3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
Содан соң, қосымша факторлар жылына жан басына қаржыландыру станартын есептеу үшін
ескеріледі:
12-ге көбейтіледі, себебі негізгі жалақы бір айға белгіленеді, ал жан басына шаққандағы
қаржыландыру көлемі бір жылға қарастырылады,
1,1-ге көбейту, бұл барлық салықтар, әлеуметтік жарналар мен зейнетақы жарналарын
есепке алу үшін қажет,
соманы 55% арттыру, бұл басқарушылық, әкімшілік, қосалқы және техникалық
қызметкерлер құрамына арналған жалақы қажеттіліктерін есепке алу үшін
қарастырылады,
соманы оқу шығындарына қосу (Қазақстан Үкіметі тарапынан жыл сайын белгіленіп
отыратын белгіленген
мөлшердегі сома, 2013 жылы 1731 теңгені құраған).
Осылайша, әрбір мектеп үшін қарастырылатын қаржыландыру сомасы мектепте оқитын және
жылына Stzy жан басына шаққандағы қаржыландыру стандартына сәйкес келетін оқушылардың
белгілі санатына жататын оқушылардың санына көбейту арқылы есептеп шығарылады.
Мектептерде шамадан тыс жүктеменің болуына жол бермеуге арналған кейбір қосымша
қаржыландыру ережелері бар. Қазақстандық орта мектептердегі сыныптардың максималды
мөлшері 2011 жылдан бастап 25 тең
1
. Тек кейбір жағдайларда ғана, яғни сұраныс көп болған
жағдайда, үлкен сыныптар құрылуы мүмкін, ал формула өте көп бала саны бар сыныптардың
оқушылары бойынша жылына қаржыландырудың жан басына шаққандағы стандартының
төмендетілуін қарастырады (4, 5 және 6% сыныптағы әрбір 25, 30 және 40 оқушы үшін,
сәйкесінше).
Білім беру процесі үшін ресурстарды бөлу формуласы қосымша компоненттен тұрады, оның
мақсаты олардың тиімділігі негізінде, сондай-ақ білім беру процесіне байланысты мектептің басқа
мұқтаждарын жабу үшін мектеп қызметкерлеріне бонустар төлеу болады. Мектепте осы
компонент мөлшерін анықтау үшін және мектепте оны бөлу үшін көрсеткіштердің толық
бөлшектері Қаржы орталығының редакциясымен «Қазақстан Республикасының орта білімін жан
басына нормативтік қаржыландыру тетігін іске асыру сұрақтары бойынша әдістемелік нұсқау»
деген нұсқауда қолжетімді болады. Түрлі көрсеткіштер мұғалімдерге, мектеп басшыларына,
қызмет көрсетуші персоналға қатысты болады.