«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет85/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   296
materialy resp chteniy

 

Әдебиеттер 

 

1.  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 



оқытудың үлгілік  оқу бағдарламасы  

2.  Электронды қазақ үй. Ғалымбек Қызырбекұлы. Алматы -2014 

3. «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ Алматы - 2015 

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ЖАҢАШЫЛ БАҒЫТТАҒЫ 

ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ 

 

Алтынгуль Шарифовна Утебалиева, 

№1 Мектепке дейінгі авторлық гимназия директоры, 

Атырау қаласы

 

 

Бүгінде  мектепке  дейінгі  білім  мен  тәрбие  беретін  мекеме  басшысының 

алдында  тұрған  міндеттер  өте  ауқымды.  Басшы  оқу-тәрбие  жұмысын  ұтымды 

ұйымдастырумен  қатар  білім  саласындағы  жаңа  инновациялық  әдіс-тәсілдерді 

жете  меңгеріп,  оны  басқару  жүйесімен  ұштастыру  қажет.  Педагогикалық 

ұжымның  іс-әрекетін  ұйымдастыру,  тәрбие  мен  оқыту  жұмысының  тиімді 

жолдарын  тауып,  оны  бақылап,  талдай  білу  –  басшының  біліктілігіне  тікелей 

байланысты.  Ұжымды  заманауи  жаңаша  өзгеріске  қарай  бағыттап,  алдына 

дұрыс  мақсат  пен  міндет  қоя  білген  басшы  әрдайым  жетістікке  қол  жеткізе 

алады.   

Қоғамымызда  болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  мен 

еліміздің  білім  беру  саласының  әлемдік  білім  кеңістігіне  шығуы  –  білім  беру 

саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт көшіне 

сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.  

Гимназияда  түрлі  қызмет  түрлері  мен  формалар  арқылы  жасалған  өзара 

келісімдер және мазмұнды жоспарлар негізінде әлеуметтік орта объектілерімен 

өзара  әрекеттеседі  [2].  Мен  басшы  ретінде  ұйымның  жаңашыл  бағыттағы 

жұмыстарымды  серіктестіктен  бастауды  жөн  көрдім.  Біз  түрлі  әлеуметтік 

серіктестіктермен  өзара  әрекеттесе  отырып,  балалардың  жан-жақты,  толық 

жетілуіне,  педагогтардың  педагогикалық  шеберліктерін  шыңдаумен  қатар, 

балалардың  денсаулығын  нығайтуға,  оқу-тәрбие  және  әдістемелік  жұмысты 



159 

 

жоғары көтеруге септігін тигіземіз.  Осыған байланысты, мектепке дейінгі білім 



беру жүйесінде серіктестік үлгісін жасауда және осы үдерістің №1 гимназияда 

ұйымдастыру  тәжірибиесімен  бөліскім  келеді.  Қоғамдық  ұйымдармен 

жоспарлы  және  жүйелі  жұмыс  жасау  үшін  гимназияның  жұмыс  жоспары 

жасақталды.  Серіктесті  таңдағаннан  кейін,  онымен  серіктестік  жасау  тілегін 

білдіріп,  келісім  шарт  жасасамыз.  Белгіленген  мәселені  шешу  үшін  бірлескен 

іс-әрекет  жоспарын  құрастырамыз.  Әлеуметтік  серіктеспен  келіссөз  жүргізуде 

өзара-әрекеттесу  мақсатын,  серіктестік  мерзімін,  мазмұнын  анықтаймыз.  Әр 

жұмыс  келесі  принциптерге  негізделеді:  өз  еркіндігі,  тараптардың  тең  құқыға 

иелігі,  бір-бірінің  мүдделерін  сыйлау,  заңнамалар  мен  нормативті  актілерді 

сақтау.  

Түрлі  қоғамдық  ұйымдардың,  мекемелердің  біздің  гимназиямен 

серіктестігі келесі бағыттармен іске асырылады: 

Х.  Досмухамедов  атындағы  Атырау  гуманитарлық  университетінің  және 

Қ.  Дүтбаева  атындағы  Атырау  гуманитарлық  колледжінің  мектепке  дейінгі 

және педагогика кафедрасымен – АО «НЦПК», №30, №16, №19 мектептерімен, 

Атырау  облыстық  тарихи-өлкетану  мұражайы,  Д.Нұрпейісова  атындағы  қазақ 

музыка  өнер  академиясымен,  Атырау  облысының  шахмат  федерациясымен 

серіктестік жасалды.  

Ең алдымен, балаларды сауықтыру мен шынықтыру жұмыстарын жүргізу 

мақсатында,  гимназия  №2  қалалық  балалар  емханасымен,  қалалық  дәрігерлік-

педагогикалық кеңесімен және облыстың салауатты өмір салтын қалыптастыру 

орталығымен серіктестік орнатты.  

Бала тәрбиелеу жолында, қажетті мамандарды тиесілі дәрежеде дайындау 

арқылы біз оқу-тәрбие жұмысының ары қарай дамуына үлесімізді қосамыз, осы 

бағытта  гимназия  педагогика  оқу  ұйымдарымен  тығыз  серіктестік  жасайды. 

Педагогикалық  колледжбен  серіктестік  –  гимназияның  білім  беру  үдерісін 

ғылыми-әдістемемен  қамту,  студенттердің  бірегей  тақырыптағы  курстық 

жұмыс  жасауы:  «Мектепке  дейінгі  жас  шамасындағы  балаларға  патриоттық 

тәрбие  беру»  курстық  жұмысты  алдын-ала  қорғау,  мектепке  дейінгі  гимназия 

базасында гимназия педагогтарының қатысуымен ғылыми зерттеулер.  

Авторлық  бағдарламалар  жасақтауда  өткізілетін  эксперименттік  жұмыс, 

гимназияның  инновациялық  қызмет  атқару  барысында  Х.Досмухамедов 

атындағы  Атырау  мемлекеттік  университетінің  мектепке  дейінгі  педагогика 

кафедрасымен  әлеуметтік  серіктестігі.  Практика  мен  ғылымның  бірлігі, 

бірізділігі  жалпы  білім  беру  бағдарламасының  ажырамас  бөлігі.  Бүгінгі  күнде 

мектепке  дейнгі  және  бастапқы  білім  беру  кафедрасымен  біріге  отырып 

«Қарым-қатынас»,  «Шаңырақ»,  «Үштілділік»  тақырыбында  эксперимент 

жұмысын  ұйымдастырылып,  авторлық  бағдарламалар  жарыққа  шықты. 

Жұмыстар  табысты  жүлделі  орындардан  көрінді,  соның  ішінде,  2015  жылы 

«Шаңырақ»  авторлық  бағдарламасы  «Ең  үздік  авторлық  бағдарлама» 

сайысында І орын, 2013 жылы өткізілген республикалық сайыста «Үштілділік» 

бағдарламасы ІІІ орын иеленді.  




160 

 

Әлеуметтік  серіктестік  аясында  «Жерұйық»  (мәдениет  орталығы) 



қоғамдық  қорының  көрме  орталығымен  өзара  қарым-қатынас  тақырыптық 

көрмелерде болу, БАҚ арқылы жұмыс тәжірибесімен бөлісу, буклеттер шығару, 

байқауларға қатысу арқылы жүзеге асуда.  

БАҚ-мен  гимназия  арасында  тығыз  байланыс  орнатылған  «Астана  Зиат» 

орталығы,  «Отбасы  және  балабақша»  журналы,  «Өзін-өзі  тану»  журналы, 

«Алтын  қайық»,  «Мұнайлы  Астана»,  «Прикаспийская  коммуна»,  «Атырау» 

газеті, «Білімді ел» ресми газеті, «Дошкольный мир» журналы және облыстық 

телеарна.  Бұндай  серіктестік  мектепке  дейінгі  гимназияның  бейнесін 

қалыптастыруға,  Республикада  және  облыста  мектепке  дейінгі  тәрбие 

тәжірибесін таратуға мүмкіндік береді.  

Мұражаймен  серіктестік  нәтижесінде  түрлі  тақырыптағы  жобалар 

ұйымдастырылды,  гимназияда  шағын  мұражай  жабдықталды.  Гимназия  мен 

мұражай серіктестігі бірнеше өзара табысты бағытта жасалады: 

- балалардың «мұражай сабақтары» арқылы танымдық аясын жетілдіру; 

-  зерттеу  жұмыстары  (ізденіс  және  балалардың  қызықты  жұмыс 

формаларымен апробациясы) 

- жобалау (бірлескен бағдарламалар жасау) 

Г.А.Айдаралиева  атындағы  Атырау  облыстық  шахмат  федерациясымен 

жасалған  серіктестік  арқасында  шахмат  ойындарына  үйрету  бойынша  үйірме 

ұйымдастырылды,  «Ақылды  ладья»  бағдарламасы,  сонымен  қатар  балалар 

қалалық спорттық сайыстарға қатысты. Шахмат федерацияларымен серіктестік, 

ата-аналар  мен  педагогтар  арасында  жақсы  бағаға  ие  болды.  Біздің  гимназия 

тәрбиеленушілері  Халықаралық  шахмат  сайыстарында  жүлделі  орындарды 

иеленуде,  және  әрі  де  жеңімпаз  атанарына  сенеміз.  Жоғарыда  айтылып  өткен 

жұмыс,  яғни  сыртқы  қоғаммен  жасалған  байланыс,  қоғамның  балабақшамен 

оның қызметіне тілектес болуына көмегін тигізетіндігін көрсетеді.  

Еліміздің ертеңі болар балалар тәрбиесіне үлкен  мән бере отырып, оларға 

рухани  тәрбие  беру  мақсатында,  біздің  мектепке  дейінгі  гимназия  рухани-

адамгершілік  тәрбиесін  дәріптейтін  өзін-өзі  тану  пәніне  ерекше  көңіл  бөледі. 

Гимназияның педагогикалық ұжымымен пәнаралық байланыстарды іске асыру 

көмегімен  өзін-өзі  тану  технологиялар  арқылы  тәрбиеленушілерге  рухани-

адамгершілік  білім  беру  жүйесі  жасақталды.  Заманауи  білім  беру  дамуының 

бастапқы  үрдісінің  бірі  –  оның  мазмұнын  кіріктіріп  оқыту.  Көптеген 

зерттеушілердің пікірінше, кіріктіріп оқыту балаларда әлемнің толық бейнесін 

қалыптастыруда,  олардың  шығармашылық  қабілеттерін  арттыруға  мүмкіндік 

береді, қарым-қатынас жасау қасиеттерін жетілдіреді.  

Бұл технологияның әдістемелік жаңалығы – оның интерактивті тәртібінде, 

тәрбиеленушілерді  рухани-адамгершілік  құндылықтарға  өмірдің  барлық 

тұстарын  үйретуді  қарастыруында.  Бұл  үдеріске  тек  қана  балалар  ғана  емес, 

ата-аналар мен пән мұғалімдері де тартылады. Кіріктіріп оқытудың мақсаты  – 

бұл  балалардың  шығармашылық  мүмкіндіктерін  іске  асыруда,  қарым-қатынас 

қабілетін  жетілдіруге  мүмкіндік беретін,  түрлі  қызмет  түрі  арқылы  белгілі бір 

тақырыпты  ашу.[1]  Кіріктіріп  оқытудың  педагогикалық  әдістемелік 



161 

 

технологиясы  түрлі  болуы  мүмкін,  алайда  қандай  да  болмасын  жағдайда  оны 



үлгілеу  қажет.  Ал  қажетті  үлгі  схемасын  іздеу  –  педагогтың  шығармашылық 

белсендігінің көрсеткіші.  

«Шаңырақ»,  «Қарым  қатынас»  авторлық  бағдарламары  мен  «Өзін-өзі 

тану»  бағдарламасы  бір  негізгі  рухани-адамгершілік  тәрбиелеу  мақсатын 

ұстанады.  «Шаңырақ»  авторлық  бағдарламасының  негізгі  мақсаты

  – 

туған 


жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, балалардың туған өлкесі туралы білімін 

кеңейту, балалардың бойына туған жерінің табиғатын қорғауды тәрбиелеу. 

«Өзін-өзі  тану»  оқу  қызметінде  облысымыздың  табиғаты  туралы,  туған 

өлкенің  табиғи  байлықтары  туралы  бейнероликтерді  қолданамыз,  осы 

аймақтың  танымал  адамдарымен  кездесулер  ұйымдастырамыз.  «Мұнай  және 

балық-туған жердің басты байлығы», «Туған өлкенің ең үздік ауданы», «Туған 

өлкенің  танымал  тұлғалары».  «Қарым  қатынас»  авторлық  бағдарламасы  және 

«Өзін-өзі  тану»  бағдарламасы  арқасында,  балалар  өздерінен  келеңсіздік 

әрекетін  ұстауды,  жанжалдан  алшақ  болуды,  өздерінің  әрекеттерінің 

бағалауына  мұқият  қарауды  үйренеді.  Гимназияда  біз  ата-аналарды  бірлескен 

жұмысқа  тартуға  тырысамыз.  Осы  жұмыстардың  бір  формасы  ретінде,  «Ең 

үздік гимназия отбасы», «Ең үздік жоба» байқаулары өткізіледі.  

Жоғарыда  көрсетілген  барлық  балалардың  ата-аналармен  жұмыстары  өз 

жемісін береді. Біз қалалық және облыстық шараларда өз жобаларын қорғаған 

тәрбиеленушілерімізбен  мақтан  етеміз,  біздің  балалардың  үздік  жобалары 

облыстық әдістемелік кабинетінің «Дарынды балалар» жинағына енгізілді. Ал, 

Тәуелсіздігіміздің  25  жылдығына  орай  өткізілген  «Отбасым  менің  өзімде» 

байқауында  гимназиямыздың  Нұрғалиевтер  отбасы  «Үздік  жоба»  марапатына 

ие болды. 

Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық 

тілдерді  меңгеруді  маңызды  міндет  деп  санайды.  Сондықтан  біз  де  өз 

халқымыздың  қарыштап  дамып,  өркениеттен  кенде  қалмау  үшін  көп  тілді 

меңгеруіміз  қажет.  Бұл  заман  талабынан  туындап  отырған  қажеттілік.  Себебі, 

бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға 

айналатыны  сөзсіз.  Осы  ретте,  президентіміз  Н.Ә.Назарбаев  2012  жылы  14 

желтоқсандағы Жолдауында: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс 

және  ағылшын  тілдерін  де  белсенді  меңгеру  үшін  жағдай  жасауға  шаралар 

қабылдап  жатырмыз.  Үштілділік  мемлекеттік  деңгейде  ынталандырылуы 

керек»,  –  деген  болатын  (4).  Біздің  ұйым  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілін 

үйрету  арқылы  үштілді  білім  беруді  қолға  алды.    Жұмыстың  басында 

шығармашылық  ұжым  үштұғырлы  тілді  дамыту  «Үштілділік»  жобасын 

жасақтады.  Бұл  жоба  балалардың  туған  тілінде,  орыс  тілінде  және  ағылшын 

тілінде  келісімді  білім  алу  жағдайында  үштілді  қатар  меңгеру  мәселесіне 

бағытталған. «Үштілділік» жобасының ең басты мақсаты – үш тілде сапалы да 

терең  білім  беру,  балалардың  ойлау  дағдылары  мен  есте  сақтау  қабілеттерін 

жетілдіре отырып, үш тілде еркін сөйлеу дәрежесіне жеткізу.  

Осы  жұмыс  барысында,  алдымен,  біз  үш  тілде  оқытудың  моделін 

жасақтадық:  




162 

 

1.



 

Тілдік дамытушы орта ұйымдастыру; 

2.

 

Үштілділікті меңгеру бойынша оқу бағдарламаларын құру; 



3.

 

ҰОҚ,  музыка,  ойын-сауықтар,  ертеңгіліктер,  театрлық  іс-әрекеттер 



арқылы  тәрбиешілер  мен  мамандардың  өзара  байланысында  билингвальді 

компонентті пайдалану; 

4.

 

Ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру;  



5.

 

Жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу; 



6.

 

Мектеппен байланыс.         



Гимназияда  үштілдік  дамыту  үшін  барлық  жағдай  жасалған.  Оқу 

жоспарына сәйкес ІІ-кіші сәбилер тобынан бастап орыс топтарында қазақ тілі, 

қазақ топтарында орыс тілі пәндері және ағылшын тілін оқыту ересек топтарда 

оқытылады.  Бұл  топтардағы  оқу  қызметтері  мектепке  дейінгі  үлгілік  оқу 

бағдарламасына  сәйкес  жүргізіледі.  Бұдан  басқа  ортаңғы  топтарда  ағылшын 

тілінен  ақылы  үйірме  бар.  Үйірме  жұмысы    «Қызықты  ағылшын  тілі»  атты 

бағдарлама  бойынша  жүргізіледі.  Ересек  топтардың  вариативтік  бөлімінде  біз 

«Үштілділік» авторлық бағдарламасын пайдаланудамыз. 

Авторлық «Үштілділік» бағдарлама ересек топтардың балаларына тілдерді 

үйрету мақсатын вариативтік бөлімінде іске асыруға бағытталған. Бағдарламада 

тілдерді үйретудің педагогикалық шарттары мен әдістемелік негіздері, жолдары 

және 


оқу 

қызметтерінің 

технологиялық 

карталары, 

дидактикалық 

материалдары  мен  ойындары,  хрестоматиясы  және  қосымшалар  жасақталған. 

Бағдарлама бойынша ҰОҚ  жаппай немесе топтық негізде, сонымен қатар басқа 

да қызмет түрлерімен кешенді сабақтасады (айналамен таныстыру, тіл дамыту, 

бейнелеу  өнерімен).  Біз  балалардың  тілдерді  меңгеруге  деген  ынталары  мен 

қызығушылықтарын  инновациялық  технологияларды  пайдалану  арқылы 

арттырудамыз.[3]  Бұл    жұмыс  түрлерін  атап  айтсақ,  ActivInspire  Primary 

бағдарламасы  арқылы  жасалған  флипчарт-ойындар,  Power  Point  –  триггер 

бағдарламасы  арқылы  жасалған  ойындар,  мнемотехнология,  Т.Бьюзеннің 

ментальді  картасымен,  перфокартамен  жұмыс,  түрлі  интерактивті  ойындар, 

«Сиқырлы  қалам»  интерактивті  оқу-танымдық  кешені  мен  тілдерді  үйренуге 

арналған  дамытушы  мультфильмдерді,  электронды  қазақ  үйді  оқу  қызметінде 

де,  оқу  қызметінен  тыс  жұмыс  түрлерінде  де  жиі  қолданамыз.  ActivInspire 

Primary  бағдарламасы  бойынша  флипчарттарды  үнемі  түрлендіріп  отырамыз. 

Сонымен қатар, балалардың алған білімдерін бекіту мақсатында мнемотехника, 

перфокарталарды  тиімді  қолдануға  тырысамыз.  Оны  флипчарт  түрінде  де, 

триггер ойыны түрінде де қолданамыз. 

Балаларға тілдерді меңгеруге байланысты шараларды тәрбиешілермен, саз, 

би,  дене  тәрбиесі,  бейнелеу  өнері  мамандарымен  үнемі  бірлесіп  өткізуге 

жұмыстанамыз.  Педагогтар  жалпы  үш  тілді  үйрету  оқу  қызметінде  жиі 

түрлендіру әдістерін қолданады. Мысалы: математика оқу әрекетінде үш тілде 

10-ға дейін санау, музыкада үш тілде өлең айтып, үш тілде көркем сөз оқып, үш 

елдің  биін  билейді.  Тілдерді  жетік  меңгеру  барысында  мынадай  тәсілдер 

қолданылады: дүйсенбі – қазақ тілі күні, сәрсенбі – ағылшын тілі, жұма – орыс 

тілі  күні  болып  белгіленіп,  осы  күндері  педагогтар  ата-анамен  де,  баламен  де 



163 

 

сол  күнге  белгіленген  тілде  сөйлеседі.  Тұрмыстық,  еңбек,  ойындық  үдерісте, 



күн тәртібінде, оқу әрекетінде үйренген материалдарын нақтылайды. Мысалы: 

жуыну кезінде тәрбиеші балаларға үш тілде сөйлесе алады.  Балалар қолдарын 

жуып,  сүртіп  жүріп  дене  мүшелерін,  жуыну  құралдарын  үш  тілде  қайталаса, 

серуенде  киімдер  туралы,  жыл  мезгілдерін  үш  тілде  қайталайды.  Біздің 

алдымыздағы бүгінгі бала – ертеңгі елдің қожайыны. Сондықтан бүгінгі күннен 

бастап  Қазақстан  Республикасының  азаматын  тәрбиелеуге  атсалыса  отырып, 

мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  тіл  үйретудегі  жасалып  жатырған  жұмыс 

табысты нәтиже әкеледі деп сенеміз. 

Баяндамада көрсетілген жаңашыл бағыттағы жұмыстар, ұжымды заманауи 

өзгеріске қарай бағыттап, алдына дұрыс мақсат пен міндетті қоя біліп әрдайым 

жетістікке  қол  жеткізе  алады.  Осы  аталған  бағытта  балалармен  жүргізіліп 

жатырған жұмыс өмір атты кемесінің есігін еркін есуде үлкен қызмет атқарады. 

Табысқа  жетуде  басшының  менеджментінің  мықты  болуы,  жас  ерекшелігіне 

қарамай, жалпы заман ағымының талабына сай болуы шарт десек, менің басшы 

ретіндегі  ұстанымым:  өз  ісіме  жауапкершілікпен  қарап,  әрдайым  өз  білімімді 

жетілдіріп, педагогтарға дұрыс бағыт-бағдар беру.  

 


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау