«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет82/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   296
materialy resp chteniy

 

 

 

 

 


154 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ 



ҮЛГІЛІК  ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС 

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАЗМҰНЫН ІСКЕ АСЫРУ

 

 

Сеилгазинова Сандуғаш Айтмұханқызы, 

№45 «Арман» балабақша меңгерушісі, 

Алматы облысы Талдықорған қаласы 

 

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған Қазақстандық білім 

беру 

реформасының 



басты 

мақсаттарының 

бірі 

– 

инновациялық 



технологияларға  сүйене  отырып,  баланың  бойында  шығармашылық  ойлауды 

дамытуға  мүмкіндік  жасау.  Бұндай  күрделі  міндеттерді  шешуде  мектепке 

дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше.  

Қазіргі  кезеңде  еліміздің  білім  беру  ұйымдарында  оқыту  процесін 

ізгілендіру  мақсатында  көптеген  жұмыстар  жасалуда.  Оларды  ғылыми  тілмен 

айтқанда «Инновациялық үрдіс» немесе «Педагогикалық жаңалықтарды енгізу» 

деп аталады. 

Инновация  ұғымының  мәні  латының  «in-novus»  деген  сөзінен  шыққан, 

«жаңарту»,  «өзгерту»,  «жаңашылдық»  деген  мағынаны  білдіреді.  Яғни, 

педагогика  ғылымда  жаңа  әдістерді,  тәсілдерді,  құралдарды,  бағдарламаларды 

пайдалану.  

Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, 

интерактивті  тақта,  интернет,  компьютер-мультимедиялық  құрал,  электронды 

оқулықтармен оқу әдістемелік кешен, инновациялық банк, инновациялық сайт 

және  т.б.  жатады.  Сондықтан  да  қазіргі  таңда  көптеген  интерактивтік 

бағдарламалық  бөлімдер,  қозғалмалы  объектілер  құруға  мүмкіндіктер 

векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып қолданыс табуда. 

Осындай  құралдардың  бірі  –  мультимедиялық  оқулықтарды  балабақшада 

кеңінен  пайдалану    оқу  қызметін  жоғары  дәрежеде  жүзеге  асыруға  мүмкіндік 

туғызары  анық.  Ал  мультимедиялық  оқулықтар  арқылы  тәрбиеші  уақытты 

тиімді және ұтымды пайдаланар еді. Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникативтік 

технологиялар  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  білім  берудің  ең  тиімді 

құралы  болып  келе  жатыр.  АКТ-ды  қолдану  педагогққа  бірден  бірнеше 

педагогикалық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді: 

-

 

фонематикалық есту қабілетін дамытады; 



-

 

лексикалық сөздік қорын дамытады; 



-

 

қарапайым сөйлеу дағдыларын дамытады. 



Балаларға  оқыту  бағдарламасын  қарағаннан  гөрі  ертегі,  әңгіме  немесе 

танымдық  фильм  көрген  немесе  тыңдаған  әлдеқайда  қызық.  Мектеп  жасына 

дейінгі  балалардың  тікелей  білім  беру  қызметінде  қолданылатын  барлық 

ақпараттық құралдарды төмендегідей бөлуге болады: 

-

 

аудио; 



-

 

бейне; 



-

 

мультимедиалық құралдар. 




155 

 

Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2014 



жылғы 9–қазандағы №408 бұйрығына сәйкес балабақшамыз оқу процесіне жаңа 

технологиялар  мен  білім  беру  бағдарламасын  енгізу  жөніндегі  сынақ  алаңы 

болып бекітілді. 

Осы  бұйрықты  жүзеге  асыру  мақсатында  2015  жылы  4-10  қаңтар 

аралығында  Санкт-Петербург  қаласында  өткен  «Сауат  ашу  және  бастапқы 

математика  әдістемесі»  бойынша    өткен  авторлық    курсқа  қатысып,  өзіммен 

бірге  балабақша  педагогтары  А.Қ.Жұмашева,  Г.Қ.Есельбаева  сертификат 

иеленді.  

2015  жыл  12  қаңтардан  бастап  Зайцев  әдістемесі  бойынша  арнайы 

жабдықталған  бөлме  ашылып,  бүгінгі  таңда  балабақша  ұжымы  Н.Зайцев 

әдістемесін  қазақ  тіліне  аударып,  кестелері  мен  текшелерін  дайындап, 

эксперименттік жұмыс жалғастырылуда. 

Балабақшамызда  2016-2017  оқу  жылында  Қазақстан  Республикасы  Білім 

және  ғылым  министрінің  2016  жылғы  12  тамыздағы  №499  бұйрығымен 

бекітілгенМектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының 

талаптарына  сәйкес  ұйымдастырылған    оқу  қызметінің  мазмұнын    іске  асыру 

міндеті негізге алынды. 

Балабақшаның  басым  бағыттарының  бірі  –  бағдарламаның  мақсатын 

жүзеге асыру, мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке 

мүмкіндіктеріне  сәйкес  білім,  білік,  дағдыларын,  рухани-адамгершілік 

құндылықтарын  қалыптастыру,  «Мәңгілік  ел»  жалпыұлттық  идеясына 

негізделген 

жалпыадамзаттық 

құндылықтарға, 

ұлтжандылыққа 

және 


толеранттылыққа  отбасымен  бірлесе  отырып  тәрбиелеу,  сондай-ақ  баланың 

мектептеоқуға  әлеуметтік-психологиялық,  тұлғалық,  ерік-жігерлік,  физикалық 

және зияткерлік даярлығы. 

Бағдарламаның  міндеттері  балабақшаның  жылдық  жұмысында  жүзеге 

асырылуда:  

 



 заттық-кеңістіктік дамытушы  орта құру;  балалардың  дене,  зияткерлік, 

коммуникативтік,  адамгершілік,  эстетикалық  дамуына  бағытталған  білім  беру 

салаларын кіріктіру;  

 



әр  жас  тобында  бағдарлама  материалының  мазмұнын  игеруде 

балалардың  дамуы  мониторингін  ұйымдастыру;  бағдарламаға  отбасының 

қатысуы. 

Бүгінгі таңда ұжым өз іс-тәжірибелеріне сүйеніп Мектепке дейінгі тәрбие 

мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасының  мазмұнына  және  Қазақстан 

Республикасының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға  

міндетті  стандартына,Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің 

2016-жылғы 

22-маусымдағы 

№391 


бұйрығына 

№1 


қосымшаға 

сәйкесұйымдастырылған  оқу  қызметінің  жоспарына  түбегейлі  өзгерістер 

енгізді. 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын қамтамасыз ету 

мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» 

республикалық  орталығы  бағдарламаға  әдістемелік  нұсқаулық  әзірлеуде. 




156 

 

Әдістемелік  нұсқаулыққа  қосымша  ретінде  тоғыз  өтпелі,  ортақ  тақырыптар 



арқылы перспективалық жоспарлаудың жаңа түрі ұсынылған. 

Берілген  өтпелі  тақырыптар  мен  апталық  тақырыптар  күні  бойы  (күн 

тәртібі сәттерінде) жүзеге асырылады. 

Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  балалардың  (1  жастан  6(7)  жасқа  дейінгі) 

білім  беру  қызметін  жоспарлаудың  ортақ  тақырыптарының  мазмұнын 

балабақша  тәрбиешілері  түрлі  жаңа  әдіс-тәсілдерді  қолдану  арқылы  бала 

қызығушылығын арттыратын ұйымдастырылған оқу қызметін жүзеге асыруда.  

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Біз бүкіл 

ел бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру қызметін көрсетуге қол 

жеткізуіміз  керек»  десе,  III  тарау,  18-баптың  17-тармақшасында  «Ақпараттық 

технологиялар  мен  ақпаратты  таратудың  жаңа  нысандары  бағытталған, 

мамандандырылған  білім  беру  бағыттарын  құру  міндеті  де  алдымызда  тұр» 

делінген  болатын.  Осыған  орай  инновациялық  технологияны  соның  ішінде 

интерактивті  тақтаны  қолдану  мақсатында  біздің  балабақшаның  педагогтары 

Алматы  облыстық  білім  берудегі  жаңа  ақпараттық  технологиялар  орталығы 

ұйымдастырған  білім  беру  үрдісінде  интерактивті  құрылғыларды  қолдану 

әдістемесі бойынша тренингтік курсқа қатысып, сертификат иеленді.  

Бүгінде  ұжым  «Ұлттық  ақпараттандыру  орталығы»  акционерлік  қоғамы 

Мемлекеттік  стандартқа  сәйкес  қазақ  және  орыс  тілдерінде  жасалған  20 

компьютерлік  ойындарын  апробациядан  сәтті  өткізуде.  Компьютерлік 

ойындарда  балаларды  мектепке  дайындауға  қажетті  біліктілігін  дамытуға 

бағытталған  Мемлекеттік  стандартқа  сәйкес  жасалған  интерактивті  

тапсырмалар негізгі математикалық дағдыларды дамытуға арналған: онға және 

жиырмаға  дейін  санауды,  оларды  қосу,  азайту  және  тағы  басқа  логикалық 

ойлауды  дамытуға  бағытталған:  «артығын  табу»,  іс-әрекеттің  ретін 

қалыптастыру және т.б. байланыстырып сөйлеуін дамытуға бағытталған: өзінің 

әңгімесін құрастыруға, аудиожазба жазуға арналған тапсырмалар бар. 

Қазақстан  Республикасының  Мәдениет  министрлігі  Тіл  комитетінің 

тапсырысы бойынша дайындалған Электронды қазақ үйді қолданудамыз. Ол өзі 

шағын  болғанымен,  ішінде  балаларға  арналған  1200  шығарма  бар,  олар  бес 

бөлімге  бөлінген:  қазақ  ертегілері    балалар  әндері    күйлер  дәстүрлі  әндер, 

терме-толғаулар, бесік жырлары, Абайдың қара сөздері.  

Бұрынғыдай ауызша үлгіде емес, заманауи техниканың тетігін тиімді түрде 

пайдаланған  абзал.  Бұл  электронды  қазақ  үйді  түрлі  ұйымдастырылған  оқу 

қызметінде,  серуен  кезінде,  ертеңгіліктерде  яғни  күн  тәртібінің  кез  келген 

уақытында  қолданған өте тиімді екені іс тәжірибеде дәлелденіп отыр. Бес білім 

беру  саласы  бойынша  бағдарлама  мазмұнын  ашуда  ұсынылып  отырған  тоғыз 

өтпелі тақырыпты игеруде электронды қазақ үйдің бес бөліміндегі шығармалар 

сараланып алынды. Мысалы «Менің Қазақстаным» апта такырыбының «Астана 

-  Отанымыздың  жүрегі»  тақырыпшасын  ашуда  шығармашылықта  мүсіндеу, 

аппликация,  сурет  салуда  Құрманғазының  «Сарыарқа»  күйін  тыңдаса, 

музыкадан  өлеңін  жазған  Баян  Ақтауова,  әнін  жазған  Мақсат  Жәутіковтің 

«Астана» әнін үйренсе, ал «Қатынас» және «Әлеумет» білім беру салаларында 



157 

 

«Әли  мен  Айя»  мультсериалын  интерактивті  тақта  арқылы  тамашалап  көре 



алады.  «Таным»  білім  беру  саласында  интерактивті  тақта  арқылы  Астананың 

көрікті жерлерімен танысады.  

Яғни, әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын жаңа әдіс-

тәсілдер  арқылы  игеру  бойынша  осы  жүргізіліп  жатқан  жұмыстарға 

мониторинг 

ұйымдастырып 

отырамыз. 

2015-2016 

оқу 

жылы 


тәрбиеленушілердің  білімін,  іскерлігін  және  дағдыларын  саралау  нәтижесінің 

жалпы қорытындысы 96%-ды көрсетті. 

Автоматтандыру  –  бұл  ақпараттық  технологияны  күнделікті  жұмысты 

ұйымдастыруда  қолдану.  Бұрындары  барлық  немесе  кейбір  жұмыстар  қолмен 

істелетін  болса,  бүгінгі  таңда  компьютердің  көмегімен  орындалады.  Бұл 

мағұлматтар  бір  жүйеде  сақталады.  Бұл,  сонымен  қатар,  талдау  және  басқару 

шешім қабылдауға мүмкіндік туғызады. 

Ұжым  қазірде  автоматтандырылған  ақпараттық  жүйені  қолдануда. 

Автоматтандырылған  ақпараттық  жүйе  тиімділігі  менқолайлығы  білім 

салалары  бойынша  толтырылған  индикатор  жүйесінің  пайызын  өзі  есептеп 

шығарады.  


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау