55
Бураканова Еркежан Л-09.
Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп... Қасым Аманжолов.
Мұғалім: - Құрметті оқытушылар, оқушылар! «Қасым
солай болмаса...» атты әдеби кешімізді қазақ ақыны,
майдангер Қасым Аманжоловтың шығармашылығына
арнағалы отырмыз. Қасым Аманжолов 1911 жылы
Қарағанды облысы, Қарқаралы топырағында дүниеге
келген. Ол жастайынан жыр шығарып, ән салып, домбырада,
скрипкада, күйсандықта ойнаған.
Ақын Ұлы Отан соғысына қатысқан.Жауға қарсы қарумен
де, қаламмен де күрескен ақын.
«өзім туралы». Жұмағалиев Әділ (А-08)
1- жүргізуші: - «Өлім» деген арсыз сөз,
Қайдан маған болдың кез?
Өлім-жауым, өмір-дос,
Неге өлейін бостан-бос!
2- жүргізуші: - Аспанымды бұлт торлап,
Құрыстырды денемді.
Көзімнен жас домалап,
Төктім сонда өлеңді.
1- жүргізуші: - Жырымды да жасымды
Бір сығып мен тастадым.
Жайнап қайта ашылды
Ойым менің – аспаным.
2- жүргізуші: - Қазақтың әні мен өлеңін
Найзадай көтеріп келемін.
Шығыстың аласа аспанын
Түндіктей түріп бір тастадым.
1- жүргізуші: - Әттең, жоқ қой, қанатым,
Жерім көп ұшып баратын.
Борышым көп беретін,
Сыбағам көп алатын.
56
2- жүргізуші: - Бұл шытырман ойлардан
Әйтеуір шығып кетермін.
Арманым бар ойға алған,
Соған да бір жетермін.
1-жүргізуші: - Қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі,
халқымыздың дарынды ақыны, атақ-даңқы кеңге жайылған
Қасым Аманжолов (1911-1955) ұлттық әдебиетіміздің заңғар
аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы
еді. Өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра
қалдырды.
2-жүргізуші: - Бейбіт өмірді,
1-жүргізуші: - Қан майданды,
2-жүргізуші: - Туған жер мен ата-ананы,
1-жүргізуші: - Достық пен махаббатты.
2-жүргізуші: - Көңіл күйі мен табиғатты биік парасатты-
лықпен, шынайы сезіммен, зор тебіреніспен жырлады.
Халқымыздың ақиық ақыны М.Мақатаев Қасым
поэзиясына табынып өз бағасын берді.
1-жүргізуші: - «Қасым солай болмаса...»
Дейсіңдер-ау! Қасымның несі басым?!
Қасым солай болмаса, несі Қасым?!
«Ақынмын» деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым.
Қуат алып жырына бәз даладан,
Ол жанған.
Күні жоқ-ты маздамаған!
Өлісінде өнеге болғаны анық,
Тірісінде біреуге жазған Адам...
Жалын жұтып, жанын жеп жазған құрлы,
Өлеңінің өлмеуін арман қылды.
Тасқа басып қалдырды тәкаппар жан,
Қан менен жас аралас тарлан жырды.
Жеді.
57
Тынды...
Керемет дерттер төніп,
Кең кеудеде кетті ғой кектер сөніп.
Қасым деген – қалғыған жанартау ғой,
Жанартау ғой.
Жанды да кетті өртеніп.
«Бір күй бар домбырамда...» (Иесі – Қасым)
Қасым солай болмаса, несі Қасым?!
Жыр бәйгеге аттанған адам болса,
Сөредегі Қасымын есіне алсын!..
2-жүргізуші: - Адам жүрегін өзгеше жақсы білетін ұлы
Гете жастық шақты босқа жырлаған жоқ. Ол жастық шақты
адам өмірінің ең биік шыңы деп босқа айтпаған. Бүгінгі сөз
етіп отырған ақынымыз Қ.Аманжолов та жастық шағын
жырламай қалған жоқ.
1-жүргізуші: - Түседі еске жалаң аяқ күндерім,
Ақ сүйекті ала қашқан түндерім.
Сол қашқаннан мол қашыпты балалық,
Қайда екенін көптен бері-ақ білмедім.
2-жүргізуші: - Қуар едім осы күні етікшең,
Бірақ маған жалаң аяқ жеткізсең.
Мен мұндамын, сен қайдасың, білмеймін,
Жеңіл аяқты жетім болып кеттің сен.
1-жүргізуші: - Өткен екен талай жылдар, талай күн,
Өмір жолын, өлең жолын санаймын.
Сонау қарттың жөтелгенін есітіп,
Есік жаққа қайта-қайта қараймын.
2-жүргізуші: - Жас дәурен – гүл жазира қайран жазым,
Тыңдаған ерке сұлу айтқан назын.
Әсерлі ән, көк нөсер күй, сал домбыра,
Жігіттің тебірентесің өнерпазын!
Жас дәурен – қызығыңа тоя алмаспын,
Ән мен күй, өлең, сені қоя алмаспын.
58
Тірлікте тербелейін, тебіренейін,
Бір күні кетсем ұйықтап, оянбаспын.
2-жүргізуші: - Туған жер – сенің өміріңде ұмтылғандағы
үзеңгің, баспалдағың. Сенің өміріңде құлаш жайған,
келешегіңнің таңын атқызған, балалық тәтті шақты
қоныштан басып тойлаған бір-ақ жерің бар. Ол – Туған жер.
1-жүргізуші: - Ақын атамыздың туған жерге деген
ықыласынан туған өлең - жырларынан сусындасақ:
Сүйем сені, туған ел-атамекен,
Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.
Жер мен көктің жаннаты – бір өзіңсің,
Сенен артық не табамын, қайда кетем?!
Асан қайғы емеспін, Қасыммын мен,
Қобызымен сырласып күңіренген.
2-жүргізуші: - Жаннаты жер мен көктің – сұлу Көкше,
Ризамын бар ғұмырым Көкшеде өтсе.
Табиғат, таңқаламын тамашаңа,
Қандай күш жаратты екен сені ерекше.
Көп шығар көрмеген жер, дүние кең.
Сонда да тау бар ма екен Көкшеме тең?!
Берсе де Гейне – Рейнін, Гомер – Парнас,
Көкшемді мен айырбас етем бе екен?!
Аймұханбетова Гүлназ: «Мен – табиғат бөбегі».
Мұқантегі Гүлдерай: «Ертіс».
Қамзина Назерке: «Хан тәңірі».
1-жүргізуші: - Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
2-жүргізуші: - Қасым Аманжоловтың көптеген өлеңде-
Достарыңызбен бөлісу: |