«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет15/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   296
materialy resp chteniy

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ 

 

Жанаева Ш. А. 

Семейдің М. О. Әуезов атындағы педагогикалық  

колледж директоры, ф.ғ.к. 

 

М.О.Әуезовтің  есімімен  аталатын  білім  ордасы  -  білім  нұрын  шашқан 

жүздеген,  мыңдаған  қазақ  мұғалімдерін  даярлаған  білікті  оқу  орны.    Семей 

топырағында  алғашқы  қазақ  интеллигенциясын  қалыптастыруда,  ақын-

жазушылар,  ғалымдар  тобын  даярлап  шығаруда  биік  те  дара  тұрған  білім 

ордасы. 


Бүгінгі  М.О.Әуезов  атындағы  педагогикалық  колледжі  мұғалімдерді 

даярлау  ісінде  Республикаға  кеңінен  танымал  іргелі  оқу  орнының  бірі.  Оқу 

орнының қабырғасында ғасыр басында негізі  қаланған мектепке дейінгі білім 

мен  тәрбие  беру  мамандығы  өз  бастауларын  өз  ұлтын  өркениетті  елдер 

қатарынан  көруге  ұмтылған  қазақ  зиялыларының  бірегейі  Нәзипа 

Құлжанованың  есімімен  байланыста  қарастырады.  1905  -  1920  жылдар 

аралығында сол кездегі Семейдің оқытушылар семинариясында педагогикалық 

қызмет  атқарған  Нәзипа  Сегізбайқызы  қоғам  өміріне  белсене  араласқан 

қайраткер, өткір журналист, педагог-тәлімгер ретінде танылды.  

Н.С.Құлжанованың  «Мектепке  дейінгі  тәрбие»  атты  еңбегі  -  қазақ 

педагогикасында  сәбилер  тәрбиесіне  арналған  алғашқы  әдістемелік  құрал 

болса,  «Ана  мен  бала  тәрбиесі»  атты  кітабындағы  қазақ  әйелінің  қоғамдағы 

орнын ұлт тәрбиесімен байланыста қарастырған қайраткерлік көзқарасы бүгінгі 



33 

 

күннің  де  өзекті  мәселесі.  Н.C.Құлжанованың  ұлтқа  қызмет  етудегі  қайыспас 



қайраткерлік  тұлғасы  -  бүгінгі  даярлап  отырған  ұрпақтарымызға  үлгі  -  өнеге, 

педагогтың    педагогикалық  мұрасын  насихаттау  мақсатында  колледжде 

Н.С.Құлжанова атындағы дәрісхана жұмыс жасайды.  

        


                            

      


Оқу  орнында  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытуға  үлес  қосқан 

педагогтар: Крюкова В. А., Лыткина Н. Я., Райымбекова Н. С., Маслова В. А., 

Бүркітбаева  Р.  М.,  Лұқпанова  З.  Л.  Абремская  Т.  И.,  Битебаева  М.  С., 

Мұхаметжанова  Н.  Д.,  Хамидулина  Н.  А.,  Петрова  Т.  И.,  Каштекова  Б.  А. 

Полулях Е.А. т.б.болды.  

 

 



М.С.Битебаеваның  «Тұмар»  авторлық  бағдарламасы  –  мектепке  дейінгі 

мекемелерде ұлттық тәрбие берудегі қоғам қажеттілігіне қарай жасалған құнды 

бағдарламаның бірі. Бұл бағдарлама бүгінде қаладағы «Ертөстік» балабақшасы 

жүйесіне енгізілген.  

Бүгінде  колледж  «Мектепке  дейінгі  тәрбие  және  оқыту»  мамандығы 

бойынша  2010  жылдан  бастап  «Мектепке  дейінгі  ұжымдардың  тәрбиешісі» 

біліктілігімен  мамандарды  даярлайды.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  – 

үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  алғашқы  деңгейі  ретінде  қазіргі  тұрақты  өзгеріп 




34 

 

тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен 



дамуы үшін жағдайлар жасайды. Қазақстан Республикасы Президенті  

Н.Ә.Назарбаев 

Қазақстан 

халқына 


Жолдауында: 

«Біздің 


жұмыстарымыздың  білім  беру  саласындағы  басымдықтарында  бүкіл  әлемдегі 

сияқты Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек»,- 

деген болатын. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік 

саясаттың  ажырамас  бөлігі  болып  отыр.  Маман  даярлау  ісінде  олардың  жан-

жақты  білім  алуларына,  белсенді,  шығармашыл  болуына  жағдай  жасау  -  әр 

педагогтың  міндеті.  Оқу  орнында  мамандарды  даярлауға  қажетті  жағдайлар 

жасалған:  техникалық  құралдармен  жабдықталған,  интербелсенді  тақталы,   

мектепке дейінгі білім беру зертханасы бар  оқу дәрісханасы жұмыс жасайды. 

Колледж  әдіскерлері  білім  алушыларды  кәсіби  тұрғыдан  даярлауға 

ғылыми  ізденіспен, шығармашылықпен өз үлестерін қосуда. Теориялық білім 

іс тәжірибемен ұштасқанда толық сипат алатыны анық. Осы ретте оқытушылар 

түрлі деңгейдегі іс-шараларды бірізді ұйымдастырып келеді: мысалы,  

2016-2017  оқу  жылында  «Балабақшадағы  инклюзивті    білім  берудің 

еркешеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел, мектеп жасына дейінгі балаларды 

тәрбиелеу  мен  оқытудағы  ойын  технологиясын  қолданудың  өзіндік 

ерекшеліктердін көрсету, ойынның балалар өмірінде алатын орны білім деңгейі 

мен  таным  белсенділігіне  қарай  әсер  ететіндігін  меңгерту,  мектепке  дейінгі 

ұйымдармен  ынтымақтастықты  нығайту  мақсатында  қала  тәрбиешілермен 

«Тәрбиешінің жұмыс технологиясы» атты тренинг, қалалық деңгейде «Жұлдыз-

Ардақ»  балабақшасының  әдіскері,  психологы,  логопеді,  дефектологының 

қатысуымен  «Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тіл  кемістіктерін  түзету 

жолдары» тақырыбында ашық үйірме отырысы ұйымдастырылды. 

Колледж  әдіскерлері:  А.С.Маметекованың  «Балабақшада  өткізілетін 

ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті және оны талдау үлгісі»,   

С.А.Мұқышеваның  «Ойын-ойдың  қазығы»  атты  оқу  құралдары  білім 

алушылар тарапынан және балабақша тәрбиешілері тарапынан қолданысқа ие.

    

Мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа 



әдіснамалық  тұрғыдан  негіздеуді  талап  етеді.    Бүгінде  ХХІ  ғасыр  білімі  деп 

батыл  санауға  болатын  инновациялық  креативті  білім  беру  мәселесі  алға 

қойылып  отыр.  Инновациялық  креативті  білім  беру  –  қазіргі  мектептерде, 

балабақшада оқытудың шығармашылық қызметі сапасын анықтайтын, жаңаны 

тану  мен  жасауға  бейімделу  арқылы  танылатын  әрбір  жеке  тұлғаны 

қалыптастыруға  бағыттайтын  интеллектуалдық  процесс.  Білімнің  алғашқы 

бастамасын  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  алған  бүлдіршін  баланың 

шығармашылық  әрекет  арқылы  білімді  біртіндеп  қалыптастыруы  жүзеге 

асырылады.  Осы  бағытта  колледж  білім  алушыларының  іс  тәжірибелік 

іскерліктері  мен  дағдыларының,  құзыреттіліктерінің  қалыптасуына  әлеуметтік 

серіктестіктермен байланыс жұмыстары үздіксіз жүзеге асырылады. Іс тәжірибе 

базалары  қаладағы  мектепке  дейінгі  ұйымдар:  «№1  Арман  ясли-бақшасы», 

«Жұлдыз-Ардақ»,  «Қуаныш»,  №8  «Балбөбек»,  «Нұрдәулет»,  №6  «Нұрсауле», 

№12 «Ажар» ясли-балабақшалары».  




35 

 

Балабақшада  машықкерлер  ұйымдастырылған  оқу  қызметтерін  жаңа 



мазмұнда жүргізеді, балалардың күннің бірінші және екінші жартысындағы күн 

режимдерін  ұйымдастырады,  ертеңгіліктер  мен  сауықтыру  мерекелік  іс 

шараларды бірлесіп ұйымдастыруға ат салысады. 

     


   

   


 

 

Қазіргі  кезде  болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  мен 



еліміздің  білім  беру  саласының  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  өтуі  білім  беру 

саласында,  соның  ішінде  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытуға  уақыт 

талабына  сай  өзгерістер  енгізуді  талап  етіп  отыр.    Үштілділік  туралы  ел 

Президенті Н. Ә. Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 

жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілде пайдаланылатын жоғары 

білімді  ел  ретінде  танылуы  тиіс.  Бұлар:  қазақ  тілі-мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі- 

ұлтаралық  қатынас  тілі  және  ағылшын  тілі-  жаһандық  экономика,  ойдағыдай 

кірігу тілі» [1] деген болатын. Тіл мәдениетін игеру - әр баланың сәби шағынан 

басталып,  ары  қарай  біртіндеп  жетіліп  отыратын  үрдіс.  Осы  ретте  колледжде 

2013  жылдан  бастап  «Мектепке  дейінгі  тәрбие  және  оқыту»  мамандығы, 

«Мектепке  дейінгі  ұжымдардың  тәрбиешісі»  көптілді  жүйеде  біліктілігі 

бойынша  мамандар  даярланады.  Көптілді  оқыту  -  жас  ұрпақтың  білім 

кеңістігінде  еркін  самғауына  жол  ашатын,  баланы  дамытатын,  өз  қабілетін 

дамытуға  мүмкіндік  беретін  бүгінгі  күннің  ең  басты  мәселесі.  Қазақстандағы 

көптілді білім беру моделі әр білім алушының мектеп жасына дейінгі кезеңінен 

бастап,  ел дамуының  игілігі  үшін бойындағы  тұлғалық қабілеттерін  ашуға  үш 

тілді - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қарқынды түрде меңгеруге бағытталған. 

«Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  тілдің  үштұғырлығын  дамыту»  бағдарламасы 

негізінде  оқыту  үрдісінде  үш  тілді  (қазақ,  орыс,  ағылшын)  оқытуға  басымдық 

беріледі. 2014 жылдан колледжде «Оқу процесіне көптілділікті енгізудің тиімді 

жолдары  мен  өзектілігі»  атты  аймақтық  семинар,  қала  балабақша 

тәрбиешілерімен  «Тәрбиеші  болу-бақыт»  атты  педагогикалық  эстафета,  білім 

алушылардың  көптілділік  мәдениеті  туралы  көзқарастарын  кеңейту  және  үш 

тілде  сөйлеу  дағдыларын  дамыту  мақсатында  «Көптілдің  үш  тұғырлығы» 

семинар-тренинг,  онлайн  жүйесінде  интеграциялық  сабақтар,  ашық  сабақтар, 

колледжішілік  «XXI  ғасыр  тәрбиешісі»  атты  шығармашылық  олимпиада 

ұйымдастырылып, 

біліктілік  дағдыларының 

қалыптасуына 

жағдайлар 

жасалуда. Білім алушылар іс тәжірибе базаларында үш тілде оқыту, тәрбиелеу 

үрдісітерін ұйымдастырып жүргізеді.  




36 

 

Семейдің  М.О.Әуезов  атындағы  педагогикалық  колледжіндегі  мектепке 



дейінгі  тәрбие  және  оқыту  ісінің  бүгінде  бәсекеге  қабілетті  мамандар 

даярлаудың  орталығына  айналуы  -  ғасырлық  тарихы  бар,  осы  салада  еңбек 

еткен  педагогтар  олардың  өшпес  мұралары  мен  қызметінің  бүгінгі  күнмен 

сабақтастығының, үздіксіздігінің көрінісі десек те болады. Оқу орны мемлекет 

саясатын  жүзеге  асырушы  ретінде,  қоғамдық  сұраныс  пен  тапсырысты 

орындауда  инновациялық-креативті  сапалы  білім  мен    саналы  тәрбие  беру 

арқылы  Қазақстан  ішінде  ғана  емес,  әлем  деңгейінде  бәсекеге  қабілетті 

мамандар даярлау ісі жалғасын таба бермек. 

 

Әдебиеттер 



1.

 

Н.  Ә.  Назарбаев  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  Қазақстан 



халқына Жолдауы. А., 2007   

 

 




жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау