МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА
МАЙТАБАНДЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Іргебекова Гүлнәр Іргебекқызы
«Балдырған» балалар бақшасының меңгерушісі
Алматы облысы, Сарқан қаласы
Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру
жүйесінің ең басты міндеті – қазақ мектебі
түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық
дәрежеге жуықтату. Бала – болашағымыз десек,
сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын
дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиетін дамытуды
балабақшадан бастауымыз керек. Ал бала беріліп
жатқан тәрбие мен білімді меңгеруі үшін біз олардың денсаулығын сақтап қана
қоймай нығайтып түзетуіміз керек.
Бүгінгі қоғамда дұрыс аяқ киім кимеудің, олардың жайсыздығының
салдарынан
майтабандылық
көбейіп
кетті.
Табан
күмбездерінің
деформациялануына қарай майтабандықтың екі түрі анықталған: бойлық және
көлденең. Көбінде сәбилерде бойлық майтабандық байқалады. Бұл туа біткен
және жүре пайда болған түрде болады. Майтабандық деген нақты диагнозды
сәбилерге 5–6 жасында қоюға болады. Одан ертерек, шамамен 3 жасында
белгілерін байқауға болады. Барлық сәбилердің табаны үш жасына дейін
жалпақ болып келеді. Яғни, бұл жастағы сәбилердің тері асты майы өте көп
мөлшерде болады. Айлайда, уақыт өтісімен табандағы май біртіндеп ысылып,
сіңірлер мен бұлшық еттер жиырылып, қатая бастайды. Майтабандықтың
салдарынан балаларда төмендегідей қиындықтар туындауы мүмкін. Табанның
аса маңызды қызметі – амортизация қабілеті – бұзылады. Нәтижесінде жүріп,
жүгіру кезіндегі дене тербелісі сирақ, ұршық буындары мен омыртқаға
беріледі. Буындарға ұзақ уақыт салмақ түскендіктен қабынулар нәтижесі
артрозға алып келуі мүмкін. Майтабандықтың омыртқаға тигізетін әсерінен
омыртқа қисайып, сколиозд пайда болуы мүмкін. Ал аяқтың шаршап
ауырсынуы, бас ауыруы болашақта баланың сабағының нашарлауына алып
келеді. Бұл ауруды емдеудің негізігі мақсаттары: табандағы ауырсынуларды
жою, аяқтың бұлшық ет-сіңірлерінің жұмысын күшейту және табанның
қызметін қалпына келтіру. Майтабанды емдеудің негізгі екі әдісі бар:
хирургиялық жолмен (ота жасау) және керітартпа жолмен. Керітартпа жолмен
301
емделу тәсілі: емдік гимнастиканы, массаж, аяқ ванналары, физиотерапия,
дұрыс ортопедиялық жолмен жасалған аяқ киім немесе ұлтарақ кию.
Сондықтан ата-аналар назарын осы мәселеге аударып, балаларға дер
кезінде көмектесіп майтабандылықтың алдын-алу жұмыстарын жүргізу
балабақшадан басталу керек. Осы бағытта біз «Майтабандылықтан арылайық»
атты жоба жұмысын жүзеге асырудамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |