«Дарияның кітапшасы»,
«Ғажайып кілемше»,«Мені қоршаған әлем»
атты кітапшаларды тігіп
әзірледім. Бұл кітапшалар – балалардың жас ерекшелігін таңдамайды, атап
айтсақ 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға өте тиімді құрал. Ондағы
тапсырмаларды балалар ойнай отырып қызыға орындайды. Өйткені, бұл
кітапшалар экологиялық таза, баланың көруіне кері әсерін тигізбейтін түстері
ашық және қолға жұмсақ шынайы материалдардан тігіліп жасалған.
Кітапшалардың тиімділігі: жаңа тақырыпты игеруге, өткен тақырыпты бекітуге,
балалармен жеке жұмыс жасауға, балалардың табиғи мүмкіндіктерін ескере
отырып, жан-жақты дамытуға арналған. Осы ойындардың көмегімен бір-
бірімен қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі туады да, балалардың тілдік және
коммуникативті дамуына жағымды әсерін тигізеді.
Бала бәрін қолымен ұстап көріп, зерттеп, тыңдап жүретін дербес, белсенді,
әрекет етуші рөлінде болатынын ескере отырып тоғыз өтпелі ортақ тақырыпқа
байланысты алынған кітапшаның тапсырмаларын Н.Зайцев әдістемесінің
кішірейтілген әндетіп оқу кестесін кіріктіру арқылы жүзеге асырудың
тиімділігін ескердім.
Әдістеменің дамытушылық мағынасы, яғни Н.А.Зайцевтің әдіс-тәсілдер
жүйесі балаға әріптерді құрамдар арқылы жеңіл меңгеріп, тез оқып үйренуге
көмектесетіндігін байқап, әндету кестесінің барлық бөліктерін кішірейтіп,
ыңғайланған нұсқасын кітапшадағы әр тақырыпқа байланысты сөздер
құрастыруға лайық жасап, балалардың өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік
туғыздым. Балалардың осы кітапша арқылы кестеге сүйеніп, оқып үйренуге
деген қызығушылықтары арта түсті.
Сонымен қатар, осы тоғыз өтпелі тақырыптың «Астана – Отанымыздың
жүрегі» атты тақырыпшасын меңгеруге «Ғажайып кілемше» ойынында
балалар Астана қаласындағы Бәйтерек манументі туралы үлкен океанариум бар
екенін онда қандай балықтар мекендейтінін, қаланың шетінде көлемі орман
өсіріліп жатқанын, оның пайдасы туралы Есіл өзеніндегі жүзетін су көліктері
туралы тағы басқа мәліметтер алады және әртүрлі тапсырмаларды орындайды,
салыстыру, санау, топтауды орындай отырып ойын арқылы геометриялық
пішіндерді ажырата алады.
153
«Естігенімді ұмытып қаламын. Көргенімді есте сақтаймын. Мен өз
бетіммен әрекет етсем, ұғып аламын» деген қағиданы өз жұмысымда үнемі
ұстанып отырамын.
Балалар табиғатынан түрлі-түсті бауларды байлауға, түймелерді
түймелеуге, сыдырманы салуға, ілгектерді ілу сияқты ұсақ қол қимылдарын
дамытатын ойындармен ойнағанды ұнатады. Сондықтан мен тігуге деген
іскерлігімді пайдалана отырып, бүлдіршіндерге арналған түрлі дамытушы
кітапшалар, кілемшелерді жасауға болатынын түсіндім.
Достарыңызбен бөлісу: |