«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ОЙЫН ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет101/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   296
materialy resp chteniy

 

ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ОЙЫН ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ 

БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 

 

 



 

 

 

Жетписова Айгуль Касымовна, 

№37 «Аленушка» балабақша тәрбиешісі, 

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы 

 

Театрландырылған  ойын  түрлерін  қолдану  мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың  шығармашылық  қабілетін  дамытып,  сөйлеу  мәдениеті  мен  ой-

өрісін, дүниетанымын жетілдіруде елеулі нәтиже беретіні сөзсіз. 

Бүлдіршіндер білім мен тәрбие бастауын ең алдымен балабақшадан алады. 

Бүгінгі  таңда  қоғамымыздың  даму  бағытында  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 

оқыту  саласы  мамандарының  алдында  жан-жақты  дамыған,  сауатты,  саналы, 

өзіндік орны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты 

тәрбиелеу  мәселесі  жүктеліп  отыр.  Бүлдіршіндердің  білімді,  білікті,  саналы 

болуында  ойынның  алатын  орны  ерекше.  Н.  К.  Крупская:  «Мектепке  дейінгі 

жастағы балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: олар үшін ойын – ор оқу, 

олар  үшін  ойын  –  еңбек,  олар  үшін  ойын  –  тәрбиенің  маңызды  түрі»,  –    деп 

айтқан болатын.             

Ойын  баланың  алдынан  өмірдің  есігін  ашып,  оның  шығармашылық 

қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте  сақтау қабілетін, ауызекі 

сөйлеу  мәдениетін  дамытады.  Ойынның  түрлері  көп,  әсіресе,  қазақ  тілін 

үйретуде  театрландырылған  ойындардың  маңызы  бөлек.  Театрландырылған 

әрекетте  ертегілерді,  әңгімелерді  пайдалану  баланың  ой-өрісін  дамытып, 

сонымен бірге  зер салып  тыңдай  білуін,  есте  сақтауын,  рөлді  сомдауын,  сөзді 

мәнерлеп айтуын жетілдіреді. 

Балаларға  театр,  әртістік  өнер,  сахналау,  қойылым,  сахна  туралы  түсінік 

бере  отырып,  күнделікті  ұйымдастырылған  оқу  қызметінде  ойын  түрлерін, 

соның  ішінде  театрландырылған  ойын  түрлерін  сомдау  арқылы  балалардың 



192 

 

қызығушылығын  оятамыз.  Ертегілерді  ойнауда,  әңгімелерді  айтып  беруде, 



өлеңді  нақышына  келтіріп  оқу  жұмыстарын  жүргізгенде,  балалардың  өзара 

сөйлесу  дағдыларын  дамыта  отырып,  бүлдіршіндердің  тілді  меңгеруіне  деген 

сүйіспеншілігін  арттырамыз.  Театр  әлемі  әр  балаға  қуаныш,  ұмтылмас  әсер 

сыйлайды,  оның  көркемдік  талғамын,  еліктеуі  мен  қиялын  дамытады.  Әдетте 

адамның  жеке  басының  қасиеттері  бес  жасқа  дейін  қалыптасады  екен. 

Сондықтанда  да баланың  жан-жақты қалыптасуы  үшін  мектеп  жасына дейінгі 

балалардың  бойына  жақсы,  жағымды  қасиеттерді  сіңіре  білу  керек.  Бала  әр 

нәрсеге  құмар,  қызыққыш,  ол  өзінің  айналасында  болып  жатқан  өзгерісті, 

тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға 

болып  тәрбиеленуін,  тілінің  дамуын  театрландырылған  ойындар  арқылы 

жетілдіруге болады. 

Мақсаты: 

-  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  шығармашылығын  театрландырылған 

ойын түрлері арқылы дамытып, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін жетілдіру. 

Міндеттері: 

•  баланың  қиялын,  есте  сақтауын  дамыту,  ойдан  әңгіме,  ертегі,  өлең 

шығарып айтуға үйретіп, дағдыландыру;  

•  балаларды адамгершілікке баулу; 

•  театрландырылған  әрекетте  ертегілер  мен  әңгімелерді  пайдалана 

отырып, ойлау қабілетін дамыту; 

•  баланың  әлеуметтік  және  эмоционалдық  дамуына  жағдай  жасап,  әр 

баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзіне, 

қоршаған  ортаға,  адамдарға,  достарына  деген  қарым-қатынас  мәдениетін 

қалыптастыру. 




жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау