шебер қолдана білу тәрбиешінің міндеті. Осыны ескере отырып мен мектепке
150
Әр ата-ана баласының дені сау, бақытты, білімді болғанын қалайды.
Педагогикалық еңбек өтілімнің 30 жылға жуықтағанына қарамастан мені
«Баланың денсаулығына зақым келтірмей, ерте жастан оқу, санау, жаза білу
қабілеттерін дамытуда жоғары нәтижелерге жетуге бола ма?», «Үйрете отырып,
балаға танымдық үрдістен бақыт, қуаныш сезімін ұялатып, эмоционалдық
тұрғыда жағымды қуат алуға, өз-өзіне сенімді болуына ықпал етуге бола ма?»
деген сұрақтар мазалайды. Осы сұрақтардың сәтті шешілуінің кепілі
педагогикалық тәжірибеде инновациялық технологиялардың бірі – Н.А.
Зайцевтің әдістемесін қолдану деген шешімге келдім.
Н.Зайцев әдістемесінің басты құндылығы – денсаулықты сақтау
қызметінің басымдығы, мұның себебі бала дамуының табиғи заңдылығына
қатаң сүйене отырып құрастырылғандығында. Өйткені бала әлемді ойын
түрінде, іс-әрекет арқылы, үнемі қимылда жүріп танып біледі.
Аталмыш әдістеменің негізгі мақсаты – ойын арқылы оқыту. Кез келген
ойынның негізі ізденіс пен өзіндік қалаудан тұрады.
2014 жылғы 9 қазанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке
дейінгі ұйымдарда жаңа технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын
апробациядан өткізу туралы №408 бұйрығы шықты. Осыған сәйкес біздің
Талдықорған қаласындағы №45 «Арман» балабақшасы эксперименттік алаң
болып бекітілді.
Осы бұйрықты жүзеге асыру мақсатында 2015 жылы 4-10 қаңтар
аралығында Санкт-Петербург қаласында «Сауат ашу және бастапқы
математика әдістемесі» бойынша өткен авторлық курсқа қатысып, автор
Н.А.Зайцевтың өз қолынан сертификат иелендім.
2015-жылы 12-қаңтардан бастап Н.Зайцев әдістемесі бойынша арнайы
құралдармен кабинет жабдықтап, өз тобымның балаларымен эксперименттік
жұмысты бастап кеттім.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің педагогика
ғылымдар кандидаттарының кеңесімен Н.Зайцев әдістемесінің кестелерінің
ретін ескере ана тілінің дыбыстық құрылымының ережесін сақтай отырып,
Н.Зайцев кестесін қазақ тілінде жасадым. Сонымен қатар, орыс тілінде берілген
«Складовые картинки» атты топтама құралының «Менің айналамда не өседі?»,
«Менің айналамда не өмір сүреді?» атты сөздерді қазақ тіліне аударып, «Қазақ
әліппесіне» арналған суретті жаңылтпаштарды жинақтадым. Қазақ әліппесін де
ән әуенімен айту баланың дыбыстарды жеңіл, әрі оңай үйренуге,
қызығушылығын арттыруына көмектесетінін өз тәжірибемде байқадым. Мен
дыбыстарды меңгерту барысында қазақ халқының әндерінің әуеніне салып
балалармен бірге орындап, әліпби дыбыстарын ретімен айтуды үйреттім.
Бұндай әдіс балалардың күннен күнге қызығушылығын арттыра түсті.
Сондай-ақ
Достарыңызбен бөлісу: