ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ОЙЫН ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Жетписова Айгуль Касымовна,
№37 «Аленушка» балабақша тәрбиешісі,
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы
Театрландырылған ойын түрлерін қолдану мектеп жасына дейінгі
балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, сөйлеу мәдениеті мен ой-
өрісін, дүниетанымын жетілдіруде елеулі нәтиже беретіні сөзсіз.
Бүлдіршіндер білім мен тәрбие бастауын ең алдымен балабақшадан алады.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту саласы мамандарының алдында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы,
өзіндік орны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты
тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы
болуында ойынның алатын орны ерекше. Н. К. Крупская: «Мектепке дейінгі
жастағы балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: олар үшін ойын – ор оқу,
олар үшін ойын – еңбек, олар үшін ойын – тәрбиенің маңызды түрі», – деп
айтқан болатын.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық
қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауызекі
сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойынның түрлері көп, әсіресе, қазақ тілін
үйретуде театрландырылған ойындардың маңызы бөлек. Театрландырылған
әрекетте ертегілерді, әңгімелерді пайдалану баланың ой-өрісін дамытып,
сонымен бірге зер салып тыңдай білуін, есте сақтауын, рөлді сомдауын, сөзді
мәнерлеп айтуын жетілдіреді.
Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік
бере отырып, күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметінде ойын түрлерін,
соның ішінде театрландырылған ойын түрлерін сомдау арқылы балалардың
192
қызығушылығын оятамыз. Ертегілерді ойнауда, әңгімелерді айтып беруде,
өлеңді нақышына келтіріп оқу жұмыстарын жүргізгенде, балалардың өзара
сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген
сүйіспеншілігін арттырамыз. Театр әлемі әр балаға қуаныш, ұмтылмас әсер
сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте
адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен.
Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі
балалардың бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр
нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті,
тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға
болып тәрбиеленуін, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы
жетілдіруге болады.
Мақсаты:
- мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын театрландырылған
ойын түрлері арқылы дамытып, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін жетілдіру.
Міндеттері:
• баланың қиялын, есте сақтауын дамыту, ойдан әңгіме, ертегі, өлең
шығарып айтуға үйретіп, дағдыландыру;
• балаларды адамгершілікке баулу;
• театрландырылған әрекетте ертегілер мен әңгімелерді пайдалана
отырып, ойлау қабілетін дамыту;
• баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр
баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзіне,
қоршаған ортаға, адамдарға, достарына деген қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |