«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет17/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   296
materialy resp chteniy

– 

деген еді. [1].



 

«Әрбір  ұлттың  баласы  өз  ұлтының  арасында,  өз  ұлты  үшін  қызмет 

қылатын  болғандықтан,  тәрбиеші  баланы  сол  ұлт  тәрбиесімен  тәрбиелеуге 

міндетті», 



 деп М.Жұмабаев жазғандай  халық педагогикасы ілімдерін негізге 

алып  жұмыс  жүргізген  дұрыс  деп  есептей  келе,  ауыз  әдебиеті  жанрлары 

арқылы  жұмыс  өрбітілді  [2].  Ауыз  әдебиеті  үлгілері  арқылы  халықтың 

өткендегі  өмірін,  тарихы  мен    тұрмыс-тіршілігін,  арманын  білуге  болатынын 

көрсете білдік.  




37 

 

Бұл пікірлердің қазақ фольклорына да қатысты екені даусыз. Жалпы ауыз 



әдебиеті  үлгілерінен  халықтың  ой-өрісінің  сәбилік  дәуіріндегі  көрінісін 

байқауға болады. Ф.Энгельс «Неміс халқының кітаптары» деген еңбегінде ауыз 

әдебиеті  үлгілерінің  шығу  тегіне  талдау  жасай  келіп, оның халықтың  тұрмыс-

тіршілігімен  байланысты  туындағанын  айтады.  Ал  М.Горький  ауыз  әдебиеті 

туралы  жазған  еңбегінде:  ауыз  әдебиетінің  ең  ескі  түрлерінің  өзі  шаруа 

адамның  күн  көрінісіне,  еңбек  ету  үрдісіне  байланысты  туындаған», 



-

  дейді. 

Сондай-ақ  бір  топ  ертегі,  аңыздарда  жауыздық  пен  ізгілікті,  жалқаулық  пен 

елгезектікті  салыстырмалы  түрде  сөз  етіп,  ертегідегі  кейіпкерлердің  іс  әрекеті 

арқылы  ишарамен  меңзеп,  жақсыдан  үйренуді,  жаманнан  жиренуді  балаға 

үйретеміз. Яғни В.Г. Белинский айтқандай, ертегі-аңыздарды «халық  өмірінің 

айнасы» деуге болады. Бабаларымыз ертегі айтуды ермек еткен емес, керісінше  

бала  тәрбиесіне  қолдана  білген.  Неше  түрлі    ғажайып  уақиғаларға    құрылған 

ертегілердің жігін келтіріп,  тартымды етіп айтып беру, әр эпизодтың арасынан 

қыл    өтпестей  етіп  байланыстыру,  кейіпкерлеріне  мінездеме  беру,  оларды 

тыңдаушының  көз  алдына  елестетердей  етіп  бейнелеп  беру,  әр  кейіпкердің  

мінез-құлқы  мен  іс-әрекетіне  қарай  сөз  сараптау,  тілдік  сипаттау  таба  білу, 

ертегі  айтушының  мол  өнері,  тіпті  айтқыштық    шешендігі,  әрі  дикторлық,  әрі 

ораторлық  шеберлікті  талап  етеді.  Демек,  ертегінің  тартымды,  қызықты, 

тыңдаушыға  әсерлі  болуы  оны  айтушыға  байланысты.  Ал,  балаларды  ертегі 

айта  білуге  үйрету  сөз  өнеріне,  тілінің  дамуына,  ой-өрісінің  жетілуіне  әкелері 

анық. Ертекші өнер адамы болғандықтан, репертуарына аса жауапкершілікпен 

қараған.  Ол  жөнінде  орыс  фольклористері  А.Н.Афанасьев,  Н.Е.  Окучев, 

М.К.Азайдовский  Ю.М.Соколов  ,  сондай-ақ  қазақ  фольклористері:  М.Әуезов, 

С.Мұқанов,  Е.Исмайлов,  М.Ғабдуллин  т.б.  еңбектерінде  терең  талдау  жасап, 

келесі  пікірлер  айтқан.  Мәселен,  С.Мұқанов:  «Халық  ертекшілері  үлкен  өнер 

адамы  саналған», 



-

  десе,  М.Әуезов:  «Ертек  айта  білушілерді  ұзақ  мазмұнды 

эпикалық  жыр  орындаушы  ақындармен,  жыршы,  жыраулармен  пара  -  пар 

бағалаған», 



-

  дейді.  [3].  Ал  көрнекті  фольклорист  ғалым  М.Ғабдуллин:  

«Ертекшілер  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  шебер  орындаушылар  ғана  емес,  тың 

сюжетті  ертегілерді  туғызушы,  шығармашылық  адамы», 



-

  деп  тұжырым 

жасайды.  Қазақ  ауылында  аты  жұртқа  жайылған  атақты  ертекшілердің  көп 

болғаны, олардың Құламерген, Аяз би, Ер Төстік, жерден шыққан Желім батыр, 

шық  бермес  Шығайбай,  Алдар  көсе,  Жиренше  шешен,  Тазша  баланың  қырық 

өтірігі, т.б ертек-аңыздарды біздің дәуірімізге сақтап,  жеткізудегі рөлі жөнінде 

ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші Г.Н.Потонин, В.В.Родолв, Ә.Диваев, 

Н.Пантусов  т.б.  айтқан  ой-пікірлері  де  бар.  Ал,  осы  ертегілерді  біз 

әжелеріміздің  аузынан,  пластинкадан  тыңдап  өскенбіз.  Оны  қазіргі 

ұрпағымызға айтып тарихымыздың құндылығын дәріптеудеміз. Оны тыңдаған 

баланың  да  таным-білімі  кеңейеді.    Мен  жұмыс  жасаған  балабақшада  Тазша 

баланың қырық өтірігі секілді жарыс та болды, бірақ нәтиже ойдағыдай шығып 

шешендік  таныта  алған  жоқ,  өйткені  ұлттық  мұрағатымызды  дәріптеу  әлі  де  

жеткіліксіз. Сондықтан осы ертегілерді айтып қоймай, қуыршақ, саусақ театры 

арқылы өрбіттік. «Менің сүйікті ертегім», «Ертегі сыры», «Ерте, ерте, ертеде» 



38 

 

тақырыптарында  суреттер  көрмесі  де  өткізіліп  тұрды.  Осы  шаралар  баланың 



қиялын,  қызығушылығын    арттырды.  М.Әуезов  өзінің  «Абай  жолы»  роман-

эпопеясында былай жазған екен: «Абай  биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі 

бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық  сөйлейді. Әңгіменің  барлық жерін дәмді 

ғып, қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай 

алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұрады. 

Сонда ол ойланып отырып: 

-  Е-е..  Бұлдыр-бұлдыр  күн  өткен.  Бұрынғыда  кім  өткен...?

  –

  деп,  кішкене 

тақпақтап бастап еді». Міне, осы сөздің өзі Абайдың санасына  ұялап, ертегіге 

деген қызығушылығын оятады. [5].  

Осыдан-ақ  ертегінің  бала  қызығушылығына  нақты  септігі  тиетінін  анық 

көз жеткізіп, педагогикалық жоба жазылды. Жоба 



– 

педагогтардың оқыту және 

өз  білімін  көтеру  әдістерінің  бірі.  Негізгі  бағыты:  зерттеп  өңдеу  шеберлігі, 

мәселені  қоя  білу,  мәліметтерді  жинақтау  және  өңдеу,  тәжірибе  өткізу,  алған 

нәтижелерді талдау. 

Жобаның  тақырыбы:  «Халық  ертегілерінің  мектеп  алды  тәрбиесіндегі 

орны».    Алға  қойған  мақсатымыз:  баланың  шығарманың  көркемдік  мазмұнын 

түсініп және оны қабылдай білу; оқиғаның баяндалу ерекшелігін түсіну, әңгіме-

ертегілерді өз бетінше құрастыра білу; сахналық қойылым барысында кейіпкер 

бейнесіне  ене  білуге  машықтандыру.  Міндеті:  ауыз  әдебитінің  көне  жанры 

ертегінің  әр  түрлі  салада  кіріктірілуін  тереңдету.  Балалардың  көркемдік 

эстетикалық талғамын арттыру.  Оны қандай жұмыстар түрімен ұйымдастыруға 

болады,  яғни  ұйымдастыру  түрі;  көркем  әдебиет,  бейнелеу  өнері,  сөйлеуді 

дамыту,  дене  шынықтыру,  музыкалық    тәрбие,  әлеуметтік  тәрбие  жүйесі.  Бұл 

жүйелерді  іске  асыру  үшін  негізгі  бағытымыз;  балалармен,  ата-анамен, 

педагогтармен  жұмыс  болды.  Балалармен  жұмыс:  ұйымдастырылған  оқу 

қызметі,  сахналық  қойылым,  әңгімелер,  ойындар,  көрмелер,  сайыстар, 

фотожұмбақтар.  Ал  ата-аналармен  жұмыс:  кеңестер,  әңгімелер,  көрмелер, 

қойылымдар,  саяхаттар,  бірлескен  жұмыстар,  сауалнама;  сонымен  қатар, 

педагогикалық ұжыммен жұмыс: кеңесер, семинарлар, шебер қолдар үйірмесін 

қүру, педагогтардың мамандық құзреттілігі, ертегі, ойындарды безендіру. Ата-

анамен  «Ертегі  айта  білесіз  бе?»,  «Баланың  ертегіге  қызығушылығын  қалай 

арттырасыз?» тақырыптарында кеңестер, пікірталастар қаралды. Педагогтармен 

«Халық  ертегісінің  мектеп  алды  тәрбиесіндегі  жүйесі»,  «Халықтың    қарасөз 

ғибратының  бірі  ертегі»,  «Ертегіні  дене  тәрбиесі  сабағында  қолдану»,  Ойын 

«Эвристикалық  айтыс,  Ертегімен  сусындаған  жас  ұрпақтың  даналығы» 

тақырыптарында  кеңестер,  оқыту  семинарлары,  шебер-сыныптар  өткізілді. 

Балалармен  жұмысты    халқымыздың  аңызын  негізге  алып  домбыраның  шығу 

тарихы  жөнінде  мәлімет  беру  мақсатымен,  домбыраны  таныстыру  үшін  10 

кезеңге  бөлдік.  Олар:  домбыраның  құрылымымен  таныстыру,  домбырамен  ән 

айту  өнері,  домбырамен  күй  тарту  өнері,  домбырамен  би  билеу  өнері,  күйші, 

домбырашы  Құрманғазы  Сағырбайұлымен  таныстыру,  домбыра  жасаушы 

шебер Қамбар ағаймен кездесу, өнер қайраткерлерімен кездесу күй құдіретіне 

тәнті  болу,  домбыра  туралы  аңызбен  таныстыру  «Ақсақ  құлан»,  домбыраны 




39 

 

құрметтеу  мақтан  ету,  домбыраның  шығу  тарихымен  таныстыру, 



сахналандыру.  

Осы 10 кезең тақырыпқа сай жоспарланып өткізілді. 

Негізгі  мақсат:  балаларға  домбыра  туралы  түсінік  беру,  оның 

құрылымымен  таныстыру.  Домбырадан  тартылған  әуенді  тыңдауға,  оған 

еліктеп ләззат алуға дағдыландыру,  балалардың есту қабілетін музыка тыңдау, 

сезіну  арқылы  жетілдіру,  музыкалық  сезімін  ояту.  Ол  баланың  осы  мәселені 

толық  түсінуіне  мүмкіндік  береді.  Осы  шаралардан  соң  домбыраның  шығу 

тарихын  «Ақсақ  құлан»    аңызымен  таныстырдық.  Бұл  жерде  балаға  ертегі 

мазмұнын  меңгерту  маңызды.  Шығарманы  жүйелі  баяндап  өз  көзқарасымен 

мәнерлеп  айта  білуін  қалыптастыру  ерекше  мәселе.  Адамгершілік  қасиеттерге 

тәрбиелеу, аңыз арқылы бала Жошы хан, нөкерлер, біршама, құлын, оқ, көмей 

сөздерін меңгере алды. Баланың сөйлеу мәнері тілі дами түсті. Ертегіні бекіту 

үшін мультфильмдер көруі тиіс. Ертегіден есімізде не қалғанын пысықтау үшін 

«Сүйікті  ертегі»,  «Ертегі  оқиға  желісімен»  тақырыбында  суреттер  көрмесін 

ұйымдастырдық.  Балалармен  «Не?  Қайда?  Қашан?  ертегілер  сыры» 

тақырыбында  ойын  өткізілді.  Бұл  әрекеттер  баланың  түсінігін,  өз  ойын  еркін 

жеткізу қабілетерін, қиялын дамытады. Осы кезеңдерді қорыта келе, «Домбыра 

асыл  мұра»  тақырыбында  сазды  көрініс  сахналадық.  Бұл  сценарийді  

домбыраның шығу тарихы аңызын негізге ала отырып жазылды. «Домбыраның 

шығу тарихы» аңызын оқып шумақтар жүректен бұлқына шығып, тек қазақпын 

деген  пенденің  жүрегін  оятар  туынды  дүниеге  келді.  Оны  балабақшамыздың 

балаларының  орындап  шығатынына  кәміл  сенген  соң  көріністі  қоюға  бел 

будық.  Халық  аңызы  арқылы  қасиетті  домбыраның  тарихы  жөнінде  балаға 

түсінік  беру  басты  мақсатымыз  болды.  Домбыраны  дәріптеп  қастерлей  білуге 

үйрету,  домбырадан  тартылған  күйлерді,  домбырамен  айтылған  әндерді  

тыңдауға, оны қабылдап, салыстырып, айыра білуді үйрету керек. Балалардың 

ой-өрісін, талғампаздығын арттыра отырып, бүлдіршіндерімізді жан-жақты етіп 

тәрбиелеуге,  отансүйгіштікке,  мейірімділікке,  әсемдікті  сүюге  тәрбиелеуді 

басты ұстаным етіп алдық. 

Сонымен  бірге,  баланың  музыкалық  мәдениетін,  эстетикалық  талғамын, 

ұлттық  сана-сезімін  қалыптастыру  сөзбен  жеткізе  алмайтын  әсемдікті  музыка 

тілімен  жеткізу  маңызды.  Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  патриоттық  тәрбие 

беру  жұмыстары  ұлттық  мұра,  тарих,  тіл,  елге  құрметпен  қарауға  баулуға 

негізделді.  Жалпы  жасалған  жобаның  қорытындысында  алған  нәтижелер  

бойынша  адамгершілік,  рухани,  азаматтық,  сұлулық  ақыл  ойы  дамиды, 

шыншылдық, зұлымдық, ізгілік туралы түсінік алады, сөз қоры молайып сөйлеу 

мәнері  өседі.    Сондай  ақ  танымдық-шығармашылық  қабілеті  жан-жақты 

дамиды, 


үлкендермен, 

достарымен 

еркін 

қатынас 


жасайды,  жеке 

шығармашылық  қабілеті,  құзыреттілігі  дамып,  баланың  эстетикалық  талғамы 

қалыптасады. Міне, осындай  нәтижелер баланың танымын, ой-қиялын көрсете 

алады. Балалар ертегіні шын пейлімен, кейіпкер бейнесіне ене орындап шықты. 

Балалардың қызығушылығы басым болып, оны кез келген кезде өз беттерінше 

де ойнап, өзге жолдастарына да айта жүрді. Біз осылай баланың тіл байлығын 




40 

 

дамытып,  сөз  қорын  молайтып,  сөйлеу  мәнерін  жетілдіреміз.  Баланың 



шығармашылығы  артып,  таным  білімі  ұлғаяды.  Баланың  танымдық  білімі 

тереңдеп, тілі дамыған баланың ой-өрісі, шығармашылығы дамитыны бәрімізге 

аян.  Бала  кейіпкер  рөлінде  ойнай  жүре  ойы  өседі.  Аңыз,  ертегілер  балаларды 

елін,  жерін  сүюге  әділет  үшін,  бақыт  үшін  күресуге  баулиды.  Оны  қойылым 

барысы  дәлелдей  білді.  Ол  балаға  өсиет,  өнеге,  уағыз,  насихат  береді.  Ертегі 

арқылы  жақсыдан  өнеге  алып  тұшынса,  ғибрат  алса,  ал  жауыздықтан, 

зұлымдықтан  жиіркенетін,  бойын  аулақ  салатын  болады.  Аңыз  әңгіме, 

ертегілер  адамға  ой  салушы,  тәлімдік  мән-мағынасы  зор  халықтық 

шығармалардың  аса  қызықты  да  көркем  түрлеріне  жатады.  Ең  бастысы  бала 

оған  қызығады,  тыңдағысы  келеді  әрі  айтып,  әрі  оны  сахналағысы  да  келеді. 

Олардың  еркін  ойнауына  ықпал  етеді,  ал  ойын  өсіп  жетілуіне  арналған  басты 

құрал. 


Бұл іс-шаралар арқылы баланың  адамгершілік  қасиеті дамып, патриоттық  

тәрбие  алады,  тілі  дамып,  сөз  қоры  молаяды.  Өз  елінің  тарихын,  әдет-ғұрпын 

біледі.  Бұл  шаралар  әр  кез  жалғасын  табады,  келесі  қойылым  «Ана  өмір 

гүліміз»,  «Бәйтерегім  мәуелі»-  деп  аталады.  Осы  бағытта  балаларға  аңыздың 

мәні неде екенін түсіндіру, мейірімділікке, қайырымдылыққа, зеректікке үйрету 

– 

басты  мақсатымыз.  Аңызды  жан-дүниесімен  сезіне  білуге  баулу  арқылы 

сахналандыру кезінде кейіпкер бейнесіне ене орындап  жаттықтырады. Халық 

ауыз  әдебиет  жанрларына  сүйіспеншілігін  арттыра,  ананы  құрметей  білуге 

үйренеді.  Бұл қойылымдар жалпы балаларға абыройлы тарихымыз, даңқты ата-

бабаларымыз туралы мағлұмат береді.   




жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау