154
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ
ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАЗМҰНЫН ІСКЕ АСЫРУ
Сеилгазинова Сандуғаш Айтмұханқызы,
№45 «Арман» балабақша меңгерушісі,
Алматы облысы Талдықорған қаласы
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған Қазақстандық білім
беру
реформасының
басты
мақсаттарының
бірі
–
инновациялық
технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды
дамытуға мүмкіндік жасау. Бұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке
дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше.
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін
ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Оларды ғылыми тілмен
айтқанда «Инновациялық үрдіс» немесе «Педагогикалық жаңалықтарды енгізу»
деп аталады.
Инновация ұғымының мәні латының «in-novus» деген сөзінен шыққан,
«жаңарту», «өзгерту», «жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни,
педагогика ғылымда жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды
пайдалану.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер,
интерактивті тақта, интернет, компьютер-мультимедиялық құрал, электронды
оқулықтармен оқу әдістемелік кешен, инновациялық банк, инновациялық сайт
және т.б. жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік
бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндіктер
векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып қолданыс табуда.
Осындай құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтарды балабақшада
кеңінен пайдалану оқу қызметін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік
туғызары анық. Ал мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты
тиімді және ұтымды пайдаланар еді. Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникативтік
технологиялар мектепке дейінгі жастағы балаларға білім берудің ең тиімді
құралы болып келе жатыр. АКТ-ды қолдану педагогққа бірден бірнеше
педагогикалық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді:
-
фонематикалық есту қабілетін дамытады;
-
лексикалық сөздік қорын дамытады;
-
қарапайым сөйлеу дағдыларын дамытады.
Балаларға оқыту бағдарламасын қарағаннан гөрі ертегі, әңгіме немесе
танымдық фильм көрген немесе тыңдаған әлдеқайда қызық. Мектеп жасына
дейінгі балалардың тікелей білім беру қызметінде қолданылатын барлық
ақпараттық құралдарды төмендегідей бөлуге болады:
-
аудио;
-
бейне;
-
мультимедиалық құралдар.
155
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2014
жылғы 9–қазандағы №408 бұйрығына сәйкес балабақшамыз оқу процесіне жаңа
технологиялар мен білім беру бағдарламасын енгізу жөніндегі сынақ алаңы
болып бекітілді.
Осы бұйрықты жүзеге асыру мақсатында 2015 жылы 4-10 қаңтар
аралығында Санкт-Петербург қаласында өткен «Сауат ашу және бастапқы
математика әдістемесі» бойынша өткен авторлық курсқа қатысып, өзіммен
бірге балабақша педагогтары А.Қ.Жұмашева, Г.Қ.Есельбаева сертификат
иеленді.
2015 жыл 12 қаңтардан бастап Зайцев әдістемесі бойынша арнайы
жабдықталған бөлме ашылып, бүгінгі таңда балабақша ұжымы Н.Зайцев
әдістемесін қазақ тіліне аударып, кестелері мен текшелерін дайындап,
эксперименттік жұмыс жалғастырылуда.
Балабақшамызда 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығымен
бекітілгенМектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының
талаптарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің мазмұнын іске асыру
міндеті негізге алынды.
Балабақшаның басым бағыттарының бірі – бағдарламаның мақсатын
жүзеге асыру, мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке
мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыру, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына
негізделген
жалпыадамзаттық
құндылықтарға,
ұлтжандылыққа
және
толеранттылыққа отбасымен бірлесе отырып тәрбиелеу, сондай-ақ баланың
мектептеоқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық
және зияткерлік даярлығы.
Бағдарламаның міндеттері балабақшаның жылдық жұмысында жүзеге
асырылуда:
заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру; балалардың дене, зияткерлік,
коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру
салаларын кіріктіру;
әр жас тобында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде
балалардың дамуы мониторингін ұйымдастыру; бағдарламаға отбасының
қатысуы.
Бүгінгі таңда ұжым өз іс-тәжірибелеріне сүйеніп Мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнына және Қазақстан
Республикасының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016-жылғы
22-маусымдағы
№391
бұйрығына
№1
қосымшаға
сәйкесұйымдастырылған оқу қызметінің жоспарына түбегейлі өзгерістер
енгізді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын қамтамасыз ету
мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық орталығы бағдарламаға әдістемелік нұсқаулық әзірлеуде.
156
Әдістемелік нұсқаулыққа қосымша ретінде тоғыз өтпелі, ортақ тақырыптар
арқылы перспективалық жоспарлаудың жаңа түрі ұсынылған.
Берілген өтпелі тақырыптар мен апталық тақырыптар күні бойы (күн
тәртібі сәттерінде) жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың (1 жастан 6(7) жасқа дейінгі)
білім беру қызметін жоспарлаудың ортақ тақырыптарының мазмұнын
балабақша тәрбиешілері түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы бала
қызығушылығын арттыратын ұйымдастырылған оқу қызметін жүзеге асыруда.
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Біз бүкіл
ел бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру қызметін көрсетуге қол
жеткізуіміз керек» десе, III тарау, 18-баптың 17-тармақшасында «Ақпараттық
технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандары бағытталған,
мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр»
делінген болатын. Осыған орай инновациялық технологияны соның ішінде
интерактивті тақтаны қолдану мақсатында біздің балабақшаның педагогтары
Алматы облыстық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығы
ұйымдастырған білім беру үрдісінде интерактивті құрылғыларды қолдану
әдістемесі бойынша тренингтік курсқа қатысып, сертификат иеленді.
Бүгінде ұжым «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» акционерлік қоғамы
Мемлекеттік стандартқа сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жасалған 20
компьютерлік ойындарын апробациядан сәтті өткізуде. Компьютерлік
ойындарда балаларды мектепке дайындауға қажетті біліктілігін дамытуға
бағытталған Мемлекеттік стандартқа сәйкес жасалған интерактивті
тапсырмалар негізгі математикалық дағдыларды дамытуға арналған: онға және
жиырмаға дейін санауды, оларды қосу, азайту және тағы басқа логикалық
ойлауды дамытуға бағытталған: «артығын табу», іс-әрекеттің ретін
қалыптастыру және т.б. байланыстырып сөйлеуін дамытуға бағытталған: өзінің
әңгімесін құрастыруға, аудиожазба жазуға арналған тапсырмалар бар.
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің
тапсырысы бойынша дайындалған Электронды қазақ үйді қолданудамыз. Ол өзі
шағын болғанымен, ішінде балаларға арналған 1200 шығарма бар, олар бес
бөлімге бөлінген: қазақ ертегілері балалар әндері күйлер дәстүрлі әндер,
терме-толғаулар, бесік жырлары, Абайдың қара сөздері.
Бұрынғыдай ауызша үлгіде емес, заманауи техниканың тетігін тиімді түрде
пайдаланған абзал. Бұл электронды қазақ үйді түрлі ұйымдастырылған оқу
қызметінде, серуен кезінде, ертеңгіліктерде яғни күн тәртібінің кез келген
уақытында қолданған өте тиімді екені іс тәжірибеде дәлелденіп отыр. Бес білім
беру саласы бойынша бағдарлама мазмұнын ашуда ұсынылып отырған тоғыз
өтпелі тақырыпты игеруде электронды қазақ үйдің бес бөліміндегі шығармалар
сараланып алынды. Мысалы «Менің Қазақстаным» апта такырыбының «Астана
- Отанымыздың жүрегі» тақырыпшасын ашуда шығармашылықта мүсіндеу,
аппликация, сурет салуда Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдаса,
музыкадан өлеңін жазған Баян Ақтауова, әнін жазған Мақсат Жәутіковтің
«Астана» әнін үйренсе, ал «Қатынас» және «Әлеумет» білім беру салаларында
157
«Әли мен Айя» мультсериалын интерактивті тақта арқылы тамашалап көре
алады. «Таным» білім беру саласында интерактивті тақта арқылы Астананың
көрікті жерлерімен танысады.
Яғни, әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын жаңа әдіс-
тәсілдер арқылы игеру бойынша осы жүргізіліп жатқан жұмыстарға
мониторинг
ұйымдастырып
отырамыз.
2015-2016
оқу
жылы
тәрбиеленушілердің білімін, іскерлігін және дағдыларын саралау нәтижесінің
жалпы қорытындысы 96%-ды көрсетті.
Автоматтандыру – бұл ақпараттық технологияны күнделікті жұмысты
ұйымдастыруда қолдану. Бұрындары барлық немесе кейбір жұмыстар қолмен
істелетін болса, бүгінгі таңда компьютердің көмегімен орындалады. Бұл
мағұлматтар бір жүйеде сақталады. Бұл, сонымен қатар, талдау және басқару
шешім қабылдауға мүмкіндік туғызады.
Ұжым қазірде автоматтандырылған ақпараттық жүйені қолдануда.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе тиімділігі менқолайлығы білім
салалары бойынша толтырылған индикатор жүйесінің пайызын өзі есептеп
шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |