Мектепбаева венера акбаевна



жүктеу 0,75 Mb.
бет2/2
Дата27.11.2017
өлшемі0,75 Mb.
#2003
түріДиссертация
1   2
3-сурет О.Йокояманың дискурстың когнитивтік моделіндегі коммуникативтік жағдай.

О.Йокояманың пікірі бойынша коммуникативтік актідегі сөйлеуші, оның ішінде бесеуі ақпараттық, (ерекшелеуші, пропозициялаушы, референциялаушы, предикациялаушы, экзистенциялаушы), екеуі метаақпараттық (кодты және дискурстік жағдайды білу) білімнің жеті түріне ие болады.

Коммуникациялық прототиптік моделі ақпараттық білімді алу және таратуға метаақпараттық білімді пайдаланумен түсіндіріледі[10].

«Сөйлеуші» терминін зерттеушілер адамды белгілеу үшін қолдануды ұсынады, өйткені тілді пайдаланушы мейлі ол сөйлесін, тыңдасын, жазсын немесе оқисың шын мәнінде «homogrammaticus» [11]; «тілдік тұлға» тар мағынадағы тобын біріктіретін терминді пайдалануға болады.

Адресатқа оған белгісі нәрсені хабарлауға сәйкес принцип бірқатар зерттеушілердің еңбектерінде беріледі. Адресант адресатқа, онда жоқ білімнің кез келген элементінің бәрін бере бермейтіндіктен, ақпараттық дискурстың пайда болуына қажетті екінші мотив болып, релеванттілік талабы табылады. [10].

О.Йокояма әңгімелесушілердің когнитивтік көптігі ешқашанда тұрақты болады деген постулатты (негіздемені) қалыптастырады. [10].



Коммуникацияны осылайша көптеген когнитивтік серіктестіктердің және олардың жетілдірілген білімдерінің көптігінің арасындағы D үнемі өзгеріп отыратын қатынастардың сериясы ретінде, яғни D1 D2 Dn тізбегі ретінде қарастыруға болады; Dn-1 Dn әрбір өзгерісі Еn-1 тікелей тілдік оқиғасы болады.

4-сурет. О.Йокояманың дискурсының когнитивтік моделіндегі когнитивтік көптігінің сериясы ретіндегі коммуникация.


Реципиенттің дискурстік іс-әрекетінің бірінші процедуралық ережесі осылайша, алынған білімді растау міндетіне кіреді.

Дискурстік жағдайды бағалау дұрыс болмауы мүмкін (misassement) [10].

Зерттеуші дискурстық жағдайды дұрыс бағалаудағы сөйлеушіні екі негізгі әкеп соқтыруы мүмкін жолды көрсетеді: қателік (assessment error) және импозиция (imposition).

Қателікке әңгімелесушілердің бірінің міндетті метаақпараттық реакциясын (әрекетін) автор түзету деп атайды. Адресаттық импозициясына жай әрекеті – бұл оны қабылдауы. Адресатқа бекітілген импозициялық бағалауды қабылдау реципиенттің дискурстік іс-әрекетінің үшінші процедуралық ережесі болып табылады.

О.Йокояманың тәсілінің маңызды аспектісі болып, дискурстың когнитивтік моделін вербалды репликаларды екі жақты алмасуға ғана емес, вербалды репликалар алмасу мүмкін емес болған жағдайда монологиялық жағдайға қолдану мүмкіндігі табылады және адресант дискурстік жағдайды дұрыс бағалау мүмкіндігіне жол бермейді, ол «реципиенттен қандай да бір мета-ақпаратты қолдауынсыз дискурстік жағдайда үнемі дұрыс бағалау міндетін шешуге мәжбүр болады»

Осылайша кез келген коммуникативтік оқиға, Д дискурстік оқиғаның және оның төрт негізгі компоненттерінің өзгеруіне А,В,Са және Св әкеп соқтырады.

Коммуникацияның субъектілерінің өзара әрекетіне динамикалық сипат тән, «коммуникативтік оқиғаның «тізбегі» субъектілердің ақпараттық және мета-ақпараттық білімдерінен анықталады және «өзара әрекет процедурасына» сәйкес өзгереді. (Йокояманың термині)

Дискурс және мәтінді талдаудағы коммуникативті процесс (стратегия). Әлеуметтік тәртіп, қоғам және жеке тұлғаны құру өз негізінде конверционды ойын ойнайды (conversiational play Э.Гоффманның термині бойынша). Салттық ұйымы қоғамдық өмірінің болжамды адамдардың қарым-қатынасы шын мәнінде стратегиялық болып табылады. Әртүрлі теория тұрғысынан стратегия ұғымының зерттелуі коммуникацияның стратегия табиғаты туралы жағдай импульсті қызмет етті. Бірақ дискурсті талдауда және зерттеудің аралас аясындағы «стратегия», «тактика», «технология» ұғымдарының қолданылуы әзірше лингвистикалық негіздемеде қарама-қайшылық мәнге ие емес.

Дискурс терминіне берілген анықтамалардың әртүрлілігі мен дискурстың мҽтіннен анық ажыратылмауы қазіргі ғылыми зерттеулердің негізгі мәселелерінің бірі санатында жүргені байқалады. Оның негізгі себептерінің бірін дискурс талдаудың жеке теория ретінде мәтін талдаудың негізінде туғанымен байланыстырамыз. Соңғы уақытқа дейін мәтін – тілдің ең жоғары деңгейдегі коммуникативтік бірлігі деп танылса, дискурстың мәтіннен жоғары бірлік деп тануға келетіндігі не келмейтіндігі анықталмай тұр. Оның себебін дискурстың лингвистикалық тұрғыдан шектелмейтіндігімен сабақтастырамыз.



Дискурсты талдаудағы аударма прагматикасы. Прагматикалық лингвистика дәстүрлі зерттеулерде күні кешеге дейін тіл-білімінің міндеті деп есептелиеген көптеген мәселелерді көтеріп отыр. Тілді зерттеудің құрылымдық парадигмасында оның қолданылу саласына жете көңіл бөлінген жоқ. Құрылымдық элементтердің қызметі тілдің өз жүйесінің көлемінде ғана қарастырылып келді. Құрылымыдқ зерттеулерде тілдің прагматикалық аспектісі көп жағдайда назардан тыс қалды. Лингвистикалық прагмаиканың негізгі пәні қоғамда қалыптасқан нормалар мен тіл заңдылықтарына сәйкес белгілі бір коммуникативтік жағдайда мақсатты түрде жасалатын, сөйлеу актісі ретінде көрініс табатын әлеуметтік әрекеттің бір түрі. Бүгінгі лингвистикалық прагматикалық практика алдында тұрған мәнддеттер алуан түрлі, себебі олар тек тіл білімімен ғана емес логика, философия, психология, социология, мәдениеттану ғылымдарымен тікелей байланысты. [12]

Лингвистика ғылымының жаңа зерттеу бағытының қалыптасуына қозғау салған күш тілді ой-санамен, таныммен, мәдениетпен, ұлттық құндылықтармен, жеке адамның (тілді қолданушының, сөйлеушінің) тұрмыс-тәжірибелік қызметімен тығыз байланыста қарастыру мәселесі деуге болады. Дискурстық талдау теориясы немесе дискурсология жаңа ғылым саласы ретінде тілді антропоөзектік парадигмаға сай зерделеуден туындады. Дискурсты арнайы зерттеуші ғалымК.Садирова: « Дискурс талдау теориясы пәнаралық сипаттағы ғылым саласы ретінде қалыптасты. Оның пәнаралық сипатта деп танылуының себебі дискурс коммуникациядағы ең маңызды, ажырамас агент болып саналатындығында, яғни дискурста мән, құндылық, бейне, пікір, менталды және виртуалды білім тасымалданады. Сондықтан да ол лингвистиканың да, философияның да, әлеуметтанудың да, психологияның да, өзге де пәндердің зерттеу нысаны бола алады. Гуманитарлық және әлеуметтік-саясаттану ғылымдарында дискурс талдау теориясын түрлі методологиялық тұрғыдан зерттеп, белгілі дәрежеде аталған ғылым саласының қалыптасуына ат салысқан ғылымдар бар. Олар: Тойн А. Ван Дейк, Якоб Торфинг, Марианна В. Йоргенсен, Луйза Филлипс», - деп көрсетеді [13].

Екінші тарау «Аударма аспектісіндегі дипломатиялық дискурс» деп аталады. Дипломатиялық дискурсты кешенді зерттеу, осы зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес, қазіргі ғылымда қолданылып қабылданған және дискурсты зерттеудің жоғарыда келтіріліп талданған тәсілдерін, бір жағынан, дипломатиялық дискурстің аз зерттелген дискурс түрі ретінде ерекшелігін анықтау, ал басқа жағынан, дипломатиялық дискурстің талдауын алдағы уақытта аударма және коммуникация тұрғысынан негізін салу.

Дипломатиялық дискурс ұғымының мазмұнын анықтау үшін , ең алдымен оның құрылымдық белгілерін және өзіндік ерекшеліктерін айқындап, «дипломатия» ұғымына анықтама беріп және дипломатиялық дискурс тұрғысанан талдауымыз қажет.

«Дипломатия» ұғымына ғалымдар әртүрлі түсіндірме берген. В.И. Даль өз сөздігінде дипломатияға «наука о взаимных сношениях государей и государств вообще» деп анықтама береді, ал С.И. Ожегов «деятельность правительства по осуществилению внешней, международной политики государства» деп дипломатия сөзіне анықтама береді.

Дипломатиялық коммуникацияның функциялары және типтік ерекшеліктері. Дипломатиялық коммуникацияға белгілі коммуникацияның дискурстік сипаттамасы және жоғарыда берілген типтік қасиеттері , сонымен бірге осы жұмыста кешенді зерттеудің үштігі «мәтін-дискурс-коммуникация» ретінде ұсынылған орынды функциялардың (қызмет) қатарын зерттеуде дипломатиялық дискурске сәйкес қабылданған сипаттамаларды зерттейміз.

Коммуникацияның дәстүрлі қызметтерінің қатары: когнитивті (танымдық), коммуникативті, қозғаушы (побудительный), эмотивті, метатілді, фатикалық, эстетикалық қызметтер болып есептеледі.

Дипломатиялық коммуникацияның когнитивті (танымдық) қызметі (ақиқаттың концептуализациясы тілді қолдану үшін жеке және ұжымдық әлемнің бейнесін жасау), дипломатиялық коммуникацияда метафораны зерттеу жеке пән және бұл болашағы бар нағыз зерттеу жұмысы болып табылады.

Дипломатиялық құжаттар дипломатиялық дискурс прецеденттік мәтіндері ретінде . Қазіргі Қазақстан дипломатиясының шарықтауында дипломатиялық келіссөздер мен оларды жүргізу ерекшеліктері маңызды орын алады. Дипломатиялық келіссөздерде Қазақстан дипломатиясы, әсіресе дипломатиялық келіссөздер жүргізуінің тактикасына көп көңіл бөледі. Қазақстан дипломатиялық стратегия мен тактикаға тұтас мөлшерде көп назар аударады. Сондықтан да, жас Қазақстан қазіргі тәжірибесінде дипломатиялық құжаттарды дайындауда көп көңіл бөлінеді. Өзімізге белгілі дипломатиялық құжаттардың қатарына мәлімдемелер, меморандумдар, келісімшарттар, т.б. жатады. Дипломатиялық құжаттардың типологиясы және дискурс сипаттамасы. Жалпы дипломатиялық қызметке қатысты еңбектер өте мол. Олардың қатарында Э.Сатоу «Руководство по дипломатической практике» белгілі француз дипломаты Ж.Камбон «Дипломат», Г.Никольсонның «Дипломатия», «Дипломатическое искусство» кітаптары, американдық және француздық дипломаттар Дж.Вуд пен Ж.Серре «Дипломатическая церемония и протокол», С.Симпсон «Учебные программы и курсы по дипломатической практике», ағылшын тілінен аударған В.М.Матвеева, Р.Дж.Фельтхэм «Настольная книга дипломата» еңбегінде дипломатиялық қызметте жиі кездесетін құжаттар мен сөз анықтамаларын, халықаралық ұйымдар атауына мағлұматтар беріп өткен, А.Г.Ковалев «Азбука дипломатии» атты еңбегі дипломатиялық құжаттардың түрлері мен оның ішкі мәтінінің қалай жазылатындығына ерекше көңіл бөлген.[14] И.И. Борисенко және Л.И. Евтушенко тұжырымдауынша, дипломатиялық құжаттарды мынадай сыныптарға біріктіріп береді:

1.Келісімшарттар және басқа да халықаралық келісімдер:

-келісімшарт;

-конвенция;

-келісімдер;

-декларациялар;

-протоколдар;

2.БҰҰ-ның конституциялық және басқа да халықаралық ұйымдардың актілері:

-БҰҰ хартиясы (жарғысы);

-Халықаралық сот жарғысы;

-БҰҰ-ның арнайыландырылған мекемелерінің конституциясы;

3.Біржақты заңды актілер:

-ратификация;

-келісімшартқа қосылу;

-ескертпе, ратификацияға қосымшалар;

-келісімшартты бұзу (денонсация).

4.БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының және басқа да халықаралық ұйымдардың резолюциялары және есептері:

-резолюциялар (шешімдер,ұсыныстар,директивтер);

-процедураның ережелері;

-(қысқа) есептер;

5.Қорытынды құжаттар:

А)үкіметаралық іс-сапарлар және келіссөздердің қорытынды құжаттары:

-коммюнике;

-(үйлесімді) өтініштер;

-декларациялар;

-келіскендік туралы меморандумдар (тармақтарға келіскендігі туралы меморандум)

Ә)Халықаралық конференцияның қорытынды құжаттары:

-қорытынды актілер;

-декларациялар;

6.Дипломатиялық корреспонденция:

А)БҰҰ корреспонденция:

-ресми хаттар;

-биресми хаттар;

-вербалды ноталар;

-жадынама тілхаттар/меморандумдар;

Ә)мемлекетаралық дипломатиялық құжаттар;

Б)өзге де дипломатиялық құжаттар;

-агремандар;

-консулдық патент;

-экзекватура;

-грамоты (сенім, кері шақыру)

-құзыреттілік [15]

Бұл классификация біз үшін толығырақ деп айтсақта болады, осы зерттеудің оптималды жағынан, мемлекеттің дипломатиялық ведомстволарының жұмысының әр түрлі аспектілерінен жоғары түрде олардың құжаттарын айқындаймыз.

Дипломатиялық мәтіннің лингво-стилистикалық ерекшеліктері және олардың аудармасы. Стилистика тұрғысынан дипломатиялық құжаттардың авторы жеке дипломатиялық стильді ресми іс-қағаздар стиліне жатқызады [Максимов,Гальперин]. Ресми іс-қағаздар стильіндегі дәлелдердің алғашқы дәрежедегі орнын есепке ала отырып, берілген стильдегі нақтылыққа деген тенденцияны білдіру мүмкіндігі бірмағыналылыққа, айқындылыққа, объективтілікке, талдап қорытуға, мазмұнының логикалық ұйымдастырылуына, дәлелдердің нақты жүйелелігінен (бұл стильдің қажетті жанрында) туындайды.

Дипломатиялық стильге қатысты берілген ережені дамыта отырып, келесідей дипломатиялық мәтіннің стилистикалық сипатын анықтау мүмкіндігі көрсетіледі: объективтілік; талдап қорыту; ақпараттылық; мазмұнының логикалық ұйымдастырылуы; мағынасы жағынан нақтылық, айқын; дипломатиялық этиканы қатаң сақтау.

Дипломатиялық құжаттардың мақсатын және дипломатиялық дискурстің институционалдық сипатын ерекшелігін есепке ала отырып құру, дипломатиялық протоколдар және заңды күші бар халықаралық нормалар ережелерін тіл құалдарында сұрыптапталу ерекшелігін тала етеді.

Дипломатиялық мәтіндерде қолданылатын сөздердің стилитикалық ерекшелігін төмендегідей қаратыруға болады:

-клише және штамптардың мәтінде қолданылуы;

-сөз таптарының мәнді ерекше семантикалық аумағы;

-терминологиялық (дипломатиялық) лексика;

-кірме сөздер;

-эвфемизмдер (сыпайы сөздер);

-аббревиатуралар, қысқартулар, арнайы символдар және белгілер.

Лексиканың жеке қабаты арасында жеткілікті түрде қиынырақ болғанымен анық шекарасын орнату, қаншалықты оның әрдайым қабатынан басқаға ауысуы; берілген үдерісте қандай контексте сол немесе одан да басқа лексикалық бірліктер қолданылуы туралы сұрақтармен сөзсіз байланысты болады.

Дипломатиялық мәтіндегі тұрақты сөздердің құрамына талдау жасау үшін мақсатқа сәйкес «клише» және «штамп» ұғымдарының анықтамысынан бастау ұсынылады; бұл терминдер толық ұқсас емес. «Клише» дәстүрлі түрде стереотипті сөйлеу, типтік коммуникативті контексте және жағдайда механикалық өндіру ретінде түсіндіріледі. «Штамп» қабылданған үлгі ретінде анықталады, яғни еш ойланбастан көрсетілген шаблонға қоя салатын мәтіндер. [16] Сөйлеу стереотиптерінің сипатының бірден бір белгісі қайталаушылық, яғни кей жағдайда айырмашылығы да болуы мүмкін. Шамадан тыс қайталаушылық сөйлемдерің ақпараттылығын жоғалтуға және қызметін атқара алмаушылыққа жеткізіп, толығымен дұрыс және бұрыс мәнерін сақтап ғана қалады. Клише, аздап немесе толықтай ақпараттылығын жоғалтқан, тілдік құрал ретінде жаңа сапаға ие болады, семасиологиялық байланыссыз; дәл осындай дисфункционалды клишені [17] штамп деп атайды. Штамптар қатарына кез-келген клише кіруі мүмкін, яғни кез-келген жиі қайталанатын стереотипті сөйлеу штамп бола алады. Берілген әртүрлі анықтамаларға байланысты клише және штамп шекарасы екі топтың арасындағы сөйлеу формуласы бұзылған болып есептеледі және стереотипті сөздердің сол немесе одан да басқа сөздер бірлігінің тобына жататындығы көбінесе түсініксіз болып көрінеді.

Осы зерттеудің тапсырмасы тұрғысынан, дискурсивті формуласы аясынан дипломатиялық құжаттардың клише және штамп ұғымдарын мақсатты түрде біріктіру.

Дискурсивті формулалардың негізінде өзіндік қызметі жағынан сөз тіркестерінің алдын ала келісіледі, әлеуметтік институттарының қарым-қатынасқа тән сәкестілік; коммуникациялық клише институционалды дискурс аясында өзіндік кілт болып барлық қатынас жүйесінің сәйкес институтын түсіну үшін болып табылады. Дәл осы арқылы сөздердің тұрақтылық құралын біз осы зерттеу жұмысында әрі қарай түсіндіреміз.

Дипломатиялық мәтіннің негізгі бағасы ретінде клише терминдер немесе номенклатуралық атаулар халықаралық құқық, іс-қағаздар жүргізу, экономика және қаржы салаларынан алынады.

Дипломатиялық құжаттарда пайдаланылатын стандартты тілдік құралдардың негізгі логикалық тезисінің клишесі болжанып, келесідей тілдік бірліктердің көмегімен келтіріледі.

-көсемше, дипломатиялық құжаттарда немесе басқа да құжаттарда сөздердің құрылу мақсатын және қол қойылуын көрсетеді; reaffirming -растай, noting – белгілей, endorsing – қабылдай (мақұлдай) және т.б. немесе осындай мағынасымен етістіктің есімшесі;

-тікелей ақпараттармен анықтамалар: important – маңызды, main – негізгі, crucial - кілтті, шешуші және т.б.;

-ауызша құралдар: principles of international cooperation – халықаралық ынтымақтастық қағидалары, joint/shared responsibility – бірлескен жауапкершілік, territorial integrity, unity and political independence – территориялық тұрақтылық, бірлік және саяси тәуелсіздік және т.б.;

Сонымен қатар дискурсивті формулада (клише) туралы айтуға да болады, кіріспе тезисі; дипломатиялық мәтіннің преамбулаға кіріспе тезисін келесі мысалдан қарастырсақ:




Joint Declaration India and Kazakhstan
February 12, 2002

New Delhi

The people of India and Kazakhstan have an ancient tradition of close and friendly relations which resulted in the development especially of cultural and economic cooperation.
The relations will strengthen further due to our common heritage and commitment to the ideals of tolerance, democracy, secularism and the desire for peace.
The two leaders expressed their common resolve that Kazakhstan and India should further enhance their cooperation and mutual consultations on bilateral, regional and international issues so as continue to contribute towards stability and prosperity of their common neighborhood in Asia and the world;[18]


Қазақстан-Үндістан бірлескен Декларациясы

2002 жылғы 12 ақпан.

Нью-Дели қаласы.

Мәдени және экономикалық ынтымақтастық шеңберінде ерекше дамуға ие болған Қазақстан мен Үндістан халықтарының ежелден келе жатқан дәстүрлі тығыз және достық қатынастары бар.

Бұл қатынастар ортақ мұраларға, демократия, байыптылық, бейбітшілік және зайырлылық мұраттарына адалдықты қастер тұтудың арқасында одан әрі нығая беретін болады.

Екі елдің басшылары Азия аймағында және әлемде тұрақтылық пен гүлденуді нығайту мақсатындағы екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша ынтымақтастықты дамыту мен өзара консультация өткізуге Қазақстан мен Үндістанның бекем бел байлап отырғандығын білдірді. [18]




Дипломатиялық мәтіндегі дискурсивті формулаға көркемдік құраммен (метафора) жасалған сөздерді де енгізуге болады: quiet diplomacy – «тыныш дипломатия»; cheque book diplomacy – «чекті кітапшасының дипломатия». Қазақ тілінде осыған ұқсас дискурсивті формуладағы мәтіндерді тырнақшасыз кездестіреміз, сондай-ақ жиі қолданылғандығы себебінен олар тез нормаға еніп кетеді (bridge-building – көпір жүргізу). Егер осы сияқты сөздерді бейнелеп аударылатын болса, онда түпнұсқаның көркемдігі жоғалады, олар тырнақшасыз қолданылады: ostrich (ostrich-like) policy – «әшкереленбелі саясат»- шұғыл мәселенің шешімінен кету саясаты. Аударма жасағанда еске алуымыз керек, сөз және айтылымдар, келесідей ағылшын тіліндегі мәтіндерде сөздердің жалпылауыш сөздер тырнақшаға алынбайды, бірақ қазақ тілінде тырнақшаға жабылады:

However, terrorism is a boundlessly broad word.

The concept of a global village has become more than a figure of speech. It is a reality today.



Дегенмен, «терроризм» сөзі орасан кең мағынаға ие.

«Дүниежүзілік ауыл» ұғымы – бұл қарапайым көркемдік сөз емес,ол бүгінгі күннің ақиқаты.



Дипломатиялық дискурстың дискурсивті формуласының негізгі мазмұнын құрайды, сөз таптарының айрықша лексико-семантикалық тобы, дипломатиялық құжаттың семантикалық аумағының ерекшелігін құрайды.

Лексико-семантикалық бірліктер, дипломатиялық дискурстің негізгі мәніне сәйкес, дипломатиялық мәтіндерде келесідей ретінде көрсетіледі (мәтіндердегі сөздердің жалпы саны салыстырмалы түрде пайызбен-ретпен 700 000 сөз):

Cooperation (ынтымақтастық) 32%

Peace (бейбітшілік) 13%

War (соғыс) 6%

Бұл деректер жаппай сұрыптаудан және эксплицитті айтылған бірліктерден (айрықша сөз табының) дипломатиялық дискурстың негізгі мәніне сәйкес алынып жасалған. Ағылшын тіліндегі мәтіндердің негізінде есептеу жүргізілген, сондай-ақ жалпы халықаралық стандартқа сәйкес аудармашы шетел тілінен өз ана тіліне аударып жұмыс жасайды. Шамалай а priori, дипломатиялық құжаттың соңғы аудармасының нәтижесі көрсетілген сапасы жағынан аударманың эквивалентті және адекватты талабына сәйкес болуы керек, талдау кезінде бірнеше түпнұсқаның қазақ тілінде біз ізделініп отырған концептіміз (дискурстің құндылығы және негізгі мәні) аудармады сақталады.

Осындай жолмен дипломатиялық дискурстің мәтіндерінің негізгі құндылығын көрсететін(дипломатиялық дискурстің құндылығын сипаттайтын, синонимдік нәтижесіндегі лексико-семантикалық бірліктер мақсатқа сай оларды топтарға біріктіріп қарастыру), лексико-семантикалық бірліктерге талдау жүргізілді:

Динамика, тұрақты даму 29%

Егемендік теңдік, субъектінің ішкі істеріне араласпау 9%

Адалдық, ниеттілік, ұқыптылық 10%

Тиянақсыздық, әдептілік, сыпайылық, ұстамдылық 1%

Кешенді алынған статистикалық деректерді диаграмма түрінде былай көрсетуге болады:



1-диаграмма. Дипломатиялық дискурстың негізгі мәні және құндылығы қатынасы

Көрсетілген талдау ең маңызды қорытынды қатарын жасауға мүмкіндік береді. Алғашқылардың қатарында дипломатиялық дискурстің негізгі мәні болып «ынтымақтастық» табылады; ал қалғандары негізгі мән мен құндылықтар концептісінің кілті ретінде иерархиялық түрде жасалады. Негізгі мәні «соғыс» (6%), дипломатиялық коммуникациялық әрекеттесудің дәстүрлі түрде мойындалған тірегінің бірі, қазіргі дипломатиялық дискурсте көп айтыла бермейтін, «ынтымақтастық» (32%) концептісіне жол береді.

Дипломатиялық дискурстің алғашқы құндылығы болып «динамика, тұрақты даму» (29%) деген тұжырым жасауға болады, дипломатиялық дискурстің институционалды сиапаттамасының жоғарыдағы ерекшелігіне сәйкес қарастырсақ (ынтымақтастыққа ұмтылу,бірлесу, көпжақты, көп векторлы әрекет ету сипаты). Сандық құндылықтарды бөлісуде анықталған тұжырымға сәйкес «егемендік теңдік, субъектінің ішкі істеріне араласпау» (9%) және «адалдық, ниеттілік, ұқыптылық»(10%) толығымен дипломатиялық дискурс субъектілерінің әрекет ету қағидасына сайма сал келеді.

Тиянақсыздық, әдептілік, сыпайылық және ұстамдылық дипломатиялық дискурстің құндылығы ретінде лексико-семантикалық бірліктер эксплицитті сөйлеу есебінде аз-маз (1%) болғанымен, дипломатиялық дискурсте құндылық жүйесін мәнді болуды қаламайды да, бірақ бұл берілген құндылықтар дипломатиялық дикурсте имплицитті дәрежеде көрініс табады.

Дипломатиялық құжаттардағы лексико-семантикалық тобының етістіктерін, оның әртүрлі классификациясының басты қағидасын негізге ала отырып айқындауға болады. Толықтай етістіктердің негізгі сыныптарына лексико-семантикалық тобының келесідей келтіруге болады:

-сөйлеу сөздерінің етістіктері (зияткерлік әрекет, эмоционалды қатынас және эмоционалды жағдай, рұқсат ету, келісу және т.б.)

-сөйлеп қаратудағы етістіктері (ықыласын аударту, өтініш, шақыру және т.б.)

-сөйлеу әрекетінің етістіктері (эмоционалды қатынас, шындықты бұрмалау, мадақ, айыптаушылық, жазғыру, кінәлау, әрекетке түрткі болу, талап, ақыл, нәтижені алу, эмоционалды баға және т.б.)

-хабарлама айтылымының етістіктері (ойын білдіру, мағлұматтармен жұмыс жүргізу, шындықты бұрмалау, түсіндіру, көрсету, біреудің сөзіне араласу,толық емес мазмұн, тарату, қайталау, ескерту, білімді жеткізу, ант ету, тұспалдау, келіспеу, мойындау, айыптаушылық, дәлелдеу және т.б.)



Талдау барысында етістіктің формалары жақты және жақсыз (есімше І,ІІ; тұйық етіс, герундий), баяндауыш болатын, күрделі толықтауыш және анықтауыш, тұйық етіс құрамына кіретін құрылымды анықтаймыз. Жоғарыда келтірілген типологияның қағидасын пайдалана отырып, дипломатиялық мәтіндегі етістіктің лексико-семантикалық тобын диаграмма арқылы былай көрсетуге болады (етістіктердің жалпы санын пайыз ретінде):

2-диаграмма . Дипломатиялық құжаттағы етістіктердің лексико-семантикалық тобы

Дипломатиялық құжаттардың лексико-семантикалық тобының жеке бір түрі кірме сөздер. Дипломатиялық терминдердің қатарына ағылшын тіліне француз, латын, неміс және басқа да тілдерден енген сөздер көбінесе лексикалық легімен жалпылай қабылданады (denunciation, ratification, ascension және басқалары). Сирек жағдайда олар алғашқы жазылуларымен сақталып қалған: agreman, demarche; hors de combat, bloc, Reich, consul, addendum, memorandum және т.б.; олардың көбісі реалиялар немесе тарихи лексемалар болып табылады (Landtag-, blitzkrieg, dirigisme, және басқалары). Дипломатиялық құжаттардың тілдік жұптарда ағылшын-қазақ тілдерінде латын және француз тілдеріндегі кірме сөздерді пайдалану тән, мысалы:

Латын тілі Қазақ тіліне аударылуы

ad hoc қалыптасқан жағдай үшін,белгілі мақсат үшін, арнайы

bona fide адал, шын жүректен; ақ ниеттілік

per annum (р.а.) жылы; жыл сайынғы

interim уақытша

inter alia жекелеген,басқаша



Француз тілі

charge d'affaires жұмыстарда тексерілген

covenant келісім,шарт, пакт

force majeure жеңе алмайтын күш, форс-мажор

rapporteur баяндамашы

rapprochement жақындасу (мемлекеттер арасындағы)

Түпнұсқа тіліндегі мәтінде латын тілінен енген кірме сөздер курсивпен белгіленеді; ал аудармада ережеге сай шрифтік белгілеу болмайды: The global vision that we advocate as a modus operandi at the international level-Жаһанды көріністе біз modus operandi деп халықаралық дәрежеде қарастырамыз; латын сөздері және айтылымдары қазақ тіліне аударылмауы да мүмкін: jus cogens (бірнеше Комиссия мүшелері jus cogens қағидасын мән бере отырып қабылдау қажеттілігі туындағанын атап көрсетеді, ad hoc (ad hoc судьяларына хатшылық қызмет көрсету үшін...), bona fide (жәбірленуші жақтың өзінің азаматтығын bona fide өзгерісі болған жағдайда...).

«Аудармашының жалған достары» ұғымы да дәстүрлі кірме сөздерді байланыстырады, дегенмен дипломатиялық құжаттардың аудармасының сапалық дәрежесін тұспалдап береді, бірақ берілген мәтіндердің аудармасында бұл мәселе өзекті емес.

Белгілі емес латын сөздері және айтылымдары, француз және басқа да тілдерден енген кірме сөздер қазақ тіліне аударылады. Әрбірінің нақты ерекшелігін есепке ала отырып келесідей аударма стратегиялары қолданылады:

Дипломатиялық мәтіннің прагматикалық ерекшеліктері және аудармасы. Дипломатиялық коммуникация функцияларының көрсетілген түрлеріне байланысты мақсатымызға байланысты дипломатиялық құжаттарды прагмалингвистика тұрғысынан қарастыруда ұсынылады, сөйлемдегі мәтінді құрайтын синтаксистік құрылымын бөле отырып, синтаксистік семантикасына байланысты иллокутивті түрлерін қарастырамыз.

Дж. Серльдің классификациясына сүйене отырып, дипломатиялық мәтінде иллокутивті актілерді келесідей етіп ұсынуға болады:

-директивтер( ниетін, өтініш,бұйрық, өкімді білдіреді):


The Security Council,

...Requests the Secretary-General to consult urgently with the Lebanese Government...

...Requests further the Secretary- General...to undertake without delay the steps, measures and arrangements...
...Directs the Commission to determine procedures for carrying out its investigation...

[20]


Қауіпсіздік Кеңесі

...Бас хатшыдан тез уақыт аралығында Ливанның өкілімен консультация жүргізуді сұрайды...

...Бас хатшыдан келесідей сұрайды... ізін суытпай қадамдар жасауды, шаралар мен әрекеттердің алдын алу...

...Комиссияға өзінің тексеру жүргізу тәртібін анықтап алуды ұсынады...



Дипломатиялық коммуникацияның талап ету қызметіне сәйкес, бұл ақпараттың басты мақсаты болып автор хабарламаны талап ету ниетінде жеткізіп отыр.

-репрезентативтер (ассертивтер) (фактіні белгілеу, сипаттама, түсінік, беру,растау):



...Noting also in this context its opinion that an international independent would be able to elucidate all aspects of this heinous crime...
...Mindful of the unanimous demand of the Lebanese people that those responsible be identified and held accountable...

...осы контексттегі өз пікірімді білдіре отырып, жан түршіктірер қылмыстың барлық аспектілерін айқындай келе халықаралық тәуелсіз тергеу жұмысы жүргізіледі...

...ливан халқының бір ауызды талабына мән бере отырып кінәлілерді тауып және жауапкершілікке тартқызу



Бұл айтылған үзіндінің айтылу актісі дәлелдерді келтіру немесе ақпараттандыру; біздің көзқарасымызша, осы жағдайда ақпараттылық қызметінің коммуникативтік қызметінің жалпы аясында ерекешелігін айтуға болады. Дипломатиялық мәтінде талап ету қызметі (дипломатиялық дискурс құндылығы және мақсаттарының адресатқа әрекетіне сәйкес) және ақпараттық қызмет (мәліметтердің толықтығы, жан-жақты мәселелерді қарастыру) дипломатиялық дискурстің құндылығы және мақсаттары тұрғысынан алғашқылары болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық-қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, әр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Осындай жаһандану үдерісіндегі халықаралық қатынастардың дипломатиялық коммуникацияны лингвистикалық тұрғысынан зерттеуде, сондай-ақ дискурсивтілік аспектісінде және стратегиялық тұрғысанан зерттеу халықаралық қатынас орнатудағы басты компоненттер болып қызмет атқарады. Зерттеу жұмысында дипломатиялық дискурсті кешенді сипатын көп деңгейлі құрылымда қарастыру және оның ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік берді.

«Мәтін», «дискурс» және «коммуникация» аясындағы жүйеде дипломатиялық дискурс тұйықталған және аяқталған болып саналмайды, ол өзгерістерге бейім болып келеді. Халықаралық қатынастағы жүйелер бейнесін құрайтын және дипламатия институтын тілдік бірліктер деңгейінде, дипломатиялық коммуникациядағы дипломатиялық дискурс экстравертивті фигура болып есептеледі.

Дипломатиялық дискурсты институционалды және коммуникативті-кооперативті сипатқа ие екенін анықтай келе, біз дипломатиялық дискурстің институционалды сипаттамасына келесідей ерекшеліктерді анықтадық: ынтымақтастыққа ұмтылу, интеграция, көпжақты, көп векторлы сипаттағы өзара әрекеттесу, кең ауқымдағы ақпарат ықпалы, дискурс субъектілері қатынасына кешенді сызба. Дипломатиялық дискурстің мақсаты болып, мемлекеттің ішкі саясаты концепциясы тұрғысынан және халықаралық құқық нормаларын негізге ала отырып алға қойған мақсаттарға жету және негізгі міндеттердің шешімін табу.

Зерттеуде жасалған аударма стратегиясының жалпы типологиясы келесідей құрамнан тұрады: басты аударма стратегиясы (аудармашының ұмтылысы аударылған мәтінді толығымен түсіну үшін және аударма тілінде оған нақты сәйкестік болуы мүмкін); аударманың гиперстратегиясы (аударма алды талдау, аналитикалық вариациялық ізденіс, аударманың нәтижесінің талдауы); аударманың макростратегиясы ( дискурс және коммуникацияның деңгейі); аударманың микростратегиясы (мәтіннің деңгейі). Аударма стратегиясының микро- және макростратегия деп бөлінуі көбінесе зерттеу тәсілдерімен анықталады, бірақ мәтін, дискурс және коммуникацияға қатысты қабылданған үлгінің аясында мүмкіндік береді, және дипломатиялық құжаттың аудрма процесіндегі оларға тән сипатының ерекшелігін есепке ала отырып жүзеге асырады.

«Мәтін», «дискурс» және «коммуникация» ұғымдарының қатынасын есепке ала отырып мәтіннің дипломатиялық дискурстің маркерлерінің тілдік бірліктер деңгейінде стилистикалық, лексико-семантикалық, синтаксистік, прагматикалық ерекшеліктерін анықтайды. Дипломатиялық құжаттар үшін арнайы номенклатуралық атаулар, дискурсивті формулалар, тар мағынадағы тақырыптар, дипломатиялық және ресми іс-жүргізу терминдері, кірме сөздер, эвфемизмдер, аббревиатуралар тән болып келеді. Лексико-семантикалық топ жиірек сын есімдерге (әлеуметтік-саяси тақырыптар қатысты сын есімдер, әртүрлі коннотациялармен сапалық сын есімдер) және етістіктер (сөйлеу әрекетін қамтамасыз ету үшін «ынтымақтасу», «бірлесе жұмыс жасау», «қолдау көрсету», «мақұлдау», «келісу», «қамтамасыз ету», «орындау» етістіктері) дипломатиялық дискурстің басты мәні және құндылығын айқындап көрсетеді.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Садирова К.Қ. Қазақ тіліндегі көп пропозициялы дискурстың құрылымдық негіздері. Дис.автореф., Алматы, 2008.

2 Дейк Т.А.ван. Язык. Познание. Коммуникация. –М:, 1989. -312с.

3 Фуко М. Археология знания. Киев:Ника- центр, 1996. -208с.

4 Прохоров, Ю.Е. Действительность. Текст. Дискурс: учеб. пособие. - 2-е изд., испр. - М.: Флинта: Наукам 2006. -224 с.

5 Чан Ким Бао Текст и дискурс (через призму иньян-концепции).- М.: Изд-во «Творчество», 2000. - 243 с.

6 Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері : «Аударма ісі», «Шетел тілі: екі шетел тілі»,«Шетел филологиясы» мамандықтарының студенттеріне арналған дәріс курсы /құраст. Кенжетаева Г. К. -Павлодар:Кереку, 2012.-79 б.

7 Филлипс, Л.Дж, Йоргенсен, М.В. Дискурс-анализ. Теория и метод. - Пер. с англ. - X.:Изд-во Гуманитарный Центр, 2004. - 336 с.71

8 Fairclough, N. Critical Discourse Analysis. -London: Longman. 1995-347 p.

9 Fairclough, N. Media Discourse [Текст] / N. Fairclough. - London: Edward Arnold. 1995 - 289 p.

10 Fairclough, N. Discourse and Social Change. Cambridge: Polity Press. 1992.-304

11 Йокояма, О. Б. Когнитивная модель дискурса и русский порядок слов. - М: Языки славянской'культуры, 2005. - 424 с. -(Studia philologica).

12 Хэллидей, М. А. К. Лингвистическая функция и литературный стиль/ М.А.К. Хэллидей // Новое в зарубежной лингвистике. -Вып. 9. Лингвостилистика. - М.: Прогресс, 1980.

13 Ләззат Дүйсембекова «Қазақ ресми іс қағаздары», ЖШС «Ана тілі» баспасы,2005- 142б.

14 Садирова К.Қ. Дискурс талдау теориясы жаңа ғылым саласы ретінде // «Жұбанов тағылымы» Х халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Ақтөбе, 2009. 160 б.

15 Бозжигитова З.Б., Жаханова Ж.А. УДК 327 (072)(574) «Дипломатиялық құжаттама» пәніне оқу-әдістемелік нұсқау, Ақтау: КМТжИУ, 2010, 55 б.

16 Борисенко, И.И., Евтушенко, Л.И. Английский язык в международных документах (право, торговля, дипломатия): Учеб. пособие. / И.И. Борисенко, И.И. Евтушенко. - Л.- К.: ООО «ИП Логос», 2003. -480 с. - Англ. - 3-е издание, переработанное и дополненное.

17 Казанцев, А.И. Особенности перевода клише и штампов официально-делового языка (на материале французского языка): Учеб: пособие /А.И Казанцев. - Челяб. гос. ун-т. Челябинск, 2002. - 67 с.

18 Миньяр-Белоручев, Р.К. Теория и методы перевода: Московский лицей, 1996. - 208 с, ил.

19 Istanbul Summit Declaration — оригинал и офиц.перевод ОБСЕ, 1999

20 Budapest Summit Declaration - оригинал и офиц.перевод СБСЕ (ОБСЕ), 1994


Зерттеу жұмысының жарияланымы.

1) Заманауи әлемдегі ғылым мен білім/ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Қарағанды «Болашақ» университеті. Дискурс теориясы лингвистикалық зерттеу объектісі ретінде

2) Қорқыт ата атындағы ҚМУінің 75 жылдық мерей тойына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Дискурс түсінігі және оның зерттелу мәселелері

РЕЗЮМЕ

автореферата диссертации на соискание академической степени

магистра гуманитарных наук по специальности

6М020700 – Переводческое дело

Мектепбаевой Венеры Акбаевны
Дипломатический дискурс в аспекте стратегичности

перевода и коммуникации
Актуальность настоящего исследования определяется комплексным подходом к анализу дипломатического дискурса в совокупности с изучением

стратегий перевода дипломатического текста и стратегий дипломатической коммуникации.



Цель диссертационного исследования состоит в выявлении специфических особенностей и конститутивных признаков дипломатического дискурса, типовых свойств, функций и стратегийдипломатической коммуникации, лингвистических особенностей дипломатического текста и соответствующих этим аспектам стратегий перевода.

Достижение указанной цели предопределяет решение ряда задач:

1) обзор подходов к разграничению понятий «дискурс», «текст» «коммуникация», типологии дискурсов; исследование существующих междисциплинарных моделей анализа дискурса, разработка комплексной модели изучения дипломатического дискурса;

2) исследование понятия коммуникативной стратегии и разработка типологии стратегий коммуникации с учетом теорий регулирования коммуникативной деятельности;

3) анализ подходов к описанию стратегии перевода, составление типологии стратегий перевода с учетом характеристик понятий «текст», «дискурс», «коммуникация»;

4) исследование особенностей и конститутивных признаков дипломатического дискурса, типовых свойств и функций дипломатической коммуникации; анализ лингвистических (лексико-семантических, стилистических, прагматических, синтаксических) особенностей дипломатического документа с целью дальнейшего определения стратегий перевода дипломатического текста;

5) выявление специфических стратегий дипломатической коммуникации и соответствующих стратегий перевода.

Научная новизна исследования состоит в следующем: 1) разработана комплексная модель анализа дипломатического дискурса на основе интерреляции понятий «текст», «дискурс», «коммуникация»; 2) составлена типология стратегий дипломатической коммуникации, раскрыты специфические стратегии с учетом принятой в исследовании комплексной модели анализа дискурса; 3) установлена связь стратегий перевода с особенностями текста, дискурса, коммуникации в их взаимной связи применительно к переводу дипломатических документов, выявлены специфические стратегии перевода.

На защиту выносятся следующие положения:

1. Конститутивные признаки дипломатического дискурса, типовые свойства и функции дипломатической коммуникации, дискурсивные характеристики и лингвистические особенности дипломатического текста образуют комплексную модель анализа дипломатического дискурса в рамках стратегичности перевода и коммуникации.

2. Микростратегии перевода дипломатического документа определяются лингвистическими особенностями дипломатического текста с учетом целей, узловых точек, ценностей, участников дипломатического дискурса, типовых свойств и функций дипломатической коммуникации. С позиций лексической эквивалентности и дискурсивных характеристик дипломатического текста выделяется когнитивная стратегия перевода, перевод с использованием гиперонима, калькирование, перевод с использованием заимствования, перевод-парафраз, модификация гиперонима, разворачивание значения исходной лексемы, компенсация.

3.Коммуникативные стратегии дискредитации, самопрезентации, неискренности определяют специфику дипломатической коммуникации и макростратегии перевода дипломатических документов (создание эквивалентного прагматического эффекта, компенсация, сохранение синтаксиса исходного текста, перевод с использованием дискурсивной формулы).

Структура и объем работы определяются поставленными целями и задачами исследования. Диссертация состоит из введения, двух глав, заключения, списка использованной литературы и приложения.

SUMMARY

for academic degree of master of humanities on specialty

6М020700 – Translation studies

Mektepbayeva A.Venera
Diplomatic discourse in the aspect of strategy

translation and communication
The topicalty of this research is determined by a comprehensive approach to the analysis of the diplomatic discourse in conjunction with the study translation of the text of the diplomatic strategies and policies diplomatic communications.

The aim of the research is to identify the specific characteristics and constitutive features of the diplomatic discourse, typical properties, functions and strategies of the diplomatic communication, linguistic features of the text of the diplomatic and strategies related to these aspects of translation.



Achieving the aim of the research:

1) an overview of approaches to the delimitation of the concepts of "discourse", "text", "communication", the typology of discourse, interdisciplinary study of existing models of discourse analysis, the development of an integrated model study of the diplomatic discourse;

2) study the concept of communication strategies and the development of the typology of communication strategies with the management theories of communicative activities;

3) analysis of the approaches to the translation strategy, drawing typology of translation strategies, taking into account the characteristics of the concepts of "text", "discourse", "communication";

4) Study the characteristics and constitutive features of the diplomatic discourse of standard features and functions of diplomatic communication, analysis of linguistic (lexical-semantic, stylistic, pragmatic and syntactic) characteristics of the diplomatic instrument to further define the strategy for the diplomatic text;

5) identification of specific strategies diplomatic communications and strategies of translation.



The scientific novelty of the research is as follows: 1) a comprehensive model for the analysis of the diplomatic discourse interrelyatsii based on the concepts of "text", "discourse", "communication", 2) typology of strategies drawn up diplomatic communications are disclosed specific strategies to meet the study's comprehensive analysis model discourse, and 3) establish a connection with the peculiarities of translation strategies of the text, discourse and communication in their mutual communication in relation to the translation of diplomatic documents, identified specific strategies of translation.

The basic issues submitted for the defense:

1. Constitutive features of diplomatic discourse, standard features and functions of diplomatic communication, discourse features and linguistic features of the text of the diplomatic form a complex analysis model of the diplomatic discourse in the translation of strategy and communications.

2. Mikro strategies of translation diplomatic document defines the linguistic peculiarities of the diplomatic text taking into account the objectives, key points, values, members of the diplomatic discourse of standard features and functions of diplomatic communication. From the point of lexical equivalence and discourse characteristics of the text stands out diplomatic cognitive strategy of translation, translation using Translations, tracing, using the translation of borrowing, translation, paraphrase, modification Translations, maximizing the value of the original token compensation.

3. Communication strategy of discrediting, self-presentation, insincerity determine the specificity of diplomatic communications and diplomatic documents makrostrategii translation (creation of the equivalent of pragmatic effect, compensation, retention syntax of the source text, the translation from the use of discursive formula). The characteristic features of the translation strategy is its versatility and flexibility, variability in applying the elements of the strategy at the level of text, discourse and communication.



The structure of dissertation work. The dissertation consists of introduction, two chapters, conclusion, resources and appendix.


жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау