«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет159/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   296
materialy resp chteniy

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАҒЫ ЗАТТЫҚ ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ 

ҚҰРУДА М.МОНТЕССОРИ  ӘДІСІНІҢ МАҢЫЗЫ 

 

Исмайлова Р.Б. 

П.ғ.к., доцент 

Аршимбаева Советхан 

№167 бөбекжай балабақшасы 

Алматы қаласы

 

 



Бүгінгі  таңда  республикамызда  білім  берудің  негізгі  мақсаты  –  бұл  

біртұтас  біліми  орта  құру  арқылы  қазақстандық  білім  сапасын  арттыру. 

Қазақстан  Республикасындағы  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамытудың 

тұжырымдамасында,  2016-2020  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамытудың 

мемлекеттік  бағдарламасында:  «Білім  берудің  негізгі  міндеті  –  білімдік 

шоғырланудан  нәтижеге  бағытталған  құзыреттілік  тұрғыға  көшу»,  –  деп 

көрсетілген. Бұл межелі міндет мектепке дейінгі ұйым кезеңнен басталып, жаңа 

бағыттары қарастырылуда. 

Мектепке  дейінгі  балалардың  тұлғасының  негізгі  құралдарының  бірі  – 

орта.  Орта  бала  үшін  жаңа  білім  мен  әлеуметтік  тәжірибенің  көзі.  Мектепке 

дейінгі  ұйымның  тұтас  педагогикалық  үрдісінде  дамытушы  ортаның  рөлі. 

С.Л.Новоселованың  пікірінше:  Дамытушы  заттық  орта  балалардың  дербес 

шығармашылық  және  ойын  әрекеттерін  ұйымдастыру  үшін  қажетті 

материалдар, ойыншықтар, құралдар, іс-әрекетінің материалдық нысаналардың 

жүйесі.  Оның  басты  бағыттарының  бірі  балаларды  әлеуметтендіру  және  оған 

сәйкес  заттық  дамытушы  орта  құру.   «Заттық  ортаны»  осылайша  игерудің 

баланың  тұлғалық  жағын  дамыту,  бұйымдық  әлемге  шығармашылық  көз 

қарасын ояту үшін зор маңызы бар.  

Баланы 

әлеуметтендіруде 

дамытушы 

заттық 


ортаны 

құрудың 


педагогикалық  талаптарға  сәйкестігі  болашақтың  зерттеу  мәселесі  деп 

есептейміз. 

Баланы жан-жақты тәрбиелеу, оның дүние танымын жетілдіру, заттық орта 

туралы  түсінік  ой-өрісін  дамытып,  еңбекке  баулу  балабақшалардағы  барлық 

топтарға бірдей ортақ міндеттер. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін 

кеңейтудің  негізгі  айналадағы  ортамен  табиғат  құбылыстарын  бақылату. 




283 

 

Заттық  орта  жұмысында  айналадағы  қоғамдық  өмір  шындығын,  табиғат 



тамшыларын бақылатып, баланың  таным,сезім  қабілетін жетілдіру  басты  роль 

атқарады.    Балалармен  арнайы  өтілетін  осы  жұмыс  барысында  тәрбиеші  әр 

заттың аты, сапасы, қажеттігі жайында түсіндіреді. Баланы заттың атын сөзбен 

айтуға  үйретеді.  Айналадағы  қоғамдық  өмір,  өлі,  тірі  табиғат  құбылысын 

бақылатқанда  да  әр  объектіні  сөзбен  атап,  түсіндіріп  баланы  заттық  ортаға 

сөзбен қызықтырып, қабілетін дамыту көзделеді. 

Баланың  ойнайтын  алғашқы  ойыны  –  заттық  ойын.  Басқаша  түсіндірсек 

бұл  затты  игеру.  Сіз  балаға  беретін  ойыншықтар  арасында  қуыршақта,  аюда, 

сайқымазақта,  ұсақ  ойыншықтар  да  бар.  Бастапқыда  бұл  ойыншықтардың 

барлығы  үлкендер  үшін  балалар  ойыншықтарға  басқа  заттарға  қарағандай 

қарайды,  яғни  олар  үшін  ойыншықтардың  басқа  заттардан  айырмасы  жоқ. 

Екінші  жылдың  басында  олардың  ойыншықтармен  ойнауы  елеусіз  болады. 

Балалардың  тілін  жетілдіру  мен  байыта  түсу  үшін  олардың  айналасындағы 

әсерлі сабақтар өткізу және нақты тілдік білігін қалыптастыруды жүзеге асыру 

қажет болады.       

Әр  сабақта  балалармен  заттық  орта  туралы  әңгімелесу,  екі-үш  жаңа  сөз 

меңгерту  көзделеді.Жылдың  аяғында  3-4  жас  аралығында  балалар  заттық 

ортадағы қойылатын негізі талаптар мынадай: 

 

балалар  бес  түсті  (ақ,  қара,  қызыл,  сары,  көк)  білуге  тиісті,  жылдың 



соңына  қарай  жасыл  түсті  үйретуге  болады.  Түстеріне  сәйкес  топтау  заттық 

құрамына қарай түстерге белгілеу. 

 

үш пішінді (үшбұрышты, төртбұрышты, дөңгелекті) білуге тиісті. Пішіне 



сәйкес топтау. 

 



заттық ортада құрастыру жұмыстары арқылы үйренген сөздерін (киіз үй, 

ағаш  тос  таған,  ағаш  қасық,  қоржын,  көрпеше,  кілемше,  ою,  білезік,  сақина, 

алқа, сәукеле, тақия, белдік) толық меңгеруге тиісті. 

Мектепке  дейінгі  оқу  тәрбие  жүйесін  жетілдіру  мақсатында  шынайы 

өмірде тиімді ету қабілеттерін дамыту үшін Монтессори әдісін қолдану тиімді 

деп  білдім.  Монтессори  материалы  арқылы  бала  затты  түсінеді  және  оны 

қолдануға  тырысады.  Монтессори  материалы  қандайда  бір  іс-  әрекетке 

итермелейді.Монтессори материалы төрт түрлі жолмен іске асады: 

Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар  - ең алғашқы жылында бала 

қозғалыс  жасау  үстінде  жүреді.  Онда  сензитивтік  периодтың  даму  жолы 

қалыптасады. Алғашында қозғалысы онша болмағандықтан, моторлық жүйесін 

қосу  үшін  тәрбиенің  негізіне  үлеседі.  Моторлық  даму  жеке  -дара  қозғалыс 

темпін  құлшындыруға  әсерін  тигізеді.  Оған  қозғалыс  жасау  үшін  түрлі 

жаттығулар жасалады, өзіндік іс-әрекетке итермелейді. Бір сызықтың бойымен 

жүру  тепе-тендік  сақтауға  итермелейді.  Басқада  топтық  жаттығулар  балалар 

арасындағы  қарым-қатынасты  жақсартуға  көмектеседі.  Мысалы,  рөлдік 

ойындар  бір-бірін  сыйлауға  үйретеді.  Жаттығуға  арналған  материал  тәжірибе 

жасау  барысында  жас  ерекшелігіне  сай  болу  керек.  Жаттығудың  шарты 

түсінікті болу керек. Нәтижесінде өзін-өзі тәрбиелеуге үйренеді.  



284 

 

Жаттығулардың  негізгі  мақсаты:  баланы  қоршаған  ортаға  деген 



жауапкершілік  қасиеттерін  қалыптастыру.  Тәжірибелік  жолмен  іске  асатын 

жаттығулардың түрлері: 

1.Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю; 

2.Металды тазалау; 

3.Кесілген гүлдерді күту жолдары; 

4.Бір сызықтың бойымен жүру; 

5.Тыныштандыру жаттығулары. 

6.Қоғамдық өмірге қатысы бар жаттығулар; 

 Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю; 

Керекті құралдар: поднос, шүберек,лейка. 

Мақсаты:  Қозғалыс  жүйесін  дамыту,  қоршаған  әлем  ішінде  тепе-тендікті 

сақтауға  үйрету.  Жас  мөлшері 3  жастағы  балалар.  Материалмен  жұмыс  жасау 

жолдары:  лейка  суға  толтырылады.  Тәрбиеші  лейканы  қолына  алып  жоғары 

көтереді. Ыдысқа суды құяды. Лейканы қайтадан үстел үстіне қойып, ыдыстағы 

суды  қайтадан  лейкаға  құйды.  Төгіліп  қалған  суды  сүртіп  отыру  қажет.Сезім 

мүшесін дамытатын материалдар- әр сезім мүшелерін дамытуды ұсынады. Бұл 

материал арқылы заттардың көлемін, түсін, өлшемін, дыбысын ажырата алады. 

Жеңілден ауырға көтеру ұғымы қолданылады. 

Бала  моторикасымен  сенсорикасын  жаттықтыру  үшін  материалды 

қайталауға  тура  келеді.Материалды  қолданған  соң  бала  жоспарлау,  дайындау, 

бір  тапсырманы  соңына  дейін  орындауға  тырысады.  Бірақ  сабақ  кезінде  бала 

сол  материалмен  жұмыс  жасау  жолын  толығымен  таныс  болу  керек.  Мұнда 

жұмыс  барысында  балаға  сөз  беріледі.  Тапсырманы  орындай  алмайтындарға 

қайтадан  тағы  бір  сабақ  өткізу  керек.  Алған  білімін  бекітіп,  содан  кейін  жаңа 

сабақты өтілуі керек.  Сабақ 3 құрылымнан тұрады: 

1. Көлемін анықтауға арналған материалдар; 

2. Бір сызықтың бойымен жүру; 

3. Тыныштандыру жаттығулары; 

Мектепке дейінгі баланың  тұлғасын және танымдық процесcтерін дамыту, 

қарым  -  қатынас  дағдыларын  және  тұтастай  алғанда  айналадағы  әлеммен 

әлеуметтік  өзара  іс-қимылын  қалыптастыру  баланың  даму  ортасын 

ұйымдастырумен  тығыз  байланысты.  Дамушы  заттық  орта   -  бұл  бала 

қызметінің  материалдық  объектілерінің  жүйесі,  оның  рухани  және  физикалық 

дамуының функционалдық үлгідегі мазмұны.  

Заттық  ортаның  негізгі  элеметтері  -  сәулетті-ландшафтық  және  табиғи  - 

экологиялық  объектілер;  ойын  және  спорт  алаңдары,  олардың  жабдықтары; 

баланың  өсу  барысына  байланысты  ірі  ауқымдағы  конструкторлармен 

(модульдермен),  ойыншықтардың  тақырыптық  жинақтамаларымен,  ойын 

материалдарымен, ойын жабдықтарымен жарақтандырылған ойын кеңістіктері; 

тәрбие  мен  оқытудың  аудиовизуалдық  және  ақпараттық  құралдары  болып 

табылады.  Заттық  ортаға  қойылатын  бастапқы  талап  -  оның  дамытушылық 

сипаты.  Ол  балабақша  бөлмелерін,  сондай  -  ақ  участкені  заттық  кеңістікке 

ұйымдастыру  арқылы  баланың  мүдделері  мен  қажеттіліктеріне,  ал  олардың 



285 

 

элементтері  (құрал  -  жабдықтар,  ойыншықтар,  дидактикалық  материал,  т.б.) 



баланың  дамуына  қызмет  етуге  тиіс.    Бұл  мәселе  бойынша  мектепке  дейінгі 

ұйымдағы заттық дамытушы ортаны құрудың принциптерін, мазмұнын және әр 

топқа қажетті заттарды жинақтауды талап ететіндегін тұжырымдаймыз. 

 


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау