Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс



жүктеу 112,48 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі112,48 Kb.
#14321
түріКонкурс

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.

**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 мамырда № 15121 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max


С-4



138248,25



186551,86




Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 2 қабат, блок В, 201 кабинет, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-05-79, электрондық адрес a.zhangali@miс.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үшін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

  1. Нормативтік құқықтық актілерге сараптама жүргізу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Министрге қол қоюға ұсынылатын құжаттардың, нормативтік құқықтық актілер жобаларының және Министрлік әзірлейтін құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру; шарттар, халықаралық келісімдер жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру, оларды дайындау жөніндегі жұмысқа қатысу; құрылымдық бөлімшелердің сұранымдары және Заң департаменті басшылығының, Жауапты хатшының және Министрдің тапсырмалары бойынша заңнамалық қорытындылар әзірлеу, байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру; құқық қорғау және сот органдарына беру үшін сыбайлас жемқорлық және де басқа құқық бұзушылық сипаттары бар болу мүмкіндігі бар әзірленген материалдардың заңнамалық рәсімделуін іске асыру; басқарманың құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Министрлік атынан түсіндірмелер беру; Министрлік әзірлеген нормативтік құқықтық актілер жобаларына құқықтық сараптама жүргізу; Министрліктің норма шығару қызметін саралау және оның нәтижелері бойынша Жауапты хатшыға оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу; Министрліктің, оның құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдар қызметкерлеріне құқықтық мәселелер жөнінде кеңес беру; ведомствоаралық комиссия отырыстарына қатысу үшін материалдарды дайындауға қатысу, заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімдерін орындауды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының Парламентінде Министрлік әзірлеушісі болып табылатын заң жобаларының өту барысына қатысу; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды енгізу; Министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларын, оның ішінде оларды Министрліктің өзге басқармалар әзірлеген жағдайда, келісу жолымен дайындауға қатысу; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарына қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық). «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі, «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі» 2015 жылғы 31 қазандағы, «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы кодекстерін, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы, «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі, «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын білуі. Құқықтың негізгі қағидаттарын, азаматтық заңнаманы, Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру, бұқаралық ақпарат құралдары, еңбек қатынастары және мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаларын білуі.


  1. Байланыс департаменті Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Басқарманың құзыреті шегінде байланыс саласындағы мәселелер бойынша есептер, анықтамалар, хаттар және басқа құжаттар дайындау. Телекоммуникациялар мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, байланыс саласындағы өңірлік достастықпен, халықаралық электр байланыс одағымен, дүниежүзілік пошта одағымен және басқа да халықаралық ұйымдармен; Басқармаға жүктелген міндеттерді іске асыру шеңберінде байланыс саласын дамыту бойынша байланыс операторларымен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл ету. Басқармаға жүктелген міндеттерді іске асыру шеңберінде байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерге түсінік беру. Министрліктің алқа отырысын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе құқық, немесе білім беру, немесе жаратылыстану ғылымдары. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі, «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақсан Республикасының заңдарын және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.


  1. Ақпарат комитеті Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Мемлекеттік ақпараттық агенттіктер, интернет-ресурстар, желілік басылымдардың қызметін үйлестіреді, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша мемлекеттік тапсырыстың сапасын бақылау. Мемлекеттік емес БАҚ-пен, отандық және шетелдік ақпараттық агенттіктер, интернет-ресурстар, желілік басылымдар, қоғамдық журналистік ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады. Мемлекеттік емес БАҚ, отандық және шетелдік ақпараттық агенттіктер, интернет-ресурстар, желілік басылымдар, қоғамдық журналистік ұйымдардың қызметін үйлестіреді. «Казконтент» АҚ, «Қазақпарат» ХАА» ЖШС-мен нақты қызмет бағыттары бойынша ынтымақтастықты үйлестіреді. Мемлекеттің әлеуметтік желілерде жұмысы бойынша ақпараттық стратегиялардың әзірлеуін қамтамасыз етеді. Басқарма құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, басқа орталық атқарушы органдарға Елбасының тапсырмаларын, үкімет қаулылары мен шешімдері мәселелері бойынша есеп, ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғаммен байланыс, әлеуметтану, саясаттану, мемлекеттік және жергілікті басқару), гуманитарлық ғылымдар (философия, халықаралық қатынастар, аударма ісі, тарих, филология), білім (шет тілі: екі шет тілі, тарих, қазақ тілі және әдебиет), құқық (юриспруденция). «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының заңын және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу.


  1. Баспа БАҚ-та ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне, 08.06.2018 ж.), 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Мемлекеттік баспа БАҚ қызметін үйлестіреді, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша мемлекеттік тапсырыстың орындалу сапасын бақылауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік емес БАҚ-пен, журналистердің қоғамдық бірлестіктерімен нақты қызмет бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамытады. Нақты қызмет бағыттары бойынша «Казахстанская правда» АҚ -мен әрекеттестікті қамтамасыз етеді. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік тапсырманың орындалуын тексеруді қамтамасыз етеді. Баспа БАҚ-пен жұмыс бойынша ақпараттық стратегияларды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Басқарма құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, басқа орталық атқарушы органдарға Елбасының тапсырмаларын, үкімет қаулылары мен шешімдері мәселелері бойынша есеп, ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бекітілген тәртіп бойынша Басқарма құзыреті шеңберінде Комитеттің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Басқарманың ағымдық және ұзақ мерзімдік жұмыс жоспарын әзірлеуінде қатысады. БАҚ-ты даму мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеуінде қатысады (нақты қызмет бағыттары бойынша). Басқарма құзыретіне жататын бағыттар бойынша сараптамалық, ақпараттық және статистикалық материалдар әзірлейді. Басқарма құзыреті шеңберінде баспа БАҚ қызметіне мониторинг өткізуді қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғаммен байланыс, әлеуметтану, саясаттану, халықаралық сауда және экономика), гуманитарлық ғылымдар (философия, халықаралық қатынастар, тарих, филология), білім (қазақ тілі және әдебиет), қызметтер (әлеуметтік жұмыс), құқық (юриспруденция, құқықтану). «Телерадио хабарларын тарату туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Тиісті мемлекеттік органның басшысымен келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) Конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.



Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады. Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Сұхбаттасуды өткізу орны мен мерзімдері: сұхбаттасу үміткерлердің сұхбаттасуға рұқсаты туралы ескерту алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс өтеді.
жүктеу 112,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау