МЕДБИКЕНІҢ КЕҢЕСТЕРІ
Кенеден сақтаныңыздар!
Көкала – аса қауіпті жұқпалы ауру, адамдарға кененің шағуы арқылы жұғады.
Кене – көкала ауруының қоздырғышының негізгі тасымалдаушысы және сақтаушысы.
Көктем, жаз мезгілдерінде жануарларға сонымен төрт түлік малға ауыртпай терінің жұмсақ жеріне жабысып қанын сорады.
Көкала ауруының инкубациялық кезеңі 2 күннен 12 күнге дейін созылады. Содан кейін науқас адамның дене ыстығы 39-40 градусқа дейін көтеріледі. Басы, буындары қатты сырқырап ауырады, көзімен тамағы қызарады, тамаққа тәбеті болмайды.Содан соң аурудың 2-5 күндері мұрнынан,асқазаннан,ішектен әйелдердің жатырынан қан кетеді. Науқастың денесі бөртеді, қолмен қатты басқанда немесе ине шаншығанда қанталап көгеріп кетеді.
Кене шаққанда не істеу керек?
Кененің шаққанын байқасаңыз кененің басы теріге кірген жеріне өсімдік майын тамғызып, абайлап қысқышпен шығарып алып отқа жағыңыз.Шаққан жерін иодпен сүрту керек.
Қой қырықтық кезінде қолға қолғап, үстіңізге арнайы киім (комбинезон) киген жөн.Орман тоғайда жүрген кезде, мал қораны тазалаған кезде үстеріңізді мұқият қарап жүріңіздер. Өрістен келген малдардың үстінен, мал қорадан кенені көрсеңіз оны қолғап киіп теріп отқа жағыңыз.
Еш уақытта қолмен кенені езбеңіздер!
- Көктем, жаз мезгілдерінде малдарды креолин ерітіндісімен залалалсыздандырып тұрған жөн.
- Кене шаққан адамдар емханаға көрініп екі аптадай медициналық бақылауда болған жөн.
- Науқас адам дер кезінде дәрігерге көрінбесе ауруы асқынып өліп кетуі де мүмкін, сонымен қатар қасындағы адамдарға да жұқтырып таратуы мүмкін.
Аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде, немесе кене шаққан жағдайда дер кезінде дәрігерге көріну керек.
Ботулизм
2-4 сынып оқушыларына
Ботулизм тағамнан уланудың ауыр түрі.Ботулизм қоздырғышы жабылған банкідегі тағамда кездеседі.Ботулизм микробы 80 градусте жойылады.Жөнді жабылмаған ыдыстағы консервілер өте қатерлі улы заттар бөліп шығарады.Консервіленген банкідегі сұйықтықтың түсі өзгереді, бөлінген газдардан қақпағы ұшып кетеді.Аурудың алғашқы белгілері бас ауруы, әлсіздік,лоқсу,құсу,іш өту немесе іш қату.Аурудан сақтану үшін қақпағы көтерілген түсі бұзылған банкілердегі тағамды жою керек жеуге болмайды.
5-8 сынып оқушыларына
Ботулизм тағамнан аурудың ауыр түрі. Ботулизм қоздырғышы жабылған банкідегі тағамда кездеседі.Ботулизм микробы 80 градусте жойылады.
Жөнді жабылмаған ыдыстағы консервілер өте қатерлі улы заттар бөліп шығарады.Консервіленген банкідегі сұйықтықтың түсі өзгереді, бөлінген газдардан қақпағы ұшып кетеді.Сапасыз тағам жегеннен кейін 2 сағат өткенде уланған адамда әлсіздік, бас ауруы,лоқсу,құсу,іш өту,іш қату белгілері білінеді.Уақыт өте көздің қарашығы үлкейіп заттар қосарланып көрінеді.Жүргенде теңселу байқалады. Аурудан сақтану үшін қақпағы көтерілген түсі бұзылған банкілердегі тағамды жою керек жеуге болмайды.
9-11 сынып оқушыларына
Ботулизм тағамнан аурудың ауыр түрі. . Ботулизм қоздырғышы жабылған банкідегі тағамда кездеседі.Боулизм микробы ауасыз ортаға төзімді.6 сағатқа дейін қайнағанда да жойылмауы мүмкін.Ботулизм микробы 80 градусте 30 минут қайнғанда жойылады.Жөнді жабылмаған ыдыстағы консервілер өте қатерлі, улы заттар бөліп шығарады.Консервіленген банкідегі сұйықтықтан түсі өзгереді,бөлінген газдерден қақпағы ұшып кетеді.Сапасыз тағам жегеннен кейін 2 сағат өткенде уланған адамда әлсіздік бас ауруы,лоқсу,құсу,іш өту немесе іш қату белгілері білінеді.Уақыт өте көздің қарашығы үлкейіп заттар қосарланып көрінеді.Жүргенде теңселу байқалады,тыныс алуы төмендеп адам тұншығады.Аурудан сақтану үшін қақпағы көтерілген,түсі бұзылған банкілердегі тағамды жою керек.Егер белгілері анықталған жағдайда тез ауруханаға жеткізу керек.Қатты улану өлімге әкеп соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |