Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың сынып жетекшінің іс-әрекеті
Скачать
Жоспар
Кіріспе
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Бастауыш сынып оқушыларының денсаулық пен салауатты өмір салтына қалыптастырудың теориялық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Бастауыш сынып оқушыларға құндылық, салауатты өмір салты ұйымдарын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынас қалыптастырудың әлеуметтік.экономикалық шарттары ... ... ... .11
2. Бастауыш сынып балаларының өмір салттарының негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1. Оқушыларды салауатты өмір салттарын қалыптастыру бойынша педагогиканың іс.әрекетінің бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2. Бастауыш сыныпта еңбек күн тәртібімен, денсаулықты ұйымдастыру әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пән: Педагогика
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге
Кепілдік барма?
Қалай сатып алуға болады?
бот арқылы тегін алу, ауыстыру
Жұмысты толықтай көру
қате таптым
Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын
қалыптастырудың сынып жетекшінің іс-әрекеті
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Бастауыш сынып оқушыларының денсаулық пен салауатты өмір салтына
қалыптастырудың теориялық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...4
1. Бастауыш сынып оқушыларға құндылық, салауатты өмір салты
ұйымдарын
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 6
2. Денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынас
қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық шарттары ... ... ... .11
2. Бастауыш сынып балаларының өмір салттарының негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1. Оқушыларды салауатты өмір салттарын қалыптастыру бойынша
педагогиканың іс-әрекетінің
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...19
2. Бастауыш сыныпта еңбек күн тәртібімен, денсаулықты ұйымдастыру
әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... .20
3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .24
4. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 26
КІРІСПЕ
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына орай
Президентіміздің Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады атты
жолдауындағы 4-ші бөлімі азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны
белгілі.
Бұны Елбасы жолдауындағы Салауатты өмір салтын ынталандыру
әрқайсымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді
тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с.
бағытталған деген жолдарынан байқауымызға болады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз
денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз
денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик
н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы
қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. колбановтың
айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім
денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің
ғалымдары Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е.Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б.
Закарович, Л. А. Каратаева, С.А. Корочкина, В.В.Кожанов, Н.Н. Волоков
және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып
және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Салауаттану түрлі жас
ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген
орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін
зерттейді. Адамдардың организміндегі физиологиялық өзгерістерді, олардың
өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына
бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық
тұрақтылығын зерттей оытрып нозологияға дейінгі күйді анықтау. Адамдардың
денсаулық деңгейін жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік күйін
сипаттайтын қарапайым физиологиялық көрсеткіштер арқылы бағаланды.
Оқушылардың денсаулығына әсер ететін факторлар өте көп, сол себептен
оларды салауатты өмір салтына үйрету қажет. салауатты өмір салтын
қалыптастыру оқу-тәрбие үрдісіндегі басты мәселелердің бірі болып отыр.
Бұл мәселе тегін көтеріліп отырған жоқ. Себебі, ерлердің 57%-ы,
әйелдердің 34%-ы, жастардың 40%-ы, шылым тартса, ересек адамдардың 65%-ы
үнемі арақ ішеді екен. Мектеп оқушыларының 17,5%-ы нашакорлыққа
ауызданған. Ал экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-на себеп
болып отыр.
1.Бастауыш сынып оқушыларының денсаулық пен салауатты өмір салтына
қалыптастырудың теориялық жүйесі.
Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі
– жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың
денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы
білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
[1.4]
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты
ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру
мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы
басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу
формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының
салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ
азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:[3.4]
- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи
ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі
үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
- Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып,
сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға
бағытталған іс – шараларды жүргізу.
Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты:
тұлғаның психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас
ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының
уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру;
Олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру,
өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиеналық
мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару
керек?
Өмір салты дегеніміз не?
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін
қалыптастыру. біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық
жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола
алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе
спортпен шұғылдану;
физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі –
жасөспірімдер арасындағы ішімдікке салыну десек, қазіргі зерттеулерге
қарағанда, оған салынудың әлеуметтік – патологиялық дамуы мына себептерге
байланысты екені белгілі болып отыр:
- әлеуметтік – экономикалық жағдай;
- отбасындағы психологиялық орта;
- жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т.б.
Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш
салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі – ортақ
мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл –
ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы
мен дамуының стратегиясы деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап
көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның
білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді.
Адам туралы ғылымның жаңа бағыттарының бірі – салауаттану, бұл
“денсаулық” деген мағынаны білдіреді. Сондықтан салауаттанудың негізгі
зерттеу нысаны – адамның денсаулығы. Салауаттану кіріктірілген ғылым
болғандықтан, ол физиология, психология, биология, медицина, педагогика,
экология және тағы басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл ғылымның негізін
салушы И. И. Брехман “денсаулық” ұғымына жаңаша мән берді.
Барлық ғылым сияқты салауаттанудың өзіндік даму жолы бар.
Салауаттанудың даму тарихы ежелден басталады, әрі ол медицинамен тығыз
байланысты. Денсаулықты сақтау жөніндегі көптеген мәліметтер бізге Жердің
түкпір-түкпірінен жинақталған қолжазба, сурет, әдет-ғұрып, философиялық,
діни және көптеген ғылыми мектептердің ізденуі арқылы жетті.
Салауаттану ғылымын қалыптастыруда үлкен рөл атқарған клиникалық
медицина, физиологтар, гигиенистер және басқа ғылым салаларының мамандары,
олар салауаттанудың ғылыми тұжырымдамасын құруға өз үлесін қосты.
Қоғам дамуының барлық кезеңдеріндегі адамның аурумен күресуі емдеу
амалдарын ізденумен, халықтық және ғылыми медицинаның дамуымен сипатталады.
Қазіргі клиникалық медицина негізінен аурулардың себептерін айқындауға және
емдеу амалдарына көбірек көңіл бөлуде. Егер медицина тек ауруларды емдеу
жолдарымен ғана айналысса, салауаттанудың негізгі мақсаты – денсаулықты
сақтау мен нығайту – салауаттанудың алдын алу, яғни ауруды болдырмайтын
дене күйін қалыптастыру.
Сондықтан салауаттанудың негізгі міндеті – денсаулықты зерттеу, әртүрлі
ауытқуларды, мүшелердің қызметі бұзылғанын ерте анықтап, салауатты өмір
сүруді қалыптастыру арқылы дер кезінде аурудың алдын алу. Сонымен,
салауаттану – адамның денсаулығын сақтау мен оны нығайту туралы ғылым.
Кейде оны сау адамдардың денсаулығы туралы ғылым деп те атайды. Бірақ бұл
дұрыс емес, себебі науқастарда да денсаулығын сақтауға үйретуге тиіс.
Салауаттану термині қазір барлығына мәлім, бірақ көп адамдар әлі
оның мақсаты мен міндеттерін, дамуын, ғылыми жетістіктерін біле бермейді.
Алайда қазіргі уақытта салауаттанудың міндеті мен мақсатын көпшілік қауымға
түсіндірудің қажеттілігі туындап отыр.
Профессор Г. К. Зайцевтің тұжырымдауы бойынша “салауаттану – бұл
адамның денсаулығын салауатты өмір сүру арқылы сақтап қалу”. Салауаттану –
салауатты өмір сүруді қалыптастырудың ғылыми негізі.
Салауаттану санитарлық және гигиеналық тәрбиеден тұрады, себебі ол адамды
өз денсаулығын сақтауға үйретеді, әрі ол денсаулықты сақтаудың құралы.
Зерттеу барысында салауаттану ғылымында әлі де шешілмеген мәселелер
бар екені айқындалды. “Баршаның денсаулығы” тақырыбындағы бүкіл әлемдік
денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша денсаулықты сақтау туралы сұрақтарға
жауапты тек адамдардың өмір сүретін ортасынан (отбасы, мектеп, мекеме)
іздеу қажет деп түсіндіреді.
1.1.Бастауыш сынып оқушыларға құндылық, салауатты өмір салты ұйымдарын
қалыптастыру
Қазіргі таңда оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру мен
денсаулығын қалыптастыру өзекті жалпы педагогикалық проблема болып отыр.
Бәрімізге мәлім, бүгінгі таңдағы кең таралған түрі мектеп ауруларының
басты себебі – авторитарлық – репродуктивтік тұрғыда ұйымдастырылған оқу-
тәрбие процесі. Осы заманға мектеп жүйесі жас ерекшелігі физиологиясы мен
психологиясының ғылыми негіздері мен гигиена, валеология талаптарына сай
емес. Мысалы, 1-сыныпта мектепке үйрену және негізгі мектепке өтуде
көпшілік балалар үшін ауыр және бұл жағдай олардың функционалдық
мүмкіндіктерінің төмендеуіне әкеп соғады. Нәтижесінде үйрену тәсілдерінің
таусылуы, үнемі шаршап, қажудың пайда болуы оқушылардың ауруларын
көбейтеді. Баланың сабақ кезінде бір орнында тапжылмай ұзақ отыруы, оның
үнемі стресс жағдайында болуы баланың психикалық саулығына көптеген зиянын
тигізеді.
Жас ұрпақтың денсаулығының маңызды көрсеткіші оның дене дамуы мен
денесінің жұмысқа жарамдылығы болып табылады. Осы саладағы кемшіліктің
басты себептерінің бірі – оқушылардың жалпы қимыл белсенділігінің
төмендеуі.
Біріншіден,оқушылар оқу әрекетімен шамадан тыс шұғылданады. Екіншіден,
кейбір мектептерде валеология, дене шынықтыру сабақтары тиісті дәрежеде
өткізілмейді. Үшіншіден, баланың өз бетімен дене жаттығуларын жасауға
мектепте жағдай жасалынбаған. Келесі атап көрсетерлік көрсеткіш – мектеп
оқушыларының психикалық саулығы. Бүгінгі таңда нерв-психикалықауытқушылық
орта есеппен 15-20 пайызы оқушыларда кездеседі. Бұл ауытқушылықтар,
әсіресе, 1-сынып оқушыларында мектепке үйрену кезінде, 5-сыныптан орта
буынға ауысу барысында және жоғарғы сыныпоқушыларында оқу жүктемесінің
көлемінің артуына байланысты пайда болады.
Мектеп жағдайында оқушылар мен мұғалімдер арасындағы дұрыс
ұйымдастырылған педагогикалық қарым-қатынас оқушылардың денсаулығына
позитивтік ықпал етеді. Сонымен қатар,оқушылардың психологиялық көңіл-
күйлерінің тұрақтылығы мұғалімдердің оларға бағытталған қарым-қатынас
тәсілдеріне тәуелді. әр мұғалімнің педагогикалық қателігі жүйке
жүйесіәлсіз, нервтік – психикалық және жүрек ауруларынан зардап шегетін,
сондай-ақ кейбір қызу темпераментті ұл балаларға негативтік әсер етуі
мүмкін. Сондықтан да күнделікті мектеп өміріндегі мектеп басшылары мен
мұғалімдер және оқушылар арасындағы алуан түрлі қарым-қатынас тәсілдері
мектеп субьектілері денсаулығына үлкен әсерін тигізеді. Мектеп
субьектілерінің денсаулық проблемасын шешуде кешенді қарым-қатынас
жасаудың маңызы зор. Ол мектеп жағдайында дені сау, толық қанды, жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады.
Мектебімізде салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыру үшін
1999 жылдан бастап валеология сабағы өтіледі. Ол жылдары қолда еш оқулық,
әдістемелік құралдар болмады. Сонда да валеология сабағын өткізуде
оқытудың белсенді әдістерін: сюжетті ойындар, жұптасқан, топтық жұмыстар,
ойды дамыту, шығармашылық жұмыстар, реферат жазу, пікірталас технологиясын
кеңінен пайдаланды. Сонымен бірге оқушылар валеологияданалған білімдерін
сыныптан тыс өткізілетін іс-шараларда дамытып отырды.
Бүгінгі кезде салауаттану әр түрлі бағытта дамуда. Мектептерде
валеология немесе салауаттану сабағы әр түрлі оқытылуда. Оған басты себеп
арнайы білімді валеолиг мамандардың жетіспеуі, әдістемелік оқу-құралдардың
аздығынан деп ойлайды.қазақ тілінде оқытылатын мектептерде оқу-әдістемелік
көмекші құралдар әлі де жеткіліксіз.қазіргі кезде салауаттану пәні жеке пән
болып енгізілуі – бұл қажеттілік. Дегенмен, қалай оқытылып жатыр, кімдер
оқытып жатыр, материалдық базалары қандай деген сұрақтар маңында әлі
шешілмеген мәселелер көп. Бұл пән бойынша білім стандарты жасалынуы қолға
алынып, бағдарлама қайта қаралып, ол бекітілді. Оқу-әдістемелік
материалдармен қамтамасыз ету шаралары да қолға алынды. Биылғы оқу
жылынвалеология пәнінен жаңа өзгертілген, толықтырылған бағдарламамен
оқитындығымыз, ондағы игі өзгерістеркөңіл қуантады.
Салауаттану пәні мектепте кіргелі көп уақыт болған жоқ. Дегенмен,
істелінген жұмыс біршама. Биылғы жылы арнайы білімді валеолог-мұғалімдердің
алғашқылары республика жоғары оқу орындарынан бітіріп шықты, жылдан – жылға
сандары да көбейе береді. Ескеретін бір жағдай салауаттану пәні – басқа
биология,география, тарих сияқты мазмұны жағынан күрделі пән екендігін
көпшілігіміздің әлі түсіне алмай келетіндігімізде.
Салауаттану сабағы жеңіл сабақ, оған арнайы білімнің қажеттігі жоқ,
оқушыларды ойнатса, жаттығу жасатса, жуынса, су құйса, дұрыс жүрсе болды,
денің сау болады деп айта салу – пәннің мазмұнын ашпайды. Тіпті,
салауаттанудың беделін төмендетіп алған жоқпыз ба деген ой келеді. Олай
дейтініміз, кез келген мұғалімнің валеология сабағын беруі, тақырыптардың
әр сыныпта қайталануы, оқу құралдарының аздығы, әр мұғалімнің сабақты әр
түрлі өткізуі көпшілік қауымда осындай ой туғызады. Мұғалімдер арнайы оқу
құралы болмағандықтан материалдардыәр жерден жинақтайды, көбнесе
оқушыларға рефераттаржаздыруға әдеттендірді.бұл бір жағынан жақсы, оқушы
ізденеді. Дегенмен, ол материалды оқушы Интернеттен, медициналық
әдебиеттерден тағы басқа жинақтардан алатындықтан тақырыпты түсіну, меңгеру
қиындайды. Міне, осы жағдайлардың бәрі жаңа ғана білім саласына еніп
жатқан мазмұны күрделі, өмірге қажетті пәнді оқытуда келеңсіз жағдайларға,
оқушылардың пәнге қызығушылығын төмендетуге әкеледі деп ойлаймыз.оның
бірінші себебі, бұл пәннің бағдарламасының өзінің ерекшелігін,
тақырыптардың қайталануының себебін түсінбеуден. Бұл заңдылық бала саны
өскен сайын берілетін материалда біртіндеп күрделенуі қажет. Егер материал
үнемі қайталанса, онда пәнге деген оқушы ынтасы төмендейді, пән өз
мақсатына жетпейді.
Екінші себебі, валеология пәнін арнаулы білімді валеолог маман, тіпті
болмаса биолог, психолог мамандар оқыту қажет, олар дене тәрбиесі
мұғалімімен, ата-аналармен, сынып жетекшілермен жалпы мектеп ұжымымен
бірлескен үлкен жұмыс атқарғанда ғана бұл пәнді оқыту үлкен нәтижеге
жетеді.
Үшінші себебі, төменгі 1-4 сыныптарда салауаттану пәнінің оқытылуына аса
назар аударылып, дұрыс жолға қойылса, материалдық база жасалса, мектепке
келген оқушы жазу-сызуды, оқуды қалай үйренгендігі сияқты, бұл пәнді де
оқи отырып, өз ағзасын танып біліп, дұрыс отыру, жүру, тамақтану, күн
тәртібі, киіну, жуыну тәртібі, шынығу ережелерін – автоматты түрде біреудің
айтуымен ғана емес, өз түсінігімен қажеттілікке айналдыруы қажет. Бұл үшін
валеология сабағын әліппе, жазу сабағы сияқты, аса мән беріп, бағдарламада
көрсетілген білімдер мен біліктерді, дағдыларды дұрыс қалыптастыру керек.
Ал, мұны арнайы білімді валеолог маман ғана іске асыра алады. Бастауыш
сыныпта балада салауаттанудың негізгі бағыттары дұрыс қалыптастырылса,
оқушы 1-сынаптан бастап өзінің Денсаулық төл құжатын күнделікті бақылау
күнделігі сияқты одан да ыждағаттылықпен іске асырса бала өз денсаулығына
үлкен ән беруге үйренеді. Шынықтыру ережелерімен танысып, оны жүйелі
жасайтын болады, оған оның ағзасы жаттығады. Балаға валеолог маман, ата-
ана, өзге мұғалімдер көмегі қажет. Сонда ғана біз бала тәрбиесінде
жетістікке жетеміз
Төртінші себебі, ата-аналардың бұл пәнге аса көңіл аудармайтындығы оның
маңызын түсінбейтіндігінен. Бастауыш сынып оқушыларының ата – анасы жоғары
сыныптарға қарағанда мектеп өміріне көбірек арласады. Осы мүмкіндікті
пайдаланып, бала тәрбиесіндегі соның ішіндегі валеология пәнінің негізгі
бағыттары бойынша үйде балаға үлкен көмек көрсетіп, денсаулықты сақтау мен
шынықтыруға бағытталған дағдыларды дұрыс қалыптастырған жөн. Бұл дағдылар
дұрыс қалыптасса, ол әдетке айналады.
Қазіргі толықтырылған, өзгертулер енгізілген бағдарламада көптеген
өзгерістер бар, тек бұны дұрыс оқыту үшін валеолог маман әдістемелік
жағынан көбірек ойлануы қажет. Валеология пәнінің мазмұны өте терең.
Бұл пәнді оқытуда:
- оқушылардың жас ерекшелігі ескеріледі,
- анатомиялық білім мен білік беріледі,
- физиологиялық мазмұнына да тоқталады,
- медицина жағы да аурудың белгілері, олардың алдын алу оқытылады,
- әр түрлі ауытқулар оның себептері одан қарай арылуға болатындығы
беріледі.
- Шынықтыру ережелері кеңінен сөз болады,
- Табиғат қорғау, қоршаған орта, экологиялық мәселелер қамтылады,
- Сақтық шаралары оқытылады, зиянды әдеттер, оларға әуес болмау
жолдары қамтылады.
Сондықтан да бастауыш сынып мұғаліміне бұл бағыттардың барлығын
теориялық жағынан толық түсініп, оны оқушыларға жеткізе білу қиындық
туғызары сөзсіз. Осы ретте мұны іске асыратын валеолог маманның болғаны
дұрыс. Ол валеология сабағын беріп қана қоймай мектепте мынандай жұмысты
іске асыруы қажет:
- Оқушылардың денсаулық деңгейін анықтап, оларға кеңес беру;
- Оқушылардың денсаулығын сақтауға негізделген кеңестер беру,
- Жалпы мектепте салауаттану бағытындағы жұмыстарды ата-аналар мен
мұғалімдер бірге ұйымдастыру,
- әр адамның денсаулығы өз қолында екендігін түсіндіріп, оны іске
асырға көмекші болу.
- Бұл сабақтың бір ерекшелігі теориялық материал бірден практикалық
жұмыстармен не нақты мысалдармен бекітілгендігінде. өйткені, барлық
материал баланың өз ағзасын танып білу мақсатына жүргізіледі.
Көпшілігі көріп істелініп жүрген істер.
“Бақытты болу жағдайы, біздің дегенімізге жасаған қамқорлыққа
байланысты болады. Дене үйлесімдігі арқылы салтанатты рух пайда болады.Ақыл-
ойдағы айқындық өте-мөте күш-қайратқа негізделеді” (П.С.Брегг) – дегендей,
оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің
барлық түрінің жоғары нәтижелі болуы - өзін-өзі жақсы сезінуі және дене
мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы
бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу әрі тартымды және онша қиындықты
туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалар мен істерге
қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге
сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына
бірден-бір кепіл болады. Бұл тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену
жағдайында нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушылардың салауатты
өмір салтын ынталандыру – тәрбиешілердің және мектептің тәрбие жұмысының
негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша маңыз береміз.
“Өмір салты” – адамның денелік, интелектуальдық және еңбек әрекетін,
тұрмыстық өзара қарым-қатынасын, дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін,
өмір сүру қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, “өмір салты” –
деннің саулығына нәтижелі ықпал ететін “ салауатты өмір сүру” ұғымын
білдіреді.
1.2. Денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынас
қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық шарттары
Кез келген қоғамда және кез келген әлеуметтік-экономикалық, саяси
жағдайда балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы өте маңызды проблема
болып табылады. Денсаулық саламатты өмір салтымен анықталады. Педагогикалық
жүйе үшін шамаға лайықтысы - оқушылардың бойында саламатты өмір салтына
ұмтылысты қалыптастыру. Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында білім
беру жүйесінің міндеттері қатарында адамгершілік пен саламатты өмір
салтының берік негіздерін қалыптастыру мәселесі көзделген [1].
Қазіргі уақытта мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының көбінің
жекеменшікке өтуіне байланысты денсаулыққа жаңа көзқарас қалыптастырған
жөн. Сондықтан денсаулықты сақтауға көпшілікті, әсіресе өскелең ұрпақты
үйретудің жаңа жүйесін қалыптастырудың мәні үлкен. Мұндай тәсіл
салауаттанудан білім беруді әдіснамалық және әдістемелік қамтудың қазіргі
уақытқа сай болуын қажет етеді.
Қазіргі уақытта мектептерде вариативті оқытудың бір түрі ретінде
“Салауаттану” курсы енгізіліп отыр. Бірақ көпшілік жағдайда бұл пәнді
мамандығы жоқ мұғалімдер беруде. Бұдан денсаулық сақтаудың “зиян келтірме”
деген негізгі қағидасы бұзылады. Сондықтан салауаттанудан тек сертификаты
бар немесе биология пәнінің мұғалімдері ғана сабақ беруі керек. Сонымен
бірге мектептерде байқаудан өтпеген, республикалық оқу-әдістемелік кеңесте
бекітілген көптеген оқу-әдістемелік құралдарды пайдалануға тыйым салынуы
қажет.
Сауалнама жүргізудің нәтижесінде көптеген мұғалімдер, ата-аналар,
оқушылар “Салауаттану” пәнін таңдап алады. Олар бұл пән денсаулықты
сақтауда өте қажет деп түсінеді. Бірақ қозғалу белсенділігі, тиімді
тамақтану немесе психологиялық, кикілжіңді болдырмау, өзін өзі реттеу
сияқты тақырыптар тек салауаттану мәселелерінің бір ғана жолы болып
табылады. Ал салауаттануды дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру
үшін жаңа критерийлерді, ұғымдарды, негізгі тәсілдерді айқындаудың
қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ денсаулықты сақтаудың жаңа
критерийлерін анықтау мұғалімдермен бірге дәрігерлер, психологтер,
гигиенистер және физиологтер қатысуы қажет. Әрине, мұнда жаңа
технологияларды, интербелсенді әдістерді, әсіресе тіршілікке қажетті
мәселелер бойынша жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану, яғни салауаттану
аспектілерін кешенді түрде шешу керек.
Салауаттануды тек шартты түрде медициналық және педагогикалық деп
бөледі. Салауаттануды оқытуда педагогикалық бағыттың маңызы зор. Оқушылар
өз денсаулығын сақтау және қорғау жолдарын білуі керек. Салауаттану
ғылымының дамуы, сонымен бірге салауатты өмір салтын қалыптастыру
мемлекеттік бағдар болып, ұлттың генофондын сақтап қалуға, адамгершілік,
дене, психикалық және ұрпақ денсаулығын сақтап қалуға бағытталады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты сақтау және
тіршілікке бейімделу арқылы қамтамасыз етеді. Мұғалім балаға қажетті
түрткіні қалыптастыруға көмектеседі. Ол адамның жеке қажеттілігі және
білімді меңгеруі арқылы жүзеге асады.
Мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен еңбегі арқылы салауатты өмір
салтының үлгісін құруға болады. Оған ата-аналар, мұғалімдер, ғылым, спорт,
өнер және мәдениет қайраткерлерінің өмірінің үлгісі мысал бола алады.
Өкінішке орай, қоғамда көбінесе денсаулық мәдениетінің төмендегені
байқалады, оған тәрбиеге жағымсыз, рухани жағынан төмен бұқаралық-ақпарат
құралдарының өнімдері әсер етеді. Осыдан мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы
білім беретін мектептерде, кәсіптік және жоғары оқу орындарында салауаттану
сабақтарын өткізу өзекті мәселеге айналуда.
Адам денсаулығын сақтау және нығайту жөнінде, оны қалыптастырудың
әдістері мен жолдары туралы жеке ғылымның қажеттілігі туындап отыр. Бірақ
атам заманнан белгілі болып келе жатқан салауатты өмір салтын қалыптастыру
жөнінде жиналған мәліметтердің ғылыми болжамы жасалмады, ол тек эмпирикалық
сипатта болып келеді.
Салауаттанудың зерттеу нысаны денсаулық болғандықтар, денсаулыққа
сипаттама берейік. Бұл ұғымсыз медицина да, салауаттану да ғылым ретінде
қалыптаса алмайды. Ғалымдардың денсаулыққа берген бірнеше сипаттамалары
бар. Олардың саны қазір 600-ге жетіп отыр. Бүкілодақтық денсаулық сақтау
ұйымының денсаулыққа берген сипаттамасы қазіргі жағдайда ескіріп қалды,
яғни оны толық аша алмайды.
Профессор А.А.Остроумовтың айтуынша “денсаулық дегеніміз бұл
организм күштері мен қоршаған ортаның арасындағы тепе-теңдік күйі”. Кіші
медициналық энциклопедияда денсаулыққа берген сипаттама мынадай: “денсаулық
дегеніміз организмнің табиғи күй, яғни қалыпты, өзін-өзі реттей алатын,
барлық мүшелер жүйесі үйлесімді қызмет атқаратын қоршаған ортамен
динамикалық тепе-теңдікте болатын күй”.
Ал патофизиологтердің айтуы бойынша “денсаулық дегеніміз әртүрлі
қоғамдық және еңбек әрекетіне толық қатыса алатын болмыс”.
Профессор В.П.Казначеев денсаулықты “физиологиялық, биологиялық даму,
сақтану үрдісі және адамның өмір сүруіндегі әлеуметтік белсенділігі” деп
таниды.
Профессор А. Г. Шедрина “Денсаулық өлшемі” тақырыбындағы
әдістемесінде денсаулыққа мынадай тұжырымдама береді: “Денсаулық дегеніміз
бүтін, көп бағытты динамикалық күй, ол әлеуметтік және экономикалық орта
жағдайларында генетикалық потенциалды жұмсау нәтижесінде дамиды, адамның
биологиялық және әлеуметтік қызметін қамтамасыз етеді”.
Сонымен, көптеген авторлардың пікірлерін тұжырымдай келе профессор
В.В.Колбанов: “адамның денсаулығы дегеніміз - тіршіліктің табиғи
жағдайының үздіксіз реттелуі ол организмнің өздігінен және реттелу
қабілеттілігімен сипатталады. Гомеостазды қамтамасыз ету, психикалық және
соматикалық мәртебені жетілдіру барысын, мүшелер мен мүшелер жүйесінің
өзара үйлесімдік қызметі нәтижесінде қоршаған ортаға бейімделу, биологиялық
және әлеуметтік қызмет атқару үшін қосымша және компенсаторлық
механизмдерді пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Осы аталған белгілердің
бірінің болмауы денсаулықтың жартылай немесе толық бұзылғанын ... жалғасы
Достарыңызбен бөлісу: |