«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет88/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   296
materialy resp chteniy

– 

өзімде» 


тақырыбында  ата-аналар  арасында  өткізілген  облыстық  байқауда  «Біздің 

атамекеніміз 



 Қазақстан» атты қойылымға  ата-ана Томанова Гүлден қатысып,  

қойылымдағы әже, тәрбиеші рөлдерін жақсы сомдай білді. 

Болашақтың тірегі 



 бүгінгі бүлдіршіндер.  

Біздің балабақшамызда балаларды елжандылыққа тәрбиелеу, туған елі мен 

жерін  сүюге  баулу  жұмыстарына  аса  көп  көңіл  бөлінеді.  Атап  айтсақ,                            

1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне орай «Елін 

сүйген,  елі  сүйген  Елбасы»атты  ертеңгіліктер,  көркемсөз  оқу  байқауы 

балалардың  Қазақстанға деген мақтанышын  арттырып,  Елбасы  туралы білімін 

кеңейтті.  

«Мәңгілік ел 

 мұратым» тәрбиешілер арасында зиятерлік сайыс, «EXPO-

2017»  халықаралық  көрмесіне  байланысты  бөбекжайдың  балалар  және  ата-

аналармен бірлесе отырып көрме ұйымдастырылды. Бәрінен таң қалдыратыны 

–  ауланы  безендіруде  көп  адамның  ойына  келмейтін  қарапайым  тіпті  керексіз 

материалдардан  ұшқыр  қиял  мен  ізденіс  арқылы  өнер  туындыларының 

жасалуы.  Бөбекжай  ауласындағы  кең  жер  телімі  6  топқа  бірдей  бөлініп,  140 

балаға  арналған  «Менің  атаулы  ағашым»  атты  акция  өтіп,  ойын  алаңдары 

жасыл желекпен бөлінді. Ата-аналар мен педагогтар қалдық заттарды қолдана 

отырып, мультфильмдер мен ертегі кейіпкерлерінің мүсіндерін өз қолдарымен 

жасап, көпшілікті таң қалдырды.  

Ел  болашағы  жастардың  қолында  дейтін  болсақ,  оларды  кемелді 

келешекке  жетелеу  жолында  бар  мүмкіндіктерді  пайдаланып,  ұстаздар 

қауымының, соның ішінде тәрбиешілердің қосып отырған үлесі елеулі. [3] 




166 

 

2005  жылы  тәрбиеші  Юдина  Надежда  Константиновна  Атырау  облыстық 



Білім  беру  департаментінің  «Құрмет  грамотасымен»,  2005  жылы  тәрбиеші 

Сариева  Тойған  Қалимқызы  Атырау  облыстық  Білім  беру  департаментінің 

«Құрмет  грамотасымен»  марапатталды.  2005  жылы  облыстық  «Ең  таңдаулы 

балабақша» сайысында  балабақша ІІІ орынға ие болды.  

Облыстық  білім  беру  департаментінің  2006  жылғы  19  шілдедегі  №  390 

«Экспериментті сынақ жұмысын дамыту туралы» бұйрығы негізінде «Өзін-өзі 

тану» пәні бойынша 2006-2007 оқу жылында балабақшаға Республикалық тірек 

сынақ  алаңы  болып  бекітіліп,  «Өзін-өзі  тану»  сабағы  енгізілді.  Балабақшада 

«Өзін-өзі  тану»  пәні  бойынша  Республикалық  «Бөбек»  ғылыми-зерттеу 

орталығынан 4 педагог тәрбиеші курстан өтті. Эксперимент кезінде балабақша 

біршама  оң  тәжірибе  жинақтады.  Әрбір  сабақты  дайындау  және  өткізу 

шығармашылық  ізденісті  талап  етеді.  Ізденістің  нәтижесінде  «Өзін-өзі  тану» 

пәнінің  тәрбиешісі  болған  Дариға  Күнтазиева  «Өзін-өзі  тану  әлеміне  саяхат», 

«Мен  қамқор  боламын»  тақырыптарында  ашық  сабақтар  өткізіп,  «Мектеп 

жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеуде  рухани  құндылықтарды  қолдана 

отырып, адамгершілікке баулу» тақырыбында шығармашылық жұмысын аудан 

көлемінде  қорғап,  жүлделі  І  орынға,  Облыс  деңгейінде  ІІ  орынға  ие  болды. 

2008-2009  жылы  оқу  жылында  балабақша  «Өзін-өзі  тану»  пәнінің  сырттай 

конкурсына қатысып, кабинетішілік фотослайд жасалды. 

Білім бөлімінің басшылығымен «Өзін-өзі тану» пәні  – әдістемелік жұмыс 

және  оның  тиімділігін  арттыру  жолдары»  тақырыбында  аудандық  семинар 

біздің  балабақшада  ұйымдастырылды.  Семинарда  тәрбиешілер  Жумалиева 

Алмагүл  «Мен  қайырымды  баламын»,  Жұбаниязова  Ләззат  «Отбасы 

  бақыт 


мекен»  атты  ашық  сабақтар,  балабақша  психологы  Сағындықова  Айнагүл 

«Танысу» тренигтерін өткізіп, жетістіктерге ие болды. 

2006  жылы  Нұрхиева  Айгүл  Базарқызы  «Жыл  тәрбиеші»  сайысына 

қатысып  ауданнан  І  орынға  ие  болса,  2007  жылы  Махамбет  аудандық  білім 

бөлімінің  «Құрмет  грамотасымен»  марапатталды.  2007  жылы  балабақша 

ауданнан «Үлгілі ғимарат» атағын жеңіп алды.  

2010  жылы  Аудандық  балабақша  меңгерушілері  арасында  өткен  «Білім 

ұясы:  Үздік  менеджер 



  2010»  байқауында  өз  ісінің  кәсіби  шеберлігі  үшін 

Сариева  Тойған  Қалимқызы  ІІІ  орын  алса,  осы  жылы  балалардың  өмір  сүру 

сапасын  әлеуметтік  және  құқықтық  кепілдіктермен  қамтамасыз  етуде  жеткен 

жетістіктері  үшін  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі 

балалардың  құқықтарын  қорғау  комитетінің  «Алғыс  хатымен»,  Тәуелсіз 

Қазақстанның  рухани  және  әлеуметтік  дамуы  жолында  қол  жеткен  табыстары 

және  оның  гүлденуіне  қосқан  үлесі  үшін  Қазақстан  Республикасы  білім  және 

ғылым министрінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 

2011 жылы саз жетекшісі Мыңғышбаева Айжан Облыстық педагогикалық 

оқуға қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 

2012 жылы би жетекшісі Торбаева Батима Облыстық педагогикалық оқуға 

қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  



167 

 

2012  жылы  Республика  көлемінде  «Шәкірт  жүрегіне  жол  тапқан  ұстаз» 



кітабына  балабақшаның  жоғары  санатты  тәрбиешісі  Юдина  Надежда 

Константиновнаның  және  аудандық  білім  бөлімінің  мектепке  дейінгі  тәрбие 

жұмысы  жөніндегі  әдіскері  Масалимова  Болған  Ғибатоллақызының    жеткен 

жетістіктері жайында мәліметтері жарыққа шықты.  

2013  жылы  «Жұмыспен  қамту 

  2020  жол  картасы»  бағдарламасының  І 

кезеңімен  балабақша  ғимаратына  күрделі  жөндеу  жұмыстары  жүргізілді.  Осы 

жылы  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  қызметінің  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті  білім  беру  стандартының  талаптарына  толықтай  сәйкестенуіне 

байланысты «Алтын балық» бөбекжай балабақшасы Атырау облысының білім 

саласындағы бақылау Департаментінен мемлекеттік аттестаттаудан өтті. 

2013  жылы  балабақша  психологі  Сағындыкова  Айнагүл  облыстық 

педагогикалық оқуға қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен, 2013 жылы балабақша 

меңгерушісі  Сариева  Тойған  Қалимқызы  «Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  ұлттық 

орталығы»  АҚ  филиалы  Атырау  облысы  бойынша  педагогикалық 

қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институтының  «Құрмет  грамотасымен», 

осы  жылы  саз  жетекшісі  Мыңғышбаева  Айжан  Атырау  облысы  Білім  беру 

басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 

2013  жылы  Егеменді  еліміздің  дамыған  өркениетті  елдер  қатарына  жету 

жолында ғылым  мен білім жүйесін жетілдіруге қосқан үлестері мен елбасының 

«Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыру жолында 2013-2014 оқу жылына 

балабақшаны  сапалы  дайындаған  үшін  «Алтын  балық»  балабақшасы 

марапатталды. 

2014 жылы Сариева Тойған Қалимқызы облыстық «Үздік менеджер-2014» 

байқауына  қатысып  ІІ  дәрежелі  дипломмен,  2014  жылдың  қорытындысымен 

Ауданның  әлеуметтік-экономикалық  дамуына  қосқан  үлесі  үшін  «Үздік 

балабақша  қызметкері»  атағын  алды.  2014  жылы  балабақшаның  жоғары 

біліктілік  санатты  тәрбиешісі  Юдина  Надежда  Константиновна  Қазақстан 

Республикасы  білім  және  ғылым  министрлігінің  «Құрмет  грамотасымен»,  би 

жетекшісі  Торбаева  Бәтима  Облыстық  білім  беру  басқармасының  «Құрмет 

грамотасымен» марапатталды.  

2014  жылы  Егеменді  еліміздің  дамыған  өркениетті  елдер  қатарына  жету 

жолында ғылым мен білім жүйесін жетілдіруге қосқан үлестері мен елбасының 

«Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыру жолында 2014-2015 оқу жылына 

балабақшаны  сапалы  дайындаған  үшін  «Алтын  балық»  балабақшасы 

марапатталды. 

2015 жылы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі табыстары үшін 

Сариева Тойған Қалимқызы Атырау облысы Білім беру басқармасының «Алғыс 

хатымен» марапатталды. 

2016  жылы    «Мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесінің  мазмұнын  жаңарту: 

жаңа 

сапа, 


жаңа 

көзқарас» 

ІІІ 

облыстық 



ғылыми-практикалық 

конференциясында  меңгеруші  Сариева  Тойған  Қалимқызы  «Басқару 



 

басқаларды  жетістікке  жеткізу»,  саз  жетекшісі  Мыңғышбаева  Айжан 



Абылқасқызы  «Музыкалық  аспаптар  арқылы  балалардың  шығармашылық 


168 

 

қабілеттерін 



дамыту», 

тәрбиеші 

Юдина 

Надежда 


Константиновна 

«Художественно  творческая 

деятельность 

детей  в  детском 

саду» 

тақырыптарында  іс  тәжірибелерін  қорғап,  Атырау  облысы  білім  беру 



басқармасының «Алғыс хатымен», 2017 жылы Надежда Константиновна Аудан 

әкімінің «Ана жүрегі» медалімен марапатталды.  

2016  жылы  Облыстық  педагогикалық  оқуда  саз  жетекшісі  Мыңғышбаева 

Айжан «Музыкалық аспаптар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін 

дамыту» іс-тәжірибесімен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  

2016 жылы балабақша меңгерушісі Сариева Тойған Қалимқызы Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  «Құрмет  грамотасымен» 

марапатталды. 

2017 жылы Облыстық педагогикалық оқуда би жетекшісі Торбаева Батима 

«Би өнері – баланың жан-жақты дамуының ықпалды құралы» іс-тәжірибесімен 

І дәрежелі дипломмен марапатталды.  

Балабақшаның ұжымы ұйымшылдықпен жұмыс жасап, тарихи оқиғаларға 

толы аудандық,  облыстық  мәдени  шараларға өз үлестерін үнемі  қосып келеді. 

Айтар  болсақ,  2003  жылы  Махамбет  бабамыздың  200  жылдық  мерей  тойы 

ЮНЕСКО  көлемінде  тойлануына,  2005  жылы  Ұлы  Жеңістің  60  жылдық 

тойына,  2008  жылы  Махамбет  ауданының  80  жылдық  мерей  тойына,  2010 

жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына, 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына, 

2015  жылы  Ұлы  Жеңістің  70  жылдығына,  2016  жылы  Тәуелсіздіктің  25 

жылдығына арналған мәдени шаралардың өтуіне атсалысты. Ұжым «Ұрпақтар 

ұмытпайтын  Ұлы  Жеңіс»  атты  мекеме  арасында  өнер  фестиваліне  қатысып 

аудан  әкімшілігінің  ІІІ  дәрежелі  дипломымен  және  театрландырылған 

қойылымда  Әлия  мен  Маншүк  рөлін  сомдаған  тәрбиешілер  Алмагүл 

Жумалиева  мен  Айнагүл  Сағындыкова  аудан  әкімінің  «Алғыс  хатымен» 

марапатталды. 

Жыл  сайын  өтетін  дәстүрлі  «Айгөлек»  мектеп  жасына  дейінгі  балалар 

шығармашылығының  облыстық  фестивалінде  жылма  жыл  балабақша 

бүлдіршіндері  үздіктер  қатарынан  көрініп  келеді.  2011  жылы  би  жанры 

бойынша үздік өнер көрсеткені үшін «Пингвиндер» биімен ІІІ орын, 2012 жылы 

оркестр  жанрынан  халық  әні  «Елигай»  шығармасын  орындап  ІІ  орын,    2013 

жылы оркестр жанрынан «Біз өмірдің гүліміз» шығармасын орындап  ІІ орын, 

2014 жылы оркестр жанрынан І орын, ән номинациясынан ІІІ орын, 2014 жылы 

би жанрынан «Көңілді қояндар» биімен ІІІ орын, 2015 жылы қазақтың ұлттық 

биі  «Асатаяқ»  биімен  ІІІ  орын,  Оркестр  жанрынан  «Озорная  полька» 

шығармасын  орындап  І  орын,  2016  жылы  «Еркемай»  балалар  оркестрі  

«Қазақтың  ән-күйінен  топтама»  шығармасын  орындап  І  дәрежелі  дипломмен 

марапатталып, абыройлары облыс бойынша асқақтады.  

Біз  тек  өз  заманымыздың  өреміз  жеткен  ақиқатын  ғана  жаздық.  Алайда 

өзгермес  бір  ақиқат  бар.  Ол  Махамбет  ауылы  бәріміз  үшін    қасиетті  мекен, 

қастерлі  топырақ.  Ең  бастысы  әрбір  азамат  оның  тарихын,  әдебиеті  мен 

мәдениетін, өзінің еңбек еткен мекемесінің  – адамын қадірлеп, өткенін сыйлай, 

бүгінгісін сезіне, келешегін қорғай білгені абзал. 



169 

 

Келешек  ұрпақ  қандай  болады,  қадірменді  ағайын  ол  мына  сіз  бен  бізге 



байланысты.  «Мен  –  нағыз  ұлы  тарих  куәсімін,  бірімін  және  оны 

жасаушысымын»  деп  ұлы  Абай  жырлағандай,  ата-бабамыздан  қалған  салт- 

дәстүрімізді,  елдік,  ерлік  дәстүрін    ұрпақ  санасына  сіңіре  білсек,  парыздың 

орындалғаны.  

 


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау