жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
Осы Заң мемлекеттік аудит объектілерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктін қоспағанда мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит органдарын ұйымдастырудың, қызметінің және өкілеттіктерінің бірыңғай қағидаттарын белгілеуге бағытталған.
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың мәні
1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, сондай-ақ оның аумағынан тыс жерлерде әрекет ететін мемлекеттік аудит объектілеріне қатысты қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартпен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарт қағидалары қолданылады.
2-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің ар-намыс кодексі – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметінің ар-намыс қағидаларының бірыңғай жиынтығы;
2) мемлекеттік аудит – мемлекеттік аудит объектілерінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда олардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жөніндегі қызметін, бюджет қаражатының, мемлекет активтерінің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, олардың қызметінің мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін жетілдіруге және анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға бағытталған заңнама талаптарына сәйкестігін функционалдық талдау және бағалау (тексеру), сондай-ақ мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканы немесе жекелеген экономика саласын, әлеуметтік саланы, басқа да мемлекеттік басқару салаларын дамытуға әсерін кешенді және объективті бағалау;
3) мемлекеттік қаржылық бақылау – мемлекеттік аудит объектісінің қызметінде заңнаманы бұзушылықтар анықталған кезде салдарларын жоюды және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуды талап ететін ден қою шаралары;
4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ меншік түріне және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалар, бюджетке түсетін түсімдерді қалыптастыруда қатысатын және (немесе) бюджет қаражатын, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, квазимемлекеттік сектор активтерін, мемлекет және квазимемлекеттік сектор кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқаруды және пайдалануды жүзеге асыратын жеке тұлғалар (бұдан әрі – аудит объектілері);
5) электрондық аудит – ақпараттық технологияларды және бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы мемлекеттік аудитті жүзеге асыру;
6) бұзушылық – бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды жоспарлаумен және пайдаланумен, мемлекет кепілгерліктерін, оның ішінде бюджетті атқару қызметіне байланысты басқа да кепілгерліктерді берумен байланысты қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасы ережелерінің, сондай-ақ нормативтік, құқықтық, оның ішінде оларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері қабылдаған актілердің ережелерінің бұзылуына әкеп соқтырған әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік);
7) кемшіліктер – бұзушылыққа жол берілуіне және, немесе бұзушылыққа жол берілуіне жағдай (бұзушылықтарды туындату тәуекелі) тудыруға әкеп соқтырған іс-әрекеттер (әрекетсіздік);
8) бұзушылықтар сыныптауышы – бұзылған құқық нормалары және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тиiстi жауаптылық түрлерi көрсетiле отырып, мемлекеттік аудит объектілерінде анықталатын бұзушылық түрлерiнiң тiзбесiн және оларды жою тәсiлдерiн қамтитын құжат;
9) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
10) үнемділік – ресурстар қызметінің бағаланатын нәтижелерінің тиісті сапасын сақтай отырып, осы нәтижелерге қол жеткізу үшін бөлінген құнды барынша азайту;
11) тиімділік – алынған нәтижелердің үнемділік, өнімділік және нәтижелік анықтамасын қамтитын жоспарланған және оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстарға ара қатынасы;
12) нәтижелілік - әрбір қызмет бойынша пайымдалған міндеттерді іске асыру деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және іс жүзіндегі нәтижелердің ара қатынасы;
13) өнімділік – қол жеткізілген нәтижелердің экономикаға немесе жекелеген басқару саласына пайдалылық дәрежесі;
14) ішкі бақылау жүйесі – мемлекеттік орган басшысы аудит объектісін тиімді басқаруға қол жеткізу үшін қабылдайтын шаралар мен рәсімдер жүйесі;
15) мәнділік – мемлекеттік аудит кезіндегі қатенің ең жоғары рұқсат етілетін, қаржылық есептілікте көрсетілген баптардың 10%-ынан аспайтын мөлшері;
16) тәуекелдерді бағалау – мемлекеттік аудит объектісінің өз мақсаттарына қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді анықтау және талдау үдерісі;
3-бап. Мемлекеттік аудит
1. Мемлекеттік аудиттің мақсаты, Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде аудит объектісін басқарудың және мемлекет қаражатын, мемлекеттің және квазимемлекеттік сектордың активтерін пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аудит сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
2. Сыртқы мемлекеттік аудит - халықтың өмір сүру жағдайлары сапасының серпінді өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, еңбек, ақпараттық) тиімді пайдаланылуын бағалау(тексеру) болып табылады.
3. Ішкі аудит – ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін, қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен шынайылығын; басқару қызметі мен үдерістерінің тиімділігін, көрсетілетін қызметтердің сапасын, активтердің сақталуын және Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының, сондай-ақ мемлекеттің қаржы қаражаты мен активтерінің пайдаланылуын регламенттейтін нормативтік және құқықтық актілердің талаптарының сақталуын тәуелсіз және объективті бағалау.
4-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау
1. Мемлекеттік қаржылық бақылауды өз құзыретіне сәйкес аудит объектілерінің бұзушылықтарын жою және жол бермеу мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік аудит барысында аудит объектілерінің бюджет және өзге заңнаманы бұзушылықтары анықталған кезде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік қаржылық бақылаудың ден қою шараларын қолданады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың ден қою шаралары:
1) айқындалған бұзушылықтарды аудиторлық есепте тіркеу және көрсету;
2) айқындалған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген жауапты адамдардың жауапкершіліктерін қарауға нұсқама шығару;
3) «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген құзыреті шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау;
4) аудит объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері айқындалған жағдайда, аудит материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға беру;
5) айқындалған бұзушылықтар сомасының бюджетке орнын толтыру және нұсқаманы орындауға мәжбүрлеу мақсатында сотқа талап-арыз жіберу болып табылады.
2. Ішкі аудит қызметтері осы баптың 1-тармағының 1), 4) тармақшаларында көзделген мемлекеттік қаржылық бақылау шараларын жүргізеді.
5-бап. Мемлекеттік аудит объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышы
1. Анықталған бұзушылықтарды сыныптау, сондай-ақ олардың нәтижелері туралы есептілікті қалыптастыру кезінде бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Бұзушылықтар сыныптауышын қолданады.
Бұзушылықтар сыныптауышын ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) әзірлейді және бекітеді.
2. Бұзушылықтар сыныптауышы бұзушылықтардың мынадай топтарын қамтиды:
1) қаржылық бұзушылықтар – бюджет қаражатын, мемлекет активтерін, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, берілген мемлекет кепілгерліктерін, оның ішінде бюджетті атқару қызметіне байланысты басқа да кепілгерліктерді пайдалану кезінде негізсіз жұмсалуға әкеп соқтырған бұзушылықтар, сондай-ақ нормативтік және құқықтық, оның ішінде оларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері қабылдаған актілердің ережелерінің бұзылуына әкеп соқтырған бұзушылық;
2) рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – бюджет қаражатын, мемлекет активтерін, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, берілген мемлекет кепілгерліктерін, оның ішінде бюджетті атқару қызметіне байланысты басқа да кепілгерліктерді негізсіз жұмсалуға әкеп соқтырмаған бұзушылықтар, сондай-ақ нормативтік және құқықтық, оның ішінде оларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері қабылдаған актілердің ережелерінің бұзылуына әкеп соқтырған бұзушылық;
3. Аудит нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды беру және (немесе) есепке алу бойынша көрсету жолымен тиісті бюджеттің кірісіне қайтарылуға, қалпына келтірілуге жатады.
Бюджетке қайтару мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының нұсқамасының және (немесе) сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген бұзушылықтарға жол берген адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
6-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қағидаттары
Мемлекеттік аудиттің және мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары:
1) тәуелсіздік - мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу кезінде мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тәуелсіздігіне қол сұғатын араласуға жол бермеу;
2) объективтілік – мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасы заңнамасына, аудит және бақылау стандарттарына қатаң сәйкес жүргізу, мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу кезінде алаламау және турашылдық тәсілдерін қолдануы;
3) кәсіби құзыреттілік – мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің білікті және сапалы аудит пен бақылауды жүргізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін білім мен дағдының қажетті көлеміне ие болуы, сондай-ақ тексерілетін ұйым субъектісінің кәсіби борыш және әдептілік нормаларын ұстануы;
4) құпиялылық – мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының аудит пен бақылау барысында алатын немесе өздері жасайтын құжаттарды үшінші тұлғаларға беру не онда қамтылған мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органның бірінші басшысының келісімінсіз ауызша жариялау құқығынсыз сақтау жөніндегі міндеттемесі;
5) дәйектілік – мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік және аудит пен бақылау объектісінің өзге де құжаттарымен растау;
6) ашықтық – мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелерін баяндау анықтығы, мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасының Президентіне, Үкіметіне, тиісті мәслихаттарға, мемлекеттік орган басшыларына, жұртшылыққа есеп беруі;
7) жариялылық – құпиялылық, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның режимін қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелерін жариялау;
8) аудит пен бақылау нәтижелерін өзара тану – мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бекітілген стандарттарды сақтаған кезде бір-бірінің мемлекеттік аудит нәтижелерін тануы.
7-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары
1. Мемлекеттік аудитке қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарымен анықталады.
2. Мемлекеттік аудит стандарттары жалпы және рәсімдікке бөлінеді. Қаржылық бақылау стандарты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының барлығы үшін ортақ болып табылады.
Мемлекеттік аудиттің жалпы стандарттары халықаралық стандарттардың негізінде әзірленеді және мемлекеттік аудит органдарының қызметіне қойылатын негіз салушы талаптарды қамтиды. Мемлекеттік аудиттің жалпы стандарттарын, қаржылық бақылау стандартын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Мемлекеттік аудиттің рәсімдік стандарттары мемлекеттік аудитті тікелей жүргізуге (рәсімге, тетікке және әдістерге) қойылатын негіз салушы талаптарды қамтиды.
Сыртқы мемлекеттік аудиттің рәсімдік стандарттарын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті әзірлейді және бекітеді. Қаржылық есептілік аудитінің рәсімдік стандарттарын, ішкі мемлекеттік аудиттің рәсімдік стандарттарын Есеп комитетімен келісу бойынша ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді.
3. Стандарттар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, мемлекеттік аудит жүргізуге тартылған адамдардың (ұйымдардың) барлығына орындау үшін міндетті.
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органды анықтайды;
2) қаржылық есептілік аудитінің Рәсімдік Стандарттарын;
3) ішкі аудиттің Рәсімдік Стандарттарын бекітеді.
9-бап. Мемлекеттік аудит типтері
1. Мемлекеттік аудит мынадай типтерге бөлінеді:
1) қаржылық есептілік аудиті – аудит объектісінің қаржылық есептілігінің, есепке алу жүйесінің шынайылығын, негізділігін және қаржылық ахуалын бағалау;
2) тиімділік аудиті – аудит объектісінің қызметін үнемділігі, өнімділігі және нәтижелілігі тұрғысынан бағалау және талдау;
сәйкестік аудиті – Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының, мемлекеттің қаржы қаражаты мен активтерінің пайдаланылуын регламенттейтін нормативтік және құқықтық актілердің талаптарын аудит объектісінің сақтауын бағалау (тексеру);
2-тарау. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесі
10-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесі
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бірыңғай саясатты жүзеге асыратын және бірыңғай жалпы стандарттар шеңберінде әрекет ететін органдардың кешенді жүйесін білдіреді.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесін мыналар құрайды:
1) мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың тәуелсіз жоғары органы болып табылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрі – Тексеру комиссиялары);
3) Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган;
4) Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері аппараттарының ішкі аудит қызметтері;
5) бірінші басшының қалауы бойынша құрылатын орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарының ішкі аудит қызметтері;.
Ішкі аудит қызметтері дербес заңды тұлғалар болып табылмайды.
11-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құзыреті
1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті мемлекеттік аудит типтеріне және түрлеріне сәйкес мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу арқылы:
1) мыналарды:
тиісті қорытындыларды дайындай отырып, республикалық бюджеттің, оның ішінде Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес қалыптастырылуын және атқарылуын;
орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, салалық және бюджеттік бағдарламаларға, ұлттық холдингтердің даму стратегияларына қол жеткізілуін және олардың іске асырылуын;
аудит объектілері қызметінің тиімділігін, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентінің басқа да бағыттар бойынша берген тапсырмаларының іске асырылуын;
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың қалыптастырылуын және басқарылуын;
мемлекеттік орган мен республикалық бюджеттен қаржыландырылатын квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметтерінің экономика немесе экономиканың жекелеген бір желісінің, әлеуметтік және мемлекеттік басқарудың басқа да салаларының дамуына әсерін;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудит стандарттарын сақтауын;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген (жұмсалған) ұлттық қаржы ресурстарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырманы бағалауды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуын жоспарлау негізділігін, іске асырылуы және жүзеге асыру тиімділігін, баға белгілеу тәртібін;
квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің басқарылу тиімділігін;
табиғи ресурстардың басқарылуын және пайдаланылуын;
мемлекеттің жалпы сыртқы борышына мониторинг жүргізу жөніндегі қызметті бағалауды жүзеге асырады;
2) мыналарды:
аудит объектісінің бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу дәйектілігін және дұрыстығын, оның ұлттық ресурстарды пайдалану жөніндегі қызметінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасының талаптарына сәйкестігін;
мемлекеттік органдар мен республикалық бюджеттен қаржыландырылатын квазимемлекеттік сектор субъектілері сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімі, көлемі, бағасы, саны және сапасы бойынша шарт талаптарын орындауын;
республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, бюджетке түсетін түсімдердің алынуын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетін түсімдер сомасын қайтару дұрыстығын, салықтық және кедендік әкімшілендіру тиімділігін;
мемлекеттік төтенше бюджеттің атқарылуын;
республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктерін, активтерін, оның ішінде республикалық мемлекеттік мүлікті пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыруды және пайдалануды;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен ғана немесе тапсырмасы бойынша пайдаланылуын;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануын қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады;
3) республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудитін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептіліктерінің аудитін, шарттардың тиімділік аудитін, қоршаған орта саласындағы сәйкестік аудитін, ақпараттық технологиялар саласындағы тиімділік аудитін жүргізеді;
4) мемлекеттік фискалдық және бюджеттік саясатты іске асыруға қатысады, макроэкономикалық болжамның негізгі көрсеткіштерінің шынайылығы мен негізділігі жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
5) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды қамтамасыз етеді;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, ведомстволық ақпараттық жүйелер деректерінің құрамы және форматы туралы ауызша және (немесе) жазбаша нысандағы мәліметтерді, сондай-ақ сыртқы мемлекеттік аудитті жоспарлау мен жүргізуге, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептердің дайындалуына қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде мемлекеттік аудит саласында зерттеулер жүргізу үшін қажетті құжаттаманы және ақпаратты сұратады және алады;
7) мемлекеттік аудит ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету және үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті мемлекеттік ақпараттық жүйелерге, оның ішінде бюджетті қалыптастыру және атқару жөніндегі мемлекеттік функцияларды уақтылы және сапалы орындауға бағытталған ақпараттық жүйелерге қолжетімділік алады;
8) мемлекеттік органдардан, аудит объектілерінен сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізумен байланысты мәселелер бойынша тиісті материалдарды (дәлелдемелерді) анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді кедергісіз, өздері белгілеген мерзімде алады;
9) аудит объектілерінің лауазымды адамдарынан сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізумен байланысты мәселелер бойынша тиісті есептерді тыңдайды;
10) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдамалық іс-шаралар барысында, сондай-ақ ұсынылған өкілеттіктері шегінде қаржы-экономикалық саладағы ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерді анықтау, талдау, бағалау және болжамдау жөніндегі анықталған (анықталатын) бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
11) мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша тиісті мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Президентіне және оларды тағайындаған тұлғаларға лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы нұсқамалар енгізеді;
12) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдар мен аудит объектілеріне жіберілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалу мониторингін жүргізеді;
13) құпиялық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны сақтауды есепке ала отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық есептерін сұратады және талдайды және мемлекеттік аудит сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар береді;
14) талдау және ғылыми зерттеулер жүргізеді, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттік аудит саласында оқыту бағдарламасын іске асырады;
15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
16) мыналарды:
сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларын;
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің келісуі бойынша республикалық бюджет жобасын бағалауды жүзеге асыру қағидаларын, және де мемлекеттік, салалық бағдарламаларды, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын, сыртқы мемлекеттік аудит органдары жүргізетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу қағидаларын;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларын;
сыртқы мемлекеттік аудитті жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйесін;
ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның келісуі бойынша Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің ар-намыс кодексін;
сыртқы мемлекеттік аудиттің рәсімдік стандарттарын;
аудит қорытындысы бойынша қабылданатын актілердің нысандарын, тиісті нысандарда пайдаланылатын Есеп комитетінің және тексеру комиссияларының логотипін;
тексеру комиссиялары туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
17) мемлекеттік аудиттің жалпы стандарттарын, қаржылық бақылау стандартын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге енгізеді, олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
18) орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасуда тексеру комиссияларының атынан олардың мүдделерін білдіреді;
19) ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның, ішкі аудит қызметтерінің тәуекелдерді басқару жүйесін үйлестіреді;
20) басқа да бақылау және қадағалау органдарымен, өзге мемлекеттік органдармен, аудит объектілерімен ақпарат алмасу, сондай-ақ электрондық аудит жүргізу мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың аудит және бақылау материалдарының бірыңғай дерекқорын дамытуды және оның жұмыс істеуін, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
21) бюджет және Қазақстан Республикасының өзге, оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды енгізеді, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және келіседі;
22) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жұмысын үйлестіру үшін, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен (ұйымдармен) өзара іс-қимыл жасау жөнінде құқықтық актілерді қабылдайды;
23) республикалық бюджет туралы заң жобасын, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бағалау жүргізеді;
24) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес өз қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына жүйелі түрде беріп отырады;
25) олардың қызметіне республикалық бюджет есебінен ақы төлей отырып, мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын, оның ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларын, сондай-ақ қажет болған кезде аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуге тартады;
26) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларына әдістемелік көмек көрсетеді;
27) өздері қабылдаған актілердің мерзімді жинақтарын, бюллетеньдер, журналдар және басқа да басылымдар шығарады.
12-бап. Тексеру комиссиясы
1. Тексеру комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің шегінде:
1) мыналарды:
жергілікті бюджеттің, оның ішінде тиісті қорытындылар дайындай отырып, Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес атқарылуын;
өңірлерді дамыту бағдарламалары мен бюджеттік бағдарламаларға қол жеткізілуін және олардың іске асырылуын;
байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін;
жергілікті мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе жекелеген экономика саласының, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына әсерін;
аудит объектілері қызметінің тиімділігін, бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің, Есеп комитетінің, мәслихаттардың тапсырмалары бойынша сондай-ақ Есеп комитеті белгілеген өзге бағыттар бойынша аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруды;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген (жұмсалған) жергілікті қаржы ресурстарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырманы бағалауды қоса алғанда, жергілікті мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуын жоспарлау негізділігін, іске асырылуы және жүзеге асыру тиімділігін, баға белгілеу тәртібін;
квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің, мемлекетке тиесілі акциялардың (қатысу үлестерінің) басқарылу тиімділігін;
табиғи ресурстардың басқарылуын және пайдаланылуын бағалауды жүзеге асырады;
2) мыналарды:
аудит объектісінің бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу дәйектілігін және дұрыстығын, олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнаманың талаптарына сәйкестігін;
жергілікті мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өз құзыреті шегінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мерзімі, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша шарт талаптарын орындауын;
жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, бюджетке түсетін түсімдердің алынуын, сондай-ақ жергілікті бюджеттен түсетін түсімдер сомасын қайтару дұрыстығын, салықтық әкімшілендіру тиімділігін;
жергілікті бюджет, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын, мемлекет активтерін, оның ішінде коммуналдық мемлекеттік мүлікті пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өздеріне бөлінген жергілікті бюджеттің қаражатын пайдалануын қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады;
3) жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудитін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен жергілікті деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептіліктерінің аудитін жүргізеді;
4) әкімдіктен, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, ведомстволық ақпараттық жүйелер деректерінің құрамы және форматы туралы ауызша және (немесе) жазбаша нысандағы мәліметтерді, сондай-ақ сыртқы мемлекеттік аудитті жоспарлау мен жүргізуге, жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептердің дайындалуына қатысты мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы және ақпаратты сұратады және алады;
5) мемлекеттік органдардан және аудит объектілерінен тиісті материалдар (дәлелдер): анықтамалар, сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізуге байланысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелерді кедергісіз алады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген тізбе бойынша тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы жөнінде мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті ақпараттық жүйелерге, оның ішінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі мемлекеттік функцияларды уақтылы және сапалы орындауға бағытталған ақпараттық жүйелерге қолжетімділік алады;
7) аудит объектілері лауазымды тұлғаларының сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізуге байланысты мәселелер жөніндегі тиісті есептерін тыңдайды;
8) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдамалық іс-шаралар барысында, сондай-ақ ұсынылған өкілеттіктері шегінде қаржы-экономикалық саладағы ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерді анықтау, талдау, бағалау және болжамдау жөніндегі анықталған (анықталатын) бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
9) әкімдікке, жергілікті мемлекеттік органдарға, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының аумақтық бөлімшілеріне және аудит объектілеріне жіберілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалу мониторингін жүргізеді;
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына өз қызметі туралы ақпарат беріп отырады.
13-бап. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган
1. Ішкі аудит саласындағы уәкілетті органды Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
2. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган:
1) ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіреді;
2) оларға әдіснамалық және консультациялық, оның ішінде аудит объектілері үшін тәуекелдерді басқару жүйесін құру жөнінде көмек берілуін қамтамасыз етеді;
3) ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне арналған үлгілік біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
4) ішкі аудит қызметтерінің жұмыстары мен Аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
5) Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) ішкі мемлекеттік аудиторлардың білімдерін растау тәртібін әзірлейді;
7) ішкі мемлекеттік аудиторларды оқыту және кәсіби дамыту жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
8) жүргізілген мемлекеттік аудит және олар бойынша қабылданған шаралар жөнінде ішкі аудит қызметтерінің есепті ақпаратын талдауды жүргізеді;
9) ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалауды жүргізеді;
10) ішкі аудит қызметтерінің жұмысы туралы жыл сайынғы есепті дайындайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
11) ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудит стандарттарын және Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
12) Есеп комитетінің келісуі бойынша Ішкі мемлекеттік аудиттің рәсімдік стандарттарын, Қаржылық есептілік аудитінің рәсімдік стандарттарын әзірлейді;
13) Есеп комитетінің келісуі бойынша Қаржылық есептілік аудитін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14) мемлекеттік органдардың басшыларына ішкі аудит қызметтерінің басшылары мен қызметкерлеріне қатысты тәртіптік жауапкершілік қарастыру туралы нұсқама енгізеді;
15) қызметтері Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасымен реттелетін ұйымдарды қоспағанда, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік ұйымдардың қаржылық есептіліктерінің аудитін жүргізеді;
16) Үкімет құрылымына енетін мемлекеттік органдар қызметі тиімділігінің, оның ішінде Жыл сайынғы бағалау жүйесінің шеңберінде жүргізілетін талдау негізінде кешенді аудитін жүргізеді;
17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
18) мыналарды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің пайдаланылуын;
бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына (қымбаттауына) байланысты шығыстарды;
республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін салықтық емес түсімдердің есептелуі мен аударылуының негізділігіне, толықтығына, уақтылылығы мен дәйектілігіне қатысты мәселелер бойынша;
Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің тапсырмалары бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының, кредиттердің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерліктерінің, мемлекеттің және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылуына тексеруді жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша;
мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша;
19) халықаралық келісімдерде көзделген жағдайларда мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерінің сақталуын бақылауды;
20) бақылау объектілеріне жіберілетін нұсқамалар мен аудит нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
21) анықталған бұзушылықтар сомасын бюджетке өтету мақсатында сотқа талап-арыздар жібереді;
22) аудит объектілерінен аудитті жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратады және өздеріне белгіленген мерзімде алады;
23) аудит объектісінің меншік нысанына қарамастан оның аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге құқығы бар;
24) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14-бап. Ішкі аудит қызметі
1. Ішкі аудит қызметтері орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері аппараттарының барлығында құрылады.
Мемлекеттік органның бірінші басшысының қалауы бойынша ведомстволардағы Ішкі аудит қызметтері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген штат саны шегінде құрылады;
2. Ішкі аудит қызметі:
1) қаржылық есептілік аудитін жүргізуге қатысады;
2) Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінде олардың қызметтерінің барлық бағыттары бойынша тиімділік аудитін жүргізеді;
3) ішкі үдерістердің (бизнес-үдерістердің) тәуекелдерін басқару жүйесінің негізінде мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;
4) бюджет шығыстарымен өзара байланыста мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді талдайды;
5) мемлекеттік органның басшысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, алдын алу жөніндегі, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік орган қызметінің ішкі үдерістерін басқару жүйесін жақсарту жөніндегі ұсынымдармен ішкі аудит нәтижелері туралы есепті енгізеді;
6) мемлекеттік органда және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінде сәйкестік, оның ішінде мемлекеттік орган құрылымдық бөлімшелері, оның ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелері қызметінің нормативтік құқықтық актілерге, көрсетілген функцияларға және бекітілген қызмет жоспарларына сәйкестік аудитін жүргізеді;
7) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімі, көлемі, бағасы, саны және сапасы бойынша шарт талаптарын орындауын;
8) аудиттелетін объектіден аудит жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратады және өздері белгілеген мерзімде алады;
9) құпиялық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны сақтауды есепке ала отырып, аудит мәселелеріне жататын аудит объектілерінің құжаттамасымен кедергісіз танысады;
10) жүргізілген мемлекеттік аудит, іс-шаралар мен қабылданған шаралар жөніндегі есептер мен ақпаратты ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
11) тиісті мемлекеттік орган басшысы бекітетін ішкі аудитті жүргізудің перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлейді;
12) тиісті органның басшысы үшін жыл сайынғы жоспарлардың орындалу мониторингінің тоқсан сайынғы есептерін жасайды;
13) мемлекеттік органның басшысы мен ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның алдында жасалған жұмыс туралы жыл сайын есеп береді.
15-бап. Аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес
1. Ішкі аудит шеңберінде тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыру, тәуекелдерді басқару мақсатында мемлекеттік органның ішінде мемлекеттік органның бірінші басшысы басқаратын бақылау-үйлестіру орталығы - Аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес құрылады.
2. Аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру, есептерді, жоспарларды, бағдарламаларды талқылау арқылы ішкі аудит, тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және жүргізу кезінде ресурстар бөлу және ақпараттық жәрдемдесу болып табылады.
3. Аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің құрамына мемлекеттік орган бірінші басшысының қалауы бойынша ведомстволар мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары кіреді. Аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің құрамына міндетті түрде ішкі аудит қызметінің басшысы кіреді.
3-тарау. Мемлекеттік аудиттің рәсімдік негіздері
16-бап. Мемлекеттік аудитті жүргізу рәсімі
1. Мемлекеттік аудит мынадай өзара байланысты кезеңдерден тұрады:
1) егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде аудитті ұйымдастыруды көздейтін жоспарлау;
2) жеке мемлекеттік аудитті жоспарлау және оны өткізу жөніндегі тікелей қызметті білдіретін аудит рәсімдерін қолдану;
3) есептілік жасау және жүргізілген аудит қорытындылары бойынша шешімдер қабылдау.
2. Мемлекеттік аудит кезеңдері мемлекеттік аудиттің рәсімдік стандарттарында регламенттеледі.
3. Мемлекеттік аудитті жүргізу мерзімін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы белгілейді және жоспарланған жұмыс көлемін орындау үшін қолайлы болуы тиіс.
4. Мемлекеттік аудит жүргізу мерзімін оны жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаның жазбаша қолдаухаты бойынша мемлекеттік аудит органының басшысы отыз күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.
5. Мемлекеттік аудит шеңберінде мынадай тексерулер жүргізіледі:
1) үстеме тексеру – тексеріліп отырған мәселе шеңберінде аудиттің негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші тұлғалардың аудиті;
2) бірлескен тексеру – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен және (немесе) мемлекеттік органдармен бірлесіп бірыңғай бағдарлама және аудит тобы шеңберінде келісілген мерзімде жүргізілетін аудит, оның нәтижелері бойынша бірыңғай қорытынды құжат қабылданады;
3) қосарлас тексеру – кейіннен олардың нәтижелерімен алмаса отырып, басқа мемлекеттік органдармен, оның ішінде жоғары мемлекеттік аудит органдарымен келісілген мәселелер мен жүргізу мерзімдері бойынша дербес жүргізілетін аудит.
17-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жоспарлау
1. Жоспарлау, тәуекелдерді басқару жүйелері – аудит объектілерінің қызметін бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады, оның негізінде аудит объектісін, оны мемлекеттік аудитпен барынша қамту мақсатында тәуекелдер тобына жатқызу туралы шешім қабылданады.
Тәуекелдерді басқару жүйесі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен белгіленетін бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерге негізделеді.
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметі оларға жүктелген міндеттер мен өкілеттіктердің іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында олардың бірінші басшылары бекітетін жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның жұмыс жоспары тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде жасалады.
Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының бастамасын қоспағанда, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің;
2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының тапсырмаларын қоспағанда, тексеру комиссияларының жұмыс жоспарларына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
3. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жылдық жұмыс жоспарын қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің, ол уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тұлғаларының тапсырмалары, Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының тұрақты әрекет ететін комитеттерінің сұрау салулары міндетті түрде қаралуға жатады.
Тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарын қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің, ол уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тұлғаларының тапсырмалары, тиісті мәслихаттар мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сұраулары міндетті түрде қарауға жатады.
Жылдық аудит жоспарын қалыптастыру кезінде құқық қорғау органдарының ұсыныстары талданады, олар орындылығы мен өзектілігін қарастыру үшін Есеп комитеті немесе тиісті тексеру комиссиясы отырысының талқылауына шығарылады.
4. Тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспары олардың әкімшілік-аумақтық бірлігінде есепті жылда сыртқы аудитті жүзеге асыру үшін тиісті облыстың құрамына енетін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аудит объектілерін қамтуға тиіс.
5. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның жылдық жұмыс жоспарын қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар мен қылмыстық қудалау органдарының сұрау салулары міндетті түрде қаралуға жатады.
Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның жоспардан тыс аудиті осы Заңның 13-бабында көзделген жағдайларда жүргізіледі.
6. Бекітілген жылдық жоспарлар тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының ресми сайтында орналастырылуға, ал ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органдардың жоспарлары құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға да жіберілуге жатады.
7. Есеп комитеті, тексеру комиссиясы, ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік аудитті жүргізу үшін мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын (олармен келісім бойынша), сондай-ақ қажет болған кезде аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тиісті бюджеттен олардың қызметтеріне ақы төлей отырып, тартуға құқылы.
8. Аудитті және сараптау-талдамалық іс-шараларды жүргізуді тиімді жоспарлау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бірыңғай дерекқорда бақылау және аудит материалдарын, есептілікті орналастыруға міндетті, сондай-ақ келісілген мерзімде жоспарлар туралы ақпарат алмасуды, олар бекітілгенге дейін жүзеге асырады.
9. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органдағы тексерулерді тіркеуді жүзеге асырады.
18-бап. Аудит нәтижелерін тану
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің нәтижелерін олардың аудиторлық есептері мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкес келген кезде таниды.
2. Есеп комитеті:
1) тексеру комиссияларының, ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның жұмысына сүйене алатындай дәрежені анықтау мақсатында мемлекеттік аудит стандарттарын олардың сақтауын бақылауды жүргізеді;
2) ішкі аудит қызметтерінің жұмысына сүйене алатындай дәрежені анықтау мақсатында, мемлекеттік аудит жүргізу шеңберінде егер ішкі аудит қызметінің тиісті бақылауына ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган ұшырамаса, олардың мемлекеттік аудит стандарттарын сақтауын бақылауды жүргізеді.
3. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган егер іріктеп бақылаумен аудиторлық есептердің мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкестігі белгіленсе, ішкі аудит қызметтері жүргізген аудит нәтижелерін таниды.
4. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган есеп комитеті және тексеру комиссиялары, егер олар Қазақстан Республикасының азаматтық-іс жүргізу заңнамасына сәйкес сот тәртібімен дауланбаса немесе Есеп комитеті мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкес келмейді деп танымаса, жүргізген аудит нәтижелерін таниды.
5. Тексеру комиссиясы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізген аудит нәтижелерін таниды.
6. Ішкі аудит және қаржылық бақылау органдарының жұмыс қорытындысы бойынша аудит нәтижелерін тануды Қазақстан Республикасының азаматтық-іс жүргізу заңнамасына сәйкес егер олар сот тәртібімен дауланбаса немесе Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті немесе ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкес келмеді деп танымаса, тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
7. Аудит нәтижелерін таныған жағдайда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары басқа органдар жүргізген мемлекеттік аудит материалдарын негізге ала отырып, аудит көлемін қысқартады.
19-бап. Дәлелдер
1. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер фактілері құжаттамалық және өзге заттай дәлелдерге негізделеді.
2. Заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер дәлелдер болып табылады, олардың негізінде мемлекеттік аудиторлар жұмыстағы бұзушылықтардың немесе кемшіліктердің болуын немесе жоқ екендігін, сондай-ақ аудиторлық есепте айтылған фактілерді растайтын өзге материалдарды белгілейді.
3. Негізінде мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қорытындылар, ұсынымдар мен тапсырмалар тұжырымдалатын дәлелдер оның мақсаттары мен міндеттеріне сай, объективті, шынайы және жеткілікті болуға тиіс.
4. Аудит объектісінде тікелей жиналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, басқа сенімді көздерден алынған құжаттар (материалдар мен ақпарат) дәлелдердің негізі болып табылады.
5. Құжаттар жазбаша да, өзге нысанда да тіркелген мәліметтерді қамтуы мүмкін. Құжаттарға, оның ішінде түсініктемелер, қаржылық құжаттар мен өзге де құжаттар, түгендеу актілері, анықтамалар, бақылау өлшемдерінің актілері, сондай-ақ электрондық ақпаратты, фотосуреттерді қамтитын материалдар жатады.
6. Аудиторлық дәлелдерді жинақтау кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін дәлелдерді жинақтаудың барлық қол жетімді құралдарын пайдаланады.
20-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының талаптары
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өз құзыреттері шегінде берілген талаптары мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының талап етуі бойынша тиісті органдар, лауазымды, жеке және заңды тұлғалар:
1) сұралатын және қажетті материалдарды, ведомстволық ақпараттық жүйелер деректерінің құрамы мен форматтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жоспарлау және жүзеге асыру, бюджеттің атқарылуы туралы есептерді даярлау үшін, оның ішінде құпиялық режимін, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны сақтауды есепке ала отырып, мемлекеттік аудит саласында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажет құжаттаманы және ақпаратты қайтарусыз беруге;
2) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде қажетті құжаттар мен материалдарды (дәлелдерді): анықтамаларды, мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуге байланысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелерді беруге;
3) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары және ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажет мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қолжетімділік беруге;
4) мемлекеттік аудитке қатысу және қорытынды беру үшін мамандар бөлуге міндетті.
3. Талап етілетін ақпарат мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына талап етілетін нысанда, тәртіппен, сондай-ақ оларға белгіленген мерзімде беріледі.
4. Салықтық құпияны құрайтын мәліметтер сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сұрау салуы бойынша сыртқы мемлекеттік жүргізу шеңберінде ғана беріледі.
Кеден органдары Есеп комитетінің сұрау салуы бойынша «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасыныңғ кодексінің 16-бабында көзделген сыртқы мемлекеттік жүргізу үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті.
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының салық қызметіне ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу кезінде ғана беріледі.
Есеп комитеті мен тексеру комиссияларының салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдарының тізбесін бекітеді.
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына берілетін салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесін және оны ұсыну тәртібін салық және басқа да бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып Есеп комитеті бекітеді.
5. Бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына олардың міндеттерін орындауға жәрдем көрсетеді, олардың сұрау салуы бойынша құпиялық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңнамада белгіленген тәртіппен заңмен қорғалатын өзге құпияны сақтау отырып, олар жүргізген тексерулердің нәтижелері туралы ақпарат ұсынады.
21-бап. Аудит нәтижелері бойынша қабылданатын актілер
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мынадай құжаттарды береді:
1) аудиторлық есеп – тікелей мемлекеттік аудит жүргізген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері жасаған белгілі бір уақыт кезеңінде жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы құжат;
2) аудиторлық нұсқама – Есеп комитеті, тексеру комиссиясы, ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган қабылдайтын, мемлекеттік аудит нәтижелерін растайтын және ол тиесілі барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар орындауға міндетті;
3) қорытынды – аудиторлық есептердің негізінде жасалатын, Есеп комитетінің немесе тексеру комиссиясының мемлекеттік аудитті жүргізуге тікелей жауапты мүшесі, ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган қол қоятын құжат;
4) ішкі аудит нәтижелері туралы есеп – жұмыс тиімділігін арттыру, аудит объектісі қызметінің тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ішкі рәсімдерді, қағидаларды, үдерістерді жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын аудиторлық есеп негізінде ішкі аудит қызметі жасаған, мемлекеттік органның бірінші басшысына ұсынылатын құжат.
22-бап. Қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп
1. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есебі – қаржылық есептілік аудитін жүргізу қағидаларына сәйкес ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган жасаған, жазбаша нысанда жазылған қаржылық есептіліктің шынайылығы және бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібінің заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы пікірді қамтитын құжат.
2. Шоғырландырылған жекелеген қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша мыналар:
1) елеулі қателер болмаған кезде – оң аудиторлық есеп;
2) елеулі қателер анықталған кезде – ескертпесі бар аудиторлық есеп беріледі.
3. Аудит объектісінде бухгалтерлік есеп болмаған немесе тиісінше жүргізілмеген жағдайда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы аудит объектісінің басшысына және аудит объектісінің басқару органының функцияларын жүзеге асыратын жоғары тұрған органға осы жұмыстың аяқталу мерзімін анықтай отырып, аудит объектісінде бухгалтерлік есепті қалпына келтіру туралы талаппен нұсқама жібереді, бұл ретте жекелеген қаржылық есептілік аудиті нәтижелері бойынша аудитор өз пікірін білдіруден бас тартатын есеп береді.
23-бап. Сапаны бақылау
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының басшылары осы органдар қызметкерлерінің аудиторлық есептерін мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүйелі түрде жүргізу жолымен сапаны бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық, сараптау-талдамалық қызметінің барлық бағыттары сапаны бақылауға жатады.
3. Сапаны бақылауды жүргізу қажеттілігі мен кезеңділігін, оның ішінде мемлекеттік аудит нәтижелерін қайта тексеру қажеттілігін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы анықтайды.
Сапаны бақылауды жүргізу мерзімі және ұзақтығы оның жеделдігін және нәтижелігін қамтамасыз ету мақсатында анықталады.
4. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің барлық қызметі, сондай-ақ жүргізілген мемлекеттік аудиттің жекелеген бағыттары сапаны бақылауға ұшырайды.
5. Есеп комитеті қызметінің тиімділігін бағалау жүргізу үшін ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік аудит органдарының халықаралық ұйымдары мүшелерінің «тең деңгейдегі» тексеру жүргізуіне жол беріледі.
«Тең деңгейдегі» бағалау қорытындылары Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынылады және құпиялылық режимін, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
6. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың өзге органдарының қызметтерін бағалауды Есеп комитеті жүргізеді.
7. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады.
24-бап. Аудит нәтижелері бойынша қабылданатын актілердің орындалуын қамтамасыз ету
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүйелі негізде өздері берген міндетті түрде орындау үшін бағытталған нұсқамалардың орындалу мониторингін жүзеге асырады.
2. Аудит объектісі және өзге мүдделі тұлғалар ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалуы туралы ақпаратты растау құжаттарын қоса бере отырып, олар көрсеткен мерзімде тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына жіберуге міндетті.
3. Аудит объектісі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамаларын орындамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамаға сәйкес жауапты болады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметіне, әкімге жіберілген ұсынымдар мен нұсқамаларды қарау және орындау туралы ақпаратты тиісінше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі немесе әкім қол қоя отырып, жіберіледі. Тиісті міндетті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өзге лауазымды тұлғаларға немесе уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеуі мүмкін.
4-тарау. Мемлекеттік аудит органдары қызметінің өзге де бағыттары
25-бап. Сараптау-талдамалық қызмет
1. Сараптау-талдамалық қызмет алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалау түрінде жүзеге асырылады.
2. Есеп комитеті республикалық бюджетке қатысты сараптау-талдамалық қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ шоғырландырылған бюджеттің атқарылуын бағалауды жүргізу үшін жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы ақпаратты қорытындылайды.
3. Тексеру комиссиялары өздері аумағында жұмыс істейтін облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте құрылған аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттеріне қатысты сараптау-талдамалық қызметті жүзеге асырады.
4. Сараптау-талдамалық іс-шараларды жүргізу үшін Есеп комитеті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ведомстволық бағынысты ұйымды тартуға құқылы.
26-бап. Алдын ала бағалау
1. Есеп комитеті республикалық бюджет жобасын (бұдан әрі – бюджет жобасы) жоспарлау негізділігі, шынайылығы мен тиімділігін арттыру мақсатында оны алдын ала бағалауды жүзеге асырады.
Алдын ала бағалау:
1) бюджет жобасының макроэкономикалық болжам көрсеткіштеріне сәйкестігін талдау;
2) стратегиялық, бағдарламалық құжаттарға және өзге нормативтік құқықтық актілерге сәйкес оны қалыптастыру негізділігін тексеру;
3) ұсынылған есептеулердің шынайылығын және бюджет жобасының шығыс бөлігі бойынша олардың толықтығын бағалау;
4) оның экономикалық орындылығын және тиімділігін бағалау арқылы жүргізіледі.
2. Бюджет жобасын алдын ала бағалаудың жүргізілуін қамтамасыз ету үшін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тұрақты негізде макроэкономикалық болжам талдауын, республикалық бюджет шығыстарын қалыптастыру кезінде салалық мемлекеттік сараптамаларды жүзеге асыратын уәкілетті органдар (ұйымдар) қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
3. Есеп комитеті бюджет жобасына ұсынылатын есептеулердің негізділігі, шынайылығы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер жүргізуге құқылы.
4. алдын ала бағалау нәтижелері бойынша бюджет жобасына қорытынды дайындалады, ол Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен бюджет жобасын қарастыру кезінде Қазақстан Республикасы парламентінің Мәжілісіне және танысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне беріледі.
Бюджет жобасына берілетін қорытынды ұсынымдық сипатта болады.
5. Бюджетті алдын ала бағалауды жүргізу құрылымын, мазмұнын және тәртібін Есеп комитеті анықтайды.
27-бап. Ағымдағы бағалау
1. Ағымдағы бағалау Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, мәслихаттар мен әкімдер үшін тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жедел ақпаратты қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады.
Есеп комитеті және тексеру комиссиялары бюджеттерді атқару үдерісінде тиісті бюджет кірісіне салықтық және салықтық емес түсімдердің толықтығын және уақтылығын, тиісті бюджет туралы заңның (мәслихат шешімінің) бекітілген көрсеткіштерімен салыстыра отырып, бюджет қаражатының іс жүзінде жұмсалуын талдайды, ауытқу себептерін және олармен байланысты бұзушылықтарды, заңнама кемшіліктерін анықтайды, оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізеді.
2. Ағымдағы бағалауды жүргізу кезінде жүргізілген аудиттің материалдары, сондай-ақ жедел есептілікті өңдеу және тиісті уәкілетті органдар мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері электрондық түрде, оның ішінде:
нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдер, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есептер;
міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары;
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары;
енгізілген өзгерістердің негіздемелерімен бірге жоғарыда көрсетілген құжаттар;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қаржылық есептілік нысандары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы Есеп комитеті мен тексеру комиссияларына ұсынатын ақпараттың талдауына негізделген талдамалық ақпарат пайдаланылады.
3. Жедел бағалау нәтижелері тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру кезінде ескеріледі.
28-бап. Кейінгі бағалау
1. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы заңның (шешімдердің) атқарылуы аудиті барысында бюджеттерді атқарудың іс жүзіндегі көрсеткіштерінің бюджет туралы тиісті заңмен (шешімдермен) бекітілген көрсеткіштерге сәйкестігін анықтау мақсатында бюджет көрсеткіштерін атқарудың толықтығы мен уақтылы болуына, бюджеттердің атқарылуы туралы жылдық есептердің, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің бюджеттік есептіліктерінің сыртқы аудиті барысында бюджеттерді атқарудың заңдылығын, есеп пен есептіліктердің дәйектілігін, бюджет қаражатын, мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігін айқындау мақсатында Есеп комитеті мен тексеру комиссиялары кейінгі бағалауды жүргізеді.
Кейінгі бағалаудың жан-жақтылығы мен нәтижелерінің объективтілігін қамтамасыз ету үшін аудит жүргізіледі.
2. Кейінгі бағалауды жүргізу қорытындылары бойынша тиісті бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның тиісті бюджетті атқару туралы есебіне қорытынды дайындалады, оларды ұсыну және қарау Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
29-бап. Аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін талдау
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізілетін аудиттердің қорытындыларын жүйелі түрде талдайды, қорытындылайды және бюджетті атқару, мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың активтерін пайдалану үдерісінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептер мен салдарларын зерделейді.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізілген аудит қорытындылары бойынша бюджеттік заңнаманы жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды тиісті уәкілетті органдардың қарауына ұсынады.
2. Жүргізілетін мемлекеттік аудиттің сапасын арттыру мақсатында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тұрақты негізде:
1) аудит қорытындылары бойынша барлық мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қабылдайтын актілерді белгіленген стандарттарға, талаптарға, қағидаларға сәйкестігі тұрғысынан талдайды;
2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметтерін, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, бағалау жүргізеді.
3. Жүргізілетін ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың сапасын арттыру мақсатында ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган тұрақты негізде ішкі бақылау қызметтері аудитінің қорытындылары бойынша қабылдайтын актілерді белгіленген стандарттарға, талаптарға, қағидаларға сәйкестігі тұрғысынан талдайды және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.
30-бап. Халықаралық ынтымақтастық
1. Есеп комитеті және Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған өкілеттіктер шегінде ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен және олардың халықаралық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, ынтымақтастық туралы келісімдер жасасады, бірлескен (параллель) аудиторлық және сараптау-талдамалық іс-шараларды өткізуде қатысады, өз атынан көрсетілген халықаралық бірлестіктердің құрамына кіреді.
31-бап. Мемлекеттік аудиттің бірыңғай деректер қоры
1. Мемлекеттік аудитті және мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізген кезде басқару процестерін оңтайландыру, қайталауды болдырмау және аудит нәтижелерін тануы үшін мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылау бойынша бірыңғай деректер қоры (бұдан әрі - ақпараттық жүйе) жұмыс істейді.
2. Бірыңғай деректер қоры мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына жүктелген функцияларды іске асыру кезінде ақпаратты жедел алу және оны пайдалану үшін «электрондық үкімет» жүйесімен және басқа да мемлекеттік органдардың, оның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын болады.
3. Бірыңғай деректер қоры аудит жоспарлары, нәтижелері бойынша, мемлекеттік аудит органдарының сараптау-талдамалық қызметтері бойынша бүкіл ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті өзге де ақпаратты қамтиды. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына Бірыңғай деректер қорына тиісті қолжетімділік деңгейі берілетін болады.
4. Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру үшін аудит объектілері, оның қаржылық және өзге де көрсеткіштері жөніндегі ақпарат Бірыңғай деректер қорында шоғырландырылады.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Бірыңғай деректер қорында аудит және қаржылық бақылау материалдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде орналастыруға міндетті.
Мемлекеттік аудит объектілері Бірыңғай деректер қорын толықтыру үшін қажетті сұрау салынған ақпаратты ұсынуға міндетті.
Есеп комитеті ақпаратты жүйені әкімшілендіреді, оның тиімді жұмыс істеуі, ондағы орналастырылған ақпараттың сақталуы мен қауіпсіздігі үшін жауапты болады.
Мемлекеттік аудит объектілері ақпараттық жүйені қалыптастыру үшін ұсынылатын деректердің дәйектілігі, толықтығы мен жеделдігі үшін жауапты болады.
5-тарау. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
32-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары лауазымды тұлғаларының құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері мемлекеттік аудит жүргізу кезінде:
1) қызметтік куәлігі мен аудит жүргізуге құжатты (бұйрықты) көрсеткен кезде аудит объектісінің меншік нысанына қарамастан оның аумағына және үй-жайларына кедергісіз рұқсат алуға;
2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың міндеттері мен мәніне сәйкес аудиторлық есепті дайындау үшін өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, ақпаратты, оның ішінде электрондық тасығыштарда, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге рұқсатты, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де, оның ішінде құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты өздері белгілеген мерзімдерде сұратуға және алуға;
3) бақылау-қадағалау органдары жүргізген бақылау (қадағалау) нәтижелері бойынша қабылданған актілерді, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары дайындаған аудиторлық есептерді сұратуға;
4) өз құзыреті шегінде аудит объектілерінің басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан мемлекеттік аудитті жоспарлау және жүргізу кезінде анықталған бұзушылық фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ қажетті құжаттардың белгіленген тәртіппен расталған көшірмелерін талап етуге;
5) аудит объектілерінің лауазымды адамдарының мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы фактілері бойынша актілер жасауға;
6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларда хаттамалар жасауға;
7) осы Заңда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Мемлекеттік аудитті, қаржылық бақылауды жүзеге асыратын адамдар мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, аудит объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) аудит объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі болмауға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген талаптарды бұзудың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толыққанды орындауға;
4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың бағдарламалары мен стандарттарына қатаң сәйкестікпен жүргізуге;
5) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қызметкерлерінің этикасы кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы қағидаларының) талаптарын сақтауға;
6) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде аудит объектілерінің басшыларына (лауазымды адамдарына) кедергі болмауға, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәніне қатысты мәселелер бойынша түсініктер беруге;
7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтердің сақталуын және жария етілмеуін қамтамасыз етуге;
8) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу барысында шешім қабылдау кезінде турашыл болуға;
9) мүдделердің қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлауға;
10) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін тек қана мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау барысында алынған ақпаратқа және жиналған нақты деректерге ғана негіздеуге;
11) осы Заңның 17-бабына сәйкес аудит нәтижелерін тану бөлігінде заңнаманы сақтауға міндетті.
33-бап. Аудит және қаржылық бақылау объектісі басшысының құқықтары мен міндеттері
1. Аудит және қаржылық бақылау объектісі басшысы:
1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың мақсатын, уақытын, ұзақтығын, оның нәтижелерін, тұжырымдары мен ұсынымдарын білуге;
2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүргізуге құқық беретін тиісті құжатты ұсынбаған қызметкерлерді мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауға жібермеуге;
3) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қол қойылған аудиторлық есеп берілген күннен бастап, күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қарсылықты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына жіберуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының іс-қимылдарына шағымдануға құқылы.
2. Аудит және қаржылық бақылау объектісінің басшысы:
1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының қызметкерлерін жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;
2) берілетін деректердің дәйектілігі, объективтілігі мен толықтығы үшін жауапты болуға;
3) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге заңдарында өзгесі көзделмесе, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүргізу кезеңінде
тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне жол бермеуге;
4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы қызметкерлерінің іс-қимылдарына араласпауға, оны жүргізуге кедергі келтірмеуге және оның ауқымын шектемеуге;
5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының заңды талаптарын орындауға;
6) аудиторлық есепте, қорытынды мен нұсқамада көрсетілген бұзушылықтар мен кемшіліктерді толық жою және оларды алдағы уақытта болдырмау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты уақтылы табыс етіп отыруға;
7) түсімдерді бюджетке енгізуді, негізсіз пайдаланылған қаражатты бюджетке өндіріп алуды не оларды есеп бойынша қалпына келтіруді, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуге міндетті.
34-бап. Мүдделер қақтығысы
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы лауазымды адамының объективтілігі мен тәуелсіздігін шектеуге қабілетті қызмет немесе қатынастар мүдделер қақтығысы болып танылады.
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мынадай лауазымды адамдарына:
1) аудит және қаржылық бақылау объектісі басшысының, жауапты хатшысының немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туысы, жекжаты немесе сенім білдірілген адамы болып табылатын;
2) аудит және қаржылық бақылау объектісінде жұмыс істеген не тексерілетін кезеңде аудит және қаржылық бақылау объектісі басшысының, жауапты хатшысының немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамының жақын туысы, жекжаты немесе сенім білдірілген адамы болып табылатындарға;
3) аудит және қаржылық бақылау объектісінің онда жеке мүліктік мүдделері бар қызметкерлері, қатысушылары, лауазымды адамдары арасынан шыққан лауазымды адамдарына бақылау жүргізуге тыйым салынады.
3. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері бұл туралы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды тағайындаған басшыға жазбаша хабарлауға тиіс.
4. Осы баптың 2, 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы мүдделер қақтығысын жою бойынша шаралар қолданады.
35-бап. Мемлекеттік аудиторларды сертификаттау
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы қызметкерлерінің кәсіби, іскерлік қасиеттері мен әлеуетті мүмкіндіктерінің, оның бұдан кейінгі даму перспективаларының жан-жақты және объективті сипаттамасын алу және аудитті сапалы жүргізу мақсатында оларды сертификаттау өткізіледі.
2. Мемлекеттік аудиторларды сертификаттауды Мемлекеттік аудиторларды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия жүргізеді, оның құрамына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның өкілдері кіреді.
Мемлекеттік аудиторларды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс органы Есеп комитеті болып табылады, ол ұсынылған ұсыныстар негізінде саны кемінде жеті адам болдатын комиссияның дербес құрамын бекітеді.
3. Сертификаттауды жүргізу тәртібін, оның қорытындылары бойынша шешім қабылдауды, Мемлекеттік аудиторларды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен және ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бекітеді.
4. Сертификаттауға сыртқы мемлекеттік аудиторларды жіберу үшін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті анықтаған тәртіппен білімін растау негіз болып табылады.
Сертификаттауға ішкі мемлекеттік аудиторларды жіберу үшін ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган анықтаған тәртіппен білімін растау негіз болып табылады.
Сертификаттауға жататын мемлекеттік аудитті жүзеге асыруды іске асыратын немесе қамтамасыз ететін лауазымдар тізбесін сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үшін Есеп комитеті және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үшін - ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
5. Осы Заңмен анықталған тәртіпте мемлекеттік аудитор тарапынан басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сәйкестік аудитінің актілерін мойындамауы ескертуге әкеп соқтырады.
Сәйкестік аудитінің актілерін екінші рет мойындамауы мемлекеттік аудит сертификатынан айрылуға әкеп соқтырады.
2-бөлім. Есеп комитеті
1-тарау. Есеп комитетінің қызметін ұйымдастыру және оның лауазымды адамдарының өкілеттіктері
36-бап. Есеп комитетінің құрамы және оған мүшелікке кандидаттарға қойылатын талаптар
1. Есеп комитетінің басшы құрамы Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес тағайындалатын Есеп комитетінің төрағасы және оның сегіз мүшесімен берілген.
2. Есеп комитетінің мүшесі етіп Қазақстан Республикасының аумағында жасайтын, экономикалық, қаржылық, аудиторлық және (немесе) заңгерлік жоғары білімі бар, жұмыс өтілі кемінде жеті жыл, оның ішінде кемінде үш жыл мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарында басшылық қызметте болған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкін.
3. Есеп комитетінің мүшесі өз лауазымын қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды.
4. Есеп комитеті мүшесінің өкілеттіктерін отставка туралы өтініш беру түрінде мерзімінен бұрын тоқтату жағдайында Есеп комитетінің мүшесі Есеп комитетінің төрағасын бір ай бұрыннан кешіктірмейтін мерзімде хабардар етуге міндетті.
5. Есеп комитетінің төрағасы немесе мүшелері өз өкілеттіктерін тоқтатқан кезде олардың лауазымдарына адамдар осы лауазымдардан кеткен немесе отыру мерзімі біткен күннен бастап бір ай ішінде ауыстырылуы тиіс.
6. Егер Есеп комитетінің төрағасының немесе мүшелерінің өкілеттіктерінің мерзімі олар аудит және (немесе) сараптамалық-талдамалық іс-шара өткізіп жүрген кезеңде бітсе, онда оның қорытындылары бойынша Есеп комитеті аудиторлық нұсқаманы қабылдап алғанға дейін олардың өкілеттіктері сақталады.
7. Есеп комитетінің төрағасының немесе мүшелерінің қызметі Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты немесе Мәжілісінің таратылуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері тоқтатылуына байланысты тоқтатыла тұруы мүмкін емес.
8. Есеп комитетінің төрағасы немесе мүшелері өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Президенті бекітетін Есеп комитеті туралы ережеде анықталады.
37-бап. Есеп комитетінің қызметінде қабылданатын актілер
1. Есеп комитеті өз қызметін іске асыру кезінде осы Заңның 22-бабында көрсетілген актілерден басқа, нормативтік қаулылар мен қаулылар қабылдайды.
2. Есеп комитетінің нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындау үшін міндетті және қолданылатын нормативтік құқықтық актілер болып табылады. Есеп комитетінің нормативтік қаулылары міндетті түрде Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелуге жатады.
Нормативтік қаулылар мемлекеттік аудит жүргізу тәртібін, мемлекеттік аудит органдарының жұмысының негізі мен өзара іс-қимылын регламенттеу үшін, сондай-ақ осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен көзделген өзге де жағдайларда қабылданады.
3. Қаулылар Есеп комитетінің отырыстарында қаралған мәселелер бойынша қабылданған шешімдерді тіркейтін, аудиторлық қорытындыны бекітетін, сондай-ақ Есеп комитетінің ағымдағы қызметін регламенттейтін құқықтық актілер болып табылады.
Есеп комитетінің қаулылары Есеп комитеті мен оның қызметкерлерінің қызметіне қолданылады.
4. Есеп комитетінің ағымдағы қызметін қамтамасыз ету мақсатында Есеп комитетінің төрағасы Есеп комитетінің барлық қызметкерлері, сондай-ақ ол арналған өзге де адамдардың орындауы үшін міндетті бұйрықтарды қабылдайды.
5. Аудит және сараптау-талдамалық қызметтердің қорытындылары бойынша осы Заңда көзделген өзге де актілер қабылданады.
38-бап. Есеп комитетінің отырысы
1. Есеп комитетінің негізгі қызмет нысаны оның отырыстары болып табылады.
2. Егер онда Есеп комитетінің құрамынан кемінде үштен бір бөлігі қатысып отырса отырыс заңды болады.
3. Отырыстарды қажеттігіне қарай Есеп комитетінің төрағасы, ал ол болмаған кезде – Есеп комитетінің оның міндетін атқаратын мүшесі шақырады.
4. Есеп комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынылатын ақпарат пен есептердің құрылымы, мазмұны мақұлданады, бақылау іс-шараларының қорытындылары, жоспарлау, әдіснама мәселелері, алқалы шешімді талап ететін өзге де мәселелер қаралады.
5. Есеп комитетінің отырыстары ашық немесе жабық түрде өтеді.
Есеп комитетінің шешімдері Есеп комитетінің отырысқа қатысушы құрамының жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
6. Есеп комитетінің отырыстарын жүргізудің тәртібі, жұмысты ұйымдастыру мәселелері және республикалық бюджеттің атқарылуына бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да мәселелер Есеп комитетінің регламентімен айқындалады.
7. Есеп комитетінің төрағасы жоқ кезде аудит қорытындылары бойынша Есеп комитетінің отырысын өткізуге жол берілмейді.
39-бап. Есеп комитетінің аппараты
1. Есеп комитетінің Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат санының лимиті шегінде іркіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін Есеп комитетінің төрағасы тағайындайтын аппарат басшысы басқаратын Есеп комитетінің аппараты құрылады.
2. Аппарат қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
40-бап. Есеп комитетінің қызметкерлері тәуелсіздігінің кепілдігі
1. Есеп комитеті қызметкерлерінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтіру не біреудің пайдасына шешім қабылдатуға қол жеткізу мақсатында зомбылық іс-қимылдар, намысқа тию, осыған теңдес жала жабу не олардың өз міндеттерін орындауы туралы бұрмаланған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады.
2. Есеп комитетінің қызметкерлерін оның жұмыс жоспарларында көзделмеген тексерулерді жүргізу үшін мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша тартуға жол берілмейді.
3. Егер оның өкілеттіктері осы Заңмен тоқтатыла тұрған болмаса не оның өзі қаралатын мәселеге оның жеке тікелей немесе жанама мүдделілігі салдарынан оның объективтілігі күмән тудырған жағдайда Есеп комитетінің төрағасы қанағаттандыруға тиіс өздігінен бас тарту мәлімдеген болмаса Есеп комитетінің мүшесін Есеп комитетінің отырысында қатысудан шеттетуге ешкімнің құқығы жоқ.
4. Есеп комитетінің республикалық бюджет қаражатын пайдалануын тексеру (бақылау, қадағалау) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша немесе Қазақстан Республикасының Парламентінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
2-тарау. Есеп комитетінің мемлекеттік лауазымды адамдармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу негіздері
41-бап. Есеп комитетінің жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президентімен өзара іс-қимылы
1. Есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне Есеп комитетінің есепті кезеңдегі жұмысы туралы ақпаратты тоқсан сайын ұсынып отырады. Егер өзгеше талаптар Қазақстан Республикасының Президентінің актілерімен белгіленбеген болса, ұсынылатын ақпараттың нысаны мен құрылымы тиісті рәсімдік стандартта регламенттеледі.
2. Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған Есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне бақылау объектілерінің лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамау фактілері бойынша, сондай-ақ кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді.
3. Жыл қорытындылары бойынша Есеп комитеті осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпараттан басқа мемлекеттік аудит органдарының жұмыс көрсеткіштері туралы ақпаратты ұсынады.
42-бап. Есеп комитетінің Қазақстан Республикасының Парламентімен өзара іс-қимылы
1. Есеп комитеті Қазақстан Республикасының Парламентіне қарау мен бекіту және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат үшін есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынады.
2. Есеп комитетінің Қазақстан Республикасының Парламентімен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Парламентінде тұрақты түрде жұмыс істейтін Қаржы және бюджет комитетінің ағымдағы жұмысы шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының Парламентімен кез келген Палатасы құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, Есеп комитеті жүргізген мемлекеттік аудиттің жасалған нәтижелерін сұратуға құқылы.
43-бап. Есеп комитетінің Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзара іс-қимылы
1. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган өткен қаржы жылындағы шоғырландырылған қаржылық есептілігін ұсынғаннан кейінгі екі ай ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылған ақпараттың сенімділік және объективтілік дәрежесін сақтай отырып, Есеп комитеті белгіленген тәртіппен қорытынды ұсынады.
2. Қорытындыда бүкіл шоғырландырылған есептілікке, сол сияқты жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде қорытындылар мен ұсынымдар көрініс табуы мүмкін.
44-бап. Есеп комитетінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимылы
Өз қызметтерін үйлестіру мақсатында сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында, стандарттарды сақтау мәселелерінде құқық қолдану практикасын қарау үшін Үйлестіру кеңесін құрады.
Үйлестіру кеңесін қалыптастыру және қызметін ұйымдастыру тәртібін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды
3-тарау. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде қызмет атқару
45-бап. Есеп комитетіне мемлекеттік қызметке түсу
1. Есеп комитетінің аппаратына мемлекеттік қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнет жасына жетпеген, жоғары экономикалық, қаржылық, заңгерлік білімі немесе өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткілікті кәсіби даярлық деңгейіне сәйкес келетін өзге білімі, практикалық жұмыс тәжірибесі, қажетті жеке, моральдық және кәсіптік қасиеттері бар Қазақстан Республикасының азаматы алынады.
Есеп комитетінің қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының Президентінің келісуімен Есеп комитеті белгілейді және екі жылда бір реттен жиі өзгертуге жатпайды.
2. Есеп комитетіне мемлекеттік қызметке түсу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес міндетті тағылымдамадан өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Тағылымдама Есеп комитетіне ведомстволық бағынысты ұйымда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бекіткен қайта даярлау (біліктілік арттыру) бағдарламалары негізінде алты ай бойында өткізіледі.
Қайта даярлау (біліктілік арттыру) бағдарламаларын қалыптастыру, бекіту және тағылымдамадан өту процестеріне басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тарапынан араласуына жол берілмейді.
Тағылымдамадан өту мерзімі сынақ мерзіміне есепке жатқызылады.
Тағылымдамадан өту шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің келісуі бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті белгілейді.
46-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде қызметте өсу
1. Есеп комитеті қызметкерлерінің мансаптық өсуі Есеп комитеті бекітетін корпоративтік кадрлық саясат негізінде, білім деңгейі мен кәсіби даярлығын, психологиялық қасиеттерін, денсаулық ахуалы мен осы Заңда және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген өзге де жағдайларды ескере отырып жүргізіледі.
2. Қызметкерлерді жоғары тұрған лауазымдарға тағайындау олардың қызмет жолындағы бар тәжірибесін ескере отырып, бейіндік мамандығы бойынша пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс. Қызметкерлерді лауазымдарға олар үшін жаңа қызмет бейіні бойынша тағайындау қажет болған кезде оларды осы лауазымға тағайындаудан алдын тиісті қайта даярлаудан өткізу қажет.
47-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде мемлекеттік қызметті тоқтату
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде мемлекеттік қызметті тоқтату «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
3-бөлім. Тексеру комиссиялары
1-тарау. Тексеру комиссияларының қызметін ұйымдастыру және оның лауазымды адамдарының өкілеттіктері
48-бап. Тексеру комиссиясының құрылымы мен оны қалыптастыру тәртібі
1. Тексеру комиссиясы басшылығының құрамы бес жыл мерзімге қызметке тағайындалатын төраға және төрт мүшесімен ұсынылған.
2. Тексеру комиссиясының төрағасын тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты Есеп комитетінің келісуімен «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
3. Тексеру комиссиясының мүшелерін тиісті тексеру комиссиясының төрағасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындайды.
4. Тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тұратын, жасы отыздан төмен емес, жоғары экономикалық, қаржылық және (немесе) құқықтық білімі бар, мамандығы бойынша кемінде жеті жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.
5. Тексеру комиссиясының төрағасы немесе мүшесінің өкілеттіктері үлгілік ереже негізінде тиісті мәслихат бекітетін тексеру комиссиясы туралы ережемен анықталады.
49-бап. Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату
1. Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелері мынадай жағдайларда:
1) олар, азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке зиян келтіруге әкеп соқтырған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған;
2) отставкаға шығу туралы жеке өтініші және оның қабылдануы;
3) олар күшіне енген сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған;
4) олар күшіне енген сот шешімі негізінде қасақана қылмыс жасауда айыпты деп танылған;
5) қайтыс болған жағдайларда мерзімінен бұрын қызметтен босатылады.
2. Тексеру комиссиясының мүшесі өзінің мүшеліктен босату туралы өтініш беретіні туралы тексеру комиссиясының төрағасын кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етуі тиіс.
3. Тексеру комиссиясының төрағасы немесе мүшелері өз өкілеттіктерін тоқтатқан кезде олардың лауазымдарына адамдар осы лауазымдардан кеткен немесе отыру мерзімі біткен күннен бастап бір ай ішінде ауыстырылуы тиіс.
4. Егер тексеру комиссиясының төрағасының немесе мүшелерінің өкілеттіктерінің мерзімі олар аудит және (немесе) сараптамалық-талдамалық іс-шара өткізіп жүрген кезеңде бітсе, онда оның қорытындылары бойынша тексеру комиссиясының аудиторлық нұсқаманы қабылдап алғанға дейін олардың өкілеттіктері сақталады.
5. Тексеру комиссиясының төрағасының немесе мүшелерінің қызметі мәслихаттың тарауына байланысты тоқтатыла тұруы мүмкін емес.
50-бап. Тексеру комиссиясының отырысы
1. Тексеру комиссиясының негізгі қызмет нысаны оның отырыстары болып табылады.
2. Егер онда Тексеру комиссиясының құрамынан кемінде үштен бір бөлігі қатысып отырса отырыс заңды болады.
3. Отырыстарды қажеттігіне қарай Тексеру комиссиясының төрағасы, ал ол болмаған кезде – Тексеру комиссиясының оның міндетін атқаратын мүшесі шақырады.
4. Отырыста мәслихатқа және Есеп комитетіне ұсынылатын ақпарат пен есептердің құрылымы, мазмұны мақұлданады, бақылау іс-шараларының қорытындылары, жоспарлау, әдіснама мәселелері, алқалы шешімді талап ететін өзге де мәселелер қаралады.
5. Тексеру комиссиясының отырыстары ашық немесе жабық түрде өтеді.
Тексеру комиссиясының шешімдері Тексеру комиссиясының отырысқа қатысушы құрамының жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
6. Тексеру комиссиясының отырыстарын жүргізудің тәртібі, жұмысты ұйымдастыру мәселелері және республикалық бюджеттің атқарылуына бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да мәселелер тексеру комиссиясының регламентімен айқындалады.
51-бап. Тексеру комиссиясының аппараты
1. Тексеру комиссиясының Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат санының лимиті шегінде іркіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін Тексеру комиссиясының төрағасы тағайындайтын аппарат басшысы басқаратын Тексеру комиссиясының аппараты құрылады.
2. Аппарат қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар
2-тарау. Тексеру комиссиясының мемлекеттік лауазымды адамдармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу негіздері
52-бап. Тексеру комиссиясының мәслихаттармен өзара іс-қимылы
1. Тексеру комиссиясы өз мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне беретін қорытындысы болып табылатын
жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ағымдағы жылдың 20 мамырына дейiн;
аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатына ағымдағы жылдың 20 сәуiріне дейiн қарауға ұсынады.
2. Тексеру комиссиясы төрағасының шешiмi бойынша облыс (қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қоспағанда, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi мәслихатқа ұсыну Тексеру комиссиясы мүшелерiнiң бiрiне жүктелуi мүмкiн.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты құпиялылық, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның режимін қамтамасыз етуді ескере отырып, тексеру комиссиясынан жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындыларын сұратуға құқылы.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты облыстың тексеру комиссиясынан жүргізілген мемлекеттік аудит, тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылу мәселелері бойынша сараптамалық-талдамалық іс-шаралары туралы ақпаратты сұратуға құқылы.
53-бап. Тексеру комиссияларының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен өзара іс-қимылы
1. Тексеру комиссиясы тоқсан сайын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне өзінің есепті кезеңдегі жұмысы туралы ақпаратты ұсынады. Ұсынылатын ақпараттың нысаны мен құрылымы тиісті рәсімдік стандартта регламенттеледі.
2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бөлінген бюджет қаражаты шегінде кезең-кезеңді негізде тексеру комиссияларының біліктілігін арттыруды (қайта даярлауды) жүзеге асырады.
54-бап. Тексеру комиссиясы мен оның мүшелерінің тәуелсіздігінің кепілдіктері
1. Тексеру комиссиясының төрағасы мен оның мүшелері өз міндеттерін атқару кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен осы Заңға бағынады. Осы Заңнан өзгешесі туындамаса тексеру комиссиясының төрағасы мен оның мүшелеріне өзге ешқандай актімен міндет жүктелуі мүмкін емес.
2. Олардың қызметіне қандай да бір араласу, сондай-ақ оларға қысым көрсету немесе қандай нысанда болмасын өзгеше әсер етуге жол берілмейді және заң бойынша қудаланады.
3. Өкілеттік мерзімі ішінде тексеру комиссиясының мүшелері ауыстырылмайды. Олардың өкілеттіктері осы Заңда көзелгенді қоспағанда, тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін емес.
4. Егер оның өкілеттіктері осы Заңмен тоқтатыла тұрған болмаса не оның өзі қаралатын мәселеге оның жеке тікелей немесе жанама мүдделілігі салдарынан оның объективтілігі күмән тудырған жағдайда тексеру комиссиясының төрағасы қанағаттандыруға тиіс өздігінен бас тарту мәлімдеген болмаса тексеру комиссиясының мүшесін тексеру комиссиясының отырысында қатысудан шеттетуге ешкімнің құқығы жоқ.
5. Тексеру комиссиясының қызметкерлерінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтіру не біреудің пайдасына шешім қабылдатуға қол жеткізу мақсатында зомбылық іс-қимылдар, намысқа тию, осыған теңдес жала жабу не олардың өз міндеттерін орындауы туралы бұрмаланған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады.
6. Тексеру комиссиясының қызметкерлерін оның жұмыс жоспарларында көзделмеген тексерулерді жүргізу үшін мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша тартуға жол берілмейді.
7. Тексеру комиссиясының жергілікті бюджет қаражатын пайдалануын тексеру (бақылау, қадағалау) мәслихаттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
4-бөлім. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган
55-бап. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның қызметін ұйымдастыру
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органды анықтайды, ол құзыреті шегінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік салаларындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.
2. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және басқа заңдарына, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
3. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын мемлекеттік мекеме нысанындағы аумақтық органдары болады.
4. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган басшысының үш орынбасары болады, оларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрі заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
56-бап. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган қызметкерлерінің лауазымды адамдарына қойылатын біліктілік талаптары
1. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган қызметкерлерінің жоғары экономикалық және (немесе) заңгерлік білімі болуға, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуға тиіс. Аудитордың кәсіби дайындығы мен моральдық-ар-намыс қасиеттері жоғары болуға тиіс.
Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекітуді және оның орындалуына бақылауды ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Біліктілік талаптарына сәйкес келмеу Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган қызметкері лауазымындағы мемлекеттік қызметті атқаруды тоқтату үшін негіз болып табылады.
57-бап. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылы
1. Қалмыстық қудалау органының сұрау салуы келіп түскен кезде ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган:
1) егер мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бұдан бұрын жүргізген аудит нәтижелерінде сұрау салуда қойылған мәселелер көрініс тапқан болса, қайтадан тексеру жүргізбестен, бұдан бұрын жүргізілген аудит нәтижелерін береді;
2) егер мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бұдан бұрын жүргізген аудит нәтижелерінде сұрау салуда қойылған мәселелер көрініс таппаған жағдайда, аталған мәселе ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органның келесі жылға арналған ижоспарында ескерілетін болады.
2. Ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті орган қызметкерлері өз құзыреттері шегінде тексеруге қатысуға және маман ретінде қорытынды беруге тиісті талап немесе сұрау салу бойынша прокуратураның қарамағына, сондай-ақ қозғалған қылмыстық іс шеңберінде тиісті қаулы бойынша қылмыстық қудалау органының қарамағына бөлінуі мүмкін.
58. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган қызметкерлері тәуелсіздігінің кепілдіктері
1. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган қызметкерлерінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтіру не біреудің пайдасына шешім қабылдатуға қол жеткізу мақсатында зомбылық іс-қимылдар, намысқа тию, осыған теңдес жала жабу не олардың өз міндеттерін орындауы туралы бұрмаланған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады.
2. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган қызметкерлерін мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша оның жұмыс жоспарларында көзделмеген тексерулерді жүргізу үшін тартуға жол берілмейді.
5-бөлім. Ішкі аудит қызметтері
59-бап. Ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыру
1. Ішкі аудит қызметтері орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімінің шешімімен құрылады және осы Заңның және орталық мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен ішкі аудит қызметтері туралы ереженің негізінде әрекет етеді.
Ішкі аудит қызметтері туралы ереже Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі ереженің негізінде әзірленеді.
2. Ішкі аудит қызметтері ұйымдық және функционалдық тұрғыдан мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз.
60-бап. Ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары
1. Ішкі аудит қызметтері қызметкерлерінің жоғары экономикалық және (немесе) заңгерлік білімі болуға, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуға тиіс. Аудитордың кәсіби дайындығы мен моральдық-ар-намыс қасиеттері жоғары болуға тиіс.
Ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекітуді және оның орындалуына бақылауды ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Біліктілік талаптарына сәйкес келмеу ішкі аудит қызметі қызметкерінің өз функцияларын орындауын тоқтату туралы қолдаухат үшін негіз болып табылады.
61-бап. Ішкі аудит қызметтері тәуелсіздігінің негізі
1. Ішкі аудит қызметі ішкі аудит жүргізу мен аудит қорытындылары бойынша есептер дайындауда тәуелсіз болады.
2. Ішкі аудит қызметі мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінің құзыретіне жататын жұмыстарға, сондай-ақ оның құзыретіне жатпайтын бағдарламалар мен жобаларды дайындау немесе орындауға тартылуы мүмкін емес.
3. Ішкі аудит қызметі басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз және мемлекеттік органның бірінші басшысына ғана бағынады және есеп береді.
4. Ішкі аудит қызметі тиісті органға ведомстволық бағынысты ұйымда ішкі аудит жүйесін ұйымдастыру жөнінде консультациялық қызметтер көрсетуі мүмкін.
5. Аудиттің объективтілігі мен алаламауды қамтамасыз ету мақсатында ішкі аудит қызметі қызметкері мүдделер қақтығысы болған кезде бұл туралы бақылау тағайындаған ішкі аудит қызметінің басшысына жазбаша хабарлауы тиіс.
62-бап. Ішкі бақылау жүйесі
1. Ішкі аудит мемлекеттік органның ішкі бақылау жүйесін бағалауға және жетілдіруге бағытталған.
2. Ішкі аудит мемлекеттік органның ішкі бақылау жүйесі өзара байланысқан мынадай екі құрауыштан тұрады:
1) бақылау ортасы өзіне ішкі (корпоративтік) мәдениетті, ұйымдасқан құрылымды және мемлекеттік органның қызметінің есептілігі мен тиімділігінің сапасын алдын ала айқындайтын саясаттар мен рәсімдердің ішкі жиынтығын қамтиды;
2) тәуекелдерді бағалау – мемлекеттік органның өз мақсаттарына қол жеткізуіне әсер ететін тәуекелдерді анықтау, талдау және ескерту. Тәуекелдерді бағалау бақылау рәсімдерін жасау және ішкі аудит жөніндегі іс-шараларды жоспарлау үшін негіз болып табылады;
3) бақылау рәсімдері – қызметкерлер (құрылымдық бөлімшелер) өз функцияларын орындау кезінде жүзеге асыратын бақылау рәсімдерінің (техникаларының) үйлесімі;
4) ақпарат және байланыс - мемлекеттік орган қызметінің барлық салаларын, оларды тіркеу және олармен алмасуды қамтитын деректерді уақтылы және тиімді анықтау. Мемлекеттік орган ақпаратқа санкцияланбаған қолжетімділіктен қорғау үшін шаралар қолданады.
5) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігінің мониторингі мен бағалау – мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін қателердің туындау ықтималын анықтау және мемлекеттік органның есептілік шынайылығы, осы қателердің мәнділігін айққындау мен ішкі бақылау жүйесінің қабілетін анықтау оның алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз ету.
63-бап. Мемлекеттік орган басшысының ішкі аудит қызметімен өзара іс-қимылы
Мемлекеттік орган басшысы ішкі аудит қызметімен өзара іс-қимылын:
1) жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын, тексерулер мен ішкі аудит қызметтері үшін оқу жоспарларын бекіту;
2) Аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің ұсынымдарын іске асыру туралы шешімді қарау және қабылдау арқылы жүзеге асырады.
6-бөлім. Өтпелі және қорытынды ережелер
64-бап. Осы Заңның бұзылуына жауапкершілік
1. Мемлекеттік аудит органдарының қызметкерлері, аудиторлық есептерде жазылған мәліметтердің дұрыстығы объективтілігі мен толықтығы үшін, сондай-ақ мемлекеттік аудит органдарының беделіне нұқсан келтіретін кез келген іс-қимылды жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгендей жауаптылықта болады.
2. Мемлекеттік аудит органдарының лауазымды адамдарына аудит жүргізу үшін рұқсат беруден бас тарту, қажетті құжаттарды, материалдарды, қызметі туралы ақпаратты және өзге де мәліметтерді беруден бас тарту, дәйексіз ақпарат беру, мемлекеттік аудитті жүргізуге өзге де кедергі жасау, сондай-ақ өздерінің құзыретіне сәйкес мемлекеттік аудит жүргізуге кедергі болуда көрініс тапқан аудит нәтижелері бойынша қабылданатын актілердің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
67-бап. Қорытынды ережелер
Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Достарыңызбен бөлісу: |