алды: балаларды тәрбиелеу мен білім мазмұны жаңартылып жатыр, көптеген
99
адами ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру жауапкершілігі жүктеліп
отыр. Яғни ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мәдениетті
танитын,
төл
мәдениетін
құрметтей
білетін,
рухани
дүниесі
бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімді, жан-жақты ақпараттандырылған, заман
талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу міндеттегі айқындалды.
Н.Назарбаев «…Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденіп біздің
балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олардың өз ішінде
жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері бар.
Олар бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық
экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады.Олар бейбіт, жылдам
өркендеу үстіндегі бүкіл әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары
болады»,- деген болатын. Елбасымыз жаңа қазақстандық патриотизм
қалыптастыру мәселесін ерекше атап өтті.
Мемлекеттік тілді құрметтеу, тілді меңгеру, оны мақтан тұту – біздің
мекеменің күнделікті жұмысының құрамдас бөлігі.
Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің туған жерге, оның баға жетпес
құндылықтарына сүйіспеншілікпен қарауы олардың болашақта Отансүйгіш,
абыройлы азамат болып қалыптасуына игі бастама болмақ. Әрқайсымыз
қазақстандық ұрпақтыңқоғамның бір бөлшегі болуына барлық жағдайды
жасауымыз керек. Осыған орай қазақ тілі пәні мұғалімі мен балабақша
педагогтары бірлесіп «Мәңгілік ел мәйегі – тарихтың алтын дәйегі» атты
парциалды бағдарлама құрастырды.
Бағдарламаның өзектілігі.
Қазіргі таңда балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесі әлеуметтік
оңалту үдерісінде,тұлғаның әлеуметтік ортада өз орнын табу және өмір жолын
таңдауда жаңа сипатқа ие болып, өзінің шешу жолдарын табу үшін жаңа
әдістерді таңдауға тура әкеледі.
Бірақ
балаларды
азаматтық-отансүйгіштік
тәрбиелеу
бойынша
жұмыстарды тиімді ұйымдастыруда кедергі жасайтын бірқатар мәселелер орын
алып жатыр, олардың ішінде:
-балаларды азаматтық-отансүйгіштікке тәрбиелеуді насихаттауда БАҚ
материалдарының жетіспеушілігі;
-тәрбиешілер ұйымдастырылған оқу қызметінде патриоттық тәрбиеге
бағытталған ойындарды сирек қолдануы;
-ата-аналармен жұмыс барысында баланың мектепке даярлығына ерекше
көңіл бөлініп, осы тақырыптарда сауалнамалар жүргізіліп, ал қазақстандық
патриотизмді
насихаттауға
ата-аналармен
бірлескен
іс-шаралар
аз
ұйымдастырылған.
Аталған бағдарламада ата-аналармен бірлесіп ауқымды іс-шаралар
жоспарланған. Себебі баланың кішкентай кезінде алған тәрбиесі оның өмірлік
азығы іспеттес. Бүгінгі жас ұрпақ– болашақ Қазақстан азаматы.
Бағдарламаның мақсаты – «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы негізінде
мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, рухани-адамгершілік қасиеттерін
100
қалыптастыру, елін, жерін, Отанын сүйетін, құрметтеп мақтан тұтатын
ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Туындаған міндеттер:
Өз отбасының тарихын, туған-туыстары, отбасылық дәстүрлерін үйрету;
Балаларды туған елі мен жерінің(қала, аудан, ауыл) тарихымен, көрікті
жерлерімен, Әнұран, Елтаңба, Туымен және балабақшаның дәстүрлерімен
таныстыру;
Салт-дәстүрімізді қастерлеп, бабалар ерлігін, даңқты істерін үнемі
насихаттау, қиялын шарықтату барысында отаншылдыққа баулу;
Балаларды қазақ және басқа халықтың мәдени мұрасына, халық ауыз
әдебиеті шығармашылығына, ұлттық ойындарына, өнеріне баулу, рухани
ұлттық тәрбие беру.
«Мәңгілік ел мәйегі – тарихтың алтын дәйегі» атты бағдарламасын енгізу
нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің:
- өз елінің жетістіктеріне мақтаныш пен патриотизмді білдіретін, Отанына
адал қызмет етуге дайын тұлғаны қалыптастырады;
- мектеп жасына дейінгі балалардың патриоттық тәрбиесі бойынша
педагогтардың кәсіби құзіреттілік деңгейлері артта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: