Мектеп басшыларына



жүктеу 60,5 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі60,5 Kb.
#21793

Мектеп басшыларына!
12.02.09ж.

2009 жылдың 25.02-26.02 аралығында қазақ және орыс мектептерінің мұғалімдері арасында экологиядан қалалық олимпиада өткізіледі. Қатысушы мұғалімнің өтініші 2009 жылдың 20 ақпанына дейін қабылданады. Мұғалім туралы мәлімет төмендегідей үлгіде тапсырылсын:




Р/с

Мұғалімнің аты-жөні

мектебі

санаты

Пед. өтілі

Көрсеткіштер

Жұмыс жасайтын жеке проблемасы























Олимпиаданың өткізілу ережесі:

Мақсаты: Жаратылыстану пәндеріндегі экологиялық білім мен тәрбиені ұштастырудағы мұғалімдердің шығармашылық қабілетін айқындау.
Міндеттері:

1.Оқушының экологиялық білімі мен тәрбиесін қалыптастырудағы пән аралық байланысы.

2.Экологиялық білім беру жүйелілігі мен үздіксіздігі.

3.Экологиялық білім беру мәселесін әлемдік, ұлттық, өлкелік деңгейде қарастыру.

Олимпиаданы жүргізу тәртібі:

Олимпиада 3 кезеңде өткізіледі.



I кезең

а)Теориялық кезең – білімді тестілеу.

ә) Эссе.

Тақырыптары:



  1. «Ақтөбе өнеркәсіп орындарының адам ағзасына тигізетін әсері».

  2. «Денсаулық – әлеуметтік байлықтың негізі».

  3. «Табиғаты әсем туған өлкем».

II кезең

«Мұғалім ізденісі – еңбек нәтижесі». Портфолио қорғау. (Мұғалімнің шығармашылық жұмыстары кесте, сызбанұсқа, диаграмма түрінде дайындалады).



III кезең

Жаратылыстану пәндеріндегі экологиялық білім мен тәрбиенің маңыздылығы.

Ғылыми жобаны қорғау. (Ақтөбенің 140 жылдығына орай).

1.Облыс аудандарының флорасы мен фаунасы. (Қорықтар туралы).

2.Экологиялық апаттардан сақтану жолдары.

3.Экологиялық білімді жас ұрпақтың бойына сіңіру мүмкіндіктері мен міндеттері.



Жобаның мазмұны мен оны рәсімдеуге қойылатын талаптар.

Әділ бағалау үшін жобалар бір формада рәсімделеді.

1.Жұмыстың негізгі мазмұны компьютерде А-4 форматты бетке 14 шрифтісімен терілуі тиіс, көлемі әдебиеттер тізімін қоса есептегенде 10 беттен көп емес. Қосымшалар бөлек жалғанады.

2.Рәсімделген жобаның титул беті болуы тиіс.

3.Жобада төмендегідей тараулар болуы керек:


  • кіріспе, онда қаралып отырған проблеманың көкейтестілігі көрсетіледі;

  • жұмыс талдауы, проблеманы шешудегі бұдан бұрын басқа адамдардың орындаған жұмыстарын талдау;

  • қолданылған әдістемені авторларын көрсете отырып қысқаша сипаттау;

  • зерттеудің жүйелендірілген статистикалық өңделген қорытындылары, оларды талқылау;

  • жұмыстың негізгі тұжырымы;

  • жоба нәтижесін іс жүзінде қолдану (енгізу);

  • пайдаланған әдебиеттер;

  • қосымшалар: фотосуреттер, сызбалар, статистикалық кестелер, бейне фильмдер, жұмыс тексерілгенде субъективті-объективті қарым-қатынастар ескеріледі. (ескерту: ені – 1 метр, ұзындығы – 1,5 м. банерге дайындалу қажет).

  • қорғау уақыты – 7 минут. 7 минуттан асып кетсе есепке алынбайды.

Өтілетін уақыты – сағ. 10.00

Орны - № 37 ОМ
ҚҒӘО әдіскері Садықова А.С.

13.02.09 ж Мектеп басшыларына!


Ақпан айының 17-не №33 орта мектебінде сағ 9.30-да

« «Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда жаңа технологияны пайдалану» тақырыбында тәжірибелік семинар өтеді.

Семинарға қазақ мектептерінің математика пәнінің жас мұғалімдері шақырылады.
Имангалива Г.Ж.- әдіскер.

Мектеп басшыларына!
12.02.09ж.

2004-2015 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту» тұжырымдамасының 4.3.3 бөліміндегі бейімдік оқыту туралы шараларын жүзеге асыру мақсатында мұғалімдік мамандыққа бейімдік оқытуды мектептерге енгізу механизмін жасау үшін Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты жанындағы «Институт-мектеп» ғылыми-педагогикалық зерттеу орталығы қала мектептерінің мұғалім мамандықты қалаған қазақ тілінде оқитын 5-11 сынып оқушылары үшін бейімалды даярлау бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтындығын және қаладағы барлық мектептердің жоғарғы сынып оқушыларының кәсіп таңдаудағы бағдарларына психологиялық зерттеу жүргізетінін хабарлайды.

Осы мақсатта аталмыш орталықпен байланыста жұмыс жасауға тілек білдіруші 5-11 сынып жетекшілері 9-16 ақпан күндері сағ.9.00-15.00. аралығында пединституттың 215- бөлмесіне (2-қабат) келіп жолығуларына болады.
Насухин Абыл Бақтыгереевич.


Мектеп және мектептен тыс

мекеме басшыларына!
12.02.09ж.

Балалар шығармашылығының Халықаралық «Ақ көгершін» байқауы 2009 жылғы 29 наурызда Астана қаласында өтетіндігін хабарлаймыз. Байқауға қатысу шығындары білім ұйымдарының есебінен (демеушілер көмегі) өтелетінін ескертеміз. Сұраныс 15 наурызға дейін қабылданады. Байқау ережесі мен өтініш-анкетаны №36 каб. алуларыңызға болады.


Утарбаева Асель Загипаровна.

13.02.09г. Директорам с русским языком обучение школ.

Провести анкетирование среди учащихся 10 — 11 классов.

Вопросы для анкеты

1. Что больше всего вызывает у вас трудности при подготовке к ЕНТ?
А) объем тестового материала;
Б) содержание тестового материала;
В) формулировки тестовых заданий;
Г) противоречия и расхождения в учебниках по датам и фактам
Д) все вышеизложенное



  1. Оцените качество тестовых заданий по истории Казахстана по 5-балльной шкале:
    а) 5; б) 4; в) 3; г) 2; д) 1
    1. Как часто вы встречаетесь с некорректными вопросами:
    а) часто; б) иногда; в) редко; г) никогда; г) очень редко
    2. Считаете ли вы правомерным включение в тестовые задания материала учебников 10-11 классов:
    А) допустимо; б) абсолютно недопустимо; в) недопустимо; г) частично допустимо

  2. 3. Ваше отношение к тестовым заданиям по истории:
    А) слишком много малозначимых, детальных вопросов, ответы на которые очень сложно запомнить;
    Б) вопросы по истории Казахстана проверяют не знания учащихся, а память;
    В) мало вопросов, требующих логики;
    Г) все вышеизложенное
    4. Насколько выверены варианты тестовых заданий по истории Казахстана6
    А) тщательно выверены, сбалансированы  и оптимальны;
    Б) составлены произвольно, без определенной системы;


Результаты анкетирование сдать в ГоРОО, кабинет № 34 , к 20 февралю 2009 г.

Методист Куржикова А.А.



Мектеп басшыларына! 12.02.2009 ж.
1) Қалалық ғылыми - әдістемелік орталықтың 12.02.2009 жылғы № 18 бұйрығы негізінде қала мектептеріндегі мектепалды кластардың әдістемелік жағдайын зерттеу комиссиясы 17-19 ақпаны аралығында жұмыс жүргізеді. Зерттеу жаднамасы мен күндері төмендегідей:

ЖАДНАМА

1. Мектепалды кластардағы шектеулі апталық оқу жүктемесінің мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартымен сәйкестігі.




  1. Оқу бағдарламасының жарты жылдықта, оқу жылы бойынша орындалуы.




  1. Базистік оқу жоспарының вариативтік бөлігін жүргізудің тиімділігі.




  1. Құқықтық – нормативтік құжаттар.




  1. Оқыту деңгейінің жағдайы, оқу, ойын кабинеттерінің жабдығы.

6. Әдістемелік жұмыс жағдайы.


7. Оқыту жағдайының әкімшілік тарапынан бақылануы.
8. Оқушылардың мектепке бейімделуі, бірінші кластармен сабақтастық.
9. Бала дамуының базалық деңгейін зерттеу диагностикасы
Жұмыс тәртібі: 2009 жылдың 17 ақпаны күні - № 1 ОМ, 21 ОМГ, 39 ОМ, 2АОМ, 11АОМ, 31ОМ, 4 ОМ, 24 ЛМГ;

18 ақпаны күні – № 5ОМ, 15ОМ, 13ОМ, 6 ОМ, 14 ОМ, 42 ОМ, 33 ОМ, 35ОМ, 28 ОМ;

19 ақпаны күні - № 16 ОМ, 26 ОМ, 34 ОМ, 23 ОМЛ, 38 ОМ, 27 КОМ, 30 ОМ, 40 ОМ.
2) 20 ақпан күні «Шаңырақ» ЖМ - інде «Внедрение элементов технологии адаптивной системы обучения в школе» тақырыбында бастауыш класс мұғалімдеріне арналған семинар өтеді.

Тіркеу – сағ. 9.00

Басталуы – сағ. 9. 30
3) Бастауыш класс мұғалімдерінің білім жетілдіру курсынан өтулері туралы нақты мәліметтің электронды түрін төмендегідей кестемен тапсырмаған мектептер: №1,3,4,10,11,15,16,18,19,22,25,27,31,32,35,38,39,41,42,43,46,48,51,53,Заречный,ҚҚОМ, Сазды, Құрашасай, Россовхоз, Красносельск, Ақшат, Ақжар.

Үлгі:



Р/с

Мектебі

Мұғалімнің аты-жөні

2004-2005 о/ж.

2005-2006

о/ж.


2006-2007

о/ж.


2007-2008

о/ж.


2008-2009

о/ж.


Курстан өтпеу себебі

1

№ 1 ОМ

Иванова

Б




12

И

А






























Шартты белгілер:

Б – базалық курс

12 – 12 жылдық білім беру курсы

А – авторлық курс

И – жаңа технология бойынша курс


4) Мемлекеттік стандарттың вариативті бөлігінің және қалалық ғылыми - әдістемелік Орталықтың эксперттік кеңесінде бекітілген бағдарламалардың орындалуы туралы анықтаманы төмендегідей үлгімен электронды нұсқада тапсырмаған мектептер: № 2, 3, 4, 6, 10, 11, 14, 17, 18, 19, 22, 23, 24, 27, 30, 32, 33,35,37,39,40,41,46,47,49,52,Заречный, Георгий, ҚҚОМ, Сазды, Благодар, Пригород, Россовхоз, Красносельск, Белогор, Ақшат, Ақжар, Садовый.

Үлгі :

  • бағдарлама немесе курс атауы;

  • мақсаты;

  • неше жылға арналынған, нешінші жыл қолданылуда?;

  • нәтижелер, жетістіктер;

  • қандай кеңесте қаралынды?

  • алдағы міндеттер;

  • ұсыныстар.

2) Қосымша ақылы қызметтің жүргізілуі туралы анықтама да төмендегідей ретпен тапсырылуы керек:

- қандай пәндер алынды?

- қай кластарда өткізіледі?

- жүргізілуі қайда қаралынды?

- нәтижелілігі қандай?

5) 1-кластың мектепке бейімделуі туралы анықтаманың электронды, қағаз түрін тапсырмаған мектептер: № 2, 10, 11, 13, 16, 19, 21, 22, 23, 24, 25, 27, 31, 35, 39, 40, 42, 43, 48, 49,52,Заречный, Ақтөбе, ҚҚОМ, Құрашасай, Благодар, Новый, Россовхоз, Красносельск, Белогор, Ақшат, Ақжар.


К. Рахатова
жүктеу 60,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау