Мемлекеттік бағдарламасы


-диаграмма. 2011 – 2015 жылдардағы майлы дақылдардың егіс алаңдарының құрылымы және жалпы жиналымы



жүктеу 5,5 Mb.
бет4/18
Дата22.05.2018
өлшемі5,5 Mb.
#16247
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

6-диаграмма. 2011 – 2015 жылдардағы майлы дақылдардың егіс алаңдарының құрылымы және жалпы жиналымы

2015 жылы жабық топырақтағы құрылыстардың алаңы 967,8 гектарды, жылыжай көкөністерінің жалпы жиналымы 147,7 мың тоннаны құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 120 мың тоннаға артық. Халықтың жылыжай көкөністерімен қамтамасыз етілуі 60%-ды құрайды.

2015 жылы картоптың егіс алаңы 190,6 мың гектарды, жалпы жиналымы 3 521,1 мың тоннаны құрады, бұл 2011 жылдың деңгейінен тиісінше 3,4% және 14,5%-ға артық (осы Бағдарламаға 8-қосымшаны қараңыз). Бұл ретте, ірі АШТӨ өндіретін картоп толығымен қалалардың нарықтарына, тұқымға және экспортқа кетеді.

2015 жылы жеміс-жидек дақылдары мен жүзімдіктердің алаңы 57,5 мың гектарды, жалпы жиналымы 280,2 мың тоннаны құрады, бұл 2011 жылдың деңгейінен тиісінше 5,3% және 19,2%-ға артық. Көрсетілген көлем республика халқының қажеттілігін 54%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, ал тапшылық импорттық өнімдер есебінен жабылады (осы Бағдарламаға 9-қосымшаны қараңыз).

2015 жылы қант қызылшасының егіс алаңы 9,2 мың гектарды құрады, бұл 2011 жылдың деңгейінен 49,5%-ға аз. 2011 – 2015 жылдар кезеңінде қант қызылшасы өндірісінің орташа жылдық көлемі 122,9 мың тоннаны құрады, бұл 2006 – 2010 жылдар көрсеткіштерімен салыстырғанда 99,5 мың тоннаға немесе 45%-ға аз. Қант қызылшасы өндірісі көлемінің жеткіліксіздігі себебінен республикаға жыл сайын орта есеппен 255 мың тонна көлемінде құрақ қант шикізаты импортталады (осы Бағдарламаға 10-қосымшаны қараңыз).

Шитті мақта өндірісі Оңтүстік Қазақстан облысында шоғырланған.


2011 – 2015 жылдар аралығындағы кезеңдегі әртараптандыру бойынша қабылданған шаралар шеңберінде мақтаның егіс алаңдарының төмендеуі
61,3 мың гектарды немесе 38,2%-ды құрады, орташа жылдық түсімділік
25,9 ц/гектар болғанда шитті мақтаның жалпы жиналымы 62,1 мың тоннаға немесе 18,5%-ға азайды (осы Бағдарламаға 11-қосымшаны қараңыз).

Өсімдік шаруашылығы өнімінің өндірістік шығындарының құрылымында шығымдылыққа тікелей ықпал ететін шығындар (тұқымдар, жанар-жағармай материалдары, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары мен негізгі құралдардың амортизациясы) 70%-ға дейін құрайды.

2016 жылы дәнді дақылдардың (бидай, арпа, сұлы) егіс алаңының 1 гектарына арналған АШТӨ өндірістік шығындары орта есеппен 1 гектарға 31657 – 36834 теңгені, астыққа арналған жүгері 114488 теңгені, майлы дақылдар 26487 теңгеден (рапс) 40159 теңгеге (күнбағыс) дейін, қант қызылшасы 215407 теңгені құрайды.

Республикада ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын өндіру мен өткізуді 362 аттестатталған тұқым өндіруші жүзеге асырады, бұл ретте басым көпшілігі (74%) дәнді дақылдар тұқымын өндірумен айналысады, майлы дақылдар бойынша 66 субъект, азықтық шөптер бойынша – 55, жүгері бойынша – 9, қант қызылшасы бойынша - 2 субъект аттестатталған. Осыған байланысты, республикада өндірілген көрсетілген дақылдар тұқымдарының көлемі оларға деген қажеттілікті жаппайды және тұқым импортының айтарлықтай үлесі байқалады.


7-диаграмма. Әр түрлі репродукцияның тұқымдары себілген егістер үлесі, %

2015 жылдан бастап тұқым шаруашылығын субсидиялау тетігінің өзгеруіне, ең төменгі нормалар бойынша 1-репродукциялы тұқымдарды субсидиялауға көшуге байланысты элиталық тұқымдар себілген алаңдар үлесі төмендеді. Айталық, 2011 жылы аталған көрсеткіш 4,4%-ды, 2014 жылы –


6,3%-ды, 2015 жылы – 3,4%-ды құраған болатын (осы Бағдарламаға
12-қосымшаны қараңыз).

Органикалық тыңайтқыштар енгізілген алаң 2015 жылы шамамен 69 мың гектарды құрады, бұл 2011 жылдың деңгейінен 29,1%-ға төмен. Егіс алаңы


21-22 млн гектар болған кездегі республиканың органикалық тыңайтқыштарға деген жыл сайынғы қажеттілігі ғылыми-негізделген енгізу нормасы гектарына
5 тонна жағдайында шамамен 100-110 млн тоннаны құрайды.
жүктеу 5,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау