«Орал қаласының білім беру бөлімі»



жүктеу 42,5 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі42,5 Kb.
#20926

Қалалық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарған жұмыстары

2008 жылғы ақпан айындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ — МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ» жолдауында « Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту» деп атап көрсеткендей қалалықбілім беру бөлімі «12 жылдық білім беру мен бағдарлы оқытуға көшу жағдайына педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру» тақырыбында жұмыстанып келеді.

Қалалық білім беру бөлімінің жылдық жұмыс жоспары жасақталып, білім беру бөлімінің кеңесінде бекітілген (Хаттама №1, 13.01.2009 жыл). Жоспарда білім бөлімінің жыл бойына істелген жұмыстарына талдау жасалынып, жаңа 2009 жылға міндеттер белгіленген.

Жоспарда атқарушы және өкілетті органдардың қарауына ұсынылатын мәселелер:



  • 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары (қалалық маслихат)

  • қала мектептері оқушыларына ыссы тамақ ұйымдастыру жайы (қалалық маслихат)

  • оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру (әкімдікте)

Білім бөлімі кеңесінің отырыстары (тоқсанға 1 рет), білім ұйымдары басшыларымен мәжіліс (айына 2рет), білім беру бөлімі аппаратының мәжілістері (ай сайын), әр дүйсенбі сайын лездеме өткізіп отыру жоспарланған. Сондай-ақ жоспарда педагог кадрлармен өткізілетін семинарлар, конференциялар, байқаулар, мәдени көпшілік шаралар, оқушылармен жүргізілетін көпшілік шаралар, олимпиадалар, спартакиадалар жоспарланған.

Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды бақылау мақсатында әр түрлі тақырыптық тексерулер, білім сапасына мониторинг жасау жоспарға енгізілген.

2009 жылы 11 жалпы орта білім беретін мектеп, 4 мектептен тыс тәрбие мекемесі, 18 мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік аттестациядан өткізу жоспарланған болса, қаңтар айынан бері 7 мектеп ( № 5, 7, 16, 21, 24, 33, 35), 2 мектептен тыс тәрбие мекемесі (№5 саз мектебі, балалар өнер мектебі), 3 мектепке дейінгі ұйым (№15 «Ақбота», №20 «Балбөбек», № 29 «Балауса») аттестациядан өткізілді.

Аттестация қорытындылары білім беру бөлімі кеңесінде қаралып отырды (хаттама №2 4.02.2009ж, №3 26.03.2009)

Білім беру кеңесінде:

- 2008-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың аймақтық бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы (хаттама №13 30.12.2008 ж)

- қала мектептерінде І жартыжылдық қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерімі мен білім сапасына талдау жасау (хаттама №1 13.01.2009 ж)

- оқу жылының жарты жылдығына арналған мектеп рейтингін бекіту (хаттама №3 26.03.2009 ж) мәселелері қаралды.

Білім беру ұйымдары басшыларымен «Дағдарыстан жаңаруға, дамуға» атты Елбасының халыққа жолдауын талқылау (хаттама №2 10.02.2009 ж)

- - 4,9-сыныптарда мемлекет аралық бақылаудың қорытындысы (хаттама №6 10.03.2009 ж)

- қалалық білім беру бөлімінің 11-сыныптарға арналған байқау тестінің қорытындысы (хаттама №8 1.04.2009 ж) т.б. сияқты өзекті мәселелер қаралды.

Жолдауды және білім саласындағы келелі істерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатында медиа жоспар жасалып, орындалғаны туралы есеп беріліп отырды.

Қалалық білім беру бөлімінде тұрақты комиссиялар мен кеңестердің жұмыстары жоспарланған.

Кеңестер:



  • жалпыға бірдей білім беру мәселелері (жоспарлы);

  • салауатты өмір дағдыларына тәрбиелеу (жоспарлы);

  • тілдердің қызметі мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері (жоспарлы);

  • орта білімді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасын іске асыру (жоспарлы);

  • қамқорлыққа алу және қорғаншылық жөніндегі кеңес жұмыстары (өтініш берген уақыттан)

Комиссиялар:

  • аппарттық әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау бойынша (жоспар бойынша)

  • тендерлік, сатып алулар және жөндеу құрылыс жұмыстарын жүргізуге тапсырыстар бойынша (сатып алу жоспарлы бойынша)

  • тәртіптік комиссия (ұсынбаға сәйкес)

  • педагог кадрларды І санатқа аттестаттау (жылына 1 рет, сәуір)

  • мемлекеттік қызметте еңбек өтілін белгілеу (мемлекеттік қызметкер қабылданған кезде)

  • басқарма аппаратына әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді қабылдау (бос орын болған кезде)

  • білім ұйымдарын лицензиялау және аттестаттау (жоспар бойынша)

Білім бөлімінде мемлекеттік қызметкерлер 4 секцияға бөлініп, жұмыстанады.

  • мектеп секторы (құрамында 4 адам)

  • мектепке дейінгі және тәрбие секторы (3 адам)

  • қаржы және шаруашылық секторы (3 адам)

  • әкімшілік секторы (3 адам)

Сондай-ақ білім бөлімі жанындағы әдістемелік кабинетте 15 әдіскер, есеп бөлімінде19 есепші жұмыс істейді.

Жылына 2 рет сектор меңгерушілері және әдістемелік кабинет атқарылған жұмыстар бойынша есептерін аппарат отырысында (хаттама №2. 10.04.2009ж ) беріп отырады.


Орал қаласы білім беру бөлімі апаратында штат бойынша 17 бірлік әкімшілік мемлекеттік қызметкер бар.Қазіргі уақытты нақты 15 қызметкер жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі және мектептен тыс, тәрбие бөлімінің бас маманы М.Тулешева бала күтіміне байланысты демалыста,тәрбие бөлімінң бас маманы бос лауазымдық орны мемлекеттік қызметкерлерді қабылдауға тоқтам салуға байланысты 2009 жылдың 10 сәуірінен бастап бос тұр.

Орал қаласы білім беру бөлімінде 2008 жылы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер бос лауазымдық орнына 2 конкурс өткізілді.

2008 жылдың 7 мамырында мектеп секторының меңгерушісі бос лауазымдық орнына конкурс өткізілді. Бұл конкурсқа бір үміткер қатынасып,осы аталған лауазымға бекітілді.

2008 жылдың 17 қазанында мектеп секторы мен әкімшілік секторларының бас маманы бос лауазымдық орнына конкурс өткізілді.

Сонымен қатар 2008 жылы өткізілген 11 конкурстың ішінде мектеп директорына-2,мектепке дейінгі ұйым директорына-4 және мектептен тыс ұйым -3,азаматтық қызметкерлер бос лауазымдық орнына-2 конкурс өткізілді.

2008 жылдың 16 маусымында №4,5,9,31,34,45 ЖОББМ директорлары бос лауазымдық орнына конкурс өткізілді.

2008 жылдың 13 тамызында №13 ЖОББМ директоры бос лауазымдық орнына конкурс өткізілді.

2008 жылдың 24 маусымында №16,21,19 МдҰ-ы директорлары бос лауазымдық орнына конкурс өткізілді.

2008 жылдың 25 тамызында №33,34 ЖОББМ директорлары бос лауазымдық орнына конкурс өткізілді.

2008 жылдың 24 қарашасында № 31,7 МдҰ-ы директорлары бос лауазымдық орнына конкурс өткізілді.

2008 жылдың 22желтоқсанында №10 МдҰ-ы директорлары бос лауазымдық орнына конкурс өткізілді.

2008 жылдың 2 қыркүйекінде «Атамекен» МКҚҚ директоры бос лауазымдық орнына конкурс өткізілді.

2008 жылдың 3қараша № 1БСМ директоры бос лауазымдық орнына конкурс өткізілді.

2008 жылдың 15 тамызында Орал қалалық білім беру бөліміне хатшы,әдіскер, жүргізуші бос лауазымдық орндарына конкурс өткізілді.

2008 жылдың 5 желтоқсанында Орал қалалық білім беру бөліміне жүргізуші бос лауазымдық орнына конкурс өткізілді

Сонымен қатар 2009 жылы өткізілген 6 конкурстың ішінде мектеп диркторларына – конкурс, мектепке дейінгі ұйым директорына-2 жән азаматтық қызметкерлр бос лауазымдық орнына -2 конкурс өткізілді.

2009 жылдың 12 ақпанында №10, 12 ЖОББМ директорлары бос лауазымдық орнына конкурс өткізілді.

2009 жылдың 9 сәуірінде Круглоозер орта мектебі директоры бос лауазымдық орнына конкурс өткізілді.

2009 жылдың 3 наурызында №36,38 МдҰ-ы директорлары бос лауазымдық орнына конкурс өткізілді.

2009 жылдың 24 наурызында №26 МдҰ-ы директоры бос лауазымдық орнына конкурс өткізілді.

2009 жылдың 26 ақпанында ОӨШ-ы механик бос лауазымдық орнына конкурс өткізілді.

2008 жылдың 1 қыркүйегінде қала мектептерінде 2566 педагог болса, соның ішінде 125 зейнеткер жұмыс жасайды.

2008 жылы білім бөлімінде 19 шағым қаралды. Шағымдардыңмазмұны әртүрлі. Мысалы, азаматтар 4 шағым балабақша мәселесімен, 15 шағым мектептер бойынша шағымданған. 2009 жылы түскн 12 шағымның 4-і мектепке дейінгі ұйым, 1-і МдҰ әдіскеріне, 7-і мектептер бойынша шағымданған.

Орал қаласы білім беру бөлімінен 2009 жылы білім беру ұйымдары басшыларының мәліметі бойынша 81 маманға БҚМУ түлектеріне сұраныс берілді . БҚМУ-да өткен түлектерді тарату шарасының келісімімен 66 маманға деген сұраныс қанағаттандырылды. Қазіргі уақытта математика, физика мамандықтары бойынша кадр қажеттілігі бар.



Орал қаласы білім беру бөліміндегі тәртіптік комиссияның шешімімен мемлекеттік қызметкерлердің ішінде 6 қызметкерге тәртіптік жаза берілді. Бүгінгі күні 22 мектеп басшыларының тәртіптік жазасы бар.
жүктеу 42,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау