Сәтпекова Әлемгүл
9-сынып оқушысы
«
Айгөлектің» жетістіктері
Біз “Айгөлек” би тобының мүшелері қарашаның 11-14-не дейін Астана қаласында өткен
“Балбөбек” фестиваліне қатыстық. Фестивальге “Түрік” және “Шашу” биін үйірмедегі жетекшіміз
Зембаева Динара Нығматуллақызының бастауымен апардық.
Астанада біз көптеген басқа би топтарының мүшелерімен таныстық. Сайыста Қостанай
облысынан “Вздохновения”, Астана қаласынан “Тұмар” би ұжымдарымен бақ сынастық. Біз көп
жерлерге бардық. Маған мәдени ойын-сауық кешені “Думан” сауда орталығына барған сәт өте
ұнады. Сонымен қатар Джунгли бағына қыдырып барғанымыз да ерекше есте қалды. Жалпы
сайыста біз III дәрежелі дипломмен оралдық.
Мажинова Эльмира 6
«Ә»
сынып оқушысы
КТК кезекті додасы ...
4 қараша күні 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен КТК ойындары өткізілді. Бұл сайысқа 7-11 сынып аралығындағы
оқушылар қатысты. Осы додада 7-8 - сынып оқушыларының әзілдері айрықша көзге түссе, 9 - сынып оқушыларының үй тапсырмасы
ерекше әсер қалдырды. Ал 10-сынып оқушыларының таныстыруы мен 11-сынып оқушыларының музыкалық көріністері көрермен
көңілінен орын алды.
Ойын нәтежиесі бойынша 11-сынып оқушыларының “Реальный жігіттер” командасы биіктен көрінді. Сонымен қатар әзіл-кеште
“Мистер КВН” атағын Арынов Диас жеңіп алса, “Мисс КВН” атағына Имангазина Адина ие болды.
Жалпы КТК ойындары мектеп қабырғасында жиі өтіп тұрады. Бұл оқушыларымыздың күнделікті сабақ барысында шаршаған
сәттерін басатын «көңіл сергітер тәтті витамин» деп айтсақ артық болмас.
Сәтпекова Әлемгүл 9-сынып оқушысы
«Тәртіп – білімге бастар жол,
Ал мәдениет – өркениетке апарар жол»
Асқар Жұмаділдаев