Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс



жүктеу 95,4 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі95,4 Kb.
#17446
түріКонкурс


Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**


* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.

**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-4

138 248

186 551




  1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 12 кіреберіс, 340 кабинет, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-24-52, электрондық адрес kadry_ak@mdai.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үшін Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1. «Байқоңыр» кешенін дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік) № 16-7-4.

Функционалды міндеттері: Ғарыштық зымыран кешендерді құру бойынша ғарыш қызметі саласындағы жобалардың (инвестициялық ұсыныстар, ТЭН, ҚЭН) материалдарына салалық сараптаманы жүзеге асыру; ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібіне ұсыныстарды және кепілдемелерді әзірлеу; Қазақстан Республикасы үшін жасалатын ғарыштық техника өндіріске мемлекеттік тапсырмалар тізіміме ұсыныстарды әзірлеу; ғарыштық қызметін даму бойынша басым сипатта инвестициялық жобаларды іріктеу бойынша ұсыныстарды әзірлеу; ғарыштық қызметін даму жобалар бойынша ұсыныстарды әзірлеу; Қазақстан Республикасы ғарыш қызметінің дамуын болжауда және жағдайына талдау жүргізуде қатысу; ғарыш қызметi саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелердi қабылдау тәртібіне ұсыныстарды әзірлеу; ғарыштық зымыран кешендерді құру бойынша ғарыш қызметi саласындағы жобаларға (тактико-техникалық және (немесе) техникалық тапсырмалар) техникалық спецификацияны дайындауда қатысу; анықтамаларды, ақпаратты, есептерді және материалдарды дайындау; Байқоңыр» кешені бойынша шарттық-құқықтық базаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды даярлау; Басқарманың жұмыс жоспарлары мен есептерін дайындауға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: құқық (құқықтану, халықаралық құқық, кеден істері) немесе гуманитарлық ғылым (халықаралық қатынастар) немесе техникалық ғылым және технология (ғарыштық техника және технология, ұшу аппараттарын сынау) немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (қаржы).

2. Қаржы және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 16-12-3, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне (08.12.2019 ж. дейін).

Функционалды міндеттері: Комитеттің штаттық және штаттан тыс қызметкерлерінің еңбекақысын мерзімінде төлеу үшін уақытылы ұстап қалуды және аударуды жүргізеді, демалыстар мен жәрдемақыларды есептейді, «Еңбекақы бойынша есептесу ведомостерінің жинағы» № 5 мемориалдық ордерді жүргізеді; міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және зейнетақы мәліметтер-анықтамаларын есептеу мен аударуға есеп пен бақылауды жүргізеді; Комитеттің қызметкерлеріне ай сайын есеп айырысу парағын береді және еңбекақы бойынша есептеулер мен ұстап қалуларды түсіндіру бойынша жұмыстарды жүргізеді; еңбекақы туралы анықтаманы жасайды және береді; еңбекақы, жеке табыс және әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар бойынша төлемге шотты дайындайды; қазынашылыққа құжаттарды: өтінімдер, төлемге шоттар және т.б. дайындауда қатысады; жеке еңбек шарттарын (келісімдерін) жасауға дайындықты және келісімді ұйымдастырады, есепті жүргізеді; бекітілген бюджетке сәйкес, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлейді, қажет болған жағдайда оған өзгерістер енгізеді; тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттарды дайындауды жүзеге асырады; мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды өткізуді ұйымдастырады, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша хаттамаларды жасайды, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша шарттың жобаларын әзірлейді; өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша жиынтық статистикалық есепті қалыптастырады; жасалған шарттар бойынша мониторингті жүргізеді.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.



Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

Әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны: әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі 8, Министрліктер үйі, 12 кіреберіс мекен-жайы бойынша өтеді.

___________________________________
     
(мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:



________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________

      


__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.
жүктеу 95,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау