- «Мектепке дейінгі балалардың
- шығармашылық қабілетін бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдістері арқылы дамыту»
- Шебер сынып
Мақсаты: - Педагогтарға мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда тиімді болып табылатын бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдістері туралы түсінік беру, бірнеше әдістерді пайдалана отырып педагогтармен бірге шығармашылық жұмыстар атқару.
Қажетті материалдар: - Сурет салуға арналған қағаздар
- Гуашь бояуы,қылқаламдар
- Поролоннан, картоптан жасалған трафареттер
- Жұмсақ полиэтилен қағазы
- Пва желімі, тұз
- Ермексаз, әйнек
- Мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері әрекетінің орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру кезінде заттар мен құбылыстар туралы түсінігі қалыптасып, көркемдеп бейнелеуге және өзінің сол затқа қатынасын жаңа оймен бере білуге дағдыланады.
Дәстүрден тыс әдістерді пайдаланудың тиімділігі: - -Қиялы,зейіні, ақыл-ойы,байқампаздық қабілеті дамиды;
- -сурет салу алдындағы қорқынышын азайтып, өзіне деген сенім қалыптастырады, көңіл-күйін көтереді;
- -Қол саусақтарының ұсақ моторикасын,көру қабілетін дамытады;
- -баланы әсемдікке ұмтылдырады, талғампаздық қабілеті артады;
- -Ұжымдық жұмыс барысында балаларды жақындастырады,қарым-қатынас жасау әдебін дамытады,бір-бірін тыңдауға,көмек беруге үйретеді.
Алақанмен сурет салу әдісі Жапырақпен мөрлеу әдісі Шұқу, түрту әдісі Картоппен басып таңбалау әдісі Умаждалған қағаз, пороллон,пенопластпен басып таңбалау әдісі Сия тамшысы әдісі Сия тамшысын үрлеу әдісі Жіппен сурет салу әдісі Трафаретпен мөрлеу әдісі Шашырату әдісімен сурет салу Ермексазбен сурет салу әдісі Дәстүрден тыс әдістерге төмендегі тәсілдер де жатады: Монотипия Коллаж Фотокөшірме Граттаж Құммен сурет салу Тұзбен сурет салу Бейнелеудің дәстүрден тыс тәсілдері бала қиялы мен шығармашылығының дамуына серпіліс береді. Бұл тәсілдің әрқайсысы кішігірім ойын болып табылады,яғни бала жұмыс барысында неғұрлым ашық-жарқын, батыл, шығармашылықпен еңбектенеді. Бейнелеу іс-әрекетінде әр тәрбиеші басты үш қателікті жіберіп алмауы керек: 1.бала еңбегін сынаққа алу 2. белгілі тақырыпқа байламау 3. бала еңбегіне өз тарапынан түзету енгізу
Достарыңызбен бөлісу: |