110
Білім сынағында
Бақыт СЕГІЗБАЕВА,
Алматы қаласындағы
№130 КММ
гимназиясының мұғалімі.
ЖУАН ЖӘНЕ ЖІҢІШКЕ
ДАУЫСТЫЛАР
(4-сынып)
1. Сенің мемлекеттік тілің қай тіл?
а)
өзбек тілі; ә)
қазақ тілі; б) татар тілі.
2. Әр адамның өз ... болуы керек.
а) ана тілі; ә) суреті; б) беті.
3. Сашаның ана тілі қай тіл?
а) неміс; ә) орыс; б) түрік.
4. Мына сөйлемді аяқта:
Мен ана тілімді ...
а) жақсы көремін; ә)
жақсы көрмеймін; б) сезінемін.
5. Мына сөздерді аудар:
Ана тілі – ұлт –
Дана тілі – білемін –
Құрметтеймін – өзге –
Ата-баба – жақсы көремін –
6. Мына сөйлемді аудар. Авторын ата.
«Басқа тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!».
111
7. Біздің мемлекетіміз қандай мемлекет?
а) тәуелді; ә) тәуелсіз; б) ұлтсыз.
8. Қазақстан қандай мемлекет?
а) құқықты; ә) құқықсыз; б) жалғыз.
9. Мына сөздердегі жуан дауысты дыбыстары бар
сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді екінші бағанға
жаз.
Ана, білім, тілі, балалар, мектеп, ұстаз, сынып, парта,
терезе, қалам, дәптер, есік, көше, бағдаршам, көлік, бар.
10. Мына сөйлемді қазақ тіліне аудар.
Мой родной язык, многонациональное независимое
государство, я люблю Родину, моя большая семья, у меня
есть друг.
11. Қазақ тілі сабағында не істейсің?
а) қазақша сөйлейміз; ә) жүгіреміз; б) сырғанаймыз.
12. Қазақ тілінде қандай буын түрлері бар?
а) екеу, біреу, бес; ә) ашық, тұйық, бітеу;
б) қисық, түзу, дөңгелек.
13. Мына сөздерді буынға бөліп жаз, буын түрлерін
анықта.
Сабақ, терезе, еңбек, мұғалім, тақта, оқушы, өшіргіш,
сөйлем, сызғыш, қоңырау.
14. Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз.
Қазақ тілі, Отан, білемін, ана тілі, көп диаспоралы,
мұғалім, сабақ, жақсы.
15. Мына сөйлемдерді дұрыс құрап жаз:
- Мектебім қабатты менің үш.
- Көремін жақсы тілімді ана мен.
- Сөйлейді балалар қазақша сабақта.
16. Сен ана тіліңді кімнен үйрендің?
а) анамнан; ә) сәбиден; б) көшеден.
112
17. Сөйлемді жалғастыр.
Мен Отанымды ...
Қазақ тілі сабағында ...
Мен ана тілімде ...
18. Орыстың ана тілі қандай тіл?
а) өзбек тілі; ә) орыс тілі; б) қытай тілі.
19. Сабақта сендер не істейсіңдер?
а) кітап оқимыз; ә)
тамақ ішеміз; б) ұйықтаймыз.
20. Дұрыс жазылған сөйлемді анықта.
а) Бүгін сабағы болады қазақ тілі;
ә) Бүгін қазақ тілі сабағы болады;
б) Қазақ тілі болады бүгін сабағы.
21. Көп нүктенің орынына тиісті сөзді қойып жаз.
Оқушылар ... келді. (кітап)
Мұғалім ... баға қойды. (тақтаға)
Сәуле ... оқыды. (мектепке)
Ол ... жазды. (күнделікке)
22. Мәтінді аудар. Кім? Не? сұрақтарына жауап
беретін сөздерді бөліп жаз.
Оқушылар сабаққа келді. Олар сабақ оқып отыр.
Мұғалім оларға сұрақ қойды. Сәуле күнделігін берді.
Мұғалім күнделікке баға қойды.
Ол қазақша сөйледі. Оның ана тілі – қазақ тілі. Мен
көп тіл білемін.
23. Мына мақалды аудар, түсіндір.
- Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
- Өнер алды – қызыл тіл.
24. Сұрақтарға жауап жаз.
Сен кімді жақсы көресің? Нені үйренесің? Кімнен
үйренесің?
25. Біздің елде қандай ұлт өкілдері тұрады?
Деңгейлік тапсырма.
113
I деңгей.
1. Сөйлемдерді аяқта, аудар.
Қазақ тілі ...
Өз тіліңді ...
Біздің мемлекет ...
Қазақстан ...
2. Мына сөздерді аудар.
Арым менің – мақтанам –
Мұра – ұлттық –
Жаным менің – таныстық –
3.
Мақалды аяқта, аудар.
Өнер алды – қызыл ...
II деңгей.
1. Мәтінді оқы, аудар. Жіңішке сөздерді тауып, бір
бағанға, жуан дауысты сөздерді екінші бағанға жаз.
Біздің мемлекетімізде көп ұлт өкілдері тұрады. Олар
өз ана тілін біледі, сөйлейді. Бірақ мемлекеттік тілді
білуге міндетті. Біз мектепте татумыз. Үзілісте балалар
асық ойнайды.
Біздің мұғалім – мейірімді жан. Біз оны тыңдаймыз,
жақсы көреміз.
2. Сөздерге көптік жалғауын жалға.
Мектеп, оқушы, кітап, дәптер, терезе, парта, қалам,
қарындаш.
3. Қазақ тіліне тән дыбыстарға сөз ойлап жаз.
III деңгей.
1. Сұраудың орынына тиісті сөзді жаз.
(кім?) ауылға бардым.
(кімдер?) ауылда тұрады.
(не?) маған ұнайды.
(кімдер?) сабақта қазақша сөйлейді.
(не?) қызықты өтеді.