61
Ақ жүзді, ақыл-ойлы ақ сұқсырға
Дәрі емес мал секілді малды жауыз.
Уай, шіркін, өмір сүрмек меніменен,
Мал шашып, маңызданған ебіменен.
Өлсем де отқа күйіп, суға түсіп,
Бір минут тұра алмаспын сеніменен.
Нұрым:
- «Қап, бәлем» деп ызаланды, қорланды. Ат берген
өлеңшісіне, - Маған өлең шығарып бер, деп Қамарға
берді.
Нұрым:
- Әй, Қамар, бұлқынсаң да түстің торға,
Абайлап қарасайшы оң мен солға.
Бекерге тәтті аузыңның дәмі кетер,
Тілімді ал, осы күннен әуре болма.
Енді біл, жатар орның жайлап қойғам,
Басыңды қу қазыққа байлап қойғам.
Барар жер, басар тауың – бәрін-дағы
Өл десем өлетін қып сайлап қойғам.
Әрине, сөз сенікі келмей кетсең,
Келер болсаң, иттей қып басқа тепсем.
Ішкізіп итаяқтан сары суды,
Дүниеде арманым жоқ соған жетсем.
Қамар жауап жазды:
- Ол рас, менің жоқ қой басар тауым,
Нәрсенің көз алдымда бәрі – жауым.
62
Жалғыз-ақ тиыш жерім – қараңғы көр,
Сонда барып жатамын, бар ма дауың?
Етімді сен сипаған құрттар жесін!
Қабырдағы хашарат «жұрттар жесін».
«Ауызға сөз, маңдайға көз боп жүріп,
Қор болған, міне, осылай Қамар»- десін.
Кеш. Үйлерде шам жағып, жұрт шайларын ішіп
болған.
Пышағын қайрап, қамшысын сабап жүрген Бәйтек
молда: - «Қане! Дастарқан, неке... су, күміс салу керек...
куә, куә», - деп сыбанып кірісе бастады.
Омар бұрышта төмен қарап жермен жер болып
отыр.
Бір қыздың қолтығына тығыла зарлап Қамар жатыр.
Куәлікке адам табылмады, бәрі: «Қамарға бетіміз
шыдамас»,- деп қашады. Зорлап біреуді тұрғызады.
Молда:
- «Бар! Сұрап, ырымын қылыңдар. Ата-анасы
берген соң жетеді, сонда да...»
Қамар (Шыдамай орынынан жұлынып тұрады да):
- Жұртым-ау, Құдайыңды ойлаймысың,
Ұстап сату әдетін қоймаймысың?!
Көптен бері зарлаттың аямастан,
Жетер енді со-дағы, тоймаймысың?!
Жұртым-ау, Қамар қандай, Нұрым қандай?
Құрым сақал, қоңқиған мұрын қандай?
Нұр шашып, жалт-жұлт етіп жайнаған жүз,
Қарашы, бүгін қандай, бұрын қандай?
63
Қолына кітабын ала салып, Нұрымға жақсы көріну
үшін Бәйтек молда:
- «Қой, балам, жетер енді».
Бармаймын матасаң да, байласаң да,
Кәрі итті алтын жағып майласаң да.
Өлемін осы арада соны көрмей,
Көнбеймін бұғаулатып айдасаң да.
Жүретін сойып сатып, жасы-қарты
Мал емес төрт аяқты әйел халқы.
Уау, молда, түзулікті айт Құдай үшін:
Жоқ па еді күпу* деген неке шарты
(*тең, дәрежесі бір)
Молда:_-_Үндеме,_дұрыс-дұрыс,_дұрыс-дұрыс,__Өз_мойныма_обалы_болса_бұрыс.__Бұзылған_бадбақыттың_бұзық_сөзін__Біздерге_жарамайды_тыңдап_тұрыс._Қамар'>Молда:
- Шырағым, ренжітпе атаңызды,
Бұзбаңыз Құдай дескен батаңызды.
Сүннетін Пайғамбардың қабыл қылмау –
Зор күнә, мен айтайын қатаңызды.
Қамар:
- Пайғамбар тең емеске бар деген жоқ,
Зар жылатып бес қара ал деген жоқ.
Шал болсын, пасық болсын, сасық болсын,
Сата бер, әйел заты – мал деген жоқ.
Молда:
- Ата-анаң сені өсірді қандайыңнан,
Асырады ас кетірмей таңдайыңнан.
Әуелде бір Алланың жазуы сол,
Шал болса да, бара көр маңдайыңнан.
64
Қамар:
- Ай, молда, түзушілік қайда қалды,
Жазып па Құдай бізге сасық шалды?
Құдай тұрсын, ынсапты пендесі де
Қоса ма қу ағашқа өрім талды?
Молда:
- Тәуекел, бекем байла беліңізді!
Түсірме бүлгіндікке еліңізді!
Пәленшенің баласы солай демей,
Сөкпеңіз Құдай қосқан еріңізді!
Қамар:
- Қызыл жібек тәнімді жүн қылмаймын,
Жарқыраған күнімді түн қылмаймын.
Неке қияр ала алмай қаласың деп,
Шалға барып басымды күң қылмаймын.
Батады деп қорықпаймын елім дауға,
Тым болмаса бермеді дені сауға.
Мені аяса, мал үшін жылатпасын,
Бермесін опсырайған обыр жауға.
Молда (ашуланып):
- Көп сөзді қой, су әкел, неке оқимын,
Аятыл күрсі, алхамды жеті оқимын.
«Бысмылла» деп ішіне ақ күміс сал,
Бір-бірін сүйгендей ғып жеке оқимын.
Қамар:
- Бола ма ризасыз неке дұрыс?
Ұялмастан айтасың неге бұрыс?
Дуала, мейлің үшкір, мейлің түкір!
Бақыр, шақыр, болмасқа кеткен бұл іс.
65
Молда:
- Үндеме, дұрыс-дұрыс, дұрыс-дұрыс,
Өз мойныма обалы болса бұрыс.
Бұзылған бадбақыттың бұзық сөзін
Біздерге жарамайды тыңдап тұрыс.
Қамар:
- Тыңдамасаң, әрі кет мыңқылдамай,
Жүк артқан өгізге ұсап ыңқылдамай.
Жерді қап, жемтігіңді жегір, молда,
Неке қияр алам деп қыңқылдамай.
Молда:
- Шырағым, ашуланба, жай бір сөзім.
Монтандығым болмаса егер, шықсын көзім!
Араңа мұсылмандық айтамын деп
Бәлеге қалдым, міне, менің өзім.
Қамар:
- Сөзіңді естімеймін, кетші, молда,
Өлемін оған бармай осы жолда.
Осының бәрін қылған Оспан ағам,
Жібермес, Құдай білер, көздің жасы.
Молда (төмен қарап, көзіне жас алады):
- Қайтесің, шал болса да, малы бар шал,
Мал болған соң, ауызында балы бар шал,
Сен – бұлбұл, ол қара құс болса-дағы,
Қосатын сені өзіне халі бар шал.
Шырағым, бәрі де рас айтқан сөзің,
Өртеді іш-бауырымды жасты көзің.
Қайтейін, аясам да амалым жоқ,
Әркімнің көз ұшында жүрмін өзім, - дегенде далаға
Достарыңызбен бөлісу: |