ретінде қарап даралау, мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды өздеріне
391
қызықтыра түсуіне әсер ететіні анық. Модульдік жүйеде материалдарды
оқытып-үйрету «жалпыдан жекеге» қағидасы негізінде жүргізіледі. Бұл
технология:
-
Бала тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
-
Танымдық үрдістерді (жады, ойлау, зейін, елестеу, қабылдау) дамытуға;
-
Сөздік қорын, ауызша тілін, байланыстырып сөйлеу қабілетін дамытуға;
-
Төл дыбыстарды дұрыс, орнымен қолдануға ықпал етеді.
Бұл технологияның бірнеше әдістері, яғни стратегиялары бар:
•
«Топтастыру» - «Единство»
•
«Нартәуекел» - «Риск»
•
«Шығармашылық» - «Творчество»
•
«Ой толғау» - «Логика»
•
«Көрнекілік» – «Наглядность»
•
«Қызығушылық» – «Интерес»
Осы стратегияларға жеке тоқталар болсам: (педагогтармен жұмыс)
«Топтастыру» стратегиясын білімді жинақтау кезінде, яғни қорытынды
сабақтарда қолдануға болады. Мысалы: ертегіні талдағанда екі ұқсас
бейнелердің ортақ қасиеттерін табу (Күн, Ана).
«Мақта қыз бен мысық» және «Ұр, тоқпағым, ұр» ертегілері. Ұқсас
белгілері: адам бойындағы жаман қасиет, яғни тіл алмаушылық, айтқанды
тыңдамау, өз дегенімен жүру.
Тақырыптары: «Үй жануарлары» және «Жабайы аңдар»
«Нартәуекел» стратегиясын күрделі сұрақтар қою арқылы терең мазмұнды
мәселелерді шешуде балалардың бойындағы жігер, белсенділік қабілеттерін
дамыту үшін қолдануға борлады. Мысалы: «Толағай» ертегісі бойынша «Мен
Толағай болсам, не істер едім?»
«Шығармашылық» стратегиясы баланың шығармашылық қабілетін
дамытып, түрлі формада жұмыс істей білуге баулиды. Мысалы: рөлдік
ойындар, тақырып бойынша жұмбақ, мақал-мәтел айту т.б.
«Ой толғау» стратегиясы –тақпақ құрау, ертегі құрастыру, мәнерлеп оқу.
Тақырыптары: «Менің елім», «Қазақстан қалалары»
«Қызығушылық» стратегиясы – оқу іс-әрекеті барысында баланың есте
сақтау қабілетін сұрыптауға мүмкіндік береді. Немесе оны «Миға шабуыл»
(мозговой штурм), «Ой шақыру» деп те атауға болады. Тақырыптары:
«Салауатты өмір салты», «Адамның дене мүшелері», «Дене мүшелері»
Пазл әдісі-шағын кесінділерден тұтас бейне құрау. Қиындыға бөлінген
суреттерден біртұтас сурет құрайды, мәтін құрастырады.
Мысалы: жануарлардың қиылған бейнелері
Достарыңызбен бөлісу: