95
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН ІСКЕ АСЫРУДАМЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ
ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДАРУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Габдрахманова Дана Мурадымовна
«Бәйтерек» бөбекжайының тәрбиешісі
БҚО, Теректі ауданы, Подстепный ауылы
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек.
Тәрбиесіз берілген білім
–
адамзаттың қас жауы,
ол келешекте оның өміріне апат әкеледі».
Әл-Фараби.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында:
«Мәңгілік ел» – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін
барлығымыз білеміз. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы
ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді… Қазақтың мәңгілік ғұмыры
ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік
қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел», – деді.
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға
жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік ел идеясы.
Президенттің жалпы ұлттық идеясы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы
мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» – елімізді өз мақсатына талай дәуір
сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы бастама болмақ.
Ұлттық идея – ең алдымен туған жер, отанға деген сүйіспеншілік негізінде
ұлттық менталитет, ықылым заманнан бері келе жатқан ұлттық құндылықтар
арқылы топтастырылған этностық сезім. [1;5]
Мектепке дейінгі білім беруде жас ұрпақтың бойына сіңіретін тәрбие ең
алдымен ұлттық құндылықтарға негізделе жүргізілгені абзал. Оның ішіне
рухани-адамгершілік қасиеттері мен отаншылдық сезімнің ұдайы дамып отыру
бағытындағы іс-әрекеттер кіріктірілуі тиіс. Балабақша қабырғасынан бастап,
отан, ел, жер ұғымының киелілігін білу, ұлттық құндылықтардың, оның ішінде
салт-дәстүр, менталитет, тарихтың маңызын бойына сіңіріп өсіру ең басты
қағидат болуы қажет. Қазіргі кездегі күрделі мәселенің бірі болып отырған ана
тілі де бала үшін асыл қасиет екенін ұғындыру баршамыздың міндетіміз.
«Мәңгілік ел» идеясы ең алдымен болашақ ұрпақ үшін екенін ескерсек,
еліміздің мәңгілік болуы жолында халқымыздың гүлденуі басты орында. Оған
ұрпақтың құнды тәрбиесі мен сапалы білімі жол ашады. Сондықтан да
танымдық шаралардың барлығы осыған бағытталуы қажет. Төл тарихымыздың
ақтаңдақ тұстарын балабақша тәрбиеленушілеріне жасына сай түсіндіріп,
бойларына сіңіру, бабалар ерлігін, даңқты істерін үнемі насихаттау, тарихи
тұлғалар жайында айту, электронды құралдар арқылы көрсету, тарихи оқиғаға
байланысты ойларын жеткізу, қиялын шарықтату отаншылдыққа баулудың
мағыналы жолы.
96
Балалардың ұлттық санасын оятуға, бойындағы мәліметтерін дамытуға
байланысты шаралар өткізгенде барынша нақты іс әрекеттер жасау керек.
Бұдан бала ұлттық құндылықтың маңызын түсінеді, қызығады. Өзіне не қажет
екенін пайымдайды.
«Адамгершілік»
–
адам
бойындағы
«ізгілік»,
«сыйластық»,
«инабаттылық», «кісілік» сөздерімен мәндес. Халықтық педагогикада
адамның жағымды мінез-құлықтарын осы ұғымдардан таратады. Мінез-
құлық пен қарым- қатынастағы келесі әрекеттерді атап өтуге болады:
адамды сыйлау, ар-ұятын сақтау, мейірімділік таныту, кішіпейілділік көрсету
т.б.
Достарыңызбен бөлісу: