Сабақ Пән: Компьютерлік геометрия және графика Тақырыбы: «Векторлық графиканың математикалық негіздері»



жүктеу 114,4 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі114,4 Kb.
#15172
түріСабақ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Байсеиітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК


ДУБЛЕР САБАҚ


Пән: Компьютерлік геометрия және графика

Тақырыбы: «Векторлық графиканың математикалық негіздері»

Дублер оқытушы Исауова Аида
.

2016-2017 оқу жылы

12 Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)


Топ

Күні

2 негізгі ИС

17.02






Пән: Компьютерлік геометрия және графика

1 бөлім. Компьютерлік графика негіздері

Курс тақырыбы №2.3 Тірек сызықтары, олардың мәндері және қолданылуы.

Сабақтың тақырыбы №12 Векторлық графиканың математикалық негіздері.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: дәріс, дублер сабақ

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

- компьютерлік графика түрлері және мүмкіндіктерін;

- Corel Draw бағдарламасының негізгі мүмкіндіктерін;

- объектер түрлерін;

- тірек сызықтарын.



Кәсіптік құзыреттілік

- объектерді жылжытуды;

- контурларды қолдануды;

- мәтіндермен жұмысты;

- түрлі эффектілерді қолдануды;

- объектілерді(суреттерді) импорттау және экспорттау.





Сабақ мақсаттары


оқытушылық

Оқушыларға векторлық графиканың математикалық негіздері туралы түсінік беру



тәрбиелік

Оқушыларды компьютерде жұмыс істеу мәдениеттілігіне тәрбиелеу


дамытушылық

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары мен танымдылық қабілеттерін дамыту. Компьютерлік графиканы қолдануда болашақ қызметтерінде жұмыс істей білуге тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін

«Экономикалық информатика»

Қамтамасыз етілітін

«Компьютерлік геметрия мен графика»


Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар

ДК

Таратпа материалдар

Дәріс материалдары

Оқытудың техникалық құралдары

ДК

Әдебиет: негізгі

Н.Т.Ермеков, Информатика

Қосымша

Г.Ә.Жапарова, Информатика негіздері


Сабақ мазмұны


Эле-мент №

Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері



Қосымшалар, өзгерістер




  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

  2. Үй тапсырмасын сұрау (20 мин)

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (40 мин)

  4. Жаңа сабақтан алған білімдерін бекіту (2 мин)

  5. Үй тапсырмасын беру (1 мин)

  6. Сабақты қорытындылау (5 мин)




1.

Барысы:

Ұйымдастыру

- оқушылардың және аудиторияның сабаққа дайындығын бақылау;

- оқушыларды түгендеу және журнал толтыру;

- сабақтың барысы және мақсатымен таныстыру.






2.

Үй тапсырмасын сұрау

  1. Қисық сызықтарды редакциялау

  2. Shape сайманы




3.

Жаңа сабақты түсіндіру

Курс тақырыбы №2.3 Тірек сызықтары, олардың мәндері және қолданылуы.

Сабақтың тақырыбы №12 Векторлық графиканың математикалық негіздері.

Жоспар:


  1. Векторлы графиканың математикалық негіздер

  2. Векторлық және растрлік графикалар арасындағы ұқсастық.







4.

  1. Жаңа сабақтан алған білімдерін бекіту

Нүкте

Түзу кесінді

Түзу сызық

Екінші тәртіп иіні

Үшінші тәртіп иіні

Безье қисығы

Векторлық және растрлік графикалар арасындағы ұқсастық.





5

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау

Сабаққа қатысулары мен үй тапсырмасы бойынша оқушыларды бағалаймын.






6

Үйге тапсырма

Н.Ермеков «Компьютерлік графика», 75-78 бет






Дублер оқытушы Исауова Аида




Курс тақырыбы №2.3 Тірек сызықтары, олардың мәндері және қолданылуы.

Сабақтың тақырыбы №12 Векторлық графиканың математикалық негіздері.

Жоспар:


1. Векторлы графиканың математикалық негіздер

2. Векторлық және растрлік графикалар арасындағы ұқсастық.


Векторлы графиканың математикалық негіздері

Векторлы графиканың негіздерінде геометриялық фигуралардың өзіндік қасиеттері жайлы математикалық амалдар жатады. Жоғарыда айтқанымыздай, сызық векторлы графиканың қарапайым обьектісі болып табылады. Сондықтан векторлы графиканың негізінде ең алдымен математикалық амалы жатады. Төменде бірнеше сызық түрлерін қарастырамыз. Алдымен нүктеден бастайық.

Нүкте

Нүкте жазықтықтағы координаттың бас жағына қатысты түскен нүктенің қалпын анықтайтын екі санмен (х,у) беріледі.



Түзу сызық

Түзу сызықтың тапсырмасы үшін екі  параметрдің жеткілікті екендігі алгебра  курсы бойынша бізге белгілі. Әдетте түзу сызықтың графикасы у=кх+в теңдігі белгіленеді. К және в параметрлерін біле отырып, белгілі координат жүйесіне шексіз түзу сызықты салуға болады.

Түзу кесінді

Түзу кесіндіге берілетін тапсырманы орындау үшін біз қос параметрлерді, мысалы, кесіндінің бас жағы мен ұш жағының х1 және х2 координатасын білуіміз керек. Сондықтан түзу сызықты көрсету үшін төрт параметр қажет.

Екінші тәртіп иіні

Екінші тәртіптің иініне парабола, гипербола, эллипс, шеңберлер және басқа сызықтар, екінші тәртіптен жоғары дәрежені ұстамайтын теңдіктер жатады. Түзу сызықтар дегеніміз-екінші тәртіп иіндерінің жеке орамы. Екінші тәртіптің иіні иілу нүктесінің жоқтығына байланысты ерекшеленеді. Екінші тәртіп иінінің жалпы формуласы мынандай болуы мүмкін:

х2 + а1у22ху+а3 х+а4у+а5=0

Шексіз екінщі тәртіп иінін салып көрсету үшін бес-ақ параметрдің жеткілікті екенін көріп  отырсыздар. Екінші тәртіп иінінің  кесіндісін жазу үшін артық екі параметр қажет.

Үшінші тәртіп иіні

Бұл күрделі иіндерді ерекшелендіретін қасиет сол, олардың иілу нүктесі  болады. Егер сіз у=х3 функция графикасымен  таныс болсаңыз, онда координат басында болып жатқан иілуін байқар едіңіз. ‡шінші тәртіптегі иін кәдімгі тірі табиғатта болып жатқан сызықтармен ұқсас екендігін аңғарамыз. Мысалы, адам денесінің иілуі. Сондықтан векторлы графиканың басты обьектісі ретінде дәл осындай сызықтар қолданылады. Екінші тәртіптің түзуі мен иіні (мысалы, шеңберлер немесе эллипстер) үшінші тәртіп қисығының жеке орайы болып табылады. Жалпы орайда үшінші тәртіп қисығының теңдігін былай деп көрсетуімізге болады:

х31у32х2у+а3ху24х25ху+а7х+а8у+а9=0

Көріп отырғанымыздай, үшінші тәртіп қисығын жазу үшін тоғыз параметр де жеткілікті екен. Үшінші тәртіп қисығының, кесіндісінің тапсырмасы үшін екі параметр артық болуы керек.

Безье қисығы

Берілген коэффициенттер арқылы үшінші тәртіптің қисығын  салу онша қызық емес. Бұл қиын процедураны  векторлық редакторларда реттеп жасау үшін үшінші тәртіп қисықтарының бәрін қолдана бермейді. Безье  қисығының кесінділері дегеніміз-үшігші тәртіп қисығының және орамдары. Олар үшінші тәртіп қисықтарының еркін кесінділері тәрізді он бір параметрмен жазылмайды, олар тек сегіз параметрмен жазылады. Сондықтан бұлармен жұмыс жасау өте ыңғайлы. Безье қисығын құрастыру әдісі сызыққа тірелетін ұшының нүктелеріне Жанасқан сызық бойымен жүретін қос сызығын қолдануға негізделген. Тәжірибе жүзінде бұл жанасулар «рычагтың» рөлін атқарады. Олардың көмегімен сызықтарды қажетінше июге болады. Сызық формасына жанасулардың иілу бұрышы ғана әсер етіп қана қоймай, сызық кесіндінің ұзындығы да әсер етеді. Жанасуды (онымен бірге сызық формасын) меңгеру тышқанның көмегімен ары-бері жүргізіп отыратын маркер арқылы жүзеге асырылады.

Векторлық және растрлік графикалар арасындағы ұқсастық.

Растрлік графика жөнінде айтқанымызда, Біз оның екі кемшілігін көрсеткенбіз: сақтау және өңдеу кезінде дерек жиынының аса үлкендігі, сонымен қатар осының себебімен кескіннің бұрынғы сапасын бұзбайынша, оны масштабталу мүмкіндігінің болмауы.

Ал векторлық  графика  бұл екі кемшілікті болдырмағанмен, өз кезегінде көркем иллюстрацияны жасау кезіндегі жұмысты қиындатып жібереді. Тәжірибе жүзінде векторлық графика құралдарын  көркем композиция жасау үшін қолданбай, безендіру, сызу және жобалау конструкторлық жұмыстар үшін пайдаланады.

Өзіміз анықтағандай, қарапайым обьектілер туралы  ақпараттарды сақтау үшінші тәртіптегі  сызықтағыдай болса, векторлық   графикада тек сегіз параметр  қажет. Сызықтардың қасиеттері  оның жалпақтығына, түр-түсіне, сипатына  т.б. сәйкес келсе, онда бір обьектіні сақтау үшін жедел жадтың 20-30 байты жеткілікті болмақ.. Мыңдаған обьектілерден құралған күрделі композицияларға тек ондаған және жүздеген Кбайт жұмсалады.

Векторлық графикада  масштабталулық мәселесі жеңіл шешіледі. Егер 0,15 мм қалыңдыққа тең сызық берілсе, онда біз суретті қаншама үлкейтсек те, не кішірейтсек те, обьектінің өзіне тән қасиеті ретінде бұл сызық осы қалыңдықты ғана ұстап тұрады. Векторлық графиканың осы қасиеті картографияда, автоматтандырылған жобалау конструкторлық жүйелерде (САПР-АЖКЖ) және автоматтандырылған архитектуралық жобалау жүйелерінде кеңінен пайдаланылады.

Экраннан үй кескінін шығарып, оны үлкейтуімізге және пәтердің кескінін анықтап көруімізге болады. Әрі қарай үлкейте берсек есік бекіткен орындарды, есік ілгектерін көре аламыз. Одан да үлкен етіп көрсетсек, есік бекіткен бұрандалы бекіткіштер экранның бетін алады. Қажет болған жағдайда, кескінді бұдан әрі үлкейтуге болады.

Фрактальдық графика  туралы түсінік.

Векторлық графика тәрізді  фрактальдық графикада есептеуші қызмет атқарады. Бірақ одан айырмашылығы сол-компьютер жадында ешқандай обьект сақталмайды. Кескін теңдікке құрылады, сондықтан формуладан басқа ештеңе сақталмайды. Теңдіктегі коэффициенттерді өзгерту арқылы тіпті басқа суретке тірелеміз.

1.Фрактальдық ұшбұрыш қарапайым фрактальдық обьект болып табылады, а жақтары бар жай біркелкі жақты үшбұрышты құрастырыңыз. Әрбір жақты үш кесіндіге бөліңіз. Жақтың ортаңғы кесіндісіне бастапқы үшбұрыш 1/3-ге тең етіп теңқабырғалы үшбұрыш құрастырыңыз. Ал басқа кесінділерге беттері 1/9 а-ға тең қабырғалы (жақты) бірдей қабырғалы үшбұрыш салыңыз. Алынған үшбұрыштар мен осы операцияны қайталаңыз. Көп ұзамай-ақ  келесі буындағы үшбұрыштар өзі пайда болған структураларды қайталап, солардың қасиеттерін жалғастырады, тұқым қуады. Фрактальдық осылай пайда болады.


  1. Тұқым қуу процесін  шексіз-шетсіз жалғастыруға болады. Осы секілді шексіз-шетсіз  фрактальдық обьектіні алып, оны лупа немесе  микроскоп арқылы көрген соң,  Бастапқы структуралардың (құрылымдардың)  қасиеттерін қайталайтын жаңа, әр түрлі детальдарды (бөлшектерді) тауып алуға болады.

  2. Тірі және өлі  табиғаттың көптеген обьектілердің  бойында фрактальдық қасиеттер  болады. Мысалы, Бірнеше есе үлкейтілген  қар бүршігі фрактальдық обьект  болып табылады. Кристалдар мен  өсімдіктердің өсуінің негізінде фрак тальдық алгоритмдер жатады. Папортникті өсімдіктердің бұтағына қарасаңыз әрбір жаңадан пайда болған бұтақ әлдеқайда биіктеп өскен бұтақтың қасиеттерін қайталайды.

  3. Ағаштардың жекелеген  бұтақтарынан математикалық әдістер арқылы бүкіл ағаштың  қасиеттерін бақылауға болады. Ал егер бұтақты суға салып қойсақ , онда көп ұзамай, біраз уақыт аралығында толық өсіп шығатын ағаштың көшетін өндіріп ала аламыз (әсіресе теректің бұтағы тез өнеді).

  4. Фрактальдық графиканың  тірі табиғат образын есептеп шығару жолымен модельдеу қабілетін автоматты генерацияның әдеттен тыс иллюстрациясы үшін пайдаланады.

Компьютерлік  графиканың негізгі ұғымдары

Компьютерлік графикада шешу ұғымына байланысты көптеген шатасулар болып отырады. Өйткені обьектілерге тән әр түрлі обьектілердің бірнеше қасиеттерімен бірден жұмыс жасауға тура келеді. Мұнда мыналарды дәл ажырата білу керек . Экранның шешуі баспа құрылғысының шешуі және кескінді шешуі. Бұл ұғымдар әр түрлі обьектілерге қатысты. Шешудің бұл түрлері, монитор экранындағы суреттің қағаздағы таңбаның қатты дискідегі файлдың қандай физикалық өлшемде екендігін білмей тұрғанда, бір-бірімен байланыспайды.

Экранның шешуі дегеніміз- компьютерлік жүйенің (монитор мен видеокартаға байланысты) және операциялық жүйенің (Windows-ты құруға байланысты)  қасиет, яғни экранда толығымен бейнелене алатын кескіннің ең көп шамасын анықтайтын параметр. Ол пиксельмен өлшенеді және экрандағы бір мезгілде ашылуы мүмкін терезелер санын анықтайды.

Принтердің  шешуі-баспа құрылғысының ұзындық бірлігіндегі басу сапасын анықтайтын параметр. Ол ұзындық бірлігіне келетін нүктелер санымен өлшенеді. Жалпы қабылданған өлшем бірлігі-dpi. Ол кескін өлшемін берілген тапсырма бойынша немесе кескін қасиетін берілген мөлшерде анықтап береді.



Кескінді шешу- кескінге тән қасиет. Кескінді өңдеу бойынша мүмкіндіктер ауқымын анықтайды. Графикалық редакторда кескіндеу немесе сканерлеу кезінде нүктелермен дюйм (dpi) бірліктерінде өлшенеді.

Дублер оқытушы____________Исауова Аида
жүктеу 114,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау