МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНДА
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІС- ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Шалабаева Алия Болековна
№14 «Нұрай» бөбекжай-балабақшасының директоры
Атырау облысы Атырау қаласы
«Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім
берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі беруге аса назар
аударған жөн»
Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасының мектеп жасына дейінгі білім беру жүйесін
жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде
жан-жақты қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз
байланысты және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі екендігін ескере
отырып, басты қажеттілік ретінде қабылданған еді. Бала – біздің болашағымыз.
Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің
294
де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі.
Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты баланың
жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы
деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге
қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар
жасайды.Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техникада оның басқару жүйесі
де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай педагогтың қызметінің мазмұны
жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа
мүмкіндктердің қажеттігі туындайды.
«Жас бала – жас шыбық, жас күйінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол
иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзейміз
десең, сындырып аласың», – деп Мағжан Жұмабаев айтқандай заманға лайық
тәрбие мен білім беру ісі қазіргі заманның айғағы. Бала бойындағы жақсы
қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне
мектепке дейінгі тәрбиенің маңызы зор. Елімізде мектепке дейінгі тәрбие
саласының даму деңгейі қандай екендігіне көз жүгіртейік. Тәуелсіздік алғанға
дейін Қазақстанда 7 жасқа дейінгі балалардың 70%-ын қамтитын Орталық
Азиядағы ең үздік білім беру жүйесі болды. 1991 жылы 8743 балабақша болды,
олардың
жартысынан
астамы
(4868)
«оңтайландыру»
кезеңінде
жекешелендірілді, балабақша ғимараттарының бір бөлігі қараусыз қалды,
бұзылды. Соңғы он жылда мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен
қамту мақсатында Елбасының қолдауымен, тапсырмасымен «100 мектеп, 100
аурухана», «Балапан» бағдарламалары жасақталып, жаңа үлгідегі типтік
балабақшалардың құрылыстары жүргізіліп, бұрынғы балабақшалардың
ғимараттары кері қайтарылып, жөнделіп, жұмыс істеп тұрған балабақшаларға
жапсаржайлар салынып, іске қосылды. Жекеменшік әріптестік жұмыстары
негізінде жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс орналастырылып,
кезекте тұрған балаларды балабақшамен қамтуға үлкен мүмкіндік берді.
Халқымыз талай ғасырлардан бері аңсап келген Тәуелсіздігіне 25 жыл
толды. Осы уақыт ішінде еліміз дамып, көркейіп, халықаралық аренада өз
орнын алып үлгерді. Қазақстанның бүгінгі мақсаты – әлемдегі дамыған 30 елдің
қатарына ену. Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: «Тәуелсіздікке қол
жеткізгеннен көрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр
кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен
жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елді құрдымға жіберген. Біз өзгенің
қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ алуға тиіспіз. Ол сабақтың түйіні
біреу ғана-Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда», – деген Елбасының сөзі Мәңгілік
елді жасаушы халықты алға жетелейді.
«Мәңгілік ел» – барша қазақстандықтардың ұлттық идеясы болғандықтан,
балабақша ұжымымының мақсаты тату тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты
халқымыздың тыныштығы мен көркейіп өсуін насихаттау бойынша өткізілген
«Біздің Отанымыз – бірліктің берекелі бесігі» атты шарасы Қазақстанда
тұратын әр ұлттың мәдениетімен танысып, тағамдарынан дәм татып, ұлт
295
ойындарын ойнап, балалардың қызығушылығын танытты, «Мәңгілік ел»
жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыру» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған
шарада ұлттық идеяның мақсаттары, міндеттерін түсіндіру арқылы өз елін
мақтаныш етуге, өткен тарихын ұмытпауға бағыт бағдар берілді.
Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген жиырма бес жылында 2006 жылдың
26 қазанынында мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарына арналған «Балбөбек»
бағдарламасы бекітіліп, бағдарламаға сай оқу кешенді жиынтығы жасақталды.
Бағдарламаға сәйкес балаларға арналған «Бөбектерге байғазы» хрестоматиясы,
«Тіл халық қазынасы» т.б оқу әдістемелік нұсқаулары қолданысқа берілді. Одан
кейін «Қайнар», «Мектеп жағдайында 5-6 жастағы балаларға мектепке дейінгі
дайындыққа арналған жалпы білім беру бағдарламасы», «Балабақшада 5-7
жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындық бағдарламасы», «Қарлығаш»,
«Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары
бекітіліп, тәлім тәрбие үрдісінде қолданылды.
Қазақстанның қазіргі кезеңдегі білім беру саясаты, әлемдік білім беру
кеңістігіне кірігуіне байланысты, ең алдымен мектепке дейінгі білім беру
жүйесіне бала қабілетін ашатын алғашқы саты ретінде жоғары талаптар қояды.
Республиканың мектепке дейінгі білім беру мазмұнының мониторингі
көрсеткендей, аталған бағдарламалар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
мазмұнының тұтастығы мен сабақтастығын қамтамасыз ете алмағандықтан,
мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістерді қамтамасыз ететін
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бірыңғай үлгілік оқу бағдарламасы
жасақталды. Үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) мектепке
дейінгі білім беру жүйесіндегі отандық және шетелдік ғылым мен
тәжірибелердің жетістіктерін ескере отырып әзірленген. Бағдарламаның
бұрынғы бағдарламалардан ерекшелігі – қолайлы әлеуметтендіруге және
балалардың қажетті дағдыларды игеруіне ықпал ететін, мектеп жасына дейінгі
балалардың кешенді дамуын қамтамасыз ету.
Заман ағымына қарай күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде
үлгілік
оқу
бағдарламасы
негізінде
инновациялық
педагогикалық
технологияларды қолдану жұмыстарына тоқталайын. Жаңа технология
бойынша білімді үнемі бүгінгі жас ұрпақ тәрбиеленушілерге меңгертіп
отырсақ, балалардың жаңаша көзқарас үрдісі дамиды.
Біздің балабақшада тәрбиешілер «Ойын технологиясы», «Тәй-тәй»,
«Монтессори технологиясы, «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы»,
«Ақпараттық технологиясы», «Жобалау әдісі» технологиясы және т.б.
инновациялық технологияларды қолдану арқылы балалардың жас
ерекшеліктеріне сай дамыта отырып, мектепке дайындау жүйесін құрды.
Білім берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталатындықтан, біз
күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін «Тәй-тәй технологиясының»
элементтерін пайдалана отырып, орталықтарға бөліп ұйымдастырып,
орталықтардың басшылықтарына ата-аналарды қатыстырып, ата- анамен
байланысымыз нығайды. Бұл технологияның тиімділігі әрбір баланың қай
салаға жақын екендігін айқындауға септігін тигізеді.
296
Сондай-ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып,
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балабақшамызда қолданылатын жаңа
инновациялық технологияның бірі «Ойын технологиясы». Ойын арқылы
балалардың ой өрісін дамытуға болады. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те.
Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен
қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық
қабілетін қалыптастыруға көмектесетіндігіне көз жеткіздік. Балабақшамызда
«Монтессори технологиясына» көптен көңіл бөлініп, арнайы бөлме
дайындалып жасақталуда. Монтессори технологиясы баланың назарын
дамытуға, шығармашылық және логикалық ойлауға, жадын, сөйлеу қабілетін,
қиялын, моториканы қалыптастыруға көмектеседі деген тұжырымға келдік.
Қазіргі таңда біздің балабақшамыз «Жобалау әдісі» инновациялық
технологиясы бойынша екі жылға жұмыс жоспарын жасақтап, нәтижелерін
көруде. «Жобалау» әдісі – қандай да бір мәселенің шешімін көрсететін жоба
жасау үрдісі. Ол оқу үрдісі жағдайында орындалатын және оның тиімді жұмыс
істеуі мен дамуына бағытталған іс-әрекеті бола алады. Жобалау әдісін
қолданған кезде балалардың логикалық ойлау, зерттеу қабілеттері дамиды,
белсенділігі артады, балалардың өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген
сенімдері жоғарылайды, жоба әдісімен дәстүрлі әдісті салыстырған кезде
балалардың қызығушылық, іздемпаздық, шығармашылық, танымдылық
қабілеттерінің жоғары деңгейге жету мүмкіншілігінің болатындығын айтуға
болады. Нәтижесінде тәлім-тәрбие үрдісі сапасы жақсарады, балалардың ойлау,
көрсетілген мәселені түсіне білу, педагогтар, ата-аналармен ынтымақтасу және
қарым-қатынас сияқты іс-әрекет шеберлігі мен әдістерін дамыту мүмкіндігі
артады.
Тәрбиеші – жобаның негізгі ұйымдастырушысы, кеңесшісі, сарапшысы,
ақпарат орталығы. «Жобалау» әдісінің технологиясы бірлескен жұмысқа
бағытталған: тәрбиеші – бала, бала – бала, бала – ата-ана. Жобаға қатысушы
бала өзінің қоғамға, қоршаған айналаға, адамдарға, құрдастарына деген
қажеттілігін сезіну керек. Ұжымдық бірлескен жұмыстарының нәтижесін
көреді. Жобаға қатысқан нәтижесі суреттерінде, жапсырма жұмыстарында, өзі
құраған ертегіде, қолымен жасақтаған альбомында, көрмелерде көрінсе
балаларда белсенділік, жауапкершілік, бір-біріне деген сыйластық, сену,
танымдық қызығушылықтары артатыны мәлім.
Педагогтар барлық әдістемелік шараларда балалармен, ата-аналармен
бірлескен жобаларын таныстырып, презентациялар өткізді. Биылғы жылы
аталған «Жобалау» әдісі технологиясы бойынша педагогтардың екі жылғы
жұмыстары жинақталып іс-тәжірибесімен бөлісуге құжаттар жинақталып,
тарату жоспарланып отыр.
Инновациялық жаңа технология баланы жан-жақты құзыреттілігін
дамытып, білімді ұрпақ тәрбиелейді. Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі
бар, бастысы, бала толыққанды жетіліп, ата-анамен байланыс күшейді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық іс-әрекеттің мақсаты – білім
беру үрдісін заманауи тиімділігі жоғары технологиялармен және балалардың
297
негізгі құзыреттіліктерін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Барлық педагогикалық инновацияларды балабақшада балалардың жас
ерекшеліктері мен әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген
жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың
затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады, сондықтан: «Егер айтып берсең,
ұмытамын. Егер көрсетсең, мүмкін есіме сақтаймын. Егер еліктіре тартсаң,
расымен ұмытпаймын», – деген ежелгі қытай ойшылы, философ Конфуцидің
нақыл сөзі барша балалардың тәрбиешіге жолдауы іспеттес деп айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |