|
3. апта Астана – Отанымыздың жүрегі
|
1.Жүруді жүгірумен ауыстыру. Үстелдің астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіртпемен секіру.
2.Жүруді жүгірумен ауыстыру. Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіртпемен секіру.
Орнында баяу айналу.
3. Жүруді жүгірумен ауыстыру. Орнында баяу айналу. Ауданы 50 х 50 см, биіктігі 10 см мінбеге өрмелеу.
|
Сөйлеуді дамыту
Еліміздің бас қаласы Астана, Бәйтерек туралы түсінік беру, сөздерді жоғары дауыспен екпінді сақтап, дұрыс айтуды үйрету. Зат есімдердің жекеше түрлерін қолдануға үйрету.
|
Сенсорика
Түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және топтастыруға үйрету.
Жаратылыстану
Еліміздің бас қаласы Астананың табиғаты әсемдігі, ауа-райының ерекшеліктері туралы әңгімелесу
|
Сурет салу
Түзу, домалақ пішіндерді салуды жетілдіру, бәйтеректің суретін салу
Музыка
Көңілді әндерді тыңдау ережесін сақтауға, жеке сөздерді айқайламай, әнді жеке айтуға, жаттығулар мен билерде музыканың қарама-қарсылығына сәйкес бір қимылдан басқасына ауысуға үйрету үйрету.
Музыка
Қоңыраулардың жоғары, төмен дыбысталуын тыңдауға, әнді топпен айтуға, әнді сахналауда қимылдардың жекеғ элементтерін қолдануға үйрету.
Жапсыру
Қағаз бетіне геометриялық пішіндерден бәйтеректі орналастыруға үйрету
|
Еліміздің бас қаласы Астанаға қызығушылыққа баулу
|
|
апта Тәуелсіз Қазақстан (ҚР Тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздер)
|
1. Кедергілерден аттап жүру және 30-40 сек бойына үзіліссіз жүгіру. Ауданы 50 х 50 см, биіктігі 10 см мінбеге өрмелеу. Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға жоғарыдан, (қағып алмай) лақтыру.
2. Кедергілерден аттап жүру және 30-40 сек бойына үзіліссіз жүгіру. Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға жоғарыдан, (қағып алмай) лақтыру. 10-15 см биіктен секіру.
3. Кедергілерден аттап жүру және 30-40 сек бойына үзіліссіз жүгіру. 10-15 см биіктен секіру. Орнында баяу айналу.
|
Көркем әдебиет
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздер туралы әңгімелесу. Тақырыпқа сәйкес тақпақ жаттату.
|
Құрастыру
Кірпіштерді түрліше үйлестіріп орналастыру арқылы Бәйтеректің құрылысын жасауға үйрету
Жаратылыстану
Қазақстаннның табиғаты мен ондағы маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту
|
Сурет салу
Толқынды және түзу сызықтарды салуды жетілдіру, тудың суретін салу.
Музыка
Түрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әндерді тыңдауға және оларды тануға, әнді топпен айтуға, бубенмен, сылдырмақпен қимылдар жасауға үйрету.
|
Тәуелсіз Қазақстан Президент, мемлекеттік рәміздер туралы түсінік беру
|
Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі (Қаңтар)
|
1. апта Айналамыздағы өсімдіктер
|
1. Бірқалыпты жүру және жүгіру. Орнында баяу айналу. Кедергілі жазықтың бетімен еңбектеу.
2. Бірқалыпты жүру және жүгіру. Кедергілі жазықтың бетімен еңбектеу. Бір орында тұрып екі аяқтап секіру. 3. Бірқалыпты жүру және жүгіру. Бір орында тұрып екі аяқтап секіру. Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға (кеуде тұсынан, (қағып алмай) лақтыру.
|
Сөйлеуді дамыту
Өсімдіктер олардың адамға пайдасы туралы әңгімелесу. Зат есімдердің көпше түрлерін қолдану. Зат есімдерді етістікпен байланыстыруға үйрету.
|
Сенсорика
Ересектердің нұсқауымен түсі, өлшемі бойынша заттарды табуды жетілдіру.
Жаратылыстану Айналадағы өсімдіктер, олардың атауларымен және құрлысымен таныстыру (сабағы, жапырағы, тамыры) оларға бақылау жасау
|
Сурет салу
Дайын гүлдің сүретін қылқаламмен бояу
Музыка
Көңілді және қимылды әндерді тыңдауға , әнді уақытында бастауға және аяқтауға, жүргенде сымбатты сақтауға, басты түсірмеуге үйрету.
Музыка
Музыканы тыңдай білуді таныс әндерді және оларға тән ерекшеліктерін тануға, әнді озып кетпей айтуға, педагогтың көрсеткен аяқ қимылдарын «топ-топ» орындауға үйрету.
|
Қоршаған ортадағы өсімдіктердің атауларымен таныстыру. Өсімдіктерге қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
|
|
2. апта Жануарлар әлемі
|
1. Жан-жаққа жүру және шашырап жүгіру. Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға (кеуде тұсынан, (қағып алмай) лақтыру. Жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м) жүру.
2. Жан-жаққа жүру және шашырап жүгіру. Жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м) жүру.
Бір орында тұрып екі аяқтап секіру.
3. Жан-жаққа жүру және шашырап жүгіру. Бір орында тұрып екі аяқтап секіру. Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға жоғарыдан, (қағып алмай) лақтыру.
|
Көркем әдебиет
Жануарлармен және олардың атауларымен таныстыру. Әңгіме оқып беру және ондағы кейіпкерлердің әрекеттерін қадағалауға үйрету
|
Құрастыру
Құрылыс материалдарынан жануарларға үйшікті түрлі нұсқада жасауға үйрету
Жаратылыстану Жануарлармен және олардың атауларымен таныстыру. Оларға ұқыпты қарауға үйрету
|
Сурет салу
Күшікке арнап үйшік салу
Музыка
Музыканы тыңдай білуді таныс әндерді және оларға тән ерекшеліктерін тануға, әнді қалып қоймай айтуға, денені оңға, солға бұруға үйрету.
Мүсіндеу
Күшікке арнап үйшік жасау. Кішкентай бөліктерді алақан арасында домалақтап үстінен саусақпен басып дайын болған бөліктерді бір-бірімен біріктіруге үйрету
|
Жануарлармен олардың атауларымен, дене бөліктерімен таныстыру. Оларға қамқорлыққа баулу
|
|
3. апта Құстар – біздің досымыз
|
1. Берілген бағытқа жүру және жүгіру. Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға жоғарыдан, (қағып алмай) лақтыру. Алға қарай ұмтыла затқа дейін екі аяқтап секіру (10-15см).
2. Берілген бағытқа жүру және жүгіру. Алға қарай ұмтыла затқа дейін екі аяқтап секіру (10-15см). Гимнастикалық орындықтың үстімен тепе-теңдік сақтап жүру.
3. Берілген бағытқа жүру және жүгіру. Гимнастикалық орындықтың үстімен тепе-теңдік сақтап жүру. Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға төменнен, (қағып алмай)лақтыру.
|
Сөйлеуді дамыту
Құстармен және олардың атауларымен таныстыру. Не істейді? сұрағына жауап беруге үйрету.
|
Сенсорика
Үшбұрыштар мен төртбұрыштарды көлемі мен түсі бойынша топтастыруды жетілдіру
Жаратылыстану
Құстармен және олардың атауларымен, құрлысымен (тұмсығы, аяқтары, құйрығы) таныстыру. Аулаға ұшып келетін құстарға бақылау жасау (торғай, көгершін, қарға).
|
Сурет салу
Бояумен жұмыртқаның суретін салу
Музыка
Көңілді музыканы тыңдау және түсінуге, әнді айтуда кідірісті сақтауға, басты оңға, солға июге үйрету.
Музыка
Музыканы тыңдай білуді таныс әндерді және оларға тән ерекшеліктерін тануға, әнді айтуда кідірісті сақтауға, қолдарды сермеуге үйрету.
Жапсыру
Балабапанның дайын бөліктерін қағазға жапсыру. Оның тұмсығы мен аяқтарын қарындашпен салу.
|
Құстар олардың атауларымен, дене бөліктерімен таныстыру. Құстарға қамқорлық жасауға үйрету
|
|
4. апта Ғажайып қыс
|
1. Шеңбер бойымен қолдарының әртүрлі қалыптарымен жүру және әртүрлі қарқынмен жүгіру. Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға төменнен, (қағып алмай)лақтыру. Еңіс тақтайдың үстімен еңбектеу.
2 Шеңбер бойымен қолдарының әртүрлі қалыптарымен жүру және әртүрлі қарқынмен жүгіру. Еңіс тақтайдың үстімен еңбектеу. Еңіс тақтайдың үстімен (ені 25 см, бір басы 15-20 см көтерілген) жүру.
3. Шеңбер бойымен қолдарының әртүрлі қалыптарымен жүру және әртүрлі қарқынмен жүгіру. Еңіс тақтайдың үстімен (ені 25 см, бір басы 15-20 см көтерілген) жүру.
Жол бойымен төрттағандап еңбектеу.
|
Көркем әдебиет
Қыс көрінісі, адамдардың киімдері туралы әңгімелесу. Нені ұстады?, Нені әкеледі? сауалдарына жауап беруге үйрету.
|
Құрастыру
Құрылыстың қасиетін ескере отырып материалды таңдап сырғанақтың құрылысын жасау
Жаратылыстану
Қыстағы табиғаттың ерекшеліктерін бақылау. Қарды қолмен ұстап еріген кезде суға айналатынын бақылау
|
Сурет салу
Қолғаптың суретін салу. Домалақ пішінді түзу сызықты бөліктерді бір-бірімен байланыстыруды үйрету.
Музыка
Музыкалық иллюстрациямен сүйемелденген әңгімелерді қызығушылыпен тыңдауға, әнді уақытында бастап, аяқтауға, шеңбер бойымен жүруге үйрету.
|
Қыстағы табиғатпен, адамдардың киімдерімен таныстыру.
|
Өтпелі тақырып: Бізді қоршаған әлем (Ақпан)
|
апта. Ғажайыптар әлемі (өлі табиғат құбылыстары).
|
1. Аяқтың ұшымен жүру, заттардың арасымен жүгіру. Жол бойымен төрттағандап еңбектеу. Орнынан ұзындыққа (20-50см) секіру.
2. Аяқтың ұшымен жүру, заттардың арасымен жүгіру. Орнынан ұзындыққа (20-50см) секіру. Гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модулге шығып тұру, қолын жоғары көтеру, түсу.
3. Аяқтың ұшымен жүру, заттардың арасымен жүгіру. Гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модулге шығып тұру, қолын жоғары көтеру, түсу. Доғаның, орындық, астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тізесімен тіреп) еңбектеу.
|
Сөйлеуді дамыту
Өлі табиғат құбылыстары күн, ауамен таныстыру, зат есімдерді етістікпен байланыстыруға үйрету.
|
Сенсорика
бірізділікпен азаятын 3 немесе одан да көп бөліктерден қарапайым 2 қасиетін (түсі мен пішіні) кезектестіру принципі бойынша түрлі түсті пирамидалар құрастыруды үйрету
Жаратылыстану
Күннің табиғатқа әсерін бақылау (қыста күннің суық болуы мен жазда ыстық болуы)
|
Сурет салу
Саусақтарды бояуға малып қағазға ізін түсіріп күннің суретін салу.
Музыка
Музыканы тыңдап, таныс әндерді тани білуге, әнді уақытында бастап аяқтауға, таныс қимылдарды жаңа музыкамен сәйкес есте сақтауға үйрету.
Музыка
Музыканы тыңдап, таныс әндерді тани білуге, әнді озып кетпей айтуға, таныс қимылдарды жаңа музыкамен сәйкес есте сақтауға үйрету.
|
Өлі табиғат құбылыстары: күн, ауа, құм туралы түсінік беру.
|
|
апта. Көліктер
|
1. Шеңбер бойымен қолдарының әртүрлі қалыптарымен жүру және әртүрлі қарқынмен жүгіру. Доғаның, орындық, астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тізесімен тіреп) еңбектеу. 10-15 см биіктен секіру.
2. Шеңбер бойымен қолдарының әртүрлі қалыптарымен жүру және әртүрлі қарқынмен жүгіру. 10-15 см биіктен секіру. Гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модулге шығып тұру, қолын жоғары көтеру, түсу.
3. Шеңбер бойымен қолдарының әртүрлі қалыптарымен жүру және әртүрлі қарқынмен жүгіру. Гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модулге шығып тұру, қолын жоғары көтеру, түсу. Үстел, арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тізесімен тіреп) еңбектеу.
|
Көркем әдебиет
Жүк көлігімен таныстыру. Зат есімдер мен сын есімдерді қолданып заттарды сипаттауда үйрету.
|
Құрастыру
Құрылыс материалдарынан көлік пен көліктерді қоятын жай құрастыру
Жаратылыстану
Құммен оның қасиеттерімен (шашылады, сусылдайды, дымқыл болған кезде бір-біріне жабысады) таныстыру
|
Сурет салу
Саусақпен құмға көлік суретін салу
Музыка
Сергек сипаттағы әнді тыңдауға, мазмұнын түсініп және оларға эмоцианалды жауап беруге, әнді бірге айтуға белсенділік танытуға, таныс қимылдарды жаңа музыкамен сәйкес есте сақтауға және қайталауға үйрету.
Мүсіндеу
Көліктің дөңгелектерін жасау. Дайын бөлшектерді бір-бірімен байланыстыруды үйрету.
|
|
|
апта Электроника әлемі
|
1. Аяқтың ұшымен жүру, заттардың арасымен жүгіру. Үстел, арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тізесімен тіреп) еңбектеу. Көзінің және кеудесінің тұсынан әртүрлі заттардың астымен домалату.
2. Аяқтың ұшымен жүру, заттардың арасымен жүгіру. Көзінің және кеудесінің тұсынан әртүрлі заттардың астымен домалату. Еденде 10-20 см қашықтықта (2 арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан, таспадан секіру.
3. Аяқтың ұшымен жүру, заттардың арасымен жүгіру. Еденде 10-20 см қашықтықта (2 арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан, таспадан секіру. 0,5-1,5 м арақашықтыққа отырған және тұрған қалыптан доптарды домалату.
|
Сөйлеуді дамыту Теледидармен таныстыру. Зат есімдер мен сын есімдерді қолданып заттарды сипаттауға үйрету.Дыбысқа еліктеп сөздерді айтқызу.
|
Сенсорика
бірізділікпен азаятын 3 немесе одан да көп бөліктерден қарапайым 2 қасиетін (өлшемі мен пішіні) кезектестіру принципі бойынша түрлі түсті пирамидалар құрастыруды үйрету
Жаратылыстану
Кір жуатын мәшинемен таныстыру. Оның электр арқылы жұмыс жасайтынын бақылау
|
Сурет салу
Кір жуатын мәшиненің суретін салу
Музыка
Сергек сипаттағы әнді тыңдауға, мазмұнын түсініп және оларға эмоцианалды жауап беруге, әнді бірге айтуға белсенділік танытуға, үйренген әнді айта отырып, таныс қимылдарды қайталауға үйрету.
Музыка
Тыңдалған таныс әндердің ерекшеліктерін тани білуді, әнді қалып қоймай айтуға, үйренген әнді айта отырып, таныс қимылдарды қайталауға, кеңістікте бағдарлауды үйрету.
Жапсыру
Теледидардың дайын суретін майда суреттер жапсырып безендіру. Бөліктерді қағаз бетінде орналастыруды пысықтау.
|
Теледидар, компьютер, кір жуатын мәшинемен таныстыру.
|
|
Мамандықтың бәрі жақсы
|
1. Шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүру және жүгіру. 0,5-1,5 м арақашықтыққа отырған және тұрған қалыптан доптарды домалату.
Заттардан (биіктігі 10-15 см), шеңберден шеңберге аттау.
2. Шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүру және жүгіру. Заттардан (биіктігі 10-15 см), шеңберден шеңберге аттау. Бір және екі қолымен допты еденге ұру.
3. Шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүру және жүгіру. Бір және екі қолымен допты еденге ұру. Төрттағандап тақтаның үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергіден (таспалардан, текшелерден және тағы басқа) аттау.
|
Көркем әдебиет
Аспазшы, дәрігер, тәрбиеші мамандықтарын таныстыру. Ойыншықтарды қолданып күрделі емес ойындарға, диалогке қатыстыру.
|
Құрастыру
Құрылыс материалдарынан белгілі бір мамандыққа қажетті жабдықтарды құрастыру, масштабына сәйкес сюжетті ойыншықтарды қолдана отырып олармен ойнату
Жаратылыстану Ересектердің еңбегін (аула сыпырушы, медбике) бақылау, олар туралы әңгімелесу
|
Сурет салу
Нанның суретін салуға үйрету.
Музыка
Тыңдалған әннің мазмұнын түсініп, оған эмоционалды жауап беруге, әнді кідірісті сақтап айтуға, әнді ересектердің қимылана еліктеп қиялдағы аспапта сүйемелдеуге үйрету.
|
Аспазшы, дәрігер, тәрбиеші мамандықтарын таныстыру.
|
Өтпелі тақырып: Салттар мен фольклор (Наурыз)
|
апта Қазақтың салттары мен дәстүрлері
|
1. Жұптасып жүру және бірінің соңынан бірі (20м дейін) жүгіру. Төрттағандап тақтаның үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергіден (таспалардан, текшелерден және тағы басқа) аттау. Қарама-қарсы отырып допты бір-біріне домалату.
2. Жұптасып жүру және бірінің соңынан бірі (20м дейін) жүгіру. Қарама-қарсы отырып допты бір-біріне домалату. Гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модулге шығып тұру, қолын жоғары көтеру, түсу.
3. Жұптасып жүру және бірінің соңынан бірі (20м дейін) жүгіру. Гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модулге шығып тұру, қолын жоғары көтеру, түсу. Қос аяқпен алға жылжи отырып секіру
|
Сөйлеуді дамыту
Бесік жырын тыңдатып, оны қайталап айтуға, берілген сұрақтарға жауап беруге, дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.
|
Сенсорика
бірізділікпен азаятын 3 немесе одан да көп бөліктерден қарапайым 2 қасиетін (өлшемі мен түсі) кезектестіру принципі бойынша түрлі түсті пирамидалар құрастыруды үйрету
Жаратылыстану
Бесік жырын тыңдату. Бесік туралы әңгімелесу. Оның ағаштан жасалғанын көрсету
|
Сурет салу
Бесіктің дайын суретін түрлі сызықтармен безендіру
Музыка
Көңілді, ширақ әндерді мұқият тыңдап мазмұнын түсінуге, педагогтың созылыңқы айтуына еліктеп, сөз тіркестерін қайталап айтуға, әннің мазмұны өзгеруіне байланысты қимылдарды ауыстыруға үйрету.
Музыка
Көңілді, ширақ әндерді мұқият тыңдап мазмұнын түсінуге, педагогтың созылыңқы айтуына еліктеп, сөз тіркестерін қайталап айтуға, шашырып би қимылдарын орындауға, кеңістікте бағдарлауды үйрету.
|
Қазақтың салттары мен дәстүрлері туралы қарапайым түсініктерді беру.
|
|
апта Ертегілер Елінде. Театр әлемі
|
1. Қарқынды өзгерте отырып, жүру және бағытты өзгертіп жүгіру. Қос аяқпен алға жылжи отырып секіру. Доғаның астымен бірінің артынан бірі еңбектеу.
2. Қарқынды өзгерте отырып, жүру және бағытты өзгертіп жүгіру. Доғаның астымен бірінің артынан бірі еңбектеу. Бір қолымен допты еденге ұру.
3. Қарқынды өзгерте отырып, жүру және бағытты өзгертіп жүгіру. Бір қолымен допты еденге ұру. Үстелдің астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу.
|
Көркем әдебиет
Балаларға ертегі тыңдату. Кейіпкерлердің сөздерін қайталап айтып рөлдерде ойнату.
|
Құрастыру
Құрылыс метериалдарынан тақырыпқа сәйкес құрылыс тұрғызу және оны атау онымен ойыншықтарды қолданып, ойнауға үйрету
Жаратылыстану «Ертегілер елінде» бұрышындағы кейіпкерлермен таныстыру.
|
Сурет салу
Асықтың суретін салу
Музыка
Тыңдалған әннің мазмұнын түсініп, оған эмоционалды жауап беруге, педагогтың созылыңқы айтуына еліктеп, сөз тіркестерін қайталап айтуға, музыканың сипатына сәйкес қимылдарды өзгертуге, кеңістікте бағдарлауды үйрету
Мүсіндеу
Домалақ бөлікті үстінен басып бұрыштарын домалақ пішінге келтіріп, асықтың мүсінін жасау
|
Балаларға ертегілер тыңдату. Ондағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне жанашырлық танытуға, олардың сөздерін қайталап айтуға баулу
|
|
апта Өнер көзі халыкта
|
1. Аяқтың ұшымен жүру, заттардың арасымен жүгіру. Үстелдің астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Шеңберден шеңберге аттау.
2. Аяқтың ұшымен жүру, заттардың арасымен жүгіру. Шеңберден шеңберге аттау.
Арқанның астымен нысанаға дейін еңбектеу. 3. Аяқтың ұшымен жүру, заттардың арасымен жүгіру. Арқанның астымен нысанаға дейін еңбектеу. Орнынан (20-50 см) ұзындыққа секіру.
|
Сөйлеуді дамыту
Қазақтың ағаштан жасалған кесе, қасықпен таныстыру. Нені ұстады? Нені әкеледі? сұрақтарына жауап беруге үйрету.
|
Сенсорика
берілген 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі әр текті байланыс орната білу іскерлігін бекіту
Жаратылыстану
Төрт түлікпен таныстыру. Оның жүнінен киіз жасауға болатынын көрсету.
|
Сурет салу
Қарапайым оюдың дайын бейнесін жалғастырып, үзіксіз, айналмалы сызықтармен салу.
Музыка
Тыңдалған таныс әндердің ерекшеліктерін тани білуді, сөз тіркестерін қайталап айтуға, шашырап, би қимылдарын орындауға, кеістікті бағдарлауға үйрету
Музыка
Көңілді сипаттағы әндерді тыңдауға олардың мазмұнын түсінуге, сөз тіркестерін қайталап айтуға, кезекпен аяқтың ұшымен тұруды үйрету.
Жапсыру
Дайын оюларды қағаз бетіне орналастыру. Бөліктерді симметриялы орналастыруды үйрету.
|
Қазақ халқының қол өнер бұйымдарымен таныстыру. Оларға ұқыпты қарауға үйрету.
|
|
|