Мектебінде



жүктеу 2,18 Kb.
Pdf просмотр
бет12/34
Дата30.05.2018
өлшемі2,18 Kb.
#18520
түріЛитература
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34

43
тыңдайық..
1-оқушы: - Әй, табиғат! Шеберсің-ау, шеберсің,
 
 
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.
 
 
Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,
 
 
Ашкөзденген адамдарға не дерсің?
 
 
Айың мынау, Күнің мынау, Жер анау,
 
 
Ау, адамдар, жетпей жатыр енді не?
 
 
Табиғатқа таласпаңдар, ағайын,
 
 
Асырайды ол сені, мені, елді де.
2-оқушы: - Көк теңіз буырқанған қайда бүгін?
 
 
Қураған жағаң қалды тілім-тілім. 
 
 
Кезеңі тоқыраудың себеп болып,
 
 
Ұрпаққа артты бүгін ауыр жүгін.
 
 
Жағаңда қаңыраған қайық қалды,
 
 
Тұз, шаңнан улы болып жауын жауды.
 
 
Тұз болған ақ сүтіңді сәби ішпей,
 
 
Қазаққа Арал бүгін қайғы болды.
- Иә, балалар, бүгінде жеріміз үлкен экологиялық апатқа 
ұшырап  тұр.  Табиғаттың,  ауаның  бұзылуына  жетістігі 
көп  дамыған  техника  мен  ғылым  өз  зардабын  тигізіп  тұр. 
Алайда біз жер қойнауында жатқан қазба байлықтарымызды 
пайдаланбайды емеспіз. Қазақстан жері қазба байлықтарына 
бай.  Бізде  газ  да,  мұнай  да,  басқа  да  бағалы  заттар  көп. 
Соларды  игерудің  арқасында  біздер  экономикамызды 
көтеріп, еліміз гүлденіп көркеюде.
Қазір  Қазақстанның  қазба  байлықтары,  соның  ішінде 
мұнай  мен  газдың  халық  шаруашылығындағы  маңызы 
туралы Мұстафина Арай  қысқаша баяндап береді.
Мұнай мен газдың халық шаруашылығындағы маңызы
Мұнайдың  шаруашылықтағы  маңызын  халық  ерте 
кездерден-ақ  жоғары  бағалаған.  Оны  ”жер  майы”,  “асыл 
май”, “тау майы” деп құрметпен атаған.


44
Бүгінде  мұнайды  және  одан  алынатын  әр  түрлі  құнды 
өнімдерді  көптеген  өндіріс  немесе  ауыл  шаруашылық 
салалары қолданады.
Бензин, керосин, тағы сол сияқты түрлі жанар және жағар 
майлардың мұнай айыру зауыттарында алынатыны бәрімізге 
мәлім. Бұл өнімдер болмаған жағдайда жер үстінде жүретін, 
суда жүзетін, ауада ұшатын механизмдер мен машиналардың 
қозғалысы мүмкін емес еді.
Мұнай  және  одан  алынатын  өнімдер  техникада  ғана 
емес,  сонымен  бірге  өнеркәсіп  салаларында  да  кеңінен 
қолданылады.  Мысалы,  бензин  еріткіш  ретінде  сүйектен 
тағамға  керекті  майларды  айырып  алуға  да  жұмсалады. 
Сонымен қатар мұнайдан түрлі парафин, вазелин, мазут, т.б. 
алынады.
Көптеген  иіс  сулардың  түрлері:  кремдер,  парфюмерия-
лық жұмсақ майлар да осы мұнайдан дайындалады. Мұндай 
тектес  газдардан  алынатын  шайырлардан  пластикалық 
масса,  жасанды  дәрі-дәрмектер,  фотография  пленкалары 
және қысымға шыдамды сынбайтын әйнектер, т.б. жасалады.
Медицинада аурулардың кейбір түрін емдейтін құнды әрі 
қымбат  дәрі-дәрмектер  осы  мұнайдан  бөлініп  шығарылған 
“ақ майдан” жасалады.
Қазіргі  уақытта  мұнай  құрамынан  мыңнан  астам  халық 
шаруашылығына қажетті заттар алынып отыр.
Арайға сұрақтар қойылады:
1. Сонымен мұнайдан қандай заттар алынады?
2. Медицинада түрлі ауруларды емдейтін дәрі-дәрмектер 
қандай мұнайдан алынады?
- Балалар, мұнай мен газды игеруде бізге көптеген шетел 
компаниялары  өз  көмектерін  көрсетіп  жатыр.  Сондай 
компаниялардың  бірі  –  ағылшынның  “Бритишгаз”  және 
итальян “Аджип” компаниялары. Сол компаниялар жөнінде 
бізге Қамашев Нұркен баяндайды.


45
-  Ағылшынның  “Бритишгаз”  және  “Аджип” 
компаниялары      Қарашығанақта.
Қарашығанақ  кенін  түгелдей  игеру  туралы  келісімшарт 
дайындалды. 
Ағылшынның 
“Бритишгаз” 
және 
“Аджип”  компанияларымен  экономикалық,  техникалық, 
коммерциялық,  тағы  басқа  мәселелерді  толық  қамтып, 
аяқтауға  арналған  маңызды  шартқа  қол  қойылды.  Шарт 
бойынша Қарашығанақта өзінің мұнай-газ өңдеу зауыттары 
салынады. Олар өндіріске беріліп, теңіздің қуаты келген соң, 
Қазақстанның мұнай өнімдерін Ресейге жеткізу тәуелділігі 
құрдымға  кетеді.  Ал,  Батыс  Қазақстан  облысының  бензин, 
дизель отыны мен мазутпен жабдықталуы “Конденсат” деген 
Қазақстан  мен  Данияның  біріккен  өнеркәсібінің  күшімен 
бірсыпыра  толықтырылады.  Ол  кәсіпорын  Қарашығанақта 
жанар-жағар май заттарын шығаратын зауыт салуда.
Ал,  әзірше,  облыста  өзінің  өңдеуші  кәсіпшіліктері  жоқ 
болғандықтан  барлық  алынатын  шикізат:  жылына  4  млн.
тонна  конденсат  және  4,5  млрд.  текше  метр  газ  Ресейдің 
Орынбор газ өңдейтін кешенімен әрі қарай Башқұртстанға 
жөнелтіліп жатыр.
Нұркенге сұрақтар қойылады:
1.  Батыс  Қазақстаннан  шығатын  шикізаттан  жылына 
қанша  конденсат және қанша газ шет жерге шығарылады?
2. “Конденсат” – немен жабдықталған компания?
Ал, мұнай мен газдың алғашқы тарихынан Көпжасаров 
Дамир баяндайды.
Мұнай мен газдың алғашқы тарихынан.    
Мұнай грек халқының “Нафта” – деген сөзінен шыққан. 
“Нафта”  –  жарып  шығарлық  қасиеті  бар  деген  мағынаны 
білдіреді. Шынында, жер бетінде кездесетін мұнай мен газ 
көздерінің  терең  орналасқан  қабаттарымен  байланысты 
екені  белгілі.  Бірақ,  бұл  жағдай  алғашқы  кездерде  адам 
баласына жұмбақ болып келді.


46
Ерте  дәуірлерде  адам  баласы    Италия  мемлекетінде 
жер  қойнауын  жарып  шығып,  қайнар  болып  ағып  жатқан 
мұнайды  тастан  жасалған  ыдыстарға  құйып,  қараңғы 
мезгілдерде жарық ретінде пайдалануды білген. 
Византия 
мемлекетінің 
жауынгерлері 
өздерінің 
дұшпандарына  қарсы  соғыстарда  тарқатылған  кендерді 
ағаш басына орап, оны мұнайға малып алып тұтатып, жау 
кемелеріне  лақтыру  арқылы  жеңіске  жетіп  отырған.  Бұл 
оқиға “Грек оты” деген атпен қалды.
Мұнай  мен  газдың  шаруашылыққа  қажеттілігінен 
енді  оларды  іздеп  табу  жағына  көңіл  бөлінді.  Алғашқы 
кездерде  бұл  кендердің  көзін  тәжірибесі  мол  адамдар ғана 
табатын болды. Мұндай адамдарды “Ізші” деп атаған. Бірақ 
олар  бабадан  атаға,  атадан  балаға  қалған  бұл  кәсіптерін 
елге  жария  ете  бермей,  сыр  ғып  ұстаған.  Көптеген  мұнай 
өндіретін  құдықтар  осылардың  қолында  болған.  Құдықтар 
тек  қана  солардың  сілтеуімен  табылып  және  аршылып, 
қазылып келген.
Дамирге сұрақтар қойылады:
1. Сонымен, «мұнай» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
2. Гректер мұнайды не үшін пайдаланған?
- Осы қазба байлықтарды игеруде елбасы Н.Ә.Назарбаев 
көптеген  шетел  компанияларымен  келісімшарттарға  қол 
қойған болатын.
Бейнетаспадан үзінді. Көрнекіліктерді талдау. 
Елбасы  Н.Назарбаев:  “...  жер  қойнауының  байлығы   
барша келер ұрпақтың игілігі. Бұған қарап босаңсымауымыз 
керек. Керісінше, үкіметті қоса біздің бәріміз ондай байлық 
қолымызда болмағандай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз.”
“Табиғат әзілді сүймейді, ол әрқашан әділдікті қостайды, 
ол  қатал,  оныкі  ақиқат,  оныкі  дұрыс.  Қателік  пен  адасу 
адамнан ғана шығады.” (Гете).


жүктеу 2,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау