112
Күлзира СЕРІКҚЫЗЫ,
Алматы қаласындағы
№79 гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ТІЛ БАЙЛЫҒЫ МОЛ
ЖОЛАУШЫ ЖІГІТ
Сабақтың мақсаты: білімділік – данышпан ғалым
Әбу Насыр әл Фараби туралы танымдық әрекеттерін
қалыптастыра отырып, Әл Фараби туралы өз ойларын өз
сөздерімен әңгімелеуге жағдай туғызу, жаңа сөздермен
таныстыру, сол сөздердің мағынасын сөз құрамы, контекст,
сөздік арқылы анықтау; синонимдерін және антонимдерін
табу; сөз тіркестерін құрастыру, сұрақ қою; диалог құрастыру;
грамматикалық тұлғаларды айыра білу; жаңа сөздерді
бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, белсенді сөздік қорға
айналдыруға жағдай туғыза отырып, ББД қалыптастыру;
дамытушылық – әр түрлі грамматикалық тапсырмаларды
орындау арқылы жоғары деңгейде ойлауын дамытуға
көмектесу, сауатты жазуын қалыптастыру; cиноним, антоним
сөздерді, мақал-мәтелдерді қолдану, жұмбақтар шешу арқы-
лы сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту; оқушының
ойлау қабілетін, ізгі ниетін, жақсы қасиеттерін, сөйлеу
тілін, жылдам жұмыс жасау қабілеттерін, коммуникативтік
талап, міндет, дағды, білік, стратегия және тактика, мәтін,
сондай-ақ тілдік материал арқылы интерактивтік қарым-
қатынасқа түсу мүмкіншілігіне бар жағдайды пайдалану;
естігенін, көргенін, алған білімдерін іс-әрекетте қолдана
отырып, нәтиже шығаруға мүмкіндік туғызу;
тәрбиелік
– мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу; өнерге, білім-
ғылымға құштарлықтарын ояту; оқушылардың танымдық,
113
адамгершілік мәдениетін қалыптастыру.
Түрі: жаңа материалды оқып-үйрену сабағы.
Типі:
аралас сабақ.
Әдісі: мәтінмен, тақтамен, үлестірмелі
кәртішкелермен жұмыс жасау, оқылым, тілдесім, тыңдалым,
жазылым, айтылым, сөйлесім, әңгімелеу, сұрақ қою, жауап
беру, түсіндіру, қайталау.
Көрнекіліктері: Елбасының, Әбу
Насыр әл Фарабидің және белгілі адамдардың портреттері
мен суреттері, кестелер, мақал-мәтелдер, қазақ халқының
ұлттық киімдері, үлестірмелі кәртішкелер.
Пәнаралық
байланыс: қазақ
әдебиеті, орыс тілі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Амандасу;
ә) Сыныпты түгелдеу;
Мұғалім: - Балалар, қазір қай мезгіл? Ауа райы қандай?
Бүгін қай күн? Қазір нешінші сабақ? Қазір қай сабақ? Қазақ
тілі қандай тіл? Біз нешінші бөлімді оқып жатырмыз? Кім
туралы? Әл Фараби кім? Ол қайда дүниеге келген? Қазақстан
қандай мемлекет? Қазақстан Республикасы қай жылы
тәуелсіздігін жариялады? Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл
болады?
Олай болса, бүгінгі ашық сабағымызды тәуелсіздігіміз-
дің 20 жылдығына арнаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге не берілді? Кім дайын? 2-3 оқушы мәтіннің
мазмұнын айтады.
Қалған оқушылардың дайындығын деңгейлік
тапсырмалар арқылы тексеремін.
Деңгейлік тапсырмалар
бағасы
1
I деңгей. Мына сөздерді құрамына қарай талда:
қаласының, кітапханасында
Антонимдерін тап:
Ірі – Жас – Түн -
Синонимдерін тап:
Шаһар – Бала күнінен –
Жұртын – Тәуір -
114
2
ІІ деңгей. Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Алматыда Әбу Насыр әл Фараби атында нелер
бар?
2. Әл Фараби қандай тілдерді меңгерді?
3. Әл Фараби қандай елдерді аралады?
4. Әл Фараби қандай адам еді?
3
ІІІ деңгей. Сөйлем құрастыр: қалдырған,
еңбектерін, тілінде, араб, ғылыми, жазып, әл
Фараби.
Өткен сабақтарды қорытындылап, түсінбегендерін
түсіндіріп, жаңа сабаққа көшу, сабақтың тақырыбын және
мақсатын жариялау.
III. Жаңа тақырып: 1) Сабақтың тақырыбын ашу үшін
оқулықтағы керуеннің суретін пайдалану.
Сөйлесім (мұғалім – оқушы).
- Бұл не? Керуен қайда кетіп барады. Осы керуенмен бара
жатқан адамдарды кім дейміз? Олай болса, сабағымыздың
тақырыбы:
Жолаушы жігіт.
Бұл керуенмен Әбу Насыр әл Фараби де кетіп барады. Ол
қайда бара жатыр? Ол не іздеп бара жатыр? Сендер бүгін
сабақта не аласыңдар? Не істейсіңдер?
1. Тақырыпқа қатысты басым сөздер:
Жолаушы – путник; Оқиға – случай;
Ұлық – правитель; Шаруа – крестьянин;
Белбеу – пояс; Қылыш – сабля;
Таяқ – посох; Сауық – веселье;
Жарқ-жұрқ етеді – сверкает; Босаға – порог;
Жұпыны – бедно, плохо; Тәуір – не плохой;
Елемейді – не замечают; Қызықты – интересный.
Басым сөздерді толықтырушы лексика.
1. Фонетикалық жаттығу.
Жолаушы сөзіне фонетикалық талдау.
2. Кейінді ықпалды қайталау.
Ұлық – ұлығы; Таяқ – таяғы; Сауық – сауығы.
3. Сөз тіркесін құрастыру.
Мысалы: жолаушы жігіт, Иранның ұлығы.