7) балалардың денсаулығына, əсіресе денсаулығында ауытқуы бар
балаларға жүйелі түрде бақылау жүргізу;
8) балаларды дене шынықтырумен айналысу үшін топтарға бөлу;
9) балалардың денсаулығы туралы денсаулығы ауытқыған балаларға
арналып ұсынылатын тəрбиелік режимдік тəртіп туралы сауықтыру
ұйымдарының бастығына, жетекшісіне, дене шынықтыру жəне спорт
бойынша нұсқаушыға ақпарат береді;
10) күнделікті емханалық қабылдау жүргізу, ауырғандарға
медициналық көмек көрсету;
11) ауырған балаларды анықтау, оларды дер кезінде оқшаулау,
оқшауланған балаларды емдеу жəне күтуді ұйымдастыру: емдеу-
профилактикалау ұйымдарына (көрсетімі бар болғанда) госпитализация
жасап жатқызу;
12) қайғылы жағдайға душар болған сəттерде алғашқы медициналық
көмек көрсету, жақын жердегі ауруханаға жеткізу;
13) жұқпалы аурулар жағдаяты туралы жергілікті денсаулық сақтау
органына жəне санитарлық-эпидемиологиялық қызмет орындарына жедел
хабарлама беру, науқастарды ауруханаға жатқызуды (балаларды
сауықтыру ұйымының бастығымен бірге) ұйымдастыру жəне науқастарды
ауруханаға тасымалдау; санитарлық жəне эпидемияға қарсы шараларды
ұйымдастырып жүргізу;
14) балалардың тамақтануын ұйымдастыру үшін: қабылданатын
өнімдердің сапасына, олардың сақталу жағдайына, таратылу мерзімінің
қадағалануына, дайындау технологиясына, піскен тағамның сапасына, ас
блогының санитарлық жағдайына жəне ұсталынуына, «С»-
витаминдендірудің жүргізілуіне, күнделікті ас блогының қызметкерлерін
жəне кезекші балаларды іріңді ауруларға қарсы тексеруге, тəуліктік
сынаманы алуға бақылау жүргізеді;
15) барлық үй-жайлар мен аумақтардың санитарлық жағдайы мен
ұсталуына, сумен қамтамасыз ету көздеріне бақылау жүргізеді;
16) балалар мен қызметкерлердің жеке бас тазалығы ережесінің
сақталуына бақылау жүргізу, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
17) санитарлық жəне эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырып
жүргізеді;
18) ойындар, викториналар, денсаулық күндерін, сұрақ-жауап
кештерін, санитарлық посттар ұйымдастыру жəне олардың жұмысына
басшылық ету;
19) балалардың арасында дене шынықтыруға тəрбиелеуді
ұйымдастыру, дене шынықтыру сабақтары өткізілетін орындардың
жағдайы мен ұсталуын бақылау, балалардың жас ерекшелігі мен ден
саулығына жəне жүргізілетін сауықтыру шараларына байланысты дене
шынықтыру жұмыстарының дұрыс жүргізілуін қадағалайды;
20) медициналық құжаттарды жүргізеді;
21) осы санитарлық ережелердегі 7-қосымшаға сəйкес сауықтыру
жұмыстарының тиімділігіне баға береді.
102. Балаларды сауықтыру ұйымдарында осы санитариялық
ережелердегі 8-қосымшаға сəйкес есепке алу-есеп беру құжаттарын
жүргізу қажет.
«Балаларды сауықтыру ұйымдарының
құрылымына, оларды ұстауға жəне
жұмысын ұйымдастыруға санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар» санитарлық
ережелері мен нормалары 1-қосымша
Балаларды сауықтыру ұйымдарын қабылдау актісі
....... .............. 200__ж. №._____________
Ұйым (атауы, мекен-жайы)
Комиссия келесі құрамда_____________________________________________
балаларды сауықтыру ұйымын қабылдады
Балаларды сауықтыру ұйымының орналасуы: нақты мекен-жайы, темір жолдан,
елді мекеннен, ауруханадан қашықтығы)
Балаларды сауықтыру ұйымының территориясы:
Жалпы ауданы…………………
Бір адамға тиесілі аудан………………..олардың нормаға сəйкестігі (ия, жоқ)…….
Қоршауы (штакеттер) (ия, жоқ)……………….. қоршау биіктігі ……………
3. Қатынас жолдарының барлығы (шоссе, ауыл арасы жолы), олардың жағдайы
жəне пайдалануға жарамдылығы
4. Балаларды сауықтыру ұйымы жаздық немесе жылбойылы жұмыс жасайды
(керектісінің астын сызу)
5. Ғимарат стационарлық немесе жалға алынған (астын сызу), қай жылдан жұмыс
істейді
6. Есеп бойынша сыйымдылығы _________ ауысым саны_________________
7. Ғимаратта, корпуста жатын бөлмелердің орналасуы, (жылытылатын,
жылытылмайтын), палаткада (астын сызу), олардың саны (əрқайсысын бөлек)
8. Жатын бөлменің бір балаға тиесілі ауданы м
2
_____ жатын бөлмелердегі орын
саны: төменгі сынып оқушылары_______ жоғыры сынып оқушылары__________
9. Корпустарда орналасқан жатын жайлар мен мəдени көпшілік шаралар өткізуге
арналған негізгі жəне қосымша жайлардың болуы, пайдалануға дайындығы, олардың
құрамы мен алаңдарының қолданылып жүрген нормаларға сəйкестігі (жекелеп
көрсету): гардероб-шешінетін бөлме, киімдер мен аяқ киімдерді кептіретін, қол
жүктерін сақтайтын орын, күндізгі демалатын жайлар, балалар жетекшісі жəне
мұғалімдер бөлмесі, аяқ жуатын ваннасы бер жуынатын бөлмелер, қолжуғыштар,
дəретханалар (қыздар мен ұлдарға бөлек), үйірмелер, эстрада.
10. Ас блок: түстенетін залдағы орын саны _________________________ нормаға
сəйкес бір отыратын орынға тиесілі ауданы (ия, жоқ)
Қолданыстағы стандарттың талаптарына сəйкес балалардың өсуін ескере отырып
тамақтану залын жиһазбен қамтамасыз ету.
11. Балаларды сауықтыру ұйымдарын істеу уақыты мен түріне байланысты
белгіленген нормаға сəйкес үй-жайлар жиынтығының болуы (əрбір үй-жайдың тізімі
жəне ауданы) жəне олардың пайдалануға дайындығы: тамақтану залының, өндірістік,
қоймалық, техникалық, персоналға арналған тұрмыстық-шаруашылық.
12. Медициналық қажеттіліктерге арналған үй-жайлар (үй-жайлар жəне олардың
пайдалануға дайындығы): қабылдау бөлмесі, дəрігер кабинеті, тіс дəрігерінің кабинеті,
емшаралық кабинет, медбикенің бөлмесі, шлюзде қолжуғышы бар дəретхана, оқшаулау
кабинеті: палата (саны, ауданы), жатын төсек саны, бокстердің болуы, қосалқы
бөлмелер (қандай, ауданы), олардың жабдығы.
13. Монша, душ бөлімдері (себезгі саны), қыздардың жеке бас гигиенасы
кабиналары, кір жуатын бөлім, балалар майда-шүйделерін жуатын бөлім жəне оның
пайдалануға дайындығы.
14. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету көздері жəне канализацияның
Достарыңызбен бөлісу: |