Ескертпелер:
1. Спорт лагерлерінде (балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің лагерлерінен басқа) жаттықтырушы-оқытушы лауазымдары 15-20 адамнан тұратын топқа бір штат бірлігі есебінен белгіленеді.
2. Спорттық және сауықтыру лагерлерінде тәрбиеші лауазымдары әрбір 35 адамға бір штат бірлігі есебінен белгіленеді.
3. Лагерде су айдыны болған жағдайда (жүзуден мамандандырылған спорт лагерлерін қоспағанда) жүзуден нұсқаушы-әдіскер лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
Туристік лагерлер
Лауазымдардың атауы
|
Ауысымдағы балалар санына
қарай штаттық бірліктер
|
150-ге
дейін
|
150-ден
250-ге
|
250-ден
аса
|
Директор (бастық)
|
1
|
1
|
1
|
Аға тәрбиеші
|
1
|
1
|
1
|
Шаруашылық меңгерушісі
|
1
|
1
|
1
|
Бухгалтер
|
1
|
1
|
1
|
Дәрігер
|
-
|
1
|
1
|
Медбике
|
1
|
1
|
1
|
Сүйемелдеуші
|
1
|
1
|
1
|
Бас аспаз
|
1
|
1
|
1
|
Аспаз
|
1
|
2
|
2
|
Асүй жұмысшысы
|
1
|
1
|
2
|
Кір жуатын машиналардың
операторы
|
1
|
2
|
2
|
Күзетші
|
3
|
3
|
3
|
Ескертпелер:
1. Санаттық және санаттан тыс туристік саяхаттар өткізген кезде жетекші және жетекші орынбасары (бір, екі, үш күндік жорықтарда-жетекші орынбасары) лауазымдарының штат бірліктері 15 адамнан тұратын топқа, ал туризмнің техникалық күрделі түрлерінен саяхаттар өткізген кезде (велосипедпен, суда, тауда, шаңғымен және т.б.) 12 адамнан тұратын топқа белгіленеді.
2. Қатысушылар экскурсиялық туристік базаларда қабылданатын экскурсиялық сапарлар өткізу кезінде 15-25 адамнан тұратын топқа жетекші және жетекші орынбасары лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді.
3. Туристік лагерлерде 35-40 баладан тұратын топтарға тәрбиеші және вожатый лауазымдары бір штат бірліктен (ал жоғары сыныптар оқушыларына арналған лагерлерде тәрбиеші лауазымы екі штат бірлігі) белгіленеді.
4. Туристік лагерлерде туризм жөніндегі нұсқаушы-әдіскер лауазымы әрбір 45 адамға бір штат бірлігі есебінен және 15-20 адамнан тұратын топқа тәрбиеші лауазымы бір штат бірлігі есебінен белгіленеді.
7. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау арнаулы
ұйымдарының қызметкерлерінің үлгі штаттары
Лауазымдардың атауы
|
Штат бірліктерінің саны
|
Басшы
|
1
|
Психиатр-дәрігер
|
1
|
Невропатолог-дәрігер
|
1
|
Сурдолог-дәрігер
|
1
|
Офтальмолог-дәрігер
|
1
|
Педагог-психолог
|
1
|
Логопед-мұғалім
|
1
|
Дефектолог-мұғалім
|
1
|
Сурдопедагог
|
1
|
Тифлопедагог
|
1
|
Медициналық статист
|
1
|
Бухгалтер
|
1
|
Ескертпе:
1. Медицина саласының басқа мамандары кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау арнаулы ұйымдарына жұмысқа 0,5 ставка немесе еңбекке сағаттық ақы төлеу шартымен тартылады.
8. Барлық білім беру ұйымдарына ортақ жекелеген лауазымдар бойынша
білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
1. Мемлекеттік емес тілде оқытылатын білім беру ұйымдарында қазақ тілінің аудармашысы лауазымының штат бірлігі қосымша енгізіледі.
2. Білім беру ұйымдарында арнайы жабдықталған кабинеттер, шеберханалар, зертханалар, оқу-зертханалық жабдықтар, оқу-есептеу техникасының кабинеттері, аудио-бейне, лингвистикалық кабинеттер, байланыс құралдары және басқа да күрделі аппаратуралар болған жағдайда Жабдықтау жөніндегі инженердің, бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маманның және зертханашы лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді.
3. Киім ілуші лауазымының штат бірлігі, жабдықталған киім ілгіш болған жағдайда, жұмыс маусымына белгіленеді. Оқушыларға сабақ беру екінші, үшінші ауысымдарда өткізілетін білім беру ұйымдарында және ұзартылған күн топтары болған жағдайда әр киім ілгішке 0,5 штат бірлігі есебінен киім ілуші лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
4. От жағушылар мен машинистердің лауазымы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесіне берілмеген ұйымдарда:
орталықтандырылған жылу болған жағдайда әр қазандыққа ауысымына от жағушы лауазымының 1 штат бірлігі, ал сыртқы жылытқышы 75 шаршы метрден асатын қатты отынмен (шымтезекпен, көмірмен) жылытылатын қазандықтарда әр ауысымға от жағушы лауазымының 2 штат бірлігі енгізіледі;
газбен жылытылған кезде ауысымға 1 машинист, ал қауіпсіздік автоматикасы жоқ қазандықтарда ауысымына 2 машинист лауазымының штат бірлігі енгізіледі;
орталықтандырылған жылумен (ЖЭО) қамтамасыз етілетін, жылу пункті немесе элеваторы бар мекемелерде - ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсететін және жөндеу жұмыстарын жүргізетін жұмысшы лауазымының 1 штат бірлігі, ал бойлері, сорғылары болған жағдайда ауысымға осындай бір жұмысшы лауазымының штат бірлігі енгізіледі;
пешпен жылытылатын болған жағдайда әрбір 5 пешке от жағушы лауазымының 1 штат бірлігі, бірақ әрбір білім беру ұйымдарына кемінде бір бірліктен белгіленеді.
Осы тармақта көзделген от жағушылар немесе машинистер лауазымдары жылыту маусымына белгіленеді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан от жағушы немесе машинист лауазымы бір штат бірлігі жыл бойына белгіленеді.
5. Қызмет үй-жайларын тазалаушы лауазымы 250 шаршы метр жиналу алаңына 0,5 штат бірлігі есебінен, бірақ әрбір білім беру ұйымында кемінде бір бірліктен белгіленеді.
Оқушылар сабағы екінші, үшінші ауысымда өткізілетін, сондай-ақ ұзартылған күн бойынша оқытылатын топтары бар білім беру ұйымдарында мынадай есептен қызмет үй-жайларын тазалаушы лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді: 2 және 3 ауысымда жұмыс істейтін мектептерде әрбір 250 шаршы метр жиналатын алаңына 0,5 бірлік лауазым, ұзартылған күнмен жұмыс істейтін мектептерде ұзартылған күн топтары пайдаланатын алаңының әрбір 250 шаршы метр жиналатын алаңына 0,5 бірлік лауазым белгіленеді.
6. Білім беру ұйымдарында тиісті еден (паркет және т.б.) жабындылары төселген жағдайда еден сүртуші лауазымының штат бірлігі енгізіледі.
7. Аула сыпырушы лауазымының штат бірліктері сыпырылатын учаске алаңына қарай белгіленеді. Шағын жинақталған білім беру ұйымдарында аула сыпырушы лауазымының штат бірлігі сыпыру учаскесінің алаңына қарамастан ұйымға бір штат бірлігі есебінен белгіленеді.
8. Жеміс бау-бақшасы бар немесе 1,5 гектардан кем емес сәндік екпелер отырғызылған жер телімдері бар білім беру ұйымдарында аула сыпырушының орнына бағбан лауазымының штат бірлігі енгізілуі мүмкін.
9. Білім беру ұйымдарында автомобиль көлігі, мотокөлік құралы немесе мал көлігі болған жағдайда көліктің әрбір түріне жүргізуші лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
10. Білім беру ұйымдарында әрбір 500 жарықтандыру және электрлік нүктелерге электромонтер лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
11. Слесарь-сантехник және балташы лауазымдарының штат бірліктері білім беру ұйымдарының бөлек тұрған әрбір ғимараттарына енгізіледі.
12. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарда ұйымдардың үлгісіне қарай және үлгі оқу жоспарына сәйкес бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушысы лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
13. Білім беру ұйымдарында қосалқы шаруашылық, егістік алаңы болған кезде директордың өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша енгізіледі.
14. Ұзартылған күнмен білім беру ұйымдарында қосымша мынадай лауазымдық штат бірліктері белгіленеді:
медициналық бике;
қоймашы, аспаз, көмекші жұмысшы лауазымдары тамақ тікелей білім беру ұйымында даярланған жағдайда ғана енгізіледі;
сыныптардың саны тоғыздан асқан жағдайда білім беру ұйымында аспаз лауазымының 2 штат бірлігі енгізіледі;
тәрбиеші лауазымы ұзартылған күн тобына бір штат бірлігі есебінен белгіленеді.
15. Жабдықталған оқу шеберханалары бар білім беру ұйымдарында шеберхана меңгерушісі мен шебер лауазымының штат бірліктері белгіленеді.
16. Білім беру ұйымдарында зертханашы лауазымының штат бірлігі әрбір кабинетке мынадай есептен: 9-18 сынып-жинақтауыш санына лауазымның 1 штат бірлігі, 19-28 сынып болса 1,5 лауазым бірлігі, 29-39 болса 2 лауазым, 40 және одан көп болса 2,5 лауазым белгіленеді.
Компьютер сыныптары мен басқа да арнайы жабдықталған кабинеттер болған жағдайда әрбір кабинетке зертханашы лауазымының 0,5 штат бірлігі қосымша белгіленеді.
17. Оқушыларға көлік құралдарын жүргізуді, ауыл шаруашылығы машиналарымен жұмыс істеуді, жазу машинасымен және басқа да ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеуді үйрететін білім беру ұйымдарында өндірістік оқыту шебері лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
18. Білім беру ұйымдарында жүзу бассейні болған кезде жүзуге үйрету жөніндегі сабақтар өткізілетін әрбір 2 топқа лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен жүзуді үйрету жөніндегі нұсқаушы лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
Хлорлау қондырғысы болған жағдайда 4-тен 8-ге дейінгі топтарға лауазымның 0,5 штат бірлігі, ал 9 және одан көп топтарға 1 штат бірлігі есебінен хлорлау операторы лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
19. Бірқатар пәндер шет тілде оқытылатын білім беру ұйымдарында директордың шет тілі жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
20. Мектепке дейінгі дайындық жөніндегі жұмыс ұйымдастырылған білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі балалар сыныбының тәрбиешісі лауазымының штат бірліктері белгіленеді.
21. Білім беру ұйымдарында спорт кешені болған жағдайда спорт кешенінің меңгерушісі, бассейн меңгерушісі, жүзу жөніндегі нұсқаушы, жүзу бассейнінің медбикесі, кіші медициналық персонал, киім ілуші, хлорлау қондырғысының операторы лауазымдарының штат бірліктері қосымша белгіленеді.
22. Білім беру ұйымдарында музыкалық аспаптар болған жағдайда музыкалық аспаптар қоймасының меңгерушісі лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
23. Әр түрлі тілдерде қатар оқытатын эксперимент режимімен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары лауазымдарының штат бірліктері әрбір тілді оқытуға жеке белгіленеді.
24. Құрамында сырттай оқитын жұмысшы жастар сыныптары немесе топтары бар жалпы білім беретін ұйымдарда жұмысшы жастардан жинақталған сыныптардың (топтардың) саны есепке алынып, осы ұйым қызметкерлерінің штат бірліктері белгіленеді.
Күндізгі және сырттай немесе тек қана сырттай оқу нысандары бар білім беру ұйымдарында қызмет көрсетуші персонал мен жұмысшылардың лауазымдарын белгілеген кезде осы мектептің үй-жайларында оқитын оқушылар саны есепке алынады, ал басшы және оқу-көмекші персоналы лауазымдарын белгілеген кезде басқа ұйымдар беретін үй-жайларда оқитын жекелеген сыныптар оқушыларының, сырттай оқитын оқушылар топтарының және оқу-консультациялық пункттерінің оқушылар саны ескеріледі.
25. 100 және одан да көп сырттай оқитын оқушысы және кемінде екі оқу-консультациялық пункті бар күндізгі және сырттай немесе тек қана сырттай оқыту нысанындағы білім беру ұйымдарында 0,5 штат бірлігі есебінен әдіскер, ал 200 немесе одан да көп сырттай оқитын оқушылары бар ұйымдарда әдіскер лауазымының 1 штат бірлігі белгіленеді. 100-ден 200-ге дейін сырттай оқитын оқушылары бар оқу-консультациялық пункттерде лауазымның 0,5 штат бірлігі есебінен әдіскер, ал 200-ден астам сырттай оқитын оқушылары болғанда - консультациялық пункттің меңгерушісі лауазымының 1 штат бірлігі белгіленеді.
26. Оқушылардың саны 2000-нан асатын білім беру ұйымдарында 1,5 штат бірлігі медбике және 1 штат бірлігі кіші медициналық персонал (санитар), оқушыларының саны 3000-нан асатын ұйымдарда 2 бірлік медбике және 1,5 штат бірлігі кіші медициналық персонал (санитар) лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді.
27. Ұйымдарда тұратын балалар саны 100 және одан көп білім беру ұйымдарында емдәмбике лауазымының 1 штат бірлігі белгіленеді, балалар саны 450 және одан көп ұйымдарда көмекші жұмысшы лауазымының 3 штат бірлігі белгіленеді.
28. 150-ден астам оқушы жатақханада тұратын білім беру ұйымында кастелянша лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
29. Білім беру ұйымдарында қажет болған жағдайда балаларды (тәрбиеленушілердің, білім алушылардың) бейіндік оқыту мен тәрбиелеуге сәйкес келетін, сондай-ақ өткізілетін үйірмелік, спорт, емдеу іс-шараларына қарай лауазымдардың (директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог, әлеуметтік талдаушы, сүйемелдеуші, көркемдік жетекші, костюмер, суретші, киномеханик, сахна жұмысшысы, музыкалық аспаптардың күйін келтіруші, өндірістік оқыту шебері, дене шынықтыру және еңбекке баулу жөніндегі нұсқаушы, қосымша білім беру педагогы, музыкалық жетекші, мұрағатшы, экономист және басқалар) штат бірліктері қосымша белгіленеді.
30. Білім беру ұйымдарында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымы сыныптар саны 40-49 болған кезде 2,5 штат бірлігі, 50-59 болса - 3 штат бірлігі, 60 және одан көп болса - 3,5 штат бірлігі белгіленеді.
31. Дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы лауазымының штат бірлігі білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі балалардың әрбір 2 тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен балаларды сауықтыру және шынықтыру жөніндегі іс-шаралар талаптарына сәйкес белгіленеді.
32. Білім беру ұйымдарында балалар тобы 8-ден кем болмаған жағдайда қажеттілігіне қарай тігінші лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 30 қаңтардағы
№ 77 қаулысымен
бекітілген
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар
лауазымдарының тізбесі
1. Педагог қызметкерлердің лауазымы
Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері;
Жалпы білім беретін, жоғары техникалық мектептің, кәсіптік мектептердің, лицейдің, гимназияның, колледждің, училищенің, мектеп-балабақша кешенінің, арнайы түзету ұйымдары мен барлық түрдегі және үлгідегі интернаттық ұйымдардың директоры (бастығы, меңгерушісі);
Балалар үйі, сәбилер үйі, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйі-интернаты, балалар мен жас өспірімдерге арналған әлеуметтік панахана, кәмелетке толмаған балаларға арналған әлеуметтік-оңалту орталығының директоры (меңгерушісі);
Басшы қызметкерлер мен мамандар біліктілігін көтеретін және қайта даярлайтын институттың директоры;
Училище (мектеп, мектеп-интернат) директоры (бастығы);
Жоғары (әскери) оқу орнының ректоры (бастығы);
Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;
Шығармашылық шеберхананың жетекшісі (білім беру ұйымдарында);
Дене тәрбиесінің жетекшісі (білім беру ұйымдарында);
Алғашқы әскери даярлық жетекшісі, оқытушы-ұйымдастырушысы (оқу орнындағы әскери жетекші);
Жоғары (әскери) оқу орнының оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс, тәрбие, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры (бастықтың орынбасары);
Жоғары оқу орнының кафедра меңгерушісі, әскери кафедра бастығы;
Жалпы орта білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім, қосымша білім берудің басқа да ұйымдарындағы директордың (бастықтың) ғылыми, оқу ісі, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары, мектептердің, мектеп-интернаттардың жұмыстары жөніндегі орынбасары;
Басшы қызметкерлер мен мамандар біліктілігін көтеретін және қайта даярлайтын институт директорының ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары;
Оқу-өндірістік, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын білім беру ұйымдарының бөлім меңгерушісі;
Оқытушылық қызметпен тікелей айналысатын профессор, доцент;
Әлеуметтік педагог;
Педагог-ұйымдастырушы;
Қосымша білім педагогы;
Тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (оқу орындарындағы тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім);
Педагог-психолог;
Кеміс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог);
Аға оқытушы, оқытушы;
Аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында);
Оқыту қызметімен тікелей айналысатын спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы;
Балалардың мектепке дейінгі ұйымының музыкалық жетекшісі;
Оқу орнының, оқу-тәрбие, оқу-сауықтыру ұйымының аға тәлімгері;
Оқу-тәрбие оқу-өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы;
Спорт мектебінің нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері;
Білім беру ұйымдары филиалының (мектептен тыс ұйымдардан басқа) директоры (меңгерушісі);
Білім беру ұйымдары филиалының ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі директорының (меңгерушісінің) орынбасары.
2. Педагог қызметкерлерге теңестірілген адамдардың лауазымы
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация меңгерушісі;
Оқу-консультация пунктінің меңгерушісі;
Оқу (оқу-жаттығу) орталығының директоры (бастығы);
Оқу-өндірістік, оқу-курстық комбинат директоры;
Жоғары оқу орнындағы оқытудың барлық түрлеріндегі факультеттің деканы, институттың директоры;
Оқу-ғылыми өндірістік кешенінің жетекшісі, жетекшінің орынбасары;
Оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталығының (кешенінің) директоры (меңгерушісі);
Лагерьдің (қорғаныс-спорттық, сауықтыру, мектеп, еңбек және демалыс) бастығы;
Оқу полигонының (білім беру ұйымдарының) бастығы (меңгерушісі);
Білім алушылардың кәсіптік практикасының жетекшісі (білім беру ұйымдарында);
Оқу-өндірістік (оқу) шеберхана меңгерушісі (білім беру ұйымдарында);
Білім беру ұйымдарындағы зертхана, кабинет, сектор меңгерушісі;
Студенттік зерттеу бюросының жетекшісі;
Қосымша білім беру ұйымының директоры;
Аудармашы-дактилолог (білім беру ұйымдарындағы сурдоаудармашы);
Еңбек жөніндегі нұсқаушы (білім беру ұйымдарында);
Мәдени ұйымдастырушы (білім беру ұйымдарында);
Оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталықтарындағы (кешендеріндегі) нұсқаушы, әдіскер, тәрбиеші, өндірістік оқыту шебері;
Аға шебер, өндірістік оқыту шебері;
Басшы қызметкерлерді және мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтының, оқу орындарының (кафедралардың) ассистенті;
Білім беру ұйымдарының әдіскері, аға әдіскер (жоғары оқу орындарынан басқа);
Оқу-тәрбие жұмысымен тікелей айналысатын музыкалық жетекші (балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарынан басқа), аккомпаниатор, концертмейстер;
Оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесі-спорт ұйымдарының нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері;
Мектептен тыс ұйымдардағы қызығушылығы бойынша студия, клуб жетекшілері;
Оқу-өндірістік, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталығы (кешені) директорының орынбасары;
Білім беру ұйымдарында оқу бөлімінің меңгерушісі;
Режим бойынша аға кезекші, ерекше маңыздағы білім беру ұйымдарының режимі бойынша кезекші.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 30 қаңтардағы
№ 77 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1304 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 45, 404-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1304 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 ақпандағы № 252 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 7, 76-құжат).
3. «Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 38, 395-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1136 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 43, 463-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 60 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 4, 32-құжат).
Достарыңызбен бөлісу: |