82
басталатынын түсіндіре отырып, оны қадірлеуге, қастерлеуге
тәрбиелеу.
Сауықтыру өтілмес бұрын ауланы алдын ала дайындай-
ды, арнайы бассейнді суға толтырып қояды. Құм, топырақ та-
заланып қояды.
Барысы: Балаларды алаңға арнайы киіммен жалаң аяқ
алып келеміз.
Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы, қазір бізде жылдың қай
мезгілі?
– Жаз.
– Жаз мезгілі жайында не білесіңдер?
(Күн ыстық болады; айнала жап-жасыл; құстар сайрай-
ды; күн ұзарады, түн қысқарады; жемістер пісе бастайды; адам-
дар демалуға кетеді)
Т: Өте дұрыс, балалар. Енді балалар «Айгөлек» биін би-
лейміз.
Балалар арнайы би қимылдарын жасайды.
Тәрбиеші: Су жайында мағлұмат береді. Су – бұл тір-
шіліктің көзі, егер мынау айналадағы жасыл өсімдіктер әлемі су
болмаса өмір сүре алмас еді. Суды әрқашанда қадірлеп ұстау
керек, ысырапсыз ағызып кетуге болмайды. Қарда, мұзда осы
судың негізінде пайда болады. Мысалы, балалар біз қазір ыс-
тықтап тұрсақ, суға шомылған соң жанымыз рахаттанып бір де-
малып қаламыз. Адам өмірінде де осы су керек. Егер су ішпесек
немесе кір қожалақ болып, жуынбасақ, адамдар әр түрлі ауру-
ларды жұқтырып ауырады. Әрқашан таза жүру үшін де бізге су
керек екен.
Балалардың осы арнайы сауықтыру мерекесіне дайын-
даған тақпақтарын айтқызады:
Бахтияр: Жарқырап күннің жанары,
Шұғыла жерді орады.
Сүйеді жүзін орақтың,
Сылдырап егін сабағы.
Әлнұран: Ақ бидай – жерге сәуле,
Үйілді қырман – дәу төбе.
Сүйсіне қарап тұрмын мен,
83
Жаздағы жайсаң өлкеме.
Айжан: Аймағымды аялап,
Алтын қанат туса жаз.
Айдын көлді қиялап,
Қаңқылдап ұшар үйрек-қаз.
Айгүл: – Аққу жүзіп көлінде,
Гүлге қонып көбелек.
Сұлу жазда менің де,
Көңіліме күй келеді.
Балаларды арнайы су сеуіп дайындаған құмның үстіне
алып келіп, оны аяқтарымен басқызып сездіру.
– Балалар, құм қандай, құрғақ па, әлде ылғал ма?
– Ылғал.
– Ол не себепті ылғал екен?
– Өйткені, оған су себілген.
Дұрыс, ал енді мына жердегі топырақты келіп қараңдар.
Оны да аяқтарымен басқызып бақылату.
– Топырақ қандай?
– Құрғақ.
– Не себепті құрғақ екен?
– Өйткені оған су себілмеген.
– Дұрыс.
– Балалар, топырақ пен құмның қайсысында ойнаған
сендерге көңілді?
– Құмда. Құмнан әр түрлі қорғандар, жолдар салуға бо-
лады. Шаң болмайды, үстіміз бүлінсе, тез сыпырылып түсіп
қалады.
Балалармен құмда қорғандар жасатып болған соң әр ба-
ланың еңбектерін бағалап, табандарының іздерін құмға түсіре
отырып, «Менің іздерім» ойынын жүргізу.
Су жайында жұмбақ шешкізіп, мақал-мәтел, жаңылтпаш
айтқызып үйрету.
Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (су)
Қашан су тасысасың,
Қашып, су шашысасың?
84
Сәумен сүймемнен мұзды бұзды,
Суда жүзген мұзды сүзді.
Суда сең келеді.
Сегіз серке тең келеді.
Тамшыдан тама берсе,
Дария болар.
ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕГІ САУЫҚТЫРУ МЕРЕКЕСІ
Мақсаты: Балалардың жаз туралы түсініктерін кеңейту.
Жаздың ерекшелігін бақылатып, түсіндіре отырып, шағын әң-
гіме құрып айту қабілетін, тілін дамыту, байланыстырып сөй-
леуге үйрету.
– Осы кездегі жыл мезгілінің атын ата (жаз).
– Жаз айларын ата (маусым, шілде, тамыз).
– Жаз табиғатының ерекшелігін айт.
(Ыстық, құрғақ болады, күн ұзарады, түн қысқарады,
өсімдіктер бойлап өседі, жануарлар төлдерін ертеді, т.б.)
– Жазда адамдар тұрмысынан не байқадыңдар? (адам-
дар өте жеңіл киінеді, суға шомылады, жайлауға, тауға демалуға
барады, балық аулайды т.б.)
– Жазғы табиғат жайында шағын әңгіме құрастыр.
(Жазда табиғат әсем. Бау-бақшада құстар сайрайды. Бұ-
лақ сылдырлап ағады. Маңай гүлге толады. Орманда неше түрлі
жеміс піседі, т.б.)
Жаз мезгілі мерекесіне арнап, жаттаған тақпақтарыңды
айтыңдар.
Бірінші бала: Жаз келіпті дегенше,
Алма пісті дегейсің.
Бағымызда ендеше,
Алма теру көбейсін.
Екінші бала:Елге ойдағы, қырдағы,
Қақтырып жарқын жаз жайраң.
Қызып еңбек думаны,
Шаттанып жұртым мәз-мәйрам.
Үшінші бала: Күлімде, күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
85
Жаз келді деп қуанып
Шаттанады бүлдіршін.
Жұмбақ шешу:
Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп. (күн)
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (күннің көзі)
Балалардың осыған дейін меңгерген мағлұматтарына
сүйеніп әңгімелесу. Балаларды жазда күннің ыстық болатынын,
күн көзінің түсуіне байланысты жер бетіндегі барлық табиғат-
тың (тау, тас, құм, топырақ) қызатынын тірі табиғаттың ерекше
күйге енетінін айтады.
Балалар аяқтарын шешіп, топырақтың ыстығын сезеді
(оларды алдын-ала тазаланған құм алаңына әкеліп «Кімнің қа-
дамы алшақ» деген ойын ұйымдастырады.)
Тәрбиешінің қысқаша беретін түсінігі: Құм жылынып,
суды өткізеді. Жаз мезгілінде құмда жалаң аяқ жүрген денсау-
лығымызға өте пайдалы. Сулы құмнан қала көшелері мен әсем
биік үйлерді тұрғызуға болады. Осы айтылған түсінік бойынша
ұжымдық ойын ойнату. Ол үшін арнайы су құйылып дайын-
даған құралдар беріледі.
Балалар өздерінің тұрғызған үйлері, көшелері туралы
әңгімелету.
Өлең оқып, оның не туралы айтылғанын анықтау:
Аймағымды аялап,
Алтын туса жаз,
Айдын көлді қиялап,
Қаңқылдап ұшар үйрек, қаз.
Аққу жүзіп көлінде,
Гүлге қонып көбелек.
Сұлу жазда менің де,
Көңіліме күй келді.
Балалардың көбі бұл оқылған өлең «Жаз» туралы деп
жауап береді. Осы өлең мазмұнына байланысты асфальтқа
түрлі-түсті бормен сурет салғызу.
Достарыңызбен бөлісу: |